БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Шуйнши Х - AIU студенті ( ПиМНО ТиПО ТОБЫ)
Ғылыми жетекші - Нургазиева Н.М
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУ
Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады [1] - деп тілдің ұлт үшін қаншалықты маңызды екенін ұлы ғұлама А.Байтұрсынұлы айтып кеткен . Ал қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі - осы тіл мәселесі екені бәрімізге мәлім. Біздің болашағымыз бүгінгі ұрпақ болғандықтан, бұл мәселені шешу үшін мектеп оқушыларының тілін дамытудан бастау керек.
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілінің негізі мектепке дейінгі ұйымда қаланады. Ал мектепке аяқ басқан баланың сөздік қоры шамамен 3.5-4 мыңдай болады. Осы қалыптасқан сөздік қорды әрі қарай дамытып, қазақ тілінің бай мұрасын меңгерген, тілі жатық оқушыларды қалыптастыру бастауыш сыныптағы басты міндеттердің бірі. Сөйлеу тілін дамыту сауат ашу пәнінен басталып қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәнімен жалғасады. Ал осы пәндерден қалыптасқан дағдылар басқа пәндердегі білімді меңгеруге негіз қалайды. Бұл туралы ұлы педагог К.Д.Ушинский: Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты және жаратылыстану ғылымдарын үйренген кезде, теореманы, математикалық бір есепті өз сөзімен айтып бере алмай, қиын күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинақтайтын басты, өзекті пән екені енді түсінікті емес пе? [2] - деген пікір қалдырған болатын. Осыдан-ақ баланың өз ана тілін жетік меңгеріп, еркін сөйлеуінің қаншалықты маңызды екенін аңғаруға болады.
Бастауыш мектеп жасындағы балаларға ана тілін оқытудағы негізгі мәселе - сөздік қорларын байыту, сөйлеу тілін дамыту. Тіл дамыту жүйесінің негізін салған ғалым С.Рахметқызы Сөздік қоры өте аз оқушылар арнайы бақылау жұмыстарында қатені де көп жібереді және сөйлем құрастыра алмайды. Оқушылар біршама жеткілікті сөздік қор жинау үшін күніне барлық сабақта 20-30 жаңа сөз үйренуге тиіс [3] - деп жазған.
Оқушының сөздік қорының неғұрлым көп болуы және оны тиімді қолдана білуі жүйелі еңбекті қажет етеді. Оқушыларының тілін дамыту мақсатында жасалатын жұмыс түрлері сан алуан. Соның бірі күнделікті сабақ барысында оқылатын мәтінде балаларға таныс емес сөздердің мағынасын ашып түсіндірумен ғана тоқталмай, тереңірек ұғынып, естерінде сақтау үшін сол сөзге байланысты қосымша тапсырмалар орындату қажет. Осы орайда С.Рахметованың сөздердің мағынасын ашып түсіндіру тәсілдеріне тоқтала кетсем:
1. Затты табиғи жағдайда бақылау немесе оны сыныпта көрсету, экскурсия ұйымдастыру.
2. Заттың өзін немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көмекші мектептегі бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын молайту
Баланың сөйлеу тілінің дамуында жаңылпаш пен жұмбақ қолдану
Бастауыш сынып оқушыларының тілдік қорын дамыту
Оқушылардың сөздік қорын дамыту
Бастауыш сынып оқушыларынң сөйлеу тілін дамыту жұмыстарының әдістемесі
Оқушылар арасында тіл дамыту жұмыстары
Көмекші мектептегі бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорының ерекшеліктері
Сауат ашу кезеңі - бала тілінің дамуы процесіндегі ең жауапты да күрделі кезең
Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту және сөз мәдениетін қалыптастырудың жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негізі
Пәндер