Отбасындағы гендерлік рөлдерді (іскерлік ойын әдісін қолдана отырып) талқылау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
СӨЖ 4
Отбасындағы гендерлік рөлдерді (іскерлік ойын әдісін қолдана отырып) талқылаңыз.

Жақсы ата-ананың балалары да жақсы болады деген сөздi өте жиi естимiз, сонда осы жақсы ата-ана деген кiмдер. Қазақта бұған байланысты мақалдар да жиi айтылады. Мысалы, "Ұяда ненi көрсең, ұшқанда соны аласың".
Болашақ ата-аналар өз ұрпағының саналы да сапалы болуы үшiн арнайы бiр әдебиеттердi оқу немесе тәрбиелеудiң ерекше әдiстерiн ұйрену керек деп ойлайды.
Ешқашан күдiктенбейтiн, әрқашан өздерiнiң iстерiнiң дұрыстығына сенетiн, ылғи да балаға не iстеуге болады және оған не керек екенiн дәл бiлiп отыратын, әр уақытта өзiнiң баланы өсiруде қалай дұрыс iстеу керектiгiн бiлетiн және әр түрлi жағдайларда өз балаларының мiнез-құлқын ғана болжап қоймай, оның болашақ өмiрiнде кiм болатының көрегендiкпен болжай алатын ата-аналарды жақсы деп айта аламыз ба?
Әлде үнемi қобалжып жүретiн, балаларының жаңа бiр тәртiп бұзуы кезiнде оларды қалай жазалауын бiлмейтiн, егерде жазаласа өз әрекеттерiне өкiнетiн ата-аналарды жақсы дей аламыз ба? Мұндай ата-аналар баласынан күтпеген өгде әрекеттер көрсе қорқады, ол ата-аналар балаларын өздерiн сыйламайды деп күдiктенедi, ал кейде өздерiн жақсы көрмейдi деп ойлайды. Ол ата-аналар балаларын бiр жаман қылық iстеп жүр деп ойлап, олардың болашағын ойлап қиналады. Оларға сыртқы орта "көше" керi керi әсер етедi деп санайды және олар балаларының сихологиялық денсаулығы үшiн сескене бастайды.
Яғни, жоғарыдағы ата-аналардың ешқайсысын жақсы деп айтуға болмайды. Ата-аналардың бала тәрбиелеуде өздерiне қатты сенiмдi болуы да немесе шектен тыс көп сескене берудiң де олардың жақсы ата-ана болуына көмектеспейдi.
Адамның кез-келген әрекетi әдетте бiр нормаға бағынады. Бiрақ тәрбиелеушiлiкте мұндай норма болмайды. Өйткенi бiз өз өмiрiмiзде күйеу және әйел болып немесе кез келген мамандықты қалай тәжiрибеде және теориялық жағынан үйренемiз, сол сияқты ата-ана болып та үйренуiмiз керек. Жанұядағы тәрбие бұл да сол өмiр және бiздiң балаларға деген iс-әрекетiмiз немесе көзқарасымыз өте күрделi, өзгермәлi және қайшылықты болып келедi.
Кез-келген баланың ата-анасына деген махабаты шексiз, шартсыз, шекарасыз және мәңгiлiк. Бұл тұрғыда ата-анаға деген махабат өз өмiрiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етсе, өсе келе ата-аналарының махабаты адамның iшкi, эмоциялық және псиологиялық әлемiн ұстап тұратын қызметтердi атқара бастайды. Ата-ана махабаты - адамның болашақ өмiрiнiң бағдары, оның дене және iшкi жан дүниесiнiң, денсаулығының қайнар көзi мен кепiлi болып табылады.
Сондықтан да ата-ананың басты және негiзгi мiндетi - ең бiрiншi балаларына өздерiнiң жақсы мiнез-құлығымен, адами құндылықтарымен жақсы көрiнетiндiгi мен оларға әрқашан да қамқор болатындығына сенiм туғызу. Яғни, ешқашанда балалары өздерiн ата-аналары жақсы көретiндiгiне күмән туғызбауы керек. Ата-ананың ең табиғи және ең қажеттi мiндетiнiң бiрi өз балаларына олардың кез келген жасында оларға жылы махабатпен, қамқорлықпен және ұқыптылықпен қарау.
Балаларының өсе келе өз ата-аналарымен айырылысатын жағдайлар өмiрде жиi болып тұрады және бұл шартты құбылыс. Олар өздерiнiң ең жақын адамдарымен эмоциялық байланысын жоғалта отырып, психологиялық мағынада айырылысады.
Психологтар жасөспiрiм алкоголизмi мен нашақорлығының қайғысына көбiнесе ата-аналарының өз балаларын жақсы көрмеуi, оларды бауырына тартпауы себеп болатындығын дәлелдеген. Яғни, жанұялық тәрбиеге қойылатын басты талап жанұя iшiнде бiр-бiрiне кiршiксiз махабаттың болуы талабы. Осы мақсатта ата-ана өз балаларын жақсы көрiп қана қоймай, балалардың өздерiн ата-анасының жақсы көретiндiгiн әрқашан және кез келген жағдайда сезiнiп жүруiне көмектесу қажеттiгi туындайды. Бала өз ата-анасының махабатына сенiмдi болғанда ғана оның психологиялық әлемi дұрыс қалыптасады, яғни махабат махабатқа үйретедi.
Көп ата-аналар өздерiн балаларына деген махабатының жоғары болуы жағдайында бала өзiн ата-анасының жақсы көретiндiгiн сезiп, ерке, өзiмшiл болып өседi деп ойлайды. Бұл тұжырым өте дұрыс емес. Дәл осы жағымсыз тұлғалық қасиеттер ата-аналық махабаттың жетiспеушiлiгiнен, қайсыбiр эмоциялық тапшылық пайда бола қалғанда қалыптасады. Ата-ананаңы өз баласына оны жақсы көретiндiгi мен қамқор болатындығы туралы сезiмiн бiлдiру ата-анасының баласына бөлетiн уақытына да, баласының қайда өсетiндiгiне де, баласын материалдық қажеттiлiктермен қамтамасыз ету дәрежесiне де байланысты емес. Ол ең бiрiншi ата-ананың баламен терең психологиялық байланыстың болуы тәрбиеге қойылатын бiрегей талап, ол барлық ата-аналарға тәуелдi және мұндай байланыс барлық жастағы балаларды тәрбиелеп жеткiзуде қажеттi болып табылады.
Бұрынғы тәжiрибе ықпалымен адам санасында өте жоғары деп аталатын құндылықтар қалыптасады. Мұндай құндылық болып белгiлi бiр адамның қажеттi, өмiрде маңызы бар деп табылғанм қасиеттерi саналуы мүмкiн. Мұндай жағдайларда ата-аналар өз балаларында да осындай қасиеттер қалыптасатындай етiп тәрбиелеуге талпынады. Мысалы, ата-аналар өзiнiң ұлынын немесе қызының мейiрiмдi, ақ көңiл болып өсу керек деп ойлайды. Ата-аналары балаларын тәрбиелеуде құнды деп тапқан қасиеттерi баласының индивидуалдық, өзiндiк ерекше қасиеттерiне қарама-қарсы келгенде баланың тәуелсiздiк мәселесi одан сайын күрделене түседi
Осы мысалдағы мiнез-құлықтық бұзылуына ата-ананың баласының даму ерекшелiгiне, оның жасына қарамастан оған жоғары құндылықтарды "күшпен" үйретудiң нәтижесiнен пайда болып отыр.

2. Отбасындағы гендерлік тәрбиенің теориялық аспектілері

1.1 Отбасы ролі мен отбасы ішіндегі рольдердің құрылымы
Гендерлік саясат туралы қоғамда сан түрлі пікірлер бар. Біреу мақтап, біреу даттап жатады дегендей. Екі тараптыңда сөзіне құлақ түрсең, айтылған ойлары қамшының өріміндей бірі мен бірі үйлесім тауып жарасымды жұп құрап, алды артыңды матап тастайды. Дегенмен батысқа қарап көш түзеуге қарсымын. Жаһандану деп жарияға жар салып жүргендергеде айтарым бар. Гендерлік саясат сөз болғалы ұлттық менталитет, әдет-ғұрып қыр астында қалды. Оны қолдайтындар осы жайлы тіс жармайды. Сондықтан дауға басымды шатпас бұрын шариғатқа жүгінбекпін. Себебі қазақтың имандылығы исламнан бастау алады. Шариғат бойынша отбасының гендерлік тәрбиенің тізгіні еркекке жауапкершілік ретінде тапсырылған. Еркектер әйелдерге пана, қамқор, басқарушы.
Енді ата-баба ұстанған салт-дәстүрге үңіліп көрелік. Мұнда да әйелдерге деген ұстаным шариғаттан алшақ жатқан жоқ. Кемсітушілік, қорлау, мүсіркеуден ада. Қызын еркелетіп әлпештеп өсірген халық, Айғаным, Зере Ұлпан секілді аналарында көкке көтерген. Билігіне бағынып, бітіміне көнген. Бірақ осы аналарымыз тайраңдап төске өрлемеген. Ер азаматтарды бағалап, қадіріне жете білген. Өкінішке орай, біз тамырымыздан ажырап барамыз. Ол жайлы төменде сөз етемін.
Гендерлік саясаттың жақсы жақтары бар екенін жоққа шығармаймыз. Не нәрсеге де бір жақты қарауға болмайды. Алайда, ұлтымыздың менталитетіне қайшы келетін тұстарының көп екенін айтпай кету арға сын. Сондықтан қолыма қалам алып отырмын.
Дүниеге сәби әкеліп, демографиялық дүмпуге үлес қосу. Ерінің қас-қабағына қарап, ас-мәзірін дайындап, балаларының күлкісіне шомылып отыру. Бұлда болса әйел затына- табиғаттың берген ерекше сыйы, тартуы. Шындығына келгенде әйел затына бұдан асқан бақыттың керегі бар ма? Әрине жоқ.
Гендерлік саясатқа басқа қырынан қарасақ елімізде әйел адамдардың бәрінің бірдей өз құқығын біліп, қорғай білмейтіні рас. Зорлық-зомбылықтың құрбаны болып жатқандар да мол дейтін мамандар пікірімен келіспеуге болмас. Алайда, бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесікті тербететін нәзік жандылар гендерлік жолмен ұшпаққа шығады деу орынсыз. Кейде маған осы гендерлік саясатты дамыту айналып келгенде әйелдерді еркектерден қай жерің кем деп еліртуге бастайтындай көрінеді. Себебі, биліктің дәмін татып қалған әйел затының, от басы ошақ қасында үстемдік етпесіне кім кепілдік береді. Ер азаматты төрге шығаратында, көрге сүйрейтінде әйел. Билік баспалдағына көтерілген төмен етектілердің бәрі болмасада көбінің күйеулерімен "тең" дәрежеде сөйлесетінін көріп жүрміз. Тіпті ұятты жағдайға барып жүргендеріде бар.
Гендерлік саясаттың біздің ұлтымызға тағы бір бергені, қырыққа келгенше кареьера қуып "кемпір" болғанын білмей қалған қыздар көбейді.Демограф-ғалым Мақаш Тәтімовтің айтуына қарағанда елімізде 300 мыңнан аса кәрі қыз бар екен. Келешекте олардың саны өседі деп күтілуде. Себебі бүгінгі саясат соларға жұмыс жасап жатыр. Бүгінгі кәрі қыздардың көбі қызметтің құлына айналғандар. Осыдан келіп ұлттың демографиясы құлдырауда. Қазақтың өсуіне қауіп төніп тұр. Мына дерекке көз салыңыз. Тәуелсіздік алғалы туу көрсеткіші 1989 жылғы деңгейге жетпеген. Мұны қалай түсінуге болады. Гендерлік саясат стратегиясынан отбасындағы тепе-теңдік пен үйлесімділік, яғни гармония жоғалмайды. Ал, үйлесім таппағандар тек өзіне өкпелеуге тиіс дейтіндер қара көрсетіп жүр. Оларға айтарым, еркек түздің адамы. Онымен қосылып әйелі шапқыласа не болғаны. Үйдегі бала тәрбиесіне зардабы тигенімен қоймай, "байтал шауып бәйге алмайтынын" ескеруі керек қой. Мен негізінен, гендерлік саясатқа, ол демографиялық құндылықтармен қатар жүрсе ғана қарсы емеспін. Тек он әйелдің министр, жиырма әйелдің депутат болғаны үшін ғана аталған саясатты қолдауға болмайды ғой. Теңдік деп жүрген, бизнеспен айналысып жүрген қыздарымыздың көбінің, жасыратыны жоқ, толыққанды отбасылары жоқ. Әрқайсысында бір-бір ғана баладан, кейбіреуінде бір бала да жоқ. Бұл саясат өркендеп-өсе беретін болса, еліміздің демографиясына үлкен қауіп туғызуы мүмкін.
Кейде Қазақстан расымен гендерлік саясатқа мәжбүр ел ме деп ойлаймыз. Қарасақ оған негіз жоқ. Батыстың саясатын басым бағыт етіп алуымызға не себеп? Гендерлік саясатты алақайлап қолдайтындар:
Гендерлік саясат дегеніміз - өмір құн-дылықтарының барлық саласына қатысты ер мен әйел арасында теңдік орнатуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық іс-әрекеттер - деп ережесін түзіпті. Демек, гендерлік саясат бізге ер мен әйел арасындағы теңдік үшін қажет екендігі көрініп тұр. Сонда елімізде тап сондай қажеттілік туындап отыр ма? Біз ислам дініндегі елміз. Хадисте "жұмақ ананың аяғының астында" деп жазылған. Батыс таңсық көріп көтеріп жатқан мәселені ислам әлемі баяғыда реттеп қойған. Осы жерде қажетіме жарар деп қойын дәптеріме түртіп жүрген қызық оқиғаны баяндай кетейін. Бірде, бір британиялық азамат Ислам ғалымдарының бірінен: Неге Исламда еркектерге әйелдермен қол алып амандасуға болмайды?, - деп сұрапты. Сонда әлгі шейх: Сіздер, өздеріңіздің патшайымдарыңыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасындағы гендерлік рөлді ( іскерлік ойын әдісін пайдалана отырып ) талқылау
Жас отбасылардың мәселелері
Адамның әлеуметтік мәртебесі: сөйлеу әдебінің ерекшеліктері
Қарым - қатынас мәдениеті арқылы студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамытудың бағдарламасы
Жетекші әйелдердің психологиялық ерекшеліктеріне жетекшілік қызметтің әсері
Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың ерекшеліктері
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану әдістері мен тиімділігі
Балалар үйіндегі балаларды азайтуға бағытталған шаралар
Гендерлік теңсіздік
Оқытушылардың іскерлік ойындарын колледж оқушыларын оқытуда қолдануы
Пәндер