Тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасына сәйкес, тұтынушылардың құқықтарына сәйкес келетін, сатушылардың міндеттері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
СӨЖ
Орындаған: Баделжанов Бауыржан Ислямбекулы
Тобы: 202
Қабылдаған: Ермухаметова Саулегул Раймовна
Алматы 2021 жыл.
№1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасына сәйкес, тұтынушылардың құқықтарына сәйкес келетін, сатушылардың міндеттерін көрсетіңіз.
Тұтынушылардың құқықтары:
1) тауарларды (орындалатын жұмысты және көрсетілетін қызметті) иеленуге еркін шарт жасасуға;
2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ағартуға және тұтынушының өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде құқықтық сауаттылығын арттыруға;
3) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат алуға;
4) қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға;
5) тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдауға;
6) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына;
7) тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге;
8) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтетуге;
9) сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде жасалған шартты алуға;
10) ұтыс түрінде берілген (орындалған, көрсетілген) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасы бойынша ойындардың бастамашысына (ұйымдастырушысына) кінә қоюға;
11) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құруға;
12) моральдық зиянды өтетуге;
13) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға;
14) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Сатушының (дайындаушының, орындаушының) кепілдік мерзімін белгілеу жөніндегі құқықтары мен міндеттері:
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше айқындалмаса, дайындаушы (орындаушы) тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) кепілдік мерзімін белгілеуге құқылы, ол мерзім ішінде тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшілігі табылған жағдайда дайындаушы (орындаушы) тұтынушының осы Заңда белгіленген талаптарын қанағаттандыруға міндетті.
Дайындаушы (орындаушы) белгілеген кепілдік мерзімін сатушы ұзартуға құқылы, бірақ оны қысқартуға құқығы жоқ.
Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауардың кепілдік мерзімі аяқталғаннан кейін табылған кемшіліктеріне қатысты міндеттемелерді (қосымша міндеттемені) қабылдауға құқылы.
Дайындаушының қосымша міндеттемесінің мазмұнын, мұндай міндеттеменің қолданылу мерзімін және тұтынушының осындай міндеттеме бойынша құқықтарды жүзеге асыру тәртібін сатушы (дайындаушы, орындаушы) айқындайды.
Егер дайындаушы (орындаушы) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тауарға кепілдік мерзімін белгілеу жөніндегі міндеттемені орындамаса немесе оны тиісінше орындамаса, сатушы оны белгілеуге міндетті.
Осындай міндеттемені орындау үшін қажетті материалдардың, жиынтықтаушы немесе қосалқы бөлшектердің болмауына байланысты оны орындау мүмкін болмайтын жағдайда кепілдік міндеттеме тоқтатылмайды.
Сатушы (дайындаушы, орындаушы):
1) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат беруге;
2) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
3) тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдауды қамтамасыз етуге;
4) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасын қамтамасыз етуге;
5) тиісті де, тиісті емес те сападағы тауардың ауыстырылып берілуін немесе қайтарылуын қамтамасыз етуге;
6) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтеуге;
7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда бақылау-кассалық машиналарының болуына;
8) бақылау-кассалық машиналар орналастырылған жерде тұтынушының бақылау (тауарлық) чегін алу қажеттігі туралы және бақылау-кассалық машиналарын қолдану тәртібі бұзылған жағдайда оның мемлекеттік кіріс органына (тиісті мемлекеттік кіріс органының телефон нөмірін көрсетіп) жүгіну құқығы туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат орналастыруға;
9) тауарларды сату (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) жөніндегі қызметті тікелей жүзеге асыратын жеке тұлғада оның тегі, аты және әкесінің аты (бар болғанда) көрсетілген омырау карточкасының (бейджінің) болуын және оның санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерді сақтауын қамтамасыз етуге;
10) тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде жасалған шартты беруге;
11) мәлімделген жұмыс режимін сақтауға;
12) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де талаптарды орындауға міндетті.
Сатушы (дайындаушы) бағалар заттаңбасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және сыртқы витриналарына қойылған тауардың құнын теңгемен көрсетуге, сондай-ақ тауарды сақтау жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті.
Дайындаушы (орындаушы) жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің құнын теңгемен жазбаша түрде көрсетуге міндетті. Дайындаушы тауардың жарамдылық мерзімін, сақтау мерзімін белгілеуге міндетті.
Электрондық саудада сатушы сатып алу-сату шартын жасасу алдында тұтынушыға тауарға ақы төлеу рәсімі және оның құны туралы ақпарат беруге міндетті.
Тауардың бағалар заттаңбасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарына қойылған, көрсетілген құнына сәйкес сатушы (дайындаушы) сатуға міндетті, ал тұтынушы сатып алуға құқылы.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) фото-, бейнетүсірілімді қолдануға қатысты тұтынушылардың құқықтарын шектеуге тыйым салынады.
№2. Мүлікті меншік құқығына беру туралы шарттар тақырыбына пәні бойынша құрылымдық логикалық саралау жасаңыз.
Меншік Құқығы -- субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға беріледі. Меншік иесінің өз мүлкін иелену құқығы, пайдалану құқығы және оған билік ету құқығы болады. Меншік құқығының мерзімі шексіз. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексте көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.
Мүлікті меншіктенуге қатысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жүйесі;
Заңнамалық тұрғыдан жан-жақты қамтамасыз етіліп, меншігіне бекітілген мүлікті меншіктенушінің өз қалауы мен мүддесіне орай иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігі, сондай-ақ өз шаруашылығының үстемдік аясына өзгелердің араласуына жол бермеу мүмкіндігі.
Бұл мүмкіндіктер заңға қайшы келмейтін және өзгелердің заңды құқықтары мен мүдделерін таптамайтын кез келген әрекет арқылы жүзеге асады. Бұл тұрғыда меншік құқығы үш түрлі бөліктен тұрады:
Иелену хақысы - меншіктенушінің мүлікке деген шаруашылық үстемдігі. Яғни мүліктің иесіне заң жүзінде бекітілуі;
Пайдалану хақысы - мүлікті іске асырып, пайдаға жарату;
Билік ету хақысы - құқықтық әрекеттер жасау арқылы мүліктің тағдырын белгілеу.
Мысалы, үйдің иесі оны сатса да, жалға берсе де немесе өзі тұрса да өзі біледі.
Осы үшеуі Меншік құқығының құрамдас бөліктері болғанмен, барлық кезде бірге жүрмейді. Мысалы, жалға алған пәтерді пайдалану хақысы болғанымен, жалдаушының ол пәтерге деген иелену және билік ету хақысы жоқ. Көрсетілген үш мүмкіндіктің ішіндегі мүлікті меншіктендіретіні, яғни ең маңыздысы иелену хақысы.
Қалған екеуі меншік иесінде болуы да, болмауы да оны меншік құқығынан айыра алмайды. Сондықтан мүліктің барлық ауыртпалығы, жауапкершілігі меншік иесінде.
№3. Бөлшек сатып алу-сату шарты мен тауар жеткізілімі шарттарының ерекшеліктерін анықтап, нәтижесін көрсетіңіз: Салыстыру критериилері Бөлшек сатып алу-сату Тауар жеткізілімі шарты.
Тауар жеткізілімі шартының ұғымы және элементтері Тауар жеткізілімі шарты бойынша кәсіпкер болып табылатын сатушы (тауар беруші) сатып алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес өзге мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімде немесе мерзімдерде беруге міндеттенеді.
Тауар жеткізілімі шартының бөлшектеп сатып алу-сату шарттарынан және қарапайым тұрмыстық сатып алу-сату шарттарынан түбегейлі айырмашылығы бар.
Тауар жеткі-зілімі шарты тауарлы-материалдық құндылықтарды экономиканың кез келгсн салаларында үлестіруге (қайта үлестіруге) мүмкіншілік береді. Бұрын бұл шартқа жасанды түрде әкімшілік-жоспарлау мінез берілетін. Жеке заңнамалық шешімдер оны сатып алу-сату шартының бөлек түрі ретінде қарастыруға әкелді.
Алайда, оның функциялары сол күйінде қалады. Өндірістің жекелеген салаларын орталықтандырудың күшеюіне байланысты оның басқа сатып алу-сату шарттарынан айырмашылығы өсе түседі. Тауар жеткізілімі шарты нарық субъектілеріне өндірілген, импортталған, экспортталған өнімдерді кез-келген бағытта тарату мүмкіндігіне ие болады. Оның көмегі арқылы өндіріс құралдары, өндіріске, қажет басқа тауар алынады, тауарлардың жекелеген топтары өндірушіден бөлшектеп сатушыларға дейін жүйеленген нарық инфраструктурасына ауысады.
Тауар жеткізілімі шартының елеулі айырмашылыктарының бірі одан туындайтын құқықтық қатынастар ұзаққа созылатын болып келеді. Осыған байланысты ұзақ мерзімдер бойы шарт тараптары өнімді тиеп жіберіп, алып тұрады, тауар жеткізілімін жүзеге асыру үшін қажетті көптеген ұйымдық құқықтық шараларды қолданады.
Тауар жеткізілімі шартының жасау тәртібі оның өзгешелігі болып табылады.
Шарттың жобасын алған тарап 20 күннің ішінде оны қарап, шарттың бір данасын екінші тарапқа береді. Тараптар арасында шарттың жекелеген жағдайлары бойынша келіспеушіліктер пайда болған жағдайда шарт жасауды ұсынған және басқа тараптан осы жағдайлар бойынша келісу туралы ұсыныс (келіспеушіліктер хаттамасын) алған тарап осы ұсынысты алған күннен бастап отыз күн ішінде, егер өзге мерзім тараптармен келісілмеген болса, шарттың тиісті талаптарын келісу жөнінде шаралар қолдануға не басқа тарапты оны жасаудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландыруға тиіс.
Сонымен, акцентантпен қойылған ұсыныстарға жауап беру мерзімі көбею жағынан қарастырылады. Өнім тапсыру туралы ереже бойынша ол 10 күнді құрайды.
Алғашқы оферентті шарт жасауға еріксіз көндіруге жол берілмейді өнім тапсыру туралы ереже бойынша сатушының (өндірушінің) шарт жасаудан басын тартқан немесе келіспеген жағдайларға байланысты сұрақтарды және келіспеушіліктерді шешу үшін сот тәртібі қарастырылған еді. Заңнамадағы осы шешім де азаматтық құқықтағы шарттың еркідігі кағидасының күшеюіне мүмкіншілік береді деп айтуға болады.
Тауар жеткізілімі шартының нысаны-жазбаша. Шартты жасау, өзгерту, бұзу немесе оның мерзімін ұзарту тараптары қол қойған келісім немесе хаттар, факстар, телеграммалар, телетайпрограммалар, радиограммалар арқылы жасалады.
Тауар жеткізілімі шартында шарттың заты мен берілетін тауарлардың санын анықтайтын жағдайларынан басқа, жеткізілетін тауарлардың номенклатурасын (түр-түрін) бағасын анықтайтын, жеткізілетін өнімнің сапасының жағдайлары да бекітілуі керек. Егер шартта осындай жағдайлар көзделмесе, екі тараптың біреуінің талабы бойынша шарт жасалмаған деп есептелінуі мүмкін. Осыған байланысты осы айтылған барлық жағдайлар тауар жеткізілімі шартының міндетті жағдайларына жатқызылған.
Шарттың қосымша жағдайлары болып өнімнің жеткізу тәртібі мен мерзімдері, есеп айырысу тәртібі, шарттың қолданылу мерзімі, жыл сайынғы спецификациялар туралы келісу тәртібі (ұзақ мерзімді шарттар жасалған кезде).
Тауар жеткізілімі шарты әрбір мерзімге жасалады: ай, тоқсан және басқа да ұзақ мерзімге. Егер шартта оның қолданылу мерзімі белгіленбесе және ол міндеттеменің мәнінен туындамаса, шарт бір жылға жасалған деп танылады. Бір жылдан астам мерзімге жасалған шарт ұзақ мерзімді деп аталады. Ұзақ мерзімді және бірқатар қысқа мерзімді шарттар бір субъектілер арасында жасалса, олар маңызы жоғары нәтижелерге әкеп соғады. Үзіліссіз екі жыл көлемінде және одан да көп жылдарда күші бар шаруашылық байланыстар ұзақ мерзімді деп аталады және оны тауар беруші (өндіруші) бір жақты тәртіппен бұзуға құқығы жоқ. Осы тәртіп Қазақстан Республикасында орналасқан өндірушілермен (тауар берушілермен) тура және ұзақ түрде орнатылған шаруашылық байланыстарға қолданылады.
Шарттың жағдайларының бәрін оның жүргізу кезеңдерінде келісіп алуға болады.
Кейбір жағдайларда, ұзақ мерзімді шарттарда олар күнтізбелік жылға немесе одан да ұзақ, бірақ шарттар жасалған жалпы мерзімнен аз мерзімге келісіледі. Егер ұзақ мерзімді шартта берілуге тиіс тауардың саны немесе өзге де шарт талаптары бір жылға нсмесе барынша ұзак мерзімге белгіленсе, шарттың қолданылу мерзімі біткенге дейін кейінгі кезеңдерге жағдайлар бойынша тараптардың келісу тәртібі белгіленуге тиіс. Шартта келісу тәртібі болмаған жағдайда шарт тиісшше бір жылға немесе шарт талаптары келісілген ұзақ мерзімге жасалған болып табылады.
Тауар жеткізілімі шартынын элементтері. Тауар жеткізілімі шартының тараптары болып кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын субъектілер келеді. Сатушы тауар беруші жағында тауар жеткізілімі шартында ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан әрбір коммерциялық заңды тұлғалар және заңды тұлғамен құрылмаған жеке және ұжымдық кәсіпкерлер қатысады.
Тауар беруші коммерциялық емес заңды тұлға да бола алады. Ол өз қызметін коммерциялық емес заңды тұлғаның бір немесе өзге түрі үшін рұқсат етілген кәсіпкерлік қызмет шегінде жүргізеді. Сатып алушы болып тауарды өзіне (күнделікті) пайдалануға байланысты емес мақсатта алатын кез-келген субъектілер табылады.
Мемлекет тауар жеткізілімі қатынастарында сатьш алушы ретінде ғана қатыса алады.
Азаматтық айналымнан алынбаған заттар тауар жеткізілімі шартының пәні болады. Азаматтық қүқықтық нормалары тауар жеткізілімін қаты-настардың белгіленген кезінде, жалпы емес, ал арнайы сипат-тауына жатады, тауар жеткізілімін мәніне қарай айтуға болады, тауар жеткізілімі шартының пәні заттан басқа, мүліктік құқық және азаматтық құқыктың объектілері бола алмайды.
Тауар жеткізілімі шартының ұғымы және элементтері. Тауар жеткізілімі шарты бойынша кәсіпкер болып табылатын сатушы (тауар беруші) сатып алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес өзге мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімде немесе мерзімдерде беруге міндеттенеді.
Тауар жеткізілімі шартының бөлшектеп сатып алу-сату шарттарынан және қарапайым заттық (тұрмыстық) сатып алу-сату шарттарынан түбегейлі айырмашылығы бар. Тауар жеткізілімі шарты тауарлы-материалдық құндылықтарды экономиканың кез келген салаларында үлестіруге (қайта үлестіруге) мүмкіншілік береді.
Тауар жеткізілімі шартының елеулі айырмашылықтарының бірі одан туындайтын құқықтық қатынастар ұзаққа созылатын болып келеді. Осыған байланысты ұзақ мерзімдер бойы шарт тараптары өнімді тиеп жіберіп, алып тұрады, тауар жеткізілімін жүзеге асыру үшін қажетті көптеген ұйымдық құқықтық шараларды қолданады.
Тауар жеткізілімі шартын құқықтық реттеудің қайнар көздеріне тікелей Азаматтық кодекс нормалары жатады. Олармен қатар маусымындағы №536 қаулысы, Қазақстан Республикасының министрлер кабинетінің 1993 жылғы 8 шілдедегі № 481 түзету және қосымша енгізген қаулысы жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің тасымалдау туралы нормалары тасымал қатынасының барлығында қолданылады. Ал, егер тауар мемлекет қажеті үшін тасымалданса Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырындағы Мемлекеттік сатып алу туралы Заңы мен оны орындауға арналған заңдастырылған нормативті актілері бар.
Тауар жеткізілімі шартының жасау тәртібі өзгешелігі болып табылады. Шарттың жобасын алған тарап 20 күннің ішінде оны қарап шарттың бір данасын екінші тарапқа береді. Тараптар арасында шарттың жекелеген жағдайлары бойынша келіспеушіліктер пайда болған жағдайда шарт жасауды ұсынған және басқа жағдайлар бойынша келісу туралы ұсыныс алған тарап осы ұсынысты алған күннен бастап отыз күн ішінде, егер өзге мерзім тараптармен келісілмеген болса, шарттың тиісті талаптарын келісу жөнінде шаралар қолдануға не басқа тарапты оны жасаудан бас тарту жазбаша түрде хабарландыруға тиіс.
Сонымен, акцентантпен қойылған ұсыныстарға жауап беру мерзімі көбею жағынан қарастырылады. Өнім тапсыру туралы ереже бойынша ол 10 күнді құрайды).
Алғашқы оферентті шарт жасауға еріксіз көндіруге жол берілмейді өнім тапсыру туралы ереже бойынша сатушының (өндірушінің) шарт жасаудан басын тартқан немесе келіспеген жағдайларға байланысты сұрақтарды және келіспеушіліктерді шешу үшін сот тәртібі қарастырылған еді. Заңнамадағы осы шешім де азаматтық құқықтағы шарттың еркіндігі қағидатының күшеюіне мүмкіншілік береді деп айта аламыз.
Тауар жеткізілімі шартының нысаны жазбаша. Шартты жасау, өзгерту, бұзу немесе оның мерзімін ұзарту тараптары қол қойған келісім немесе хаттар, факстар, телеграммалар, телетайпрограммалар, радиограммалар арқылы жасалады.

Шарттың қосымша жағдайлары болып өнімнің жеткізу тәртібі мен мерзімдері, есеп айырысу тәртібі, шарттың қолданылу мерзімі, жыл сайынғы спецификациялар туралы келісу тәртібі (ұзақ мерзімді шарттар жасалған кезде). Олар қосымша жағдай болып аталғанға қарамастан, олардың мәні басқа шарттардағы қосымша жағдайларының мәнінен шексіз биік. Олардың жоқ болуы даудың пайда болуына мүмкіндік береді, ал бұл шарттағы тараптардың құқықтарының орындалуына кедергі жасайды. Тауар жеткізілімі шартында басқа да қосымша жағдайлар көзделуі мүмкін.
Тауар жеткізілімі шарты әрбір мерзімге жасалады: ай, тоқсан және басқа да ұзақ мерзімге.
Егер шартта оның қолданылу мерзімі белгіленбесе және ол міндеттеменің мәнінен туындамаса, шарт бір жылға жасалған деп танылады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz