МЕН - ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГПІН


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ « ҚҰМАШ НҰРҒАЛИЕВ АТЫНДАҒЫ № 43 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ » КММ

ЭССЕ

«МЕН - ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГПІН»

Баймухаметова Гулнар Ахмедқызы

Өскемен, 2021

Эссе

«Мен - заманауи педагогпін»

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп

отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді

тоқтатысымен оның мұғалімділігіде жойылады.

К. Д. Ушинский

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Сондықтан бүгінгі күннің өзекті мәселесі - білім беру жүйесін бәсекелестікке қабілетті жүйеге айналдыру. Ал бұл жүйенің басты қозғаушы күші - заманауи мұғалім. Заманауи мұғалім - бүгінгі қоғамның да, қазіргі заман мектебінің де сұранысы. Білім беру жүйесінің ұстанымы - сауаттылығы жоғары елдер қатарынан көріну. Ұлтымыздың ұлағатты ұлы А. Байтұрсынов «Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» деп баға бере кеткен. Заманауи мұғалім дегеніміз кім? Ол білім беру жүйесіне қандай үлес қоса алады? Яки шығармашыл мұғалім ретінде біліктілігімді қалай іске асырып жүрмін деген сұрақ мені де толғандырады. Осы сұрақ бойынша ойымды, іс-тәжірибемді негізгі бөлімде талдай кетемін.

Біріншіден, дәстүрлі және қазіргі білім беру жүйелерінің арасында үлкен айырмашылық бар екендігін ескергеніміз жөн. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Осы тұста мен замануи педагог ретінде заман ағысымен бірге ілесіп, жыл сайын « Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» ұйымдастырып отырған курстарға қатысып, «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірбиедегі рефлексия» атты курсқа, Қазақстан Оқу Ассоцияциясы ұйымдастырған «Оқу мен жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» семинарына, « Формы и методы взаимодействия учителей начальных классов и логопедов по развитию речевых навыков обучающихся» атты вебинарларға қатысып, қазіргі заман тенденцияларымен ақпараттандырылып, оларды практикада жүзеге асырудамын. Мен тәжірибені жақсарту мақсатында сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылатын Lesson Study тәсілін қолданамын. Lesson Study тәсілі - оқыту мен оқудағы мұғалімдердің іс-тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі. Бала өзі іздену арқылы білім алса, оны зерттеп, талдап, сыни ойлана алса ғана санасында танымдық қабілет, метасана қалыптасып алған білімін келешекте өмірдің әр-түрлі жағдайында қолдана алады деп ойлаймын. Сонымен қатар, әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал әдістеме - сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсілді қолданамын. Сындарлы оқыту арқылы оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытуға, алған білімдерін сыныптан тыс жерде тиімді пайдалана білуге қол жеткізуді көздейді. Оқушы сыни көзқараспен қарай отырып, әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өз түсінігін тереңдетуге, кеңейтуге ұмтылатынын біле отырып, біз білім сапасының көтерілуіне қол жеткізудеміз. Дамыта оқыту арқылы баланың ойлану дағдысын дамыту жолында Блум таксономиясын тиімді пайдаланудамын. Блум таксаномиясы білімді деңгейлеп беріп, қарапайымнан күрделіге жетуге негізделген тәсіл. Деңгейлік сатыдан өткен оқушы ең жоғарғы деңгей «бағалау деңгейінде» берілген білімді, өз іс-әрекеті мен ойлау әрекетінің арқасында білімді игереді. Бұл әдіс оқушының ізденімпаздық, зерттеушілік, пікір алмасу, үйрену және өзін-өзі бақылау мен бағалау қабілетін шыңдайды. Әрине осы қасиеттерді бойына сіңірген оқушы бәсекеге қабілетті жеке тұлға, индивид болып қалыптасады.

Екіншіден, егер мұғалім заманауи болса, оның сынып бөлмесі де заман талабына сай болуы керек деп ойлаймын . Бастауыш сыныптарға арналған оқу кабинеті - жиһаздармен, оқытудың техникалық құралдарымен, оқу құралдарымен, көрнекіліктермен жабдықталған, оқушылардың физиологиялық дамуына, оқу-танымдық, зерттеу, жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыруға, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға, оқу үдерісінің тиімділігін және нәтижелілігін арттыруға қолайлы жағдай туғызатын мектептің оқу бөлмесі. Біздің сынып бөлмеміз ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға арналған әмбебап интерактивтік жүйе - интерактивті тақтамен жабдықталған . Кешен екі режимде: тышқан және аннотация режимі арқылы жұмыс істейді. Бірінші жағдайда тақта тышқан арқылы басқарылып, қолданушының іс-әрекетін операциялық жүйеге жеткізеді, екінші жағдайда маркер тікелей қалам ретінде, яғни жазу немесе сурет салу үшін қолданылады. Мұндай жағдайда графикалық редакторды қажет етпей, экран бетінде сурет салуға болады. Бұл бізге фото, бейне, графиктер, анимация және дыбыстың көмегімен нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды ұсынуға мүмкіндік береді. Оқушыларыма сабақ барысында оқу материалдарын ақпараттық, яғни, мәтіндер, графикалар, мультимедиалар және басқа да маңызды толықтырулар арқылы контенттер ұсынамын. Сонымен қатар, оқушыларға диалогтық режимде әр текті деректермен, яғни, графика, мәтін, дауыс, бейне арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін аппараттық және бағдарламалық құралдар кешені мультимедияны пайдаланамын. Және де оқушылармен кері байланыс ретінде желілік техналогия әдісін қолданамын. Желілік технология - оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді, білім алушылардың мұғаліммен және бір-бірімен интерактивтік өзара әрекет түрін, сондай-ақ Интернет желісін пайдалану негізінде оқу үдерісін әкімшілендіруді қамтитын технология. Бұл технология қазіргі заманның Жаңа ахуалына байланысты өте тиімді пайдаланылуда, дегенмен де Жаңа ахуал туғанда бұндайға көбіміздің дайын еместігіміз көрінгеніде айқын . Оқушы жаңа технологияларды пайдалана отырып, өз біліктілігін арттырып, әлемдік деңгейде интернет желісі арқылы он-лайн түрде білім платформаларын пайдалана алады. Бұл дегеніміз көптеген мүмкіншіліктерді туғызады, бәсекелестікті арттырады, алға жетелейді. Және де менің заманауи педагог ретіндегі ұсынысымның бірі әрбір сынып кабинеттерін смарт сыныпқа айналдыру, сандық зертханалардың ашылуы болып табылады. Осындай сынып кабинетінде оқуға әрбір қазақстандық оқушы лайықты деп ойлаймын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытушылардың іскерлік ойындарын колледж оқушыларын оқытуда қолдануы
Педагогикалық қатынас және оның мұғалімнің кәсіби қызметіндегі орны
Бастауыш мектеп мұғалімі
Мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру
Педагогикалық шеберлік бойынша дәрістер
ЗАМАНАУИ ИНТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ СТИЛЬДЕРІНЕ ТАРИХИ ШОЛУ
Заманауи физика тақырыбына кіріспе
Математиканы оқытуда жаңа технологияларды қолдану мәселелері
Суретшілер қолөнершілер шығармашылығын зерттеу
Үлгілер жиынтығы бойынша Лентамен кестелеу технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz