Білім – өте күрделі, басқа дүние болмыстарында қайталанбас қыр мен сырға мол қоғамдық-тарихи құбылыс
Білім - өте күрделі, басқа дүние болмыстарында қайталанбас қыр мен сырға мол қоғамдық-тарихи құбылыс, оның мән-жайын тануға құштарлық білдірмеген ғылым аз-ақ. Білімнің әлеуметтік өмірдегі ерекше сала сипатына ие болу кезеңі білім мен әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа өткізу процессі қоғамның тіршілік әрекеттерімен өз алдына бөлініп және тәрбие мен оқуды іске асыратын арнайы кәсіби адамдардың пайда болу дәуірінен басталады. Білімнің жеке тұлғалық құндылығы әрбір адам үшін өз алдына бөлек. Әсіресе, бұл өзіндік білім, оның деңгейі мен сапасында көрінеді. Ғылыми білімнің саралануы, олардың үздіксіз дамуы білім беру мазмұныныа көлемді практикалық және теориялық материалды қосуды қажет етеді. Алайда, мектепте оқыту уақыты шектеулі болғандықтан, заман талабынан шығатын білімді саралау, таңдап алу мәселелері туды. Сабақтар жүйесінде оқытудың әр алуан әдістерін мұғалімнің пайдалана білуі мен оқушылардың алған білімдерін тексеру оқыту процесінің дұрыс ұйымдастырылғандығын сипаттайды. Л.Н.Толстой былай дейді: Қандай мұғалім болмасын, әдістерді неғұрлым көп білуге тырысуға, олардың көмекші шара ретінде қабыл алуға тиісті. Оқушының сабақ түсінуіндегі қиыншылығының қандайын болса да, оны оқушының кемшілігі, қайта өзімнің сабақ оқытуымдағы кемшілігім деп қабылдауға тиісті. Жаңа тәсілдерді ойлап табу жөнінде өзінің қабілетін дамыта беруге ұмтылуға тиісті. Сондықтан, әрбір мұғалім сабаққа дайындалу барысында оқу материалын оқушыларға қалай меңгертуге болатыны және оқушы білімін дұрыс тексеру жайында үнемі шығармашылықпен жұмыс істеуі тиіс.Қазіргі заман талапбына сай қалыптастырушы және жиынтық бағалауды дұрыс жүргізе алуы қажет. 2.1. Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру, бұл бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептелінеді. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі көптеген жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын тексеру, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады. Тексерудің тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П.Горбунов, Е.С.Березняк, В.И.Иващенко, А.К.Исаков, Е.И.Перовский, Н.В.Чертинский, В.О.Онищуктың ғылыми педагогикалық еңбектерінде талданған. Тексеру мен бақылауды ұйымдастырудың жекеленген әдістемелік мәселелері жайында М.Р.Рьвов, Н.Н.Светловский, А.П.Пышкало, Т.Л.Коган және т.б. теориялық талдау жасаған. Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қорытынды шығаруға болады. Себебі тексеру, бақылау, бағалауды ұйымдастырудың мәні, олардың оқу-тәрбие процесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау негізінде бұл мәселенің қалыптасуы мен дамуы динамикасын бірнеше кезеңге бөлуге болады. 20 жылдары үй тапсырмасын беру, білімді және емтиханды бағалауды оқыту процесі жүйесінде қарастырмайды, соның нәтижесінде оқушының үлгерімі сапасына мұғалімнің бақылау жасау орнына бригадалық-лабораториялық әдіс жүйесіне негізделген өздігінен бақылаудың түрлері кең көлемде тартылды. Ол бір жағдайда үлгерім нәтижесін бақылауда иесіздік, жауапкершілікке әкелсе, екінші жағдайда оқу сапасының төмендеуіне кері ықпалын тигізді. 30 жылдары білім, білік, дағды нәтижесін есепке алуды бақылау (Е.В.Гурьянов) және тәрбиелік қызметіне (П.Г.Ананьев) көптеп көңіл аудар бастады. 40-60 жылдары бұл мәселе төңірегінде отандық ғылым мен практика тәжірибесін жинақтау жұмысы қолға алынды. Онда білімді тексеру (Е.И.Петровский), оқушыларды бақылау ретінде қарастырды. Оқушыларды бақылау және тексеру: әрі оқыту, әрі тәрбиелеуді көздесе, кейіннен оның дамыту қызметі ойластырылды. 80 жылдардан бастап оқуты нәтижесін ескеп алу, бақылау және бағалаудың мазмұны мен амал-тәсілдері мен қызметінің дидакикалық-әдістемелік негіздерін талдап, қолға алынды. Оның әділдігін, дәлдігін көтеруге бағытталған мәселелер, үлгерім нәтижесін есепке алуды қатаң және тәртіпке келтіру жүйесіне арналған жұмыстар қолға алына бастады. Дегенмен де, бүгінгі таңда оқыту теориясында білімді тексеру немесе бағаның мәні, тәсілдері жайлы әлі де болса ортақ пікір қалыптаспай отыр. Бағалау - оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау бір нәрсенің деңгейін, сапасын, нәтижесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал. Бақылаудың білім беру қызметі негізінде оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді. Тәрбиелік қызметі оқушылардың жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілік сезімдері артады. Тексерудің негізгі мақсаты - баланың іс-әрекетін ынталандыру, олардың белсенділігін дамыту, дағдысын қалыптастыруға көмектесу. Бала алған білімді игеруі жою баянды етуі бойынша, оқу процесі барысында негекөңіл бөлу керек, қай жерде кемшілік жіберді, сол кемшілікті қалай түзету қажеттігін білгені дұрыс. Осыдан келіп ұстаз бен шәкірт арасында ынтымақтастық орнайды. "Ынтымақтастық педагогикасы" дегеніміз осыдан туындайды. 2.2 Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибелік қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі: әділдік, жан-жақтылық, жүйелілік, жеке-даралық, дифференциалдық және тәрбиелік. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау, тексеру және бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар:Ауызша баяндау (әңгіме, жеке-дара, топтық, фронтальдық, сұрақ), жазбаша бақылау (диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру), практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу), машиналы бағдарламалап бақылау (перфокарталар, бақылау картиналарын, жұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану), өзін-өзі бақылау, бағалау (қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалау, соған сәйкес қою). Оқыту процесінде бақылаудың: 1)Фронтальдық; 2) топтық; 3) дербес формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі - мұғалімнің оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты.Мектеп өміріндегі демократиялық өзгерістер, ізгілендіру білім, іскерліктерді бақылау және бағалауды жетілдіруді талап етеді. Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды. Баға - білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал. Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқұрайлылыққа салынуға болмайды. Оқушылардың білімін, дағдыларын бағалаудан бұрын, сол берілген білімнің қабылдануын, дағдының қалыптасуын тексерген жөн. Білімді тексеру арқылы мұғалім "Балаға не берді, бала дағдыны қалай қалыптастырды, білімді қалай қабылдады, кемшілік неде және кімнен?" деген сияқты сұрақтарға жауап табады. Бақылау - жаза емес. Бақылау мәдениетті жүруі тиіс. Бақылау процесін де мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп, ыстық сезіммен "көмектесейін" деген ниет білдіруі керек. Оқушы бір нәрсені түсінбесе оны ұрыспай, балағаттамай, өрескел мінез танытпай көмектескені жөн Білім тексеру мен бағалауда біраз уақытын жеке оқушыға ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz