Адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген моральдық жауапкершілік


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген моральдық жауапкершілік

Құқық негіздерін оқуға кірісерден алдын, əлеуметтік қатынастарды тек құқықтың ғана реттемейтіндігін есте ұстау қажет. Бір қоғамда өмір сүретін адамдар өзін-өзі ұстаудың əр алуан ережелеріне мысалы, əдет-ғұрып, мораль нормалары, діни жəне корпоративтік нормаларға бағынады.

Ал, моральдық нормалар адалдық жəне қиянат, əділеттілік жəне əділетсіздік, ар-намыс жəне арсыздық жəне т. б. осы сынды өнегелік құндылықтар жайында қоғамда қалыптасқан түсінікті сипаттайды. Өз жолдастарына сатқындық істемеу, сүйікті адамыңның көзіне шөп салмау, жалған сөйлемеу жəне т. б. ережелер қандай да бір арнайы түсiндіруді талап ете қоймас. (1, 4 б)

Келесі жаңалық корғаудьң тағы бір түріне байланысты, яғни ол моральдык зиянның өтемін төлеу болып табылады. Тұңғыш рет мұндай моральдык зиянның төлемін ақшалай түрде төлету мүмкіндігі 1990 жылы 12-ші маусымда кaбылдaнғaн КCРO-ның “Бaспacөз және бacқa да бұқaрaлык aқпaрaт құралдары туралы” заңының 39-бабында тұжырымдалды, кейін бұл норма басқа да әртүрлі заң күжаттарына енгізілді. (2, 21 б)

Моральдық зиянды өтеу зиян келтірушінің кінәсі анықталған кезде жүргізіледі. АК-мен көзделген жағдайларда өзіндік мүліктік емес игіліктер мен құқықтар осы құқықтарды бұзған тұлғаның айыбына қарамастан сот арқылы қорғалуға жатады.

Талапкер талапты қоюда оның нақтылы өзіндік мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының бұзылуының мән-жайларын көрсетіп, оны растайтын дәлелдемелерді келтіріп, оларды қорғау қажеттілігін, сондай-ақ оның пікірі бойынша өзіне келтірілген моральдық зиянды өтеуді қамтамасыз ететін өтемақы сомасын көрсетуге міндетті. (7, 5 бап)

Материалдық зиянды, оның iшiнде асыраушысынан айырылумен байланысты, зақымдану немесе денсаулығына басқа жарақаттар түсiрумен байланысты келтiрiлген, қабірлеуге жұмсалған шығындар туралы, моральдық зиянды ақшалай толықтыру туралы т. б. залалды өтеу туралы талап қойған жәбiрленушi адам азаматтық талапкер болып та танылуы керек. (4, 5 бап)

Қылмыстық процестi жүргiзушi oргaн мoральдық, дене немесе мүліктік зиян келтірілген қылмыстық құқық бұзушылық туралы әрбір іс бойынша қылмыстық істе азаматтық талап қоюға жәбірленушінің құқығын түсіндіруге, ал мұндай талап қойылған кезде оны азаматтық талапкер деп тануға және оған тиісті құқықтарын түсіндіруге міндетті. (4, 16 бап)

Қылмыстық процесті жүргізетін органдар келтірген моральдық зиянды өтеу жөнінде азаматтардың талаптары азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатады. (7, 5 бап)

Егер бұзақылықтан мүлiк жойылып немесе қираған, азаматтардың денесiне жарақат түскен, оның өзi еңбек қабiлетiнен уақытша айырылған болса, соттар ҚIЖК-нiң 100, 101, 103, 295-баптарын басшылыққа ала отырып, қылмыстан шеккен материалдық және моральдық зиянның орнын толыұтыру мәселесiн үкiмде шешуге мiндеттi. (6, 17 бап)

Моральдық зиян Азаматтық кодекстің 951-бабына сәйкес адамның және заңды тұлғалардың өзіндік мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемсітілуі немесе олардан айрылуы, соның ішінде жәбірленушінің өзіне қарсы күкық бұзушылыктың жасалуы салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қинауы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т. б. ) деп есептеледі. Моральдық зиян оны келтірушінің кінәсіне орайластырылып өтеледі. Сонымен қатар, моральдық зиян оны келтірушінің кінәсін есепке алмай-ақ, егер ол төмендегідей жағдайларға байланысты орын алса:

  1. зиян азаматтың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіптілік көзі арқылы келтірілсе;

2) зиян азаматқа оның заңсыз сотталуының, заңсыз қылмыстық жауапқа тартылуының, бұлтартпау шарасы ретінде заңсыз қамауға алуды, үйде қамауда ұстауды немесе ешқайда кетпеу туралы қолхат алуды қолданудан, қамауда ұстау, психиатриялық емдеу мекемесіне немесе басқа емдеу мекемесіне орналастыру түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолданудың салдарынан келтірілсе;

3) зиян ар-ожданына, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер тарату арқылы келтірілсе;

4) заң құжаттарында көзделген өзге де жағдайларда өтеледі.

Заңда көзделген реттен басқа жағдайда азаматтың мүліктік құкығын бұзатын әрекеттер арқылы жасалған зиян өндіртіп алуға жатпайды. (АК-тің 951-бабы) .

Моральдық зиян қаржылай түрде өндіріледі. Моральдық зиянның мөлшерін анықтау кезінде жәбірленушінің шеккен рухани зардабын субъективті баға ретінде ескереді. Сондай-ақ жәбірленушінің рухани және денсаулығына байланысты зардап шегуінің дәрежесін анықтайтын объективті мәліметтер де ескеріледі: өмірлік маңызы бар жағдайларға қастандық жасау объектісі (өмірі, денсаулығы, абыройы, ар-намысы, еркіндігі, үйіне ешкімнің тиіспейтіңдігі және т. б. ) ; құқық бұзушылықтың ауыр зардаптары (жақын туысқанын өлтіру, денеге жарақат салу, сол арқылы мүгедек ету, еркінен айыру, жұмыссыз қалдыру немесе баспанасыздыққа душар ету және т. б. ) ; адамды мазақ қылатын жалған мәліметтер тарату сипаты мен жүйесі; жәбірленушінің өмірлік хал-ахуалы (тұрмыстық, отбасылық, қызметік, материалдық, денсаулық жағдайлары, жасы және басқалары) ; басқа да назар аударуға тұратын жайттар.

Мүліктік залалдың өндіріліп алынғанына қарамастан, моральдық залал орнына келтіріледі (АК-тің 952-бабы) .

Тұлғаның өмірі мен денсаулығына залал келтірілген кезде мүліктік залалдың сипаты мен құрамына сүйену керек. Оның дəл осы ерекшелігі осындай залалды өтеу мəселелерін бөлек қарастыру қажеттілігін туындатады.

Азаматтың талап мiндеттемелердi, еңбек (қызмет) мiндеттерiн, əскери қызмет мiндеттерiн орындауы кезiнде өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген залалдың өтелетіндігіне кепілдік беріледі.

Азаматқа зақым немесе денсаулығына басқада залал келтiрiлген кезде зəбiрленушi жоғалтқан, онда болған немесе айқын иелене алатын табыс (кiрiс), сондай-ақ денсаулыққа зақым келтiруден туындаған шығындар (емделуге, қосымша тамақтануға, дәрілер сатып алуға, протез салғызуға, бөтен адамның бағып-күтуiне, санаторий-курорттық емделуге, арнайы көлiк құралдарын сатып алуға, басқа мамандыққа дайындауға жəне т. б. ), егер жəбiрленушi көмек пен күтiмнiң осындай түрлерiне зәру жəне оларды тегiн алмайды деп танылса, өтеуге жатады. Жоғалтқан табысты (кiрiстi) айқындау барысында жарақаттануына немесе денсаулығына басқада залал келтiрiлуiне байланысты зəбiрленушiге тағайындалған мүгедектiк бойынша жəрдемақы, денсаулығына залал келтiргенге дейiн де, одан кейiн де тағайындалған өзгеде да жəрдемақы түрлерi, соған қоса зейнетақы төлемдерi өтеу есебiне қосылмайды. Зардапты өтеу есебiне жəбiрленушiнiң денсаулығы зақымданғаннан кейiн алынатын табыс та есептелмейдi. Жəбiрленушiге тиесiлi өтемнiң көлемi мен мөлшерi заң актiлерiмен немесе келісіммен көбейтiлуi мүмкiн.

б Өтеуге жататын жоғалтылған табыстың (кiрiстiң) мөлшерi жарақаттануына немесе денсаулығының өзгедей зақымдануына дейiнгi не жəбiрленушiнiң кəсiби еңбекке қабiлетiн, ал ол болмаған кезде - жалпы еңбекке қабiлетiн жоғалтуы дəрежелерiне сəйкес, еңбекке жарамдылығынан айырылу басталғанға дейiнгi орташа айлық табысының (кiрiсiнiң) проценттерiмен анықталады. Жоғалтылған табыстың (кiрiстiң) құрамына маңызды жұмыс орны бойынша да, сондай-ақ қосымша атқаратын жұмысы бойынша да, еңбек жəне азаматтық-құқықтық келісім бойынша еңбекке ақы төлеудiң жеке табыс салығы салынатын бүкіл түрлерi кiредi. Бiр жолғы сипаттағы төлемдер (пайдаланылмаған демалыс үшiн өтемақылар, жұмыстан босатылған кездегi шығу жəрдемақысы жəне т. б. ) есептелмейдi. Уақытша еңбекке икемсіз жəне жүктiлiк пен босануға байланысты демалыс уақыты үшiн төленген жəрдемақы есептеледi. Кəсiпкерлiк қызметтен алынатын кiрiстер, соған қоса авторлық қаламақы жоғалтылған табыстың құрамына кiредi, бұл орайда кəсiпкерлiк қызметтен алынатын кiрiс салық органы деректерiнiң негiзiнде енгiзiледi. Табыстың (кiрiстiң) барлық түрлерi салықтар ұсталғанға дейiн есептелген сомаларда ескерiледi. Орташа айлық табыс (кiрiс) денсаулыққа залал келтiрудiң не еңбек қабiлетiн жоғалту басталардың алдындағы жұмыстың он екi айындағы табыстың (кiрiстiң) жалпы сомасын он екiге бөлу жолымен есептеледi. Зиян келтiрiлген кезде жəбiрленушi он екi айдан аз уақыт жұмыс iстеген жағдайда орташа айлық табыс (кiрiс) денсаулыққа зақым келтiрудiң алдындағы нақты жұмыс iстелген айларда тапқан табыстың (кiрiстiң) жалпы сомасын осы айлардың санына өлу жолымен есептеледi. Жəбiрленушi толық жұмыс iстемеген айлар оның қалауы бойынша толық жұмыс iстеген айлардың басындағы айлармен ауыстырылады не оларды алмастыру мүмкiн болмаған жағдайда есептен шығарып тасталады. Жəбiрленушi залал келтiрiлген кезде жұмыс iстемеген жағдайда оның қалауы бойынша жұмыстан шығарылғанға дейiнгi табысы не осы жердегi оның бiлiмділік қызметкер сыйақысының жай мөлшерi ескерiледi, бiрақ да ол заң актiлерiмен белгiленген бiр айлық есептiк көрсеткiштiң он еселенген мөлшерiнен аз болмауға тиiс. Егер жəбiрленушiнiң табысында (кiрiсiнде) оған зақым келтiрiлгенге немесе денсаулығының басқада зақымдануына дейiн оның мүлiктiк жағдайын жақсартатын тұрақты өзгерiстер болса (атқаратын қызметi бойынша жалақысы арттырылса, біраз жоғары жалақы төленетiн жұмысқа ауыстырылса, оқу орнын аяқтағаннан кейiн жұмысқа тұрса жəне жəбiрленушiнiң еңбегiне ақы төлеудiң өзгертiлуiнiң тұрақтылығы немесе өзгеру мүмкiндiгi дəлелденген басқа жағдайларда), оның орташа айлық табысын (кiрiсiн) белгiлеу кезiнде ол алған немесе тиiстi өзгертуден кейiн алуы тиiс болған табыс кiрiсі ғана ескерiледi.

Жасы он төртке жетпеген жəне табысы жоқ кəмелетке толмаған адам жарақат алған немесе денсаулығы өзгедей зақымданған жағдайда зиян үшiн жауапты адамдар денсаулықтың зақымдануына қатысты шығындарды өтеуге мiндеттi. Жəбiрленушiнiң он төрт жасқа толғаннан кейiн, сондай-ақ табысы (кiрiсi) жоқ он төрттен он сегiз жасқа дейiнгi кəмелетке толмағанға залал келтiрiлген жағдайда залал үшiн айыпты адамдар денсаулығының зақымдануынан туындаған шығындардан басқа, еңбекке ақы төлеудiң заң актiлерiмен белгiленген он еселенген айлық есептiк көрсеткiштi негiзге ала отырып, оның еңбек қабiлетiн жоғалтуына жəне еңбек қабiлетiнiң төмендеуiне байланысты залалды да жəбiрленушiге өтеуге мiндеттi. Егер денсаулығы зақымданған кезде кəмелетке толмаған адамның табысы болса, зиян осы табыстың мөлшерi негiзiнде, алайда еңбекке ақы төлеудiң заң актiлерiмен белгiленген аз дегенде он еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде өтеледi. Еңбек қызметi басталғаннан кейiн жəбiрленушi өзi алатын табысты негiзге ала отырып, бiрақ кемiнде өзi атқаратын қызмет бойынша белгiленген сыйақының немесе өзiнiң жұмыс орны бойынша сол бiлiктiлiктегi қызметкер табысының мөлшерiнде залал өтемiнiң көбейтiлуiн талап етуге құқылы.

Азамат қайтыс болған жағдайда қайтыс болған адамның асырауындағы немесе ол қайтыс болған күнге дейiн одан көмек ақша алуға құқылы болған еңбекке жарамсыз адамдардың, қайтыс болған адамның ол қайтыс болғаннан кейiнгі туған баласының, сондай-ақ ата-анасының бiреуi, жұбайы не еңбекке қабiлеттiлiгiне қарамастан жұмыс iстемейтiн жəне қайтыс болған адамның асырауында болған балаларын, немерелерiн, жасы он төртке толмаған не аталған жасқа толса да, медицина органдарының қорытындысы бойынша денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның күтуiне мұқтаж аға-iнiлерi мен апа-қарындастарын күтумен айналысатын, отбасының басқа да мүшесiнiң зиянды өтетiп алуға құқығы бар. Қайтыс болған адамның асырауында

болған жəне ол қайтыс болғаннан кейiн бес жылдың iшiнде еңбекке жарамсыз болып қалған адамдардың да зиянды өтетiп алуға құқығы бар. Ата-аналарының бiреуi, жұбайы не жұмыс iстемейтiн жəне қайтыс болған адамның ҚР АК 940-б[2] 1-тармағында көрсетiлген балаларын, немерелерiн, аға-iнiлерi мен апа-қарындастарын қараумен айналысатын жəне күтудi жүзеге асыру кезеңiнде еңбекке жарамсыз болып қалған отбасының басқа мүшесi осы адамдарды күту аяқталғаннан кейiн залалды өтетiп алу құқығын сақтап қалады. Залал: кəмелетке толмағандарға - он сегiз жасқа толғанға дейiн, он сегiздегi жəне одан да естияр жастағы оқушыларға - күндiз оқыту нысанындағы оқу орындарындағы оқуы аяқталғанға дейiн, бiрақ əрi кеткенде жиырма үш жасқа дейiн; елу сегiз жастан асқан əйелдер мен алпыс үш жастан асқан ер адамдарға - өмiр бойы; мүгедектерге - мүгедектiк мерзiмiне; ата-аналарының бiреуiне, зайыбына не қайтыс болған адамның қарауында болған балаларын, немерелерiн, аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерiн, қарындастарын қараумен айналысатын отбасының басқа мүшесiне - олар он төрт жасқа толғанға дейiн не денсаулық жағдайы өзгергенге дейiн өтеледi. Азаматтың қайтыс болуына байланысты залалды өтетуге құқығы бар адамдарға зиян оның көзi тiрi кезiнде өзiнiң қарауына алған яки алуға құқылы қайтыс болған адамның табысының ҚР АК 938- бабының ережелерi бойынша есептелген үлесi мөлшерiнде өтеледi. Осы адамдарға зиянды өтеудi белгiлеген кезде қайтыс болған адамның кiрiстерiнiң құрамына оның табысымен қатар көзi тiрi кезiнде алып жүрген зейнетақысы, ғұмырлық жəрдем ақшасы мен осы сияқты басқа да төлемдер қосылады. Зиянды өтеудiң мөлшерiн анықтаған кезде адамдарға асыраушының қайтыс болуына байланысты тағайындалған жəрдемақылар, асыраушы қайтыс болғанға дейiн де, одан кейiн де тағайындалған басқа да жəрдемақы түрлерi, сондай-ақ табыс, стипендия, зейнетақы төлемдерi ескерiлмейдi. Асыраушының қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамдардың əрқайсысына белгiленген өтемнiң мөлшерi, баланың асыраушы қайтыс болғаннан кейiн туылуы; қайтыс болған асыраушының балаларын, немерелерiн, аға-iнiлерi мен апа-қарындастарын күтумен айналысатын адамдарға өтемнiң тағайындалуы (тоқтатылуы) жағдайларын қоспағанда бұдан əрi қайта есептеуге жатпайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке азаматтық - құқықтық жауапкершілік
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысындағы еңбекке ақы төлеу және шығындарды өтеу
Қазақстан Республикасы Заңнамаларындағы денсаулыққа зиян келтірудің құқықтық қорғалуы
Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің маңызы
ЗИЯН КЕЛТІРУДЕН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Азаматтық құқық. Адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян жəне моральдық зиян келтірілгені үшін жауапкершілік
Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер
Моральдық зиян келтірудің туындайтын міндеттемелер түсінігі мен маңызы
Соттың тұтынушының құқықтарын қорғауы
Бизнес және құқық факультеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz