Қартаю және ұзақ өмір сүру мәселелері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қарағанды медицина университеті

Биомедицина кафедрасы

Тақырыбы: Ерте қартаюдың себептерін сипаттаңыз.

Орындаған: Нурмагамбетова

Топ ҚДС 1001

Тексерген: Калиева

Қарағанды 2020 ж.

Ерте қартаюдың себептерін сипаттаңыз.

Қартаю барлық тірі ағзаларға тән жалпы биологиялық құбылыс болып саналады. Қартаю - онтогенез қорытындысы, ағзада ерекше құрылымдық, қызметтік және биохимиялық өзгерістердің пайда болуымен сипатталатын құбылыс. Қартаю проблемаларын зерттейтін ғылымды герантология (гр. geron - шал) деп атайды. Герантология қартаю құбылысының негізгі зандылықтарын молекулалық және жасушалық деңгейден бастап тұтас ағза деңгейіңде анықтайды, оның даму ерекшіліктерін, емдеу және аурудың алдын алу проблемаларын зерттейді. Қартаю және ұзақ өмір сүру мәселелері барлық уақытта ғалымдарды ойландырып келген мәселе. Ол әсіресе XX ғ. халық құрамында терең демографиялық өзгерістердің белең алуына байланысты ерекше мәнге ие болып отыр, себебі көптеген экономикалық дамыған елдерде кәрі адамдар саны өсуде. Герантологияның міңдеті теқ қана адам өмірін ұзарту емес; сол сияқты, кәрі адамдардың коғамдық өмірге және еңбек қатынастарына белсенді араласуына көмектесу, яғни олардың белсенді және толыққанды өмір сүру мүмкіншіліктерін ұзарту болып табылады. Қартаю - жастық өзгерістердің заңды құбылысы болып табылады. Қартаю құбылыстары ертеден басталады және ағзаның қызмет ету мүмкіншілігін бірте-бірте қысқартады. Ағза денесінде қартаю белгілері әртүрлі құрылым деңгейлерде байқалады: молекулалық, жасушалық, ұлпалық, жүйелік және ағзалық. Ағзалық деңгейде қартаю өзгерістері алдымен сыртқы белгілерден байқалады: дене пішіні, отыруы өзгереді, дене көлемі азаяды, шаштары ағарады, түседі; терінің созылғыштық қасиеті жойылып, әжімдер пайда болады. Ағзаның көру және есту қабілеті нашарлайды, есте сақтауы төмендейді. Қартаю кезеңінде адам ағзасының барлық мүшелері мен мүшелер жүйесінде айтарлықтай өзгерістер байқалады. 50 жастан кейін адам терісінде тұрақты өзгерістер - тыртықтар, меңдер, сүйелдер, өжімдер пайда болады. Бұның негізгі себебі осы кезде тері асты май қабаты бірте-бірте жұқарып жойылады. Бұл терінің құрғақтануына, оның иілімділігінің төмендеуіне алып келеді. Ас қорыту жүйесіңде мынадай өзгерістер байқалады - тістер босап, қаусап түсе бастайды, асқорыту сөлдерінің бөлінуі азаяды. 40 жастан өткеннен кейін артерия қан қысымы жоғарылайды, қан тамырлар қабырғасына холестерин сіңіп, жинақталып, оның иілімділігі төмендейді. Кәрілік кезеңде бүйректің фильтрациялау қарқыны азаяды. 40 жастан өткеннен кейін өкпенің тіршілік сыйымдылығы азаяды. Бұлшықеттер босап, оның тіршілік күші төмендейді, осының нәтижесіңде адам тез шаршайтын болады. Ішкі секреция бездерінің қызметінде де айтарлықтай өзгерістер байқалады - кейбір бездердің қызметі төмендеп, гормондарды аз мөлшерде бөліп шығарады, мысалы жыныс бездері, қалқанша безі, бүйрек үсті безі т. с. с, ал кейбіреулерінің қызметі керісінше жоғарылайды, мысалы гипофиз. Жас ұлғайған сайын ағзаның иммундық реакциясы өзгереді, гуморальдық және жасушалық иммунитет төмендейді. Жүйке жасушаларының көбейе алмайтындығын ескерсек, жас ұлғайған сайын олардың саны бірте-бірте азаятындығы өздігінен-ақ түсінікті. Мысалы, 100 жылда мысықтың нейрондар саны 25 пайызға кеміген. Кәрілік сатыда адамдардың барлық сезім мүшелерінің қызметтері төмендейді. Ағзаның қартаю кезінде тұқым қуалаушылық аппараттың құрылысыңда да, қызметінде де өзгерістер болатыны анықталды. Мысалы, РНҚ, ДНҚ мөлшері азаяды, хроматин ақуызының физикалық-химиялық қасиеттері өзгереді, гистонды ақуыздардың ДНҚ молекуласымен байланысы қатая түседі, ал бүл көптеген гендерді активсіз күйге көшіреді, себебі олар транскрипциялана алмайды. Жасушалардың негізгі молекулалық генетикалық тетіктері - транскрипция, трансляция, ДНҚ репликациясы және репарациясы бұзылады. Қартаю кезінде жасушалық деңгейдегі өзгерістер ішінен цитоплазмада судың азаюын, оның иондарды тасымалдау белсенділігінің өзгеруін атауға болады. Эндоплазмалық тор құрылысы өзгереді. Ағзаның ескі жасушаларында бірқатар ферменттердің белсеңділігі азаяды, цитоплазмада бос радикалдар жинақталады, осының салдарынаи ассимиляция диссимиляция шығындарын толық өтей алмайды. Ұзақ уакыт бойына герантологияда мынадай пікір айтылып келген: қартаю кезінде ағза қызметінің кері дамуы, яғни инволюциясы байқалады. Жоғарыда келтірілген қартаю сипаттамалары шынында да осы пікірді растайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қартаю кезіндегі жасушалардың өзгерістері
Ағзаның қартаю құбылысы
Ағзаның қартаю құбылыстары және герантология мәселелері
Қарт және егде жастағы адамдардың әлеуметтік мәселелері
Қартаюдың генетикалық механизмдері
Теломер функциялары
Қартаю теориясы
Геронтология мәселелері
Қартаю дамудың бір кезеңі
Қарт адамдардың әлеуметтік мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz