Психопатологиялық симптомдар бойынша жағдайлық есептер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Дуйсембай Дулат, 5-004 ЖММ
№4 - тапсырма
Жағдайлық есеп №1
Науқас 40 жаста.Тұқым қуалаушылық аурулары болмаған.Жанұясында ешкімде бұған дейін психикалық ауытқулар байқалмаған. Сораның сорты қосылған темекіге әуестік пайда болғанын соңғы кездері байқаған. Темекі тартпаса координация бұзылысын,мазасыздық болатындығын айтады.Тері жабындылары гиперемиясы байқалады,гипергидроз,сілекей ағу тән.Науқас ойлау қаблеті қиындаған,тек жеңіл сұрақтарды оны қайталағанда ғана түсінеді,жауаптары толық емес.Ұйқышыл, үнемі мәнсіз,айналаға деген көз қарасы мүлдем жоқ.Сонымен қатар науқаста эйфория,жүріс-тұрысында алаңғасарлық бар.Жанұясындағылардың айтуынша өз бетінше сөйлеп,жалған кейіпкерлер құрып солармен ақылдасып,күліп,жылап отырады дейді.Темекі шегуден бас тарта алмайды,одан бөлек сора препараттарын ұрлап ішуді шығарған. Ұстамасыз күле береді
Психопатологиялық симптомдар:
* Сананың бұзылысы - есеңгіреу байқалады, Ұйқышыл үнемі мәнсіз,айналаға деген көз қарасы мүлдем ,ойлау қаблеті қиындаған,тек жеңіл сұрақтарды оны қайталағанда ғана түсінеді,жауаптары толық емес.
* Эмоция бұзылысы - науқас ұстамасыз күле береді эйфория,жүріс-тұрысында алаңғасарлық бар
* Қабылдаудың бұзылысы - науқаста көру галлюцинациясы, өзбетінше сөйлеп,жалған кейіпкерлер құрып солармен ақылдасып,күліп,жылап отырады дейді

Психопатологияық синдром : Абстинентті синдром
АХЖ-10 бойынша назологиялық диагноз: F12. Сора препараттарын қолдану нәтижесінде дамыған психикалық және жүріс-тұрыс бұзылысы, Абстинентті синдром.
Емі:
Медикаментозды емес:
Режим - I, II
Диета - №15.
Пациенттерді наркология бөлімшесіне жатқызады, уытсыздандыру терапиясын жүргізеді. Басқа жағдайларда стационарлық және амбулаториялық емдеу мүмкін.
Госпитализация: ерікті 3 этапты
oo І этап- МСР-нің бірінші кезеңі (медикаментозды коррекция) - 20 күн (Психикалық бұзылуларды тоқтатқанда (паранойяның көрінісі, делирий, қатты мазасыздық, қабылдаудың өзгеруі), жағдай түзетілгенше кезеңді ұзарту;
oo ІІ этап- МСР-нің екінші кезеңі (психотерапия және оңалту және) - 60 күн;
oo ІІІ этап- МСР-нің үшінші кезеңі (әлеуметтік оңалту) - 60 күн.
Науқастарға қалпына келтіретін емдеу тағайындалады, симптоматикалық терапия жүргізіледі. Астеникалық синдроммен және көңіл-күйдің бұзылуымен күресу үшін антидепрессанттар мен антипсихотиктер қолданылады.
* Левомепромазин бір реттік дозасы 8-15 мг бұлшықет ішіне егу арқылы
* Тиоридазин бір реттік дозасы 10-30 мг ішке қабылдауға
* Флуоксетин бір реттік дозасы 20 мг ішке қабылдайды
* Сульпирид (нейролептик) бір реттік дозасы таб 50 мг ішке
* Топирамат (нормотимик) бір реттік дозасы таб 50 мг ішке
* Галоперидол бір реттік дозасы 1-5 мг ішке таб
* Карбамазепин (нормотимик) бір реттік дозасы таб 200 мг ішке
* Рисперидон бір реттік дозасы 0,25 мг ішке таб
* Оланзапин бір реттік дозасы 15 мг ішке таб
* диазепам 0,5% ерітіндісі 2-4 мл, бі, кі немесе феназепам 0,1 % ерітіндісі 1-4 мл, бі, кі).

Оңалтуы:
-психикалық бұзылыстарды басу
-ұйқы мен көңіл-күйді қалпына келтіру
-сомато-вегетативті бұзылыстарды басу
-қайталанбау үшін терапия жүргізу
-стресске және аурудың қайталануына төзімділік механизмін арттыру
-позитивті өмір салтын қалыптастыру
-отбасылық қатынасты стабилизациялау
-қоғамдық статусты қалпына келтіру
-противорецидивная терапия.
Болжамы: Дер кезінде қолданған терапия - болжамын қолайлы етеді. Сора препараттарын созылмалы қолданғанда, тұйықталу мен апатия жағдайы дамиды, тұлға деградациясы үдейді, тұлғаның моральдық-этикалық сипаты жоғалады. Гашишпен созылмалы уланудың жеке сатыларында клиникалық көрініс шизофрения симптоматикасына ұқсас болады. Бірқатар жағдайларда ұзақ уақыт бір препаратты қолданғанда наркотикалық тәуелділік дамиды және ол ятрогендік наркоманияға әкеліп соғуы мүмкін.

Жағдайлық есеп №2
Науқас Б, 44 жаста. Ешқашан неврологиялық немесе психкалық бұзылулар алдынболмаған және де тұқым қуалайтын аурулары жоқ.Алкогольді тұтынып жүргеніне 2 жыл болған,оны отбасылық жағдайлармен байланыстырады.Көңіл - күйі құбылмалы: өмірден түңілген, құлазыған депрессивті ойлардан эйфорияға дейін. Алкогольді тоқтатса бірнеше сағаттан кейін көңіл-күйінің төмендеуі, құлазу, депрессия, жүрек айну және жалпы әлсіздік байқалған. Түнде ұйықтай алмаған себебі керуеттін астынан мүйізі бар көзі жарқыраған құбыжық көрген, бөлмеде сұр тышқан жартылай ит-жартылай мысық көрген. Үйінде отырған сәтте жұмыстамын деп ойлайды, уақытты және аптаның күнін дұрыс бағдарлай алмайды, кейде айды, жылды шатастырады. Үйінде көп адамдар бар сияқты көрінеді, қабырғадан адамдардың айқайлаған дауыстарын естіген, олар науқасты қорқытып, ішімдік ішуге шақырған.Отбасындағылар оны со психиатриялық ауруханаға апарған. Стационарда науқас қозған, әсіресе кешкі уақытта есікке, терезеге қарай ұмтылады. Кенеттен тітіркеніп кетеді де, оны ішіндегі жәндіктердің бар екендігімен байланстырады. Ұйқышыл үнемі мәнсіз,айналаға деген көз қарасы мүлдем жоқ.Сұрақтарға дұрыс жауап бермейды және көп сөйлескісі келмейді. Көз алдында беті қисалаңдаған анық емес сұлбаларды көріп, оларға саусақпен меңзейді және күледі.
Психопатологиялық 3 симптом. Психикалық тәуелділік.
-қабылдаудың бұзылысы - есту галлюцинациясы (. Үйінде көп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агресиялық мінез-құлық табиғатына психологиялық талдау
Жеке тұлға және оның негізгі потологиялық нысандары
Алкогольді көп тұтыну - Ресейде бар және ресейліктердің алкогольді тұтыну ауқымымен байланысты әлеуметтік мәселе
Қазақстан Республикасында сот-медициналық қызметтің процессуалдық негіздері
Шизофренияның даму тарихы
Марганец пен сынаптың адам организміне түсуінің негізгі жолдары
Патопсихология жайлы мәлімет
Психологиядан дәрістер жайлы
Патопсихология жайлы түсінік
Алкоголизм
Пәндер