«Молекулалық физика курсы бойынша электрондық қабықша
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І ТАРАУ. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰРАЛ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ ... ... ..5
1.1 Электрондық оқулық . мұғалім мен студент арасындағы әрекеттестікті гуманизациялау құралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Компьютерлік оқу құралын жасау әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3 Компьютерлік құралдар физика курсын оқытуды кәсіптік біліммен байланыстыру ісінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.4 Физика пәні бойынша электрондық құралды құрудың негізгі формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.5 Delphi ортасы. Электрондық қабықша құруда қолданылған компоненттер сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
ІІ ТАРАУ. «МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКА» КУРСЫ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚАБЫҚША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2.1 Электрондық қабықшаның тағайындалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.2 Молекулалық физика курсы бойынша құрылған электрондық қабықшаның құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.3 Қабықша программасының сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І ТАРАУ. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰРАЛ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ ... ... ..5
1.1 Электрондық оқулық – мұғалім мен студент арасындағы әрекеттестікті
гуманизациялау
құралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Компьютерлік оқу құралын жасау
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..6
1.3 Компьютерлік құралдар физика курсын оқытуды кәсіптік біліммен
байланыстыру
ісінде ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .8
1.4 Физика пәні бойынша электрондық құралды құрудың негізгі
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.5 Delphi ортасы. Электрондық қабықша құруда қолданылған компоненттер
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..11
ІІ ТАРАУ. МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКА КУРСЫ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ
ҚАБЫҚША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 26
1. Электрондық қабықшаның
тағайындалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2. (Молекулалық физика( курсы бойынша құрылған электрондық қабықшаның
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...26
3. Қабықша программасының
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..37
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
КІРІСПЕ
Еліміздің ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту процесін оқып
үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын оқытуға арналған программалық
құрадарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Өз функционалдық
мүмкіндіктеріне қарай компьютер қазіргі кезде оқытудың ең керекті жабдығына
айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалану жолдарының әлі ашылмаған
тәсілдері, күнделікті сабақтарға қолдану үшін әлі де айқындалатын жақтары
көп екені бізге белгілі. Соған байланысты білім берудің компьютерлік
технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып үйрену
құралдарын ұйымдастыру қазіргі кездегі өзекті мәселелердің біріне айналып
отыр.
Оқу жүйесінде ақпараттық технологияны жалпы қолданудың мазмұнынан гөрі
оны пайдалану ісі білім беру жүйесіндегі қойылған талаптарға қаншалықты
жауап бере алатыны маңыздырақ. Сондықтан да компьютермен оқыту әдісін
жүзеге асыру жалпы білім беру ісін жетілдіру тәсілдерімен бірге сонымен
тығыз байланысты белгілі бір пәннің өз ерекшелектерін де есепке алуды талап
етеді. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - (Молекулалық физика( курсы
бойынша қажетті материалдары жеткілікті мөлшерде қамтылған, қазақ тілінде
электрондық қабықшаны дұрыс ұйымдастырып, өңдеп шығару. Жұмыстың мақсатына
байланысты келесідей міндеттер қойылды:
• компьютер арқылы беруге арналған ақпараттық-оқыту және әдістемелік
құралдар құрамына енетін материалдарды дайындау;
• электрондық құралды құрудың негізі болып табылатын Delphi ортасының
объектілі бағытталған программалау тілін оқып үйрену;
• (Молекулалық физика( курсы бойынша электрондық қабықшаны құрудың
өңдемесін дайындау.
Компьютер арқылы беруге арналған ақпараттық-оқыту және әдістемелік
құралдың бұл нұсқасының құрамына төмендегідей материалдар кіреді:
✓ (Молекулалық физика( курсы бойынша тақырыптардың теориялық
түпнегізі;
✓ жаттығулар, яғни практикалық тапсырмалар;
✓ лабораториялық жұмыстар;
✓ бақылау және тесттен өткізу материалдары;
✓ курс бойынша тест сұрақтары,
✓ курстың негізгі ұғымдарына арнайы глоссарий.
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қортындыдан, қолданылған әдебиеттер
тізімінен және қосымшадан тұрады.
Жұмыс мазмұны жұмыстың тізбекті баяндалып, оның дұрыс ойластырылып
жүзеге асқандығымен ерекшеленеді.
Бірінші тарауда компьютерлік құралды қолданудың маңыздылығы, оны
жасаудың әдістемесі, құралдың физика курсын оқытудағы алатын орны
сипатталады. Физика пәні бойынша электрондық құралды құрудың негізгі
формалары келтіріледі. Delphi-дің негізгі мүмкіндіктерінің, қабықша құруда
қолданылған компоненттердің сипатталуы баяндалады.
Екінші тарауда ″Молекулалық физика″ курсы бойынша электрондық
қабықшаның құрылымы сипатталады. Программа жұмысының нақты сипаты
көрсетіліп, өңделген электрондық құралдың функционалдық мүмкіндіктері,
олардың тағайындалуы тұтастай баяндалады. Сондай-ақ, ұйымдастыру, құру және
өңдеу негізінде электрондық құралдың қолданылуы көз жетерліктей
қарастырылады.
Қорытындыда дипломдық жұмысты дайындау процесіндегі орындалған маңызды
әрекеттер, физика пәні бойынша электрондық қабықшаны құрудағы шешілуші
мәселелер, жұмыстың жалпы нәтижелері, оны қолданудың ерекшеліктері мен
тиімділігі баяндалған.
Компьютерлік оқу құралы жалпы оқу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес
жасалды, ал оның ақпараттық-әдістемелік негізін жоғарыда көрсетілген
материалдар құрайды.
І ТАРАУ. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰРАЛ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ

гуманизациялау құралы
Қазақстан Республикасындағы ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту
процесін оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын оқытуға арналған
программалық құралдарды (ОАПҚ) дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың
атқаратын қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест
жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту
орталары, электрондық оқулықтар және мультимедиалық программалар.
Қазіргі кезде Республикалық білім беру ақпараттандыру орталығы
негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электрондық құралдар
жасаумен шұғылданып келеді.
Студенттер үшін электрондық құрал – ЖОО-да оқыған жылдардың
барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік сынаққа
дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып табылады. Сонымен қатар,
ол студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік туғызады.
Электрондық құралдармен жұмыс істеу әрбір студенттің өз мүмкіндігін есепке
ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуі болып саналады.
Мұғалім үшін электрондық құрал бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық
түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық
тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.
Сол себепті электрондық құралдарды әзірлеп оны дамытудағы негізгі мақсат –
түсіп жатқан ұсыныстар мен пікірлер арқылы тиімділігін бірте-бірте арттыру.
Электрондық оқулық – дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін
емес, ол студентке өз жолымен керекті материалдарды жеке меңгеруге арналған
күрделі, көпсатылы жүйе, оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, игеру
тәсілі мен логикасын да өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек
деген материалдарды қарап шығуға мүмкіндік береді. Және де электрондық
оқулықтарды жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру құралы ретінде
пайдалану – алғашқы қадам, яғни бұл білім жүйесін дамытудың көрнекті
белесі, ол мұғалімнің қазіргі кездегі ролін дұрыс түсінуге мүмкіндік
туғызады.
Қазіргі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
негізінде жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім
беру жүйесін ақпараттандыруды зерттеу істері оқулықтар шығарумен қатарласа
атқарылуда.
1.2 Компьютерлік оқу құралын жасау әдістемесі
Компьютерлік оқу құралы деп білім берудің компьютерлік технологиясын
кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып үйрену құралдарын айтады.
Өз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер қазіргі кезде оқытудың ең
керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалану жолдарының әлі
ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабақтарға қолдану үшін әлі де айқындалатын
жақтары көп екенін ғалымдар да, мұғалімдер де жиі айтып келеді. Осы
бағыттағы мәселелермен білім саласының мамандары алғашқы дербес
пайдаланылатын компьютер шыққан кездерден бастап айналысып келеді, соңғы
кездегі компьютерлердің көптеп қолданысқа енуі бұл проблеманың өте өзекті
мәселеге айналғанын тағы да дәлелдеп отыр.
Оқу жүйесінде ақпараттық технологияны жалпы қолданудың мазмұнынан
гөрі оны пайдалану ісі білім беру жүйесіндегі қойылған талаптарға
қаншалықты жауап бере алатыны маңыздырақ болып табылады.
Компьютермен оқыту әдісін жүзеге асыру жалпы білім беру ісін
жетілдіру тәсілдерімен бірге сонымен тығыз байланысты белгілі бір пәннің өз
ерекшеліктерін де есепке алуды талап етеді. Мұнда бірнеше мәселені қатар
шешуге тура келеді. Олар:
▪ компьютерді оқыту ісінің қай жақтарын жетілдіру үшін баса
пайдалануға болатынын анықтау;
▪ оқу процесін компьютерлендірудің қажетті деңгейін анықтау;
▪ компьютерге жүктелетін функциялар (іс-әрекеттер) тізбегін анықтау;
▪ әр пән мұғалімдері мен әдіскерлерінің талап-тілектеріне сәйкес
келетін компьютерлік оқу құралын жасау.
Компьютерлік технологияны қолдану кезінде оқу материалының негізгі
көлемі мұғалім емес, компьютер арқылы беріледі. Оқыту процесін жүргізіп
отырған мұғалім көбінесе компьютерлік оқу құралын жасауға қатыспайды.
Сондықтан мұндай компьютер арқылы оқытуға арналған ақпараттық-оқу
материалдарын жасауда оның авторы мен оқыту процесінің "алшақтығы" білім
берудің негізгі принципі деп айтуға болады. Бұл принциптің негізінде
берілген материалдарды оқып үйрену процесі оның авторының кеңесі қажет
етілмейтіндей болып ұйымдастырылуы жатады, яғни оқу құралы жаңа материал
беріп қана қоймай, оны толық түсіндіре алатындай дәрежеде жасалуы тиіс. Оқу
құралын жасауға берілген техникалық тапсырмада осындай әдістемелік жағына
баса көңіл аудару ісі алдын ала анықталады.
Сонымен компьютер арқылы білім беруге арналған ақпараттық-оқыту және
әдістемелік құралдар құрамына төмендегідей материалдар кіруі тиіс:
▪ таратылып берілетін оқу материалдары;
▪ бақылау және тесттен өткізу материалдары;
▪ жаттығулар;
▪ топпен немесе жекелеп оқытуға және өздігінен оқып-үйренуге арналған
әдістемелер;
▪ әрбір материалды немесе олардың бірнешеуін қатарластыра пайдалану
тәсілі, яғни оның стратегиясы мен тактикасы және оларды бір-бірімен
алмастыру жолдары;
▪ экраннан берілетін барлық ақпараттық-оқу материалдарын компьютердің
мультимедиалық мүмкіндігіне және сабақтарды сол арқылы беру
тәсілдеріне қарай бейімдеу.
Компьютерлік оқу құралы жалпы оқу жүйесіне қойылатын талаптарға
сәйкес жасалады, ал оның ақпараттық-әдістемелік негізін жоғарыда айтылған
материалдар құрайды. Ол алдын ала жоба бойынша анықталған компьютерлік
технология негізінде жасалған білім беру мәселелерін шешіп, оқыту-үйрету
функциялары мен оқу процесін басқару істерін жүзеге асыруы тиіс.
Мұнда мынандай негізгі талаптардың орындалуын атап өтсек, олар:
▪ компьютерде қолданылатын ақпараттық-оқу материалдары мен тексеру,
бақылау сұрақтары айқын, әрі түсінікті болуы шарт;
▪ берілген оқыту әдістемесін толықтыру немесе жаңа оқу әдістемесін
жасау, яғни оқу процесіне сай компьютердің фнукционалдық
ерекшеліктерін ескере отырып, бұрынғы дидактикалық тәсілдерді
жетілдіретіндей мүмкіндіктер болуы қажет;
▪ оқу құралының жалпы сценарийін және пәннің әрбір тақырыбының,
сабақтың және сабақ ішіндегі белгілі бір кезеңдердің жеке
„сценарийін” жасайтындай мүмкіндіктер болуы қажет;
▪ даярланған программаның „ашықтық” деңгейін анықтау, яғни оны
пайдаланушылар оқу құралының белгілі бір фунционалдық блогын оқу
жүйесінің соңғы талаптарына сәйкес өзгерте алатындай мүмкіндігі
болуы керек. Мысалы, оқу құралының тексеру блогына жаңа есептер қосу
немесе оқу процесін басқару бөлігін жетілдіру, т.с.с.
Компьютерлік оқу құралын жасаудың ақырғы кезеңі оны программаға
айналдыру, яғни машина тілінде кодтау ісі болып табылады. Осындай
қолданбалы программалық жабдықтамалар жасау көптеген көптеген жүйелік
программалар арқылы жүргізіледі, олар: Delphi, Visual Basic, Power Builder,
Power Point, т.б. Бұларды пайдаланудың артықшылықтары:
▪ программа жасау мерзімін қысқарту;
▪ программа жасау мен оны пайдалану кезеңдерінің барлығында да оны
сүйемелдеу ісінің жеңілдігін қамтамасыз ету;
▪ оқу құралының мазмұны мен құрылымына сәйкес оны пайдаланушы
мұғалімге материалдарды аздап түзету-толықтыру мүмкіндіктерін беру;
▪ оқу құралының кейбір бөліктерін өзгерткенде (толықтырғанда) тұтынушы
интерфейсінің өзгеріссіз күйде сақталуы.
1.3 Компьютерлік құралдар физика курсын оқытуды
кәсіптік біліммен байланыстыру ісінде
Ғылыми-техникалық прогресс өндірістің көптеген салаларының
технологиясына, техникалық жүйелердің құрылымы мен элементтеріне түбегейлі
ықпал етіп қана қойған жоқ, қазіргі өндірістегі ЭЕМ қызметінің рөлін
барынша өзгертті. Ғылыми-техникалық прогрестің бұл ерекшеліктерін физика
курсын оқыту үрдісінде, политехникалық білім беру ұстанымын жүзеге асыруда
ескеру қажет. Сондықтан, ЭЕМ мүмкіндіктерін және қолдану шарттарын
объективті түрде оқып-үйренуге, компьютерлік техниканы пайдалану негізінде
жаңа оқыту технологиясын жасауға бағытталған тәсіл неғұрлым шынайы әрі
практикалық мәнді болып көрінеді.
Оқытудың компьютерлік құралдарының физика курсындағы қызметіне негіз
болатын, компьютерді неғұрлым мақсатты түрде қолдану жолдары бұл әдістемеде
маңызды орын алуы тиіс. Физиканы оқытудың бұл нұсқасы, яғни компьютерді
оқыту жабдығы ретінде пайдалану, басқа қарапайым оқыту тәсілдерінен бірнеше
артықшылығымен ерекшеленеді, оларға келесілерді жатқызуға болады.
Диагностика. Бұл – студенттердің оқу материалын игеру сапасын
диагностикалық тестілеуге компьютерді пайдалану нұсқасы. Бұл жағдайда
есептегіш техниканың мүмкіндіктері: студенттердің бастапқы білім деңгейін
анықтауға; бұрын өтілген материалдан қалған білімді айқындауға; оқу
барысында меңгеру дәрежесін аралық бақылауға пайдаланылады.
Оқыту режимі. Бұл жағдайда студенттердің жаңа тақырыпты меңгеруі оқу
материалының белгілі бір бөліктерін сабақтастыра ұғыну арқылы жүзеге асады.
Компьютерлік оқыту жағдайында физика курсынан өтілген тақырыпты
бекітуге арналған есептерді шығару кезінде қарапайым білік пен дағдыны
қалыптастыруда компьютерді есептеу құралы ретінде қолдану өте ыңғайлы.
Зертханалық жұмыс жүргізу кезіндегі өлшеу режимі. Бұл жұмыстың
ерекшелігі – компьютерді эксперимент деректерін түгендеу үшін пайдалануға
жол ашып қана қоймайды, есептік және табиғи эксперименттерді ұштастыруға
мүмкіндік береді.
Жоғары орындары студенттерінің пікірінше, компьютерлік эксперимент
ортасымен компьютерлік оқыту құралдары негізінде физикалық практикум
ұйымдастыру оқу-әдістемелік кешен жасауды қажет етеді. Ол кешенге
„студенттердің есептегіш техника мен эксперименттік қондырғының дағдылы
элементтерінің тығыз бірлігі негізінде физикалық эксперименттің арнайы
ортасын ұйымдастырудың перспективалық бағыттары туралы түсінігін
қалыптастыруды көздейтін сабақ мақсатына қол жеткізуіне бағдарланған”
программалық-әдістемелік қосымшалар мен тиісті ақпараттық құралдар кіруі
керек.
Күрделі процестерді модельдеу режимінде компьютерлік оқыту
құралдарының мүмкіндігін пайдалану. Бұл компьютерді физика курсын оқытудағы
оқу құралы ретінде қолданудың екінші функциялық аспектісі.
Компьютерді модельдеу құрылғысы ретінде пайдаланудың тағы бір
бағытында модельдеу маңызды жаңа сапаға ие болады – есептеу экспериментінің
негізіне айналады.
Қарастырылған жұмыстарды талдау көрсеткендей, модельдеуші
компьютерлік программаларды пайдалану физикалық құбылыстар мен
заңдылықтарды оқып-үйренуді көрнекілікпен қамтамасыз етумен қоса,
студенттер қолына танымның түбегейлі жаңа құралын береді. Осының бәрі
ұсынылатын оқу материалының мазмұнын қайта құруға елеулі ықпал етеді және
жаңадан физикалық кәсіптік білім алуға жетелейді.
Сонымен қоса, компьютерді модельдеу құралы ретінде пайдалану
есептегіш техникамен жұмыстың сонылығына орай оқуға қызығуды арттырумен
бірге, жалпы ынта-ықыласты дамытуға әсер етеді. Сөйтіп, электрондық
техниканың кең таралуы компьютерде операциялық жұмысқа ынталандырады.
Студенттердің ЭЕМ-ді пайдалана білуі физикалық құбылыстарды зерттеуге, оқып-
үйреуге арналған жаңа құралды иеленуі деген сөз.
Оқытылатын материалдың сызбалық иллюстрациясы. Компьютердің сызбалық
мүмкіндігінің молдығы дәрістік экспериментті бояулы суреттермен,
сызбалармен, кестелермен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына да
пайдалануға болады.
Сондай-ақ, компьютерді пайдалану студенттерді кәсіби білімін
дамытуға қызықтырады, қолданбалы сипаттағы физикалық білім жүйесін
қалыптастыруға жағдай жасайды.
Оқу міндетін қоюмен бірге оқу материалын ұсыну электрондық техника
құралдары арқылы жүзеге аса алады. Бұл жерде ең алдымен, динамикалық және
имитациялық модельдеу анықтамалық деректерді енгізу (кестелер,
коэффициенттер, физикалық шамалардың өлшем бірліктері, аспаптардың
өлшемдері, т.б.) мүмкіндіктері, сызба иллюстрациялар пайдаланылады. Оқу
және таным әрекеттерін ұйымдастыруда компьютер өз жұмыстарының нәтижесін
көрнекті түрде көруге мүмкіндік береді.
Қазіргі дербес компьютерлердің техникалық мүмкіндіктері жұмыс
нәтижелерін дисплей экранына шығатындай кестелер мен сызбалар түрінде аз
уақыт ішінде жүргізуге, безендіруге жол ашады.
Дидактикалық циклдің келесі кезеңі - өңделген байланыс орнату, оқу
материалының меңгерілуіне бақылау жасау, қажет болса түзету жасау. Бұл
функцияларды орындау – компьютерді оқыту құралы ретінде қолданудың айқын
белгісі. Студенттердің соңғы және алдыңғы сұрақтарға жауап берудегі әрекет
сипаты туралы кері байланыс деректері негізінде компьютер нақты бір
студенттің моделін құрады. Сол арқылы оқытуды дараландыруға қол жетіп,
компьютерді танымдық ақыл-ой белсенділігін дамыту мақсатында пайдалануға
мүмкіндік туады.
Компьютерлік оқыту жағдайында қате шешім басқаша психологиялық мәнге
ие болады. Көптеген компьютерлік оқыту программалары қатені түзетуге,
есепті аяғына дейін жеткізуге жағдай жасайды. Соның арқасында студенттердің
дербес танымдық әрекетіндегі теріс мотивтердің кең таралған себептерінің
бірі, нақтылап айтқанда, оқу барысындағы сәтсіздіктер жойылады.
Мотивацияны дамытумен қатар, компьютер оқу құралы ретінде
студенттердің дердес танымдық белсенділігінің операциялық жағын
қалыптастыруға зор мүмкіндік береді. Біріншіден, компьютер студенттің
қандай да бір әрекетті үйренуде оны орындаудың нормативтік тәсілмен өз
тәсілін салыстыруына шынайы жол ашады. Екіншіден, ЭЕМ кез-келген әрекеттің
нәтижесін көрнекі түрде алға тартып, оны орындау шарттарын көрсетеді.
Үшіншіден, компьютер оқу құралы ретінде студенттердің негізгі әрекетін
қайта құрып, мысалы, шешім іздеуде немесе алынған нәтиженің дұрыстығын
бақылауда оқу материалын операциялау тәсілін едәуір өзгертеді. Бұған қоса,
компьютерді оқу үрдісінде пайдалану оқылатын оқу пәнінен кәсіптік білім
қалыптастыруға елеулі ықпал етеді.
Сонымен, біз ЭЕМ-ді оқу үрдісінде қолданудың екі бағытын қарастырып,
олардың әрқайсысының физика курсын оқытуда студенттердің кәсіптік білімін
дамыту мүмкіндіктерін көрсеттік.
Студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстарын
ұйымдастыруға компьютерді пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан
осы айтылған оқу жұмыстарының әрқайсысы үшін, негізінен жоғарыда
сипатталған аспектілердің бірін қолдану тән болады.
Компьютерді оқу үрдісінде пайдалану мүмкіндіктеріне қатысты
зерттеуімізді түйіндей келе, мынандай қорытынды жасаймыз:
1. Есептегіш техника пайдаланылатын сабақтарға әзірленгенде
студенттердің психологиялық ерекшеліктерін ескеру керек.
2. Компьютерлік оқыту құралдарының тың мүмкіндіктері физика курсы
бойынша өтетін сабақтарды едәуір түрлендіруге жол ашады,
студенттердің танымдық белсенділігіне қосымша ынталандырушылық ықпал
етеді, соның нәтижесінде пән бойынша білім мен білік дағды деңгейі
көтеріле түседі.
3. Студенттердің кәсіптік білімін қалыптастыру ЭЕМ-ді пайдаланудың
мақсатты әдістемесін әзірлеуге жағдай жасайды.
1.4 Физика пәні бойынша электрондық құралдарды
құрудың негізгі формалары
Нақты ғылыми білім беру аймағында оқыту процесін программалы-
педагогикалық қамтамасыз етудің көптеген әр түрлі формаларын ажырата алу
ұсынылады:
1. Электрондық көшірмелер. Қағаз оқу құралдарының (оқулықтар және оқу
құралдары, хрестоматиялар, дидактикалық материалдар), оқу аудио
және видеоматериалдардың электрондық көшірмелері.
2. Программалы-педагогикалық құралдар. Виртуальды ортаның
мультимедиалық саймандары негізінде өңделген құралдар. Қазіргі
уақытта программалы-педагогикалық құралдар жанрының кейбір
жүйелері қалыптасқан. Олар:
✓ электрондық энциклопедиялар;
✓ энциклопедиялық сөздіктер және анықтамалар;
✓ электрондық каталогтар мен жинақтар (суреттер,
фотоиллюстрациялар, модельдер, видеоматериалдар, кестелер,
схемалар, тірек-конспектілері, тақырыптық презентациялар,
т.б.);
✓ электрондық кітапханалар;
✓ интерактивті оқу видеосы;
✓ электрондық оқулықтар және электрондық есеп жинақтары;
✓ интерактивті оқытушы орталар;
✓ электрондық оқу сабақтары (лекциялық сабақтар,
лабораториялық жұмыстар, экскурсиялар;
✓ электрондық репетиторлар және жаттығулар;
✓ электрондық мұражайлар;
✓ электрондық дидактикалық ойындар;
✓ оқу жетістіктерінің электрондық жүйелері (электрондық
тест).

сипаттамасы
Delphi тіліндегі қолданбалы программалар немесе қосымшалар IDE
(Integrated Development Environment) – дамып отыратын құрылымдық ортада
орындалады. IDE ортасы программалаушының компьютермен қарым-қатынасын
ұйымдастырып, әр түрлі басқару элементтерінен құралған бірнеше терезелерден
тұрады. Осы ортаның құралдарын пайдалана отырып, қосымшаның интерфейстік
бөлігін жобалауға, программаның кодын жазуға және оны басқару
элементтерімен байланыстыруға болады. Аталған жұмыстар және программаны
түзету, оны орындау әрекеттері IDE ортасында орындалады.
Object Pascal - Delphi ортасындағы негізгі программалаушы құрал
болып табылады. Программаларда кейбір операторлар бөлігі программаның әр
жерінде қайталанып кездесуі мүмкін. Осы қайталанып кездесетін операторлар
бөлігін ішкі программа түрінде келтіріп және ішкі программаны шақыруды
ұйымдастыру керек. Ішкі программа – бұл шағын ғана программа, яғни жалпы
есептің бір бөлігін шешуге арналған. Әрбір ішкі программаның аты болады, ол
программада ішкі программаны шақыру үшін қолданылады. Ішкі программаларды
құру үшін процедуралар мен функциялар пайдаланылады.
Ішкі программалардың параметрлері болады. Олар формальды және нақты
параметрлер болып бөлінеді. Функцияны сипаттау бөлігінде көрсетілген
параметр формальды деп аталады. Процедураны шақыру инструкциясында шақыру
инструкциясында көрсетілген параметрлер нақты параметрлер деп аталады.
Параметрлер ішкі программаға мәліметтер жіберу үшін және ішкі программа
нәтижедерін алу үшін қолданылады.
Delphi-дің IDE ортасы көптерезелік жүйе болып саналады және оның
жүктелгеннен кейінгі көрінісі төмендегі түрде болуы мүмкін (1-сурет).
1-сурет. Delphi ортасының көрінісі
Өңдеудiң арнайы ортасы Delphi көп терезелi жүйе болып табылады.
Жүктеуден кейiн Delphi интерфейсi бастапқы кезде төрт терезеден тұрады:
1. Негiзгi терезе (Delphi-Project1)
2. Обьектiлер инспекторы терезесi (Object Inspector)
3. Формалар конструкторы терезесі (Form1)
4. Код редакторы терезесі (Unit1.pas)
Экранда сәйкес құрылғыларды, мысалы, Image Editor бейне редакторын
шақырғанда шығатын басқа да терезелер болуы мүмкiн. Delphi терезелерiн
ауыстыруға, экраннан алып тастауға, өлшемiн өзгертуге болады. Көп
терезенiң бар болуына қарамастан Delphi бiр құжатты орта болып табылады,
яғни бiр мезгiлде тек бір ғана қосымшамен жұмыс жасауға мүмкiндiк
жасайды. Қосымша жобасының аты экранның жоғарғы бөлігінің негізгі
терезенің тақырып жолында шығады. Егер негiзгi терезенi (2-сурет)
жинақтайтын болсақ, онда Delphi-дiң барлық интерфейсiн, сәйкесiнше барлық
ашық терезелердi минимализациялау орындалады. Негiзгi терезенi жапқан
кезде Delphi жұмысын тоқтатады. Delphi-дiң негiзгi терезесiнде мынадай
жолдар бейнеленеді:
➢ Негізгі меню;
➢ Саймандар тақтасы;
➢ Компоненттер палитрасы.
2-сурет.
Негізгі терезе бейнесі
Негiзгi меню – Delphi-нiң функцияларына қатысуға арналған
командалардың жиынтығын қамтиды. Негiзгi менюдің көптеген командаларын
қосарланған пернелер көмегiмен шақыруға болады. Мысалы, RunRun
командасын F9 пернесі, ViewUnit (ҚарауМодуль) командасын Ctrl+F12
пернелері арқылы шақыруға болады.
Саймандар тақтасы – негiзгi менюдiң астында, негiзгi терезенiң сол
жақ бөлiгiнде орналасады және негiзгi менюдiң жиі пайдаланатын
командаларын шақыратын 15 кнопкадан тұрады. Мысалы: File Open
(ФайлАшу) немесе RunRun (ОрындауОрындау).
Барлығы 5 саймандар тақтасы бар. Олар:
1. Standart - Cтандартты
2. View - Қарау
3. Debug – Баптау
4. Custon – Пайдаланушы
5. Desctop – Жұмыс столы.
Cаймандар тақтасының бейнелерін басқаруға және олардағы батырмалар
құрамын өзгертуге болады. Бұл әрекеттер саймандар тақтасы облысында
тышқанның оң жақ батырмасын шерткен кезде шақырылатын саймандар
тақтасының жанама менюінің көмегімен орындалады. Саймандар тақтасын
Customize диалогтық терезесі (3-сурет) арқылы да түзеуге болады.
3-сурет. Customize диалогтық
терезесі
Компоненттер палитрасы (4-сурет) негiзгi менюдiң астында, негiзгi
терезенiң оң жақ бөлiгiнде орналасқан және ол құрылатын формаларда
орналасатын көптеген компоненттерден тұрады. Барлық компоненттер
әрқайсысы компоненттер палитрасында жеке беттерде орналасатын топтарға
бөлiнедi, ал компоненттер сәйкесінше жұлдызшалармен (пиктограммалармен)
берiледi. Қажеттi бет оның жарлығында тышқанның сол жақ батырмасын
шерткен кезде таңдалынады.
4-сурет.
Компоненттер палитрасының бейнесі
Алғашғы кезде компоненттер палитрасы келесi беттерден тұрады:
1. Standart – Стандартты;
2. Additional – Қосымша;
3. Win32 – 32 разрядты Windows интерфейсi;
4. System – Жүйелi функцияларға рұқсат;
5. DataAccess – Мәлiметтер қорына рұқсат;
6. DataControls – Мәлiметттердi басқару элементтерiн құру;
7. ADOActiveX – Мәлiметтер обьектiсiн пайдаланып мәлiметтер
қорымен байланыс;
8. Interbase – Бiр атаулы мәлiметтер қорына тiкелей рұқсатты
қамтамасыз ету;
9. Midas – Таратылған мәлiметтер қоры үшiн қосымшалар өндеу;
10. InternetExpress – Таратылған мәлiметтер қорында бiр мезгiлде Web-
сервер қосымшасы және клиент қосымшасы болатын бiр атаулы қосымша
құру;
11. Internet – Интернет желiсi үшiн Web-сервер қосымшасын құру;
12. FastNet – Интернет желiсiне рұқсат хаттамаларын (протоколдарын)
қамтамасыз ету;
13. DecisionCube – Көп өлшемді талдау;
14. Qreport – Есепті құру;
15. Dialogs – Стандартты диалог терезесін құру;
16. Win3.1 –Win3.X интерфейсі;
17. Samples – Мысал ретінде қойылатындар;
18. ActiveX – Қосымша компоненттер;
19. Servers – com жалпы серверлері үшін VCL қабықшасы.
Компоненттер палитрасын Palette Propetties диалогтық терезесiнiң
көмегiмен түзеуге болады (5-сурет). Бұл терезе компоненттер палитрасының
контекстi Propetties командасымен шақырылады немесе негiзгi менюден
Component Configure Palette шақыру арқылы реттеуге болады. Бұл терезе
өшiру, қосу, басқа компоненттерге тасымалдау т.с.с операциялар орындауға
мүмкiндiк бередi және компоненттер бетiнен тасымалдауға, өшiруге
мүмкiндiк жасайды. Palette Propetties диалогтық терезесiнiң сол жақ
тiзiмде беттердiң аты, ал оң жағында таңдалған беттiң атауы болады.
Тiзiмнiң төменгi жағында орналасқан батырмалар көмегiмен келесi
әрекеттердi орындайды:
• Бет қосу;
• Бетті өшіру;
• Беттің атын өзгерту;
• жоғарылату;
• Бетті немесе компонетті бір позицияға төмендету;
• Компонентті жасыру.
5-сурет. Palette Propetties
диалогты терезесi
Формалар конструктор терезесi алғаш кезде экранның центрiнде
орналасады және тақырыптан тұрады. Онда формалар жобалау орындалады.
Формаға компоненттер палитрасынан қажеттi элементтер орналасады.
Код редакторы терезесi. Программалау жүйесiн жүктеуден кейiн
формалар конструкциясының астында орналасады. Бұл терезе өңделетін
қосымша модулінің бастапқы текстінен тұрады. Form1 жаңа формасы үшін
Unit1.pas беті болады.
Код редакторы қарапайым текстік редактор сияқты, оның көмегiмен
модуль тексiн және қосымшаның басқа да текстiк файлдарын түзетуге
болады. Формалар конструкциясымен код редакторы терезелеріне ауысу F12
арқылы орындалады.
Кодты сілтеу терезесі. Код редакторы терезесінің сол жағында
орналасады. Онда тармақ түрінде формалар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz