ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРЫ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ АРҚАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРЫ

Орындаған: Сексенбай Ә.А
Ғылыми жетекшісі:Нурханова М.А

Арқалық, 2021

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
ІІ
ЖЕКЕЛЕГЕН ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ, ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
5
1.1
Қорықтар мен ұлттық парктер
5
1.2
Резерваттар
11
1.3
Қорықшалар
14
1.4
Қазақстанның басқада қорғалатын табиғи объектілері
16

ІІ
ҚАЗАҚСТАНДА ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
18
2.1
Қазақстанда және ТМД-ның кейбір елдерінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың бөлінуін ретроспективті талдау
18
2.2
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың кейбір түрлерінің қысқаша сипаттамасы
26

ІІІ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
33
3.1
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар контекстіндегі экотуризм
33
3.2
Солтүстік Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мүмкіндіктері
41
3.3
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытудың проблемалары мен ұсынымдары
46

ҚОРЫТЫНДЫ
51
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
52
ҚОСЫМШАЛАР
54

КІРІСПЕ

Туризм дүние жүзі бойынша кез-келген қоғамда ерекше орында, ол маңыздылығы жағынан жан-жақты қоғамдық құбылыс.
Туризмнің танымдық, тәрбиелік мәдени т.б. мәндерін маңыздылығын былай қойғанда, ең алдымен ол көптеген мемлекеттердің экономикасында белгілі-бір дәрежеде роль атқарды. Осы туризмнің экономикадағы маңыздылығын оның қоғамдағы орнын анықтайтын негізгі фактор ретінде қарастырамыз. өйткені туризм белгілі-бір территорияда дамыған сайын, одан түсетін табыс ұлғаяды, жұмыс орны көбейеді, жергілікті инфрақұрылым (транспорт, байланыс, қосымша қызмет) жақсарады.
Бүгiнгi таңда Қазақстанның және шет ел туристерiнің, демалуына жағдай жасауды ұйымдастыру, республиканың туристік потенциалын көтеру өзекті мәселелердiң бiрi. Туризм деңгейінің, көтерiлуiне республиканың саяси-әлеуметтiк жағдайының тұрақтылығы және басқа мемлекеттермен халықаралық қарым-қатынас орнауы тиiс. Осыған орай, дипломдық жұмыстың мақсаты Шығыс Қазақстан аймақ туристік рекреациялық ресурстарына баға бере отырып олардың туризмді дамытудағы құндылығын ашу.
Жұмыстың көкейкестілігі еліміздің бүгінгі туристік ахуалды жан-жақты зерттей отырып бүгінгі күн талаптарына сәйкес туристік сұраныстарды қанағаттандаратын Солтүстік Қазақстан аймағының туристік мүмкіншіліктерін ашу. Аймақтағы танымдық, емдік-сауықтыру мәдени демалыс спорттық туризм түрлерін және экскурсиялық қызметпен сервис сапасының даму дәрежесін анықтау болып табылады. Туристік ресурстармен нысандардың экскурсиялық талаптар үшін маңыздылығын, мазмұнын қарастырады.
Жұмыстың мақсаты: Ерекше қорғалатын аумақтардың потенциалын анықтау.
Жұмыстың міндеті: Табиғи рекреациялық мүмкіндіктерді талдау:
-Солтүстік Қазақстанның курорт-санаторияларын жіктеу:
-Әрбір ерекше қорғалатын территориялық аумақтардың туризмдегі орнын сипаттау
Зерттеу әдістері: Салыстырмалы - аналитикалық, жүйелі талдау, топтау, тарихи, экономикалық - статистикалық, әдебиеттерге шолу, картографиялық, статистикалық, ақпарат құралдары материалдарын өндеу.
Зерттеудің теориялық негізі: негізгі зерттеу міндеттерінің теориялық негізін тақырып мәселесі бойынша жазылған Қазақстандық және шет елдік авторлардың ғылыми еңбектері құрайды. Олар: С.Р.Ердаулетов, Ж.А.Алиева, Д.В.Николаенко, Н.Морган, В.А.Квартальнов, О.Б. Мазбаев, А.А. Жакупов т.б. Жұмыстың негізі ретінде Қазақстандағы жаңа бағыттағы қоғамдық географияның негізін салушы, туризм географиясының теорияларының алғашқы авторы, география ғылымдарының докторы, профессор С.Р.Ердаулетовтың ғылыми жұмыстары алынды. Атап айтқанда, География туризма Казахстана, География туризма: история, теория, методы, практика. Сондай - ақ, Д.В. Квартальновтың Биосфера и туризм кітабын, Ж.Н. Алиеваның Туризмология негіздері, Экологический туризм атты еңбектерін, жергілікті зерттеушілер Е.А. Брагин және Т.М. Брагинаның Фауна Наурузумского заповедника еңбегін және баспасөз беттерінде жариялаған бірнеше мақалаларды қолданды. Сонымен қатар, туризмді дамыту жөніндегі нормативтік құжаттарға, Қазақстан туризімінің және әлеуметтік - экономикалық статистикалық жинақтараға, туризмді дамыту жөніндегі аймақтық бағдарламаға сүйендік.
Зерттеу жаңашылдығы Қостанай облысының территориясы үшін алғаш рет туристік - рекреациялық сфераның қазіргі жағдайының комплекстік анализін жүргізуге талаптануымен ерекшелінеді. Қостанай облысының территориялық - рекреациялық аймақтарды қалыптастыру және дамыту үшін негізін құруға болатын демалыс орындары мен туризмнің даму бағыттарын анықтау болып табылады.
Тәжірибелік маңызы: Зерттеу барысындағы тәжірибе нәтижелері облыстың туристік қатынастарды болжауға, жорамал жасауға негіз болып ықпал жасайды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, қосымшалар және пайдаланылған әдебиеттерден, 6 кестеден және карталардан тұрады.

І. ЖЕКЕЛЕГЕН ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ, ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Қорықтар мен ұлттық парктер

Қазақстан Республикасында қорғау реттеулері және пайдалану ерекшелектері мынадай ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен түрлері құралады: биосфералық қорықтарды қоса, мемлекет табиғи қорықтар жатады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұғымы мен жалпы сипаттамасы.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен қоршаған ортының салаларда орналасқан экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды обьектілерді Қазақстан Республикасының ұлттық байлығы болып табылады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - ерекше құқықтық қорғау режимі бар не мемлекеттік табиғи - қорық қорын сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін шаруашылық қызметі режимімен реттелетін жер, су, орман және жер қойынау учаскелері.
Мемлекеттік табиғи - қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, ғылыми зерттеулерге, ағарту, білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған зат - болмыс ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынғанобьектілердің жиынтығы.
Мемлекеттік табиғи - қорық қорына мына обьектілер енгізіледі:
Зоологиялық обьектілер - жануарлардың сирек кездесетін және құрып төнген түрлері, жануарлардың құнды түрлері, жануарлардыңтиптік, бірігей жәнге сирек кездесетінтобы;
Ботаникалық обьектілер - өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қауіпі төнген түрлері, өсімдіктердің құнды түрлері, өсімдіктердің типтік, бірігей және сирек кездесетін тобы;
Орман обьектілері - ерекше қорғанатын табиғи аумақтардағы, орман - дақылдық өндірісі мен егістікті қорғайтын орман өсірудің бірігей үлгілері;
Дендрогологиялық обьектілер - ғылыми және мәдени-тарихи маңызы бар жекелеген ағштар немесе олардың топтары, бау-парк дақылдарының бірігей үлгілері;
Гидрологиялық обьектілер - ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймалары;
Иологиялық, геоморфологилық және гидрологиялық обьектілер - жер қойнауының экологиялық ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды учаскелері;
Топырақ обьектілері - әр түрлі топырақ аймақтарындағы типтік, бірігей және сирек кездесетін топырақтар;
Ландшафтық обьектілер - типтік, біоігей және сирек кездесетін ландшафтар, ту табиаттың эталондық учаскелері, ерекше рекрециялық маңызы бар ландшафтар.
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары мемлекеттік табиғи - қорық қорын қорғау мен қалпына келтіру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен ұтымды пайдалану, осы салада заңдылықты нығайту мақсатымен қоғамдық қатынастарды реттейді [1].
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аласындағы заңдарды Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қоршаған ортаны қорғау туралы ҚР Заңынан, осы заңнан, басқа да заң актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдары мынадай прнциптерге негізделеді:
Мемлекеттік табиғи - қорық қорын, биологиялық алуан түрлікті және табиғи экологиялық жүйелерді сақтау;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды нысаналы пайдалану;
Ғылымды, мәдениетті, ағарту мен білім беру ісің дамыту мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардыұтымды пайдалану;
Әлеметтік - экономикалық факторларды және жергілікті халықтық мүдделерін ескере отырып, туризм мен рекрецияны дамыту;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану және қорғау жөніндегі шараларды мемлекеттік қолдау;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылау;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ақы төлеп пайдалану;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды туралы заңдарды бұзушылықпен келтірген залалды өтеу;
Халықтың және қоғамдық бірлестіктердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласына қатысуы;
Мемлекеттік табиғи - қорық қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі туралы ақпаратпен еркін танысу;
Халықаралық құқық негізіндегі халықаралық ынтымақтастық.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік меншігінде болады.
Мемлекеттік органдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құзіреті.
Азаматтар мен қоғамдықбірлестіктердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ққықтары мен міңдеттері және мемлекеттік өкілет органдарының ерекше қорғалаын табиғи аумақтар саласындағы құзіреті.
Азаматтардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен міңдеттері:
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды белгіленген тәртіппен пайдалануға, мемлекеттік табиғи - қорық қорын қорғау және қалпына келтіру жөніндегі шараларға қатысуға;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қоғамдық бірлестіктері мен қоғамдық қорларын құруға;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мен орналастыру схемаларын әзірлеу, оларды құру жөніндегі ұсыныстар енгізуге;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша қоғамдық сараптамаға қатысуға;
Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері жөнінде хат, шағым, арыз жазуға және ұсынытар жасауға, олардың қаралуын талап етуге құқығы бар.
Азаматтар табиғатты қорғауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды сақтауға міңдетті.
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында, егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, ҚР - ның азаматтары үшін белгілінген құқықтары пайдаланады және солар сияқты міңдетті болады.
Қоғамдық бірлестіктердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқытары мен міңдеттері:
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша бағдарламаларды әзірлеп насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оларды қорық ісі саласындағы белсенді қызметке ерікті негізде тартуға;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мен орналастыру схемасын, оларды құру жөніндегі негіздемелер әзірлеу ісінде ұсыныстар енгізіп, оған қатысуға;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша мемлекеттік сараптамалар жүргізуді талап етуге және қоғамдық сараптама жүргізуге;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мемлекеттік табиғи - қорық қорын қорғау, қалпына келтіру мен пайдпалану жөніндегі жұмыстарға белгілінген тәртіппен қатысуға;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша қоғамдық бақылауды жузеге асыруға;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қоғамдық қорларын құруға;
Мемлекеттік орган дар мен ұйымдардан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ақпаратты белгілінген тәртіппен алуға;
Айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзу салдарынан аумақтарға келтірілген зиянды өтеу жөнінде сотқа талап - арыз беруге;
Өздерінің зандарда және өзге де нормативтік - құқықтық актілерді көзделген басқа да құқықтарын белгілінген тәртіппен іске асыруға құқығы бар.
Қорықтар мен ұлттық парктер. Ғылым мен техниканың жедел дамуына байланысты, яғни ауыл шаруашылығын химикаттау, көліктердің көбеюі, өндіріс орындарымен фабрикалардың экологиялық нормаларды сақтамай жұмыс істеулерінің салдарынан планетамызға жағымсыз әсері жыл сайын арта бастады. Болашақ ұрпаққа табиғатты қаз қалпында сақтап қалу үшін, ұлттық табиғи саябақтар мен табиғи қорықтардың ролі зор. Мемлекеттік табиғи қорық- қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қазақстанда 10 қорық, және 12 Ұлтық табиғи парк бар [2].
Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шаққанда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.
Қорықтардың табиғи ұлттық парктерден айырмашылығы; табиғи парктерде кіріп серуендеуге мүмкіндік бар.Ал қорықтарда оған тыйым салынған.
Мемлекеттiк табиғи қорық -- табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады.
Қазақстанда қазіргі уақытта 10 қорық ұйымдастырылған. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га. (Қосымша 1)
Ұлттық саябақтар елімізде қорғалатын ландшафтылардың жаңа түрі. Олар әлі де толық өріс алып, дами қойған жоқ. Мұның қорықтардан айырмашылығы - туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат етіледі. Бірақ олардан табиғатты қорғау ретін сақтау талап етіледі. Қазақстанда 5 саябақ белгілі.
Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк -- ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Қазақстанда қазіргі уақытта 12 ұлттық парк ұйымдастырылған. (Қосымша 2)
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеріне мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің, мемлекеттік зоологиялық парктердің, мемлекеттік ботаникалық бақтардың, мемлекеттік дендрологиялық парктер мен мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің жері жатады.
Мемлекеттік қорық аймақтары мен мемлекеттік табиғи қаумалдардың жер учаскелері жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алынбай, басқа санаттардағы жерлер құрамында бөлінеді және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу кезінде ескеріледі.
Мемлекеттік қорық аймақтары мен мемлекеттік табиғи қаумалдардың аумағы шегінде осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйелерінің және оларда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметті шектеу меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелеріне ауыртпалық болып енгізіледі және бұл жерге орналастыру құжаттамасында ескеріледі.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi мемлекет меншiгiнде болады және иеліктен шығаруға жатпайды.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн өзге қажеттерге алып қоюға жол берiлмейдi.
Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеріндегі ауыл шаруашылығы алқаптары аталған мақсаттар үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шекарасындағы елдi мекендерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлуi мүмкiн.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген учаскелерді ғана, мемлекеттік бағдарламаларда көзделген туризм объектілерінің, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы ғимараттарының құрылысы және жұмыс істеуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының объектілерін салу, оларды жайластыру және күтіп-ұстау үшін ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен және жағдайларда ғылыми, мәдени-ағарту, оқу, туристiк және рекреациялық, шектеулi шаруашылық мақсаттары үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
Мәдени-ағартушылық iс-шаралар жүргiзу үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұражайлар, лекторийлер, экспозициялар, демонстрациялық учаскелер мен басқа да қажетті объектілер құрылуы мүмкін.
Туризм үшiн және рекреация жүргiзу үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристiк соқпақтармен, көрсетiлiм алаңдарымен, қосынды алаңқайлармен, көлiк тұрақтарымен, кемпингтермен, шатырлы лагерьлермен, қонақүйлермен, мотельдермен, туристiк базалармен, қоғамдық тамақтандыру, сауда және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектiлермен жабдықталатын арнайы учаскелер бөлiп шығарылады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристiк және рекреациялық қызмет оларды қорғау режимi ескерiле отырып шектеледi және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледi.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды шектеулi шаруашылық мақсаттарында пайдалануға тапсырыс режимiмен және шаруашылық қызметтi реттеу режимiмен арнайы бөлiнген учаскелерде ғана жол берiлуi мүмкiн.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет аймақтарының жерлерi
Ерекше күзетуді және қолайсыз сыртқы әсерден қорғауды қамтамасыз ету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың айналасына, осы аймақтар шегінде осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйесіне және оларда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне қолайсыз әсер ететін кез келген қызметке тыйым салынатын және (немесе) шектеу қойылатын күзет аймақтары белгіленеді.
Мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттар мен мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің күзет аймағы аумағында табиғат пайдалану мөлшері, шекарасы, режим түрлері және тәртібі оларды құру жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелермен айқындалады, осы Кодексте және Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен белгіленеді.
Бұл ретте меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерінің шекаралары бойынша немесе табиғи географиялық межелер бойынша белгіленетін және сол жерлерде арнаулы белгілерімен белгіленетін күзет аймағының ені екі километрден кем болмауға тиіс.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қорғалатын аймақтары шегіндегі жер учаскелерi осы аймақтарды қорғаудың белгiленген режимi сақтала отырып пайдаланылады.
Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызу Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады [3].

1.2 Резерваттар

Мемлекеттiк табиғи резерват - табиғи кешендердiң биологиялық саналуандығын және олармен байланысты табиғи және тарихи-мәдени объектiлердi күзетуге, қорғауға, қалпына келтiруге және сақтауға арналған жердегi және судағы экологиялық жүйелердi қамтитын табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Мемлекеттiк табиғи резерваттардың негiзгi қызметiне:
1) биологиялық және ландшафтық саналуандықты, табиғи экологиялық жүйелердi сақтау және қалпына келтiру;
2) мемлекеттiк табиғи резерваттың күзет режимiн қамтамасыз ету;
3) табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық-экономикалық принципi негiзiнде аумақтың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын қолдау;
4) аумақты қорғау және тұрақты дамыту, сондай-ақ экологиялық ағартушылық және тәрбие беру мақсаттарында зерттеулер мен мониторинг жүргiзу;
5) мемлекеттiк табиғи резерват аумағын және оның күзет аймағын экологиялық-ағарту, ғылыми, рекреациялық, туристiк және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.
Мемлекеттiк табиғи резерваттың аумағы мынадай пайдалану мен күзет режимiнiң түрлерi әртүрлi аймақтарға бөлiнедi:
қорық режимi аймағы (бұдан әрi - ұйытқы аймақ) - генетикалық ресурстарды, биологиялық саналуандықты, экологиялық жүйелер мен ландшафтарды ұзақ мерзiм сақтауға арналған осы мақсаттарға қол жеткiзу үшiн жеткiлiктi көлемi бар ұйытқы аймақ;
аралық аймақ - экологиялық бағдар ұстанған шаруашылық қызметтi жүргiзу және биологиялық ресурстарды тұрақты молықтыру үшiн пайдаланылатын аумақ учаскесi.
Мемлекеттiк табиғи резерват -- табиғи кешендердiң биологиялық саналуандығын және олармен байланысты табиғи және тарихи-мәдени объектiлердi күзетуге, қорғауға, қалпына келтiруге және сақтауға арналған жердегi және судағы экологиялық жүйелердi қамтитын табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Қазақстанда қазіргі уақытта 5 резерват ұйымдастырылған.
1995 жылы биосфералық резерваттар стратегиясы мен ережелері қабылданып, Әлемдік биосфералық қорықтар жүйесін дамыту мәселелері жан-жақты талқыланды. Соңғы жылдары дүниежүзі бойынша биосфералық резерваттар ұйымдастыру шаралары қарқынды түрде қолға алынды. Биосфералық резерваттарды ұйымдастырудағы негізгі мақсат - биологиялық алуантүрлілікті (гендік, түрлік, экожүйелік) сақтап қалу, оларды қорғау және қалпына келтіру болып табылады.
Қазіргі кезде (2011 жылы) дүниежүзінің 564 мемлекетінде 109 биосфералық резерваттар тіркелді. Оған биылғы жылы (2012 жылы) тағы да 15 биосфералық резерват қосылып отыр.
Биосфералық резерваттарда биологиялық алуан-түрлілікті сақтап қалу туралы ғылыми-зерттеу жұмыстары ғаламдық деңгейде жүргізіледі. Соңғы жылдары дүниежүзінің түрлі аймақтарында адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің табиғатқа және оның түрлі байлықтарына әсер етуі жылдан-жылға қарқынды түрде жүріп жатқандығы байқалады. Мысалы, 1600 жылдан бастап Жер бетінде ресми деректер бойынша құстардың 74 түрі, сүтқоректілердің 63 түрі мүлде жойылғандығы анықталды. Дәйекті деректер бойынша қазіргі кезде Жер бетінен маржан полиптерінің - 27%, акулалардың - 17 %, қосмекенділердің - 21 % , құстардың - 12 % және сүтқоректілердің 21 %-на жойылып кету қаупі төнгендігі анықталып отыр.
Қазіргі кезде биолог ғалымдардың ресми деректері бойынша апта сайын өсімдіктердің 1 түрі, күн сайын жануарлардың 1-10-ға дейін түрі жойылып отыратындығы анықталған. Табиғаттан өсімдіктің 1 түрінің жойылуы олармен қоректік тізбекте байланыста болатын 30-ға жуық ұсақ жануарлар түрлерінің жойылуына әсер ететіндігі дәлелденген.
Биологиялық алуантүрлілікті сақтап қалуда биосфералық резерваттардың маңызы зор екендігі белгілі. Қазіргі кезде Жер шарында құрылықтың - 14%, Әлемдік мұхиттардың - 1 % - ның аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған. Мұның өзі дүниежүзі бойынша жойылып кету қаупі төнген 65 түрлі ағзаны сақтап қалып отырғандығы анықталған.
2020 жылға дейін Жер бетіндегі құрлықтың - 25 пайызын, ал әлемдік мұхиттардың 15 пайыз аумақтарында ЕҚТА ұйымдастыру мәселелері қарастырылуда.
2010 жылы мамыр айында Алматы қаласында Халықаралық Адам және биосфера бағдарламасының аясында және ЮНЕСКО-ның, Қазақстан Республикасы Ғаламдық Экологиялық Қорының (ҒЕҚ) қолдауымен биосфералық резерваттарға ұсынылатын ЕҚТА-ды анықтау және Орталық Азия аумағында трансшекаралық биосфералық резерваттарды ұйымдастыру жайында арнайы мәселе қаралып, онда алдағы уақыттарда Қорғалжын табиғи қорығын Әлемдік биосфералық резерваттар жүйесіне тіркеуге қажетті құжаттар дайындау шаралары қарастырылған болатын.
Әлемнің кез келген жерінде бірегей табиғи кешендерді сақтау ұлттық байлықты сақтаудың негізгі көзі болып табылады. Дегенмен де, резерватты ұйымдастыру - бұл күрделі құбылыс, бұл бір жағынан, жердің басым көпшілігі шаруашылық іс - әрекеттерге жұмсалатын болғандықтан, бірегей табиғи кешендерді табуға қиындық келтірсе, екінші жағынан, табиғатты қорғауға маңызы бар аумақты шаруашылық айналымнан алғанда кейбір кедергілер кезігеді.
Көптеген елдерде объективті және субъективті себептерге қарамастан, алғашқы тарихи нысандар бұзылмаған, табиғи қалпында сақталды, яғни осы кезде жабайы табиғат аумағы деген термин қалыптасты. Егер де бұл аумақтарды ғаламдық масштабта қарастырар болсақ, онда Азияда - 27%; Африкада - 30%;Солтүстік Америкада - 36%; Оңтүстік Америкада - 24%;Океания мен Австралияда - 60%; Еуропада - 7% сақталынған.
Қазіргі таңда, техногенді антропагенді іс - әрекеттерге байланысты, сыртқы ортада әр түрлі теріс әсерлер жабайы табиғат бөліктерінің тіршілігін қауіпке ұшыратуда, осыған байланысты осыны айқындап, сақтайтын, басқаратын үрдіске ерекше тәсіл керек. Бұл ресурс бірегей, соңғы, қайта жаңартылмайтын және өзгертілмейтін сол елдің құрамында және сол елдегі барлық адамға тең болатын ресурс. Бірақ та, экономикалық зоналардың дамуы, өнеркәсіптік өндірістің кеңейтілуі, жаңа барлық аумақтарды шаруашылық меңгеру шетелдерде тура мағынада жабайы аумақтың жойылғандығын көрсетеді. Шындығында да, Шотландия лексиконында бұзылмаған табиғи орта мағынасы бұзылып, мұнда табиғи биологиялық жағдайда өсетін ормандар қалмаған.
Нарықтық экономикаға өту кезеңінде аймақтағы ел үкіметтері резерваттар мен қорықтар құруды ұйымдастырды. Десек те, көптеген елдерде резерваттар құру ЭҚДҰ ( экономикалық қауымдастық және даму ұйымы) елдерінде қарағанда, ел аумағының аз бөлігін қамтиды.
Өтпелі кезеңдерде көптеген елдерде резерватты ұйымдастыру кеңейе түсті. Соңғы жылдары Орталық және Шығыс Еуропаның (ОШЕ) көптеген елдерінде 10%-дан жоғары аумақ қорғалды (1-2, 3-4 ВСОП категориялары бойынша). ОШЕ елдерімен салыстырғанда, ТМД елдерінде резерваттар елдің аз бөлігінде орналасқан. ОШЕ және ТМД елдеріндегі көптеген резерваттар ЮНЕСКО мәдени және биосфералық қорықтарының тізімі және Рамсар конвенциясының сулы - батпақты жерлер тізімі секілді халықаралық тізімдеріне қосылған. Көптеген мемлекеттерде резерватты басқаруға қажетті күшті институттар құрылды. Дегенмен, ТМД елдерінде резерваттар ресурстардың жетіспеушілігі мәселесін бастан кешіруде. Бұл жұмыстарды қаржыландыруда сыртқы көздер атап айтқанда, Жабайы табиғаттың әлемдік қоры (ЖТӘҚВФДП) секілді жекеменшік ұйымдарды тарту маңызды рол атқарады [4].
Қазіргі кезде, жер шарында ұлттық стратегиялар мен халықаралық инициативтер төңірегінде экологиялық тораптарды құру маңыздырақ, себебі, олар ландшафт мен түрлердің мекен ету ортасын қорғауды нығайтады және қорғалатын аумақтарды біріктіреді. Әдетте, мұндай тораптар бірқатар негізгі элементтерді қосады: жалпыевразиялық мәнді ландшафтар мен түрлерді, мекен ету ортасы экожүйелерді қорғаудағы басты аумақтар; осы басты аумақтарды қосатын ұлттық және халықаралық өткелдер мен дәліздер және түрлердің қоныс аударуына мүмкіндік беретін, бұзылған экожүйені қалпына келтіру аумағымен сыртқы теріс салдардан қорғайтын қорғау тораптары буферлық зоналар. Халықаралық деңгейде жалпы Еуроазилық экологиялық торапты дамыту ландшафт мен биоалуандылықты сақтаудың жалпы Еуроазиялық стратегия бағыттарының негізгілерінің бірі. Бұл тораптың құрамына халықаралық конвенциялармен танылған, қорғалатын аумақтар және экономикалық даму мақсаттары мен табиғат қорғау мақсаттарын көрсететін стратегия шегіндегі қорғалатын аумақтар мен қатаң қорғалатын аумақтарды қосқандағы ұлттық тораптар енеді(Delbaere).
Жалпылай келгенде, биосфера резерваттары көрнектi ғылыми базаны және шығармашылық тәсiлдеме арқа сүйейтiн арқасында сенiмдi басқару табиғи және мәдени байлықтардың сақтауға және қолдануына мүмкiндiк туғызуы керек. Биосфера резерваттарының бүкiләлемдiк желiсi, Севилья стратегиясы бар сәйкестiкте жұмыс iстейтiн, болады, қорыта келгенде, дүние жүзi халықтармен және ұлттардың арасындағы ендi ынтымастықтан астам жетуге мүмкiндiк беретiн кiрiгуге аспаппен.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жаңа түрі -- табиғи резерваттар. Елімізде Ертіс өзенінің алқабындағы реликті қарағайлы ормандарды қорғау мақсатында 2003 жылы "Ертіс орманы" және "Семей орманы" деген табиғи резерваттар ұйымдастырылды. Табиғи резерваттарда қорықтық белдем де, шаруашылық жүргізілетін алқаптар да бірге қорғалады. Табиғи резерваттарда, негізінен, биологиялық сан алуан түрлілікті сақтауға және оны қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлінеді.
Қазақстан Республикасының "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының (2006 ж.) 50-бабында мемлекеттік табиғи резерваттар табиғат қорғау және ғылыми мекемелер қатарына жататындығы және олар өз аумағындағы сулы алқаптардың және құрлықтағы экожүйелерді қорғау мақсатында ұйымдастырылатыны айрықша атап көрсетілген. (Қосымша 3)

1.3 Қорықшалар

Қорықша - жануарлардың, өсімдіктердің жеке түрлері, су, орман, жер нысандары қорғалатын және табиғи ресурстары шектеулі түрде пайдаланылатын аумақ. Ол мемлекеттің табиғи қорық қорының бір немесе бірнеше нысандарын сақтауға және толықтыруға арналады.
Қорықша жерінде шаруашылық жұмыстары шектеулі түрде жүргізіледі. Қорықшаның қорықтан айырмашылығы онда бүкіл табиғат кешені емес, оның тек белгілі бір бөлігі ғана қорғалады. Мыс., Қапшағай аңшылық қорық ш-нда дәрі-дәрмектік шөптерді жинауға тыйым салынғанымен, аң аулауға рұқсат етіледі. Олар зоология, ботаника, гидрология, геология, геоморфология, гидрогеология, топырақты, ландшафты және кешенді, жергілікті және респ. мәндегі Қорықша болып бөлінеді. Онда белгіленген тәртіппен ғылыми, мәдени-ағарту, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі.
Қорықшалардың ерекшелігі - мұнда табиғат нысандарының тек жеке бөліктерін шаруашылыққа шектеп, белгілі бір мерзімде және қорғауға алынған нысандарға зиян келтірмейтін мөлшерде ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Қазақстанда қазіргі уақытта жалпы ауданы 4600 мың га 80 қорықша бар. Олар қорғалатын нысандарына байланысты геологиялық, ботаникалық, хайуанаттар қорықшалары т.б. деп бөлінеді.
Геологиялық қорықшалар ерекше, сирек кездесетін геологиялық түзілістері мен жер бедерінің пішіндері бар ландшафтыларды қамтиды.
Ботаникалық қорықшалар өсімдік жамылғысының ерекшелігіне қарай әр зонаның ландшафтыларында орналасқан. Мұнда флораны сақтау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Хайуанаттар қорықшалары жабайы жануарлар мен құстардың миграциясы жолдарында орналасқан табиғат кешендерін қамтиды, мұнда фаунаны толығымен қорғау қолға алынған. Қорықшалармен қатар, қоршаған ортаның жай-күйіне қатысты ғылыми жұмыстар жүргізілетін биосфералық қорықтар, резерваттар ұйымдастыруға болады. Елімізде болашақта оларды ұйымдастыру жоспарланған.
Қазақстандағы маңызды мемлекеттік қорықшалар. Қазақстандағы маңызды мемлекеттік қорықшалар қатарына Алматы, Зеренді, Рахман бұлағы, Балқаш маңы қорықшалары жатады.
Алматы мемлекеттік қорықшасы Алматы облысының оңтүстік- шығысында орналасқан, ауданы- 724 мың га. Іле Алатауының 2000-4000 м биіктіктегі шығыс бөлігін алып жатыр. Мұнда субальпілік шалғынды орта және биік таулы ландшафтылар басым, шыршалы ормандарды қамтиды. Өзен бойларында ұсақ жапырақты қайыңды-көктеректі ормандар, тал мен жиденің бұталы шоқтары, әр түрлі шөпті шалғындар өседі. Жануарлар дүниесінен: сілеусін, қоңыр аю, қасқыр, түлкі, елік, арқар, таутекелер бар.
Зеренді мемлекеттік қорықшасы Ақмола облысында орналасқан, ауданы 34,5 мың га. Аумағының ерекшелігі- оқшау орналасқан гранитті таңғажайып шоқырлардың, жалдар мен бұйраттардың болуы. Қалың қарағайлы орман алқаптары шалғындармен кезектесіп отырады. Қорықша аумағында табиғаты тамаша, байлыққа бай Зеренді көлі бар. Мұнда әр түрлі тұяқты және бағалы терілі аңдар ( елік, борсық,қоян, тиін, т.б.) және жабайы құстар (саңырау құр, қырғауыл) тіршілік етеді.
Рахман бұлағы қорықшасы Шығыс Қазақстан облысының Катон Қарағай ауданы жерінде, ауданы- 109 га. Қорықша Алтайдың орталық бөлігінде орналасқан. Оның құрамында бал қарағай мен самырсыннан тұратын Алтай тауының тайгалық ландшафтылары енеді. Әсіресе 1738 м биіктікте тау арасында орналасқан Рахман көлі тамаша табиғатымен таңдандырады.
Көлден Арасан өзені ағып шығады. Сәл төменірек тау беткейінен сарқырап құлап ағатын көптеген бұлақтары бар. Сондай тау аңғарларының бірінде кремнийлі минералды суы бар Рахман бұлағы орналасқан. Ыстық судың температурасы 40 градусқа дейін жетеді және олар гранит-тақтасты жыныстардан ағып шығады.
Балқаш маңы қорықшасы Алматы облысында орналасқан, ауданы 200 мың га. Мұнда ұсақ төбелі құмды ландшафтылар басым. Негізгі өсімдік жамылғысын жүзгін мен құм қарағанынан тұратын бұталы шоқтармен Іленің атырауында өсетін ақ сексеуіл құрайды. Өзен салаларында жайылма тоғайлары, қияқты-қамысты шоқтар өскен. Тұяқты, бағалы терілі аңдармен су құстары қорғауға алынған. Әсіресе қабандарды, қарақұйрық ондатр мен жетісу қырғауылын қорғау маңызды орын алып отыр [5].

1.4 Қазақстанның басқада қорғалатын табиғи объектілері
Ерекше қорғалатын жерлер басқада түрлеріне мыналар жатады.
Сауықтыру мақсатындағы жер. Сауықтыру мақсатындағы жерге табиғи шипалы факторлары бар курорттар, сондай-ақ аурудың алдын алу мен емдеудi ұйымдастыру үшiн қолайлы жер учаскелерi жатады.
Адам ауруының алдын алу мен емдеудi ұйымдастыру үшін қолайлы санитарлық және экологиялық жағдайларды сақтау мақсатында сауықтыру мақсатындағы аумақтар жерiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санитарлық-қорғау аймақтары белгiленедi.
Сауықтыру мақсатындағы жердiң күзет, санитарлық-қорғау және өзге де қорғау аймақтарының шекарасы мен оны пайдалану режимiн жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар айқындайды.
Белгiленген санитарлық режимге сәйкес осы жер учаскелерін шаруашылық шаруашылық айналымынан толығымен алып қою (санитарлық-қорғау аймағының бiрiншi белдеуi) көзделетiн жағдайларды қоспағанда, санитарлық-қорғау аймақтары шегіндегі жер учаскелерi жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан алып қойылмайды. Бұл ретте көрсетілген учаскелер осы Кодексте және Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылады.
Жер учаскелерiн санитарлық-қорғау аймақтарының екiншi және үшiншi белдеулерi шекарасында пайдалану осы аймақтарды күзетудiң белгiленген режимi сақтала отырып жүзеге асырылады [6].
Рекреациялық мақсаттағы жер. Халықтың ұйымдасқан түрдегi жаппай демалысы мен туризмiне арналған және сол үшiн пайдаланылатын жер рекреациялық мақсаттағы жер деп танылады.
Рекреациялық мақсаттағы жер құрамына демалыс үйлерi, пансионаттар, кемпингтер, дене шынықтыру және спорт объектiлерi, туристiк базалар, стационарлық және шатырлы туристiк-сауықтыру лагерьлерi, балықшы және аңшы үйлерi, орман парктерi, туристiк соқпақтар, трассалар, балалар және спорт лагерьлерi, осы сияқты басқа да объектiлер орналасқан жер учаскелерi кiруi мүмкiн. Рекреациялық мақсаттағы жерге қала маңындағы жасыл аймақ жерлерi де жатады.
Рекреациялық мақсаттағы жердi пайдалану тәртібі мен режимін жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар белгiлейдi.
Жер учаскелерiнiң меншiк иелерiмен және жер пайдаланушылармен келісім бойынша белгiленген туристік соқпақтар мен трассаларды пайдалану сервитуттар негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Рекреациялық мақсаттағы жерде олардың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтiн қызметке тыйым салынады [7].
Тарихи-мәдени мақсаттағы жер. Тарихи-мәдени мұра объектілері, оның ішінде тарих және мәдениет ескерткіштері орналасқан жер учаскелері тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер деп танылады.
Аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау жөнінде зерттеу жұмыстары жүргізілуге тиіс.
Тарихи, ғылыми, көркемдік және өзге де мәдени құндылығы бар объектілер табылған жағдайда, жер пайдаланушылар одан әрі жұмыс жүргізуді тоқтата тұрып, бұл туралы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
Тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстардың барлық түрлерін жүргізуге тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, тарихи-мәдени мақсаттағы жерге жатқызылған жер учаскелерi оның меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан алып қойылмайды.
Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары белгіленеді.
Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекараларын тиісті жергілікті атқарушы органдардың ұсынуы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органдары (мәслихаттар) бекітеді.
Аталған аймақтарды айқындаудың тәртібі мен олардағы жерді пайдалану режимін тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Қорғалатын аймақтардың, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шегінде тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануы мүмкін
Мемлекеттiк табиғат ескерткiшi -- экологиялық, ғылыми, мәдени және эстетикалық тұрғыдан алғанда жекелеген бiрегей, орны толмайтын, құнды табиғи кешендердi, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiне жатқызылған шығу тегi табиғи және жасанды объектiлердi қамтитын ерекше қорғалатын табиғи аумақ (Қосымша 4).
Табиғат ескерткіштері ғылыми, тарихи немесе мәдени-ағарту және эстетикалық мағына, мән беретін (сарқырама, үңгірлер, сирек кездесетін ағаштар) табиғи нысаналар. Кейде табиғат ескерткіштеріне жекелеген, қорғауға алынған анағұрлым ауқымды, территория алынады. (орман, тоғай, шалғынды жайылым, таулар т.б.) [8].

ІІ. ҚАЗАҚСТАНДА ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Қазақстанда және ТМД-ның кейбір елдерінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың бөлінуін ретроспективті талдау

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
ЕҚТА-ның желiсi аймақтың табиғи физикалық-географиялық құрылымы мен шаруашылық қызметтің қилы түрiмен өзара iс-қимыл жасауын ескере отырып ұйымдастырылған, функционалдық жағынан бiрiн бiрi толықтыратын аумақтық жағынан үйлескен қорғалатын аумақтар болып табылады. ЕҚТА-ның желiсiн дамытудың мақсаты - ортаның және биологиялық әркелкілiктiң жай-күйiн сақтау мен жақсарту негізінде тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамыту жағдайларын қамтамасыз ету болып табылады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
ЕҚТА-ның қазiргi желiсiн бағалау ЕҚТА-ны дамыту бойынша басымдықтарды, бағдарламалар мен iс-шаралар жоспарларын әзiрлеу үшiн негiз болады. Талдау физикалық-географикалық, климаттық, ботаникалық-географиялық аудандастырулар бойынша және географиялық-аймақтық негiзде тәуелсiз жүргiзiлуi мүмкін.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Баға берілетін неғұрлым жалпы көрсеткіштерге мыналар жатады: ЕҚТА-ның жалпы саны және олардың әрбiр түр бойынша бөлінуi; ерекше қорғалатын аумақ қамтитын көлемiнiң пайызы; қорғалатын аумақтың орташа геометриялық көлемi; қорғалатын аумақтардың арасындағы орташа қашықтық. Осы жалпы көрсеткiштер аймақтың физикалық-географиялық және әлеуметтiк-экономикалық қасиеттерiне сәйкес өзгередi және жүйенiң эволюциялық жай-күйiнiң деңгейін бағалауға мүмкiндiк бередi. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мақсаттары, қорғау режимдерi және пайдалану ерекшелiктерiне байланысты ерекше қорғалатын табиғи аумақтың 13 түрi бөлiп көрсетілген: мемлекеттiк табиғи қорықтар, биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи парктер, мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi, мемлекеттiк қорық аймақтары, мемлекеттiк табиғи қаумалдар, мемлекеттiк зоологиялық парктер, мемлекеттiк ботаникалық бақтар, мемлекеттiк дендрологиялық парктер, ерекше қорғалатын табиғат аумақтар ормандары, ерекше мемлекеттiк маңызы бар немесе ерекше ғылыми құндылығы бар су айдындары, халықаралық маңызы бар сулы-сазды жерлер, экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де құндылығы бар жер қойнауының учаскелерi және ЕҚТА-ның өзге де түрлерi.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
ЕҚТА желiсiн дамыту. ЕҚТА желiсiн дамыту ландшафтық экологияның теориялық ережелерi арқылы iске асырылады: 1) түйiнi (ядросы) мен дәлiздер туралы; 2) түйiндер арасындағы аумақтық өзара қарым-қатынастар туралы; 3) қорғанатын аумақтардың шекаралары және олардың қоршаған орта объектiлерiнiң ағымдарына әсерi мен өзара iс-қимылы туралы [9].
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Басты ереже ретiнде ландшафты тану мен физикалық географияның мынадай көрсеткiштерi қолданылады: 1) табиғи-аумақтық жүйенің иерархиялық ұйымдастырылуы; 2) компоненттердiң арасындағы байланыстар мен қатынастар табиғаттың аумақтық құрылымын және шаруашылық қызметтiң барлық түрiн қалыптастырудың негiзi ретiнде; 3) ландшафтық ұстын - бүкiл аймақтың құрылымы мен қызметiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ететiн негiз.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Желiнi дамыту, сондай-ақ биологиялық әркелкiлiк теориясының мынадай негiзгi ережелерiне сүйенедi: 1) биологиялық әркелкілiк әр түрiн - экологиялық және таксономиялық әркелкiлiгiн, оның ішінде экологиялық әркелкiлiктiң ландшафтық, экожүйелiк, әртүрлiлiк, таралу деңгейiн бiлу;2) әркелкiлiктiң деңгейлерi арасындағы байланыс; 3) биологиялық әркелкiлiктiң қоршаған ортаға тәуелдiлiгi; 4) биологиялық әркелкiлiк туралы түсінік - экономикалық даму мен ұлттық игiлiктiң ресурстық әлеуетi ретінде. Бiр-бiрiн толықтыратын, жоғарыда аталған негiзгi ережелер осы тұжырымдаманың мақсаттарын орындау үшiн ЕҚТА-ны дамыту мен орналастыру жөнiндегi жасалатын бағдарламалардың бағыты мен сипатын анықтайды. Осы бағдарламаларда ЕҚТА жүйесiнiң қазiргi жағдайына баға берiледi, олардың дәйектi дамуының жолдары негiзделедi, жобаланатын ЕҚТА мен оларды орналастырудың тiзбесi айқындалады, сондай-ақ қаржы, адам және техникалық ресурстары есептеледі.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Республикалық маңызы бар ЕҚТА желiсiн дамыту салалық (секторлық) бағдарлама әзірлеу арқылы жүргiзіледi. Жергілiктi маңызы бар ЕҚТА-ны ұйымдастыру салалық бағдарламаларды толықтыратын аймақтық бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады. Өте сирек кездесетін және салыстыруға құнды мәліметтер беретін табиғи экологиялық жүйелер мемлекеттiк табиғи-қорықтық қорының ықтимал объектiлерi болып табылады. Шаруашылық қызмет нәтижесiнде қайта құрылып, бұзылған табиғи кешендер мен объектiлердiң де маңызы аз емес. Осындай аумақтарға қызығушылық, қазiргi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экотуризмды дамыту жолдары
Биоалуантүрліліктің маңыздылығы биологиялық әртүрлілікті сақтау қажеттілігі
Табиғаттың өзгеруіне болжам жасаудың маңызы
Табиғатты қорғауға арналған резерваттар
Шалқар курорттық зонасының экологиялық жағдайлары
Солтүстік Қазақстанның географиялық орны
Экологиялық туризмнің жіктелімі
Аңшылық шаруашылығындағы табиғат қорғау ісі
Қорықтардың қоршаған ортаны қорғаудағы рөлі
Табиғаттың өзгеруіне болжам жасау
Пәндер