Білім беру оқыту процесінің нәтижесі. Қазіргі замандағы философиялық мәнісіндегі білім беру


Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университеті, Гуманитарлық факультет, Шет тілдері кафедрасы
СӨЖ
Дайындаған: Қыдырхан Дана
Топ: ДЯ -901
2020ж
Білім беру оқыту процесінің нәтижесі
Қазіргі замандағы философиялық мәнісіндегі білім беру
Қазіргі кездегі білім берудің 4 аспектісінің өзара байланысы
Оқыту - оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет. Балалардың өзіндік дамытуына әсер ететін негізгі фактордың бірі - өзара қарым-қатынас жасау іс-әрекетті. Сөйтіп, оқыту процесі -мұғалімнің баламен үнемі рухани қарым-қатынас, ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді. Оқыту процесінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу іс-қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқару, ұйымдастыра білуі (іс-әрекетін білуі, бағалауы, өзін-өзі басқару) оқытудағы субъекті екенін айқындайды. Оқыту процесінде бала логикалық ойлау болмысының жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға дағдыланады.
Оқыту-бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл -ойы мен творчестволық қаблетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі, жеке тұлғаға біртұтас (комплексті) ықпал жасауды көздейді. Осы негізде, оқыту процесінің бірінші қызметі -оқушларға білім беру. Білім беру, біріншіден, ғылым негіздеріне сай оқушыларды нақты фактілермен, қағида және түсініктер -мен, заңдылықтармен қаруландыруды қамтамасыз етсе, екіншіден солардың негізінде, айланасындағы әр түрлі құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру. Екінші қызметі -тәрбиелеу. Оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту. Сонымен бірге оқыту барысында тәрбиенің мақсат, міндеттері және мазмұнымен тәсілдері анықталады. Оқытуда тәрбиемен оқытудың байланысы біржақты қарастырылмайды, керісінше біртұтастық принципке негізделіп, бірлікте қолданылады. Демек, тұлғаға білім бере отырып, оны тәрбиелейміз, тәрбиелей отыра білім береміз. Сөйтіп, тәрбие процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқытудың барысына қолайлы ықпал етеді, соның негізінде тұлғаның танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады. Үшінші қызметі-дамыту. Оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті т. б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктіліктері шындалып, қабілеттерінің артынуына оң әсер етеді. Демек, тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды (байқағыштығы, ойы, есі, қиялы секілді психикалық процестері де қарастырылады) .
Білім философиясы - білім теориясының тарауы, осы әлеуметтік мекеменің мәнін, қоғамдағы маңызын және адам дамуындағы рөлін зерттейді. Білім философияның маңызды міндет - ұзақ перспективаға есептелген білім беру стратегиясының базалық принциптерін жасау.
Білім беруді құндылық ретінде қарастырудың өзі үш блоктан тұрады:
1) білім бері мемлекеттік құндылық ретінде;
2) білім беру қоғамдық құндылық ретінде;
3) білім беру тұлғалық құндылық ретінде.
Білім беру мен тұлғаның дамуын ұштастыру тәжірибелері бар. Білім философиясының арнайы ғылыми сала ретінде бөлініп шығуына себеп болған маңызды негіздерге мыналар жатады:
1) білім берудің технологияларының өзгеруі;
2) білімнің көлемінің өсуі;
3) қоғам мен оқу-білім саласы арасындағы қайшылықтардың тереңдей түсуі. Білім философиясында білімділік идеясы, білім берудің мақсаты, білім беретін жүйелердің тарихы сияқты маңызды педагогикалық сұрақтар талқыланады. Оқу-білім жүйесінің ұзақ мерзімді стратегиясының негізінде әлеуметтік-педагогикалық мақсаттылықтың мәселелерін шешу жоспарлары қойылады. Осындай мақсаттардың иерархиясын жасақтауда білім философиясының көмегі қажет. Глобалды философиялық тұрғыдағы мақсаттардан нақты жағдайлардағы мақсаттарға көшудің механизмі болады. Оны анықтау күрделі процесс, мұндай жұмысты атқару тек педагогиканың күшімен жүзеге аса алмайды. Осы мақсатта да білім философиясы өзінің мүмкіндігін паш ете алады. Осы мәселелерді сыңар жақты шешетін болсақ, субъективизмге орын беріледі, тәрбие жұмыстарында схематизм, шаблон бойынша жұмыс істеу сияқты кемшіліктерге жол беріледі. Сондықтан, оқу-білім саласында әлеуметтік-педагогикалық мақсаттылықтың теориясын және методологиясын жасақтау маңызды шарт болып табылады. Жаһандық адамзаттық құндылықтарды білім саласына трансформациялау - оқу-білім философиясының негізгі міндеттерінің бірі. Білім философиясының зерттеу объектісі ретінде «Білім беру - бұл құндылық» және «оқу-білім саласындағы құндылықтар» деген екі доктринаның ара салмағы мен байланысы мәселесін де алуға болады. Сондай-ақ, социум және білім беру слаларының даму параметрлерінің түйілістіруі мәселесі де - білім философиясының зерттеу нысаны. Білім берудің мазмұны қоғамның негізгі салаларымен детерминацияланады. Мәдени-әлеуметтік орта оқу-білім жүйесіне прогностикалық фон бола алады, әрі мәдени-әлеуметтік орта білім жүйесінің нәтижелерін тұтынушы да бола алады.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz