Раскольников антогонист па Әлде протогонист па

Раскольников антогонист па? Әлде протогонист па?
Ф. Достаевскийдің "Қылмыс пен жаза" романың әлемдік кинематогафия экранға алып келуді 20ғасырдың бастапқы кезеніңде-ақ соныңа жеткізген болатын. Франция киносының көрнекті режиссері Брессонның "Карманник", ағылшын киноөнерінің режиссері Джозеф Сардженттің "Преступление и наказаниесі" және әр туындысын шедеврге айналдыра білетін кино өнерінің майталманы Дәрежан Өмірбаевтің "Студент" фильмі романдағы Раскольников бейнесің экранға қаз-қалпында әкеле алды ма? Кейіпкерлер бейнесі қаншалықты өзгеріске ұшырады?
Романдағы Раскольников протогонисттік кейіпкер, романның алғашқы әріптерімен соңғы сөйлемдеріне дейін оқырманның басты назарында. Кез келген әрекет пен оқиға Раскольниковпен өз байланысын тауып отырды. Раскольников тақыр кедей, оқуға төлер ақшасы жоқ, арманы Альпі тауларындай биік кейіпкер. Өз мақсатына жету жолында қолын қанға бояуға қорықпаған қанішер тұлға. Үстіне киген жұпыны киімі мен жиналып қалған берешегі оның материалдық жағдайың жөндеуге деген құштарлығын оятады. Құштарлығы қылмысқа ұласып бір емес екі адамның өліміне себепші болады. Осы сәтте өзінің протогонисттік кейіпкеріне қарсы антогонисттік Радион бейнесі өмірге келеді. Раскольниковтың теориясы антонимды екі кейіпкер бейнесі пайда болған сәттен бастап жұмыс істеуің доғарады, өзінің құдайға деген құлшылығын оятып, жасырған қылмысының құлпын құқық қорғаушыларға ашып береді. Адам өлтіру фактісі орын алғаннан кейінгі антогонисттік және протогонисттік кейіпкер арасындағы шайқас роман негізінде протогонисттік кейіпкер пайдасына шешілді.
Брессон Достаевский туындыларын еуропалық мәдениетке негіздеп бір емес бірнеше рет таспалаған болатын. Брессон "Қылмыс пен жаза" романының идеясын негізге алып, өз Раскольниковын жасап шығарды. Еуропадық мәдениет бәрібір де Радионды толықтай жаңа арнаға алып кетті. Француздық Мишельдің оқиғасы роман жүзінде дамып отырғанымен эпизод, локация, кейіпкерлері бөлек. Мишельдің өзге Радиондардан айырмашылығы ол қанішер емес. Мишель өзімшіл. Ол бастапқы сәттерден-ақ өзің антогонистік тұлға ретінде экран алдында қалыптастырады. Неге Брессон қалта ұрысын тандағаны өте қызық. Бәлкім бұл туынды өз дәуірінің әлеуметтік драмасы шығар? Неге Мишель антогонист? Себебі ол өз қылмысына жауап беруді, мойындауды мүлдем ойлаған жоқ. Оның алғаш рет абақтыға жабылғаны алаңдатқан да жоқ, себебі ол өзіне қарсы дәлел айғақ болмауын пайдаланып бостандыққа шығады. Жеңіл құтылған жазасынан сабақ алмаған кейіпкеріміз, шыңдала түсіп қылмыс дейтің теңіз түбіне сүңги бастайды. Мишель протогонист болуа талпынбақ болған ниетің жасырмайды, себебі ол анасының ауырған сәттерінде көңілін сұрауға барған сәттерімен ғана есте қалады. Бірақ фильм бойы оның теріс әрекеті өзімшілдік аурасы кейіпкерді протоганист ретінде тануға себеп бола алмады.
Джозеф Сардженттің "Преступление и наказаниесі" Радионды кітаптағы бейнесін қаз-қалпында сақтап көшіре салды. Протогонистік тұлға ретінде таспаланған Радион алғашқы кадрлерден әлеуметтік жағдайды талқыға салып, әрекеттер мен іс-қимылдар жасап, көмек көрсетуін жалғастырады. Осы тұрғыда ағылшындық Раскольников бәрінен ерекшеленіп тұрды. Қай жағынан? -деп алатын болсақ көрерменге эмоцияны жеткізу жағынан ағылшындықтар өзгелерді шаныңда қалдырып кетті. Қасақана өлтіру мен өз тәнің саудаға салып жүрген бикешке көрсетіп жатқан қамқорлығы, ағылшындық Раскольниковты белгілі бір нұсқаны меңзеп айтуға қиындық тудырса да, протогонистік кейіпкер ретінде қалдыруға толықтай негіз жоқ, себебі ағылшындық Радионның да қолында қан іздері қалған болатын.
Кино үшін емес, киноны өзі үшін жаратқан Дәрежанның "Студенті" нағыз әлеуметтік драма. Бұл жаңа ғасыр жастарының жан-айқайы, шоқтығы биік көркем туынды. Фильм атауының Студент болып қалыптасуының өзі үш шаққа деген көзқарас. Олар: өткенге көз жүгірту, бүгінгі күн және болашақ. Әлбетте дарынды режиссер 3 көзқарасың бірсағаттық туындысына оп-оңай сыйдыра салды. Өткенге көзқарасы дәріс беруші мұғалімдер мен сыра ішіп отырған белгісіз бір ақын, бүгінгі күні басты кейіпкері, болашағы студенттің жасаған қылмысы яғни тұманды-бұлыңғыр күндері. Өмірбаевтың өмірлі туындысындағы Радионның бойындағы өшпенділік сезімдері өзіндік қажеттіліктен емес, әлсіздер үшін мықтыларға жасаған соққысы секілді қалыптасты. Кофе төгіп алғаны үшін таяқ жеген досы, сұйық май үшін тиыны жетпей үйіне майсыз кеткен әже міне осының бәрі жігіт бойындағы ашу отына май құйды. Жоғары оқу орнындағы мұғалімдердің "бұл өмірді тек мықтылар ғана сүреді" деген болмысы студент көкейінде бұл жүйеге ашық соғыс ашуға итермеледі. Студентті итермелеген адами фактор емес, оның адамгершілік ақыл ойы мен сана-сезімінің ертеніңе сұрақ қоймай жасаған қылмысы. Студентте де дәл Мишельден басқа кейіпкерлердікіндей қылмыс қайталанды. Нәзира Рахманқызы "Қазақ киносы кеше және бүгін " кітабында «дүкендегі сатушы мен сатып алушы» саналы түрде жасаған тәжірбиенің құрбандары деп пікір білдірген екен. Осы тұста мезгілсіз келместің кемесіне мініп кеткен жас ару, студенттің болашақ әрекетінің негізгі шешуші факторына айналды. Дәрежан Өмірбаевтың туындыларының негізгі фундаметі мен формуласына айналған түс фильмнің жан-жақты дамуына және
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz