Сұйықтың қайнауы кезіндегі булануы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Практикалық жұмыс №7
1 Сұйықтың қайнауы кезіндегі булануы қалай жүреді
Ал қайнау кезіндегі булану сұйықты қыздырғанда, оның бүкіл көлемінен жүреді. Қайнау температурасына жеткенде сұйықтың температурасы тұрақтанады. Қанығу температурасына тең қайнау температурасы сұйықтың қысымынан тәуелді. Негізінен, сұйық температурасы қанығу температурасынан біршама жоғары болады. Сұйық температурасының артық болуы бу бүршіктерінің қабатындағы беттік керілуімен түсіндіріледі. Бүршіктің радиусы неғұрлым аз болса, ондағы бу қысымы сұйық қысымынан соғұрлым артық.

2 Сұйықтың қайнауы кезіндегі бу бүршіктерінің пайда болуын түсіндіріңіз
Жылу бетінде сұйықтың қайнауы кезінде бу бүршіктері пайда болады. Олар өсе келе белгілі бір размерге жеткенде,жылу бетінен бөлініп, сұйықтың жоғарғы бетіне көтеріледі, ал олардың орнынан басқа жаңа көпіршіктер пайда болады. Егер ыстық сұйық бетті суландырса, онда будың бетпен жалғасуы жұқа мойын артқылы жүреді.ыстық сұйық жылу бетін суландырмаса,онда бу бүршігі жылу бетімен жалпақ мойын артқылы жалғасады және будың суға айналуы бүкіл жылу беті артқылы жүреді.

3 Центрдің сұйықтың қайнауына тигізетін әсері қандай
Сұйықтың қайнауы сұйықта еркін газдар артқылы пайда болатын центрлер айналасында пайда болады. Бу бүршіктері басында көзге көрінбейтіндей кішкентай, бірақ олар бүкіл жылу бетін жауып тұрады.
Температуралар айырмасы неғұрлым көп болса, соғұрлым бу бүршіктері көп түзіледі және бұл сұйықтың қатты қайнауына себебін тигізеді.

4 Сұйықтың қайнауы кезіндегі жылу беру коэффициентін жазыңыз

5 Конденсация процесі деп нені айтады?
Конденсация дегеніміз - заттың физикалық күйінің газ тәрізді фазадан сұйық фазаға ауысуы.
Конденсацияға температураны тұрақты ұстап тұру және жүйенің қысымын арттыру арқылы да қол жеткізуге болады. Бұл нақты қайнау температурасының жоғарылауына және будың конденсациялануына әкеледі. Температураның кенеттен төмендеуі де конденсацияны тудыруы мүмкін. Бұл салқын сусынның айналасында шық пайда болуын түсіндіретін құбылыс.

6 Конденсация түрлерінің анықтамасын беріңіз.
Конденсация бу көлемінде, сонымен қатар салқындатылатын жылуалмасу бетінде жүруі мүмкін. Бірінші жағдайда конденсация өздігінен жүреді. Энергетикада, көптеген өнеркәсіп салаларында бу конденсациясының сұйық күйге айналуы салқындатылатын жылуалмасу бетінде жүреді. Конденсацияның біріншісі түріне жылуалмасу бетінде тұрақты қабықша түрінде түзілетін конденсация фазасы - қабықшалы конденсация жатады. Ал екіншісіне - тамшылы конденсация жатады. Бұл жылуалмасу бтінде конденсациялық фаза тамшы түрінде түзіледі. Егер конденсат жылуалмасу бетін суландырса, онда қабықшалы, ал суландырмаса, онда тамшылы конденсация түзіледі.

7 Жылулық кедергіні қалай анықтайды?
Термиялық (жылулық) кедергісі. Тамшылы конденсация кезіндегі жылу беру, қабықшалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Булану процесі
Идеал газ күйінің теңдеуі немесе Менделеев-Клайперон теңдеуі
Молекулалы-кинетикалық теория
Мұнайды өңдеудің үрдісі
Заттардың сұйық күйі
Ректификация процесінің теориялық негіздері
Процесстің теориялық негіздері
Мұнайды қалдықсыз өңдеу технологиясы
Этанол–су бинарлы қоспасын бөлуге арналған ректификациялық колоннаны есептеу
Аммиакты тоңазытқыш қондырғы буландырғышының автоматтандырылуын жобалау
Пәндер