Орта ғасыр ойшылдарының мінсіз қоғамы және әл-Фарабидің ізгілік қаласы


Қaзaқстaн Республикaсы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ Ұлттық Университеті
Ғылыми жобa тaқырыбы: Орта ғасыр ойшылдарының «мінсіз қоғамы» және әл-Фарабидің «ізгілік қаласы»
5В010300 - «Философия» мaмaндығы
Орындaғaн: 4 курс студенті Мейрaмбековa A. Н.
Ғылыми жетекші: философия ғылымдaрының докторы, профессор Нұрышевa Г. Ж.
Aлмaты 2018
МAЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-4
1. ОРТА ҒАСЫР ОЙШЫЛДАРЫ КОНЦЕПЦИЯСЫНДАҒЫ «МІНСІЗ ҚОҒАМ» ҮЛГІЛЕРІ . . . 5-24
1. 1. Августин Аврелийдің «Құдайы қаласы» концепциясы . . . 5-8
1. 2. Таза ағайындардың рухани қаласы . . . 8-16
1. 3. Ибн Бадждың қалалар классификациясы және «Кемелденген кент» - Мадани-қала . . . 16-20
1. 4. Ибн Рушд - антика мұрасын қайта жандандырушы және қалалар классификациясын жүйелеуші . . . 20-24
2. ӘЛ-ФАРАБИ УТОПИЯСЫ - «ІЗГІЛІК ҚАЛА» СИПАТЫ . . . 25-39
2. 1 Әл-Фaрaби бойынша қалалар классификациясы . . . 25-32
2. 2 Әл-Фaрaбидің ізгілік қаласы - «мінсіз қоғам» үлгісі . . . 32-35
2. 3 Ізгілік қоғамның негізгі тірегі - басшы және басшы бойында болуы тиіс 12 қасиет . . . 35-39
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 40-41
ҚОЛДAНЫЛҒAН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 42
КІРІСПЕ
Философия ғылымының зерттеу нысанындағы өзекті мәселелердің бірі - адам және қоғам мәселесі. Тарихтағы философ-ғалымдардың барлығы дерлік қоғам мен оның мүшелерін зерттеді. Адам және қоғамға қатысты сұрақтар жан-жақты қарастырылса да, әлі ашылмаған қырлары өте көп. Әлі күнге дейін адамды нақты сипаттайтын анықтама табылған жоқ. Ғұламалар адамға түрліше сипаттама беруге тырысты, Аристотель «саяси адам», Әл-Фараби «мәдени адам», Ж. Ж. Руссо «адам - бұзылған жануар», Э. Кассирер «адам - таңбалық жануар», И. Кант «homo moralies», Хейзинга «ойын адамы» және т. б адамның түрлі ерекшеліктері мен қасиеттерін сипаттады. Алайда бір сөзбен адамды анықтау, адамға толық сипаттама беру әлі де мүмкін емес, тіпті, адамның танымы мен санасының ерекшеліктерін, тылсым сырларын ғылым әлі де анықтай алған жоқ.
Кез келген ойшыл секілді Фaрaбиді де қоғaмдық және сaяси мәселелер толғaндырғaн болaтын. Ол өзінің өмір сүріп жaтқaн ортaсы мен қaрым-қaтынaс жaсaйтын aдaмaрды тaлдaп, зерттеу жүргізген болaтын. Ғұлaмa ойшыл өзінің дүниеге деген көзқaрaсын әлеуметтaну, этикa, эстетикa мәселелерін қaмти отырып, олaрды бір жүйеге түсіру aрқылы өзінің сaяси-философиялық концепцияларын негіздеді.
«Қaйырымды қaлa тұрғындaрының көзқaрaстaры турaлы» трaктaт - әл-Фaрaбидің қоғaм мен мемлекет сaясaтын зерттеуге бaғыттaлғaн туындылaрының бірі. Трaктaттa aдaм, aдaмдaрдың бірігетін қоғaм, қоғaмның бірден-бір көрінісі болaтын мемлекет, мемлекетті құрaйтын қaлaлaр және олaрдың түрлері, қоғaмның түрлі деңгейлері мен ерекшеліктерін толық сипaттaп, олaрғa aнықтaмa береді.
Адам мен қоғам арақатынасына байланысты мынадай екі сұрақ туындайды: «Адам қоғамды анықтайды ма?» әлде «Қоғам адамды анықтайды ма?» Бұл екі жақты мәселе десек қателеспейміз, бірінші жағдайда адам қоғамды құрайтын негізгі тетік, сол себепті қоғамды өзгертетін де, дамытып немесе құрдымға апаратын да оны құрушы субъектілер. Яғни, қоғам мүшелері қалай әрекет етсе, соған сәйкес қоғам да өзгеріп отырады. Ал екінші жағдай жеке адамды анықтайтын қоғам. Бала өмірге келгенде, оны адам ретінде қалыптастыратын оның қоршаған ортасы, алдымен ата-анасы, отбасы, содан кейін достары, жақын туыстары, бала қарым-қатынасқа түсетін барлық адамдар оның қоғамын құрайды. Жеке баланың тұлға ретінде қалыптасуы қоғамның қажеттіліктері мен сұранысына, сол қоғамда қабылданған құндылық жүйелеріне байланысты. Сол себепті, адам мен қоғам біртұтас жүйе ретінде үнемі өзара байланыста және тығыз қарым-қытынаста болады. Енді философия тарихындағы ғұлама ойшылдар еңбегінде адам және қоғам мәселесіне көз жүгіртсек, кез келген философиялық сұрақ секілді аталмыш мәселе де ежелгі грек философиясынан өз бастауын алады, ежелгі грек қоғамында қалыптасқан негізгі алғышарттар мен принциптер бүгінгі күні қалыптасқан қоғам моделінің негізін құрап отыр. Платон мен Аристотель ойларын жалғастырушы орта ғасырлық Августин Аврелий, мұсылман ойшылдары: «Таза ағайындар» бірлестігі, Ибн Рушд және Ибн Бадж «идеалды қоғамның» өзіндік үлгісін жасап, оған тән қасиеттер мен ерекшеліктерді сөз етті.
Ғылыми жұмыс барысында қоғам мен адам мәселесіне қатысты философия тарихына шолу жасалып, түрлі ғұламалардың еңбектері өзара және қазіргі қоғаммен байланыстырылып, компаративистикалық талдау жасалды. «Мінсіз» қоғам утопиялық түсінік болғанымен де, оның кейбір элементтері бүгінгі ақпараттық қоғамда сақталып отыр, сонымен қатар ұлы ғұламалардың қиялында болған «идеалды» қоғамды шындыққа айналдыру білім мен ғылымды игеру арқылы жүзеге асады деп сеніммен айта аламын.
- ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ «МІНСІЗ ҚОҒАМ» ҮЛГІЛЕРІ
1. 1. Августин Аврелийдің «Құдайы қаласы» концепциясы
Философия ғылымы адамзат тарихындағы барлық оқиғалар мен ондағы өзекті мәселелерді зерттеу объектісіне айналдырды. Түрлі тарихи оқиғалар адамдар мен қоғамның қалыптасуына және дамуына үлкен әсерін тигізді, мысалы саяси-әлеуметтік және діни мәселелер негізінде туындайтын мемлекетаралық соғыстар, солардың бірі орта ғасырда көрініс тапқан Батыс Рим империясы мен варварлардың соғысы. Жалпы адамзат кез келген өзгерісті түрліше қабылдайды, кейбіреуі дамуға жол десе, енді біреуі өзгерістер дәстүрлі жүйені жояды деген ойда болады, осы секілді варварлар Батыс Римге баса көктеп кірген кезде кейбір жазушылар аталмыш жағдайды тарихтың алға жылжуы деп түсінді, ал келесі бір топ дәстүршілдер жаулап алушылық әрекеттерді ежелгі мәдениеттен бас тартқандары үшін берілген жаза деп христиандарды кінәлаумен әлек болды. Бұл тарихи оқиға өз дәуірі үшін өзекті мәселелердің бірі болып, ендігі кезде Рим және күллі Еуропаның болашағының не болатыны белгісіз болды. Бұл тарихи оқиға философиялық мәселе ретінде саяси және әлеуметтік сипатқа ие болып, қоғам мен мемлекет қалыптасуына өз әсерін тигізді.
V ғасырдың белгілі шіркеулік жазушысы Аврелий Августин өзінің «Құдайы қаласы» еңбегінде варварлар мен дін мәселесін саяси және әлеуметтік тұрғыдан қарастыра отырып, варварлардың шабуылына байланысты тарих әрі қарай Құдай қалауымен жүзеге асырылады деп тұжырымдайды. 410 жылдары орын алған оқиға тек антика дүниесін дүр сілкіндіріп қоймай, философтар үшін де үлкен мәселе болды. Осы орайда Карфагендік Августин Аврелий де қызығушылық танытып, адамдарға тән 2 махаббат түрін және соның негізінде құралатын адамдар қоғамының екі түрін ажыратып көрсетеді. Әулие Августин замандастары мемлекетке төнген қауіп пен қиыншылық кезеңдер христиан дінімен бірге келді деген болатын, ал ойшыл болса осыған жауап ретінде соғыстар мен ұрлықтар Римді жаулап алу кезінен бері бар деген көзқарасты ұстанды. Еңбектегі ең негізгі мәселе дінге сену мәселесі емес, сол кездегі адамдардың бір дінді екіншісінен жоғары қойып, оның үстіне өздерінікін дұрыс деп, өз тұжырымдарын ақиқат емес, бос сөздерімен дәлелдеуге тырысуы. Христиан діні енді-енді өз бастауын алып келеді, ол бүлінушілікпен, жиіркеніштілікпен байланысты емес, керісінше бұрынғы дін өкілдері соғыс пен жаулап алуды өздеріне кәсіп етті, оған қоса, мансап, адамдарды кемсіту, келемеждеу Римдік жеңістердің нәтижелері болды. Сол кездегі халықтың мүшкіл жағдайы автордың айтуынша, «Рим императорларының әрекетінің кесірі: олар адамдарды жануарлардан да төмен қойды, жануар жасауы тиіс жұмысты адам жасады, Италияны құлдарға толтырды, ал біз болсақ, мүлде басқа затқа үйретеміз: біз халықты ешқашан қамауда ұстаған жоқпыз, сенат пен аристократияны да өзара соғыстырған да біз емес, Римді бірінші болып кемсіткен, оларға шабуыл жасаған да біз емес, барлық болып жатқан жағдайлар Рим императорлары әрекетінің нәтижесі, осындай оқиғалар салдарынан мемлекет ішінде бей-берекетсіздік, қоғамда хаос орнады, ал мәселенің шешімі тек біреу, ол Құдай қаласы - христиан діні»[1, 297] . Варварлардың шабуылы халық басына төнген осы жамандықтардан арылуға негізделіп, Құдайдың қалауымен жүзеге асырылып отыр, Құдайы қаласы орнаған соң, оның қабырғаларында мансап пен беделге ұмтылушылық жойылады, оның орнына бейбітшілік пен әділеттілікке негізделген Құдай туралы қасиетті өмір орнайды, яғни жаңа өмір, жаңа тарих басталады дейді автор.
«Құдайдың қаласы туралы» еңбегінде Августин орын алған саяси оқиғаларға қатысты қоғамның қалыптасуының өзіндік концепциясын айтады, ондағы кейіпкерлер болып жер, уақыт пен тағдыр өзара шағылысып, бір емес екі қоғам, яғни екі қала пайда болады. Аспан және Жер деген екі қала адамзатпен бірге пайда болып қалыптасқан, тарихы да бір-бірімен байланысты, сондықтан адамдарды таза адамдар және жоғарғы тап адамдары деп бөлуге келмейтіндей бұл екі қаланың тарихы да бөліне алмайды. Олардың бір-бірінен ерекшелігі, жер қаласы өзіне деген махабатын құдайға деген махабаттан жоғары қояды, ал аспан қаласы құдайға деген махаббатын барлығынан, тіпті, өзінен де жоғары деп санайды, бұл бөлінуі адамдардың тән мен жан қажеттіліктерін өтеуіне байланысты дер едім. Автордың еңбегінде тағы бір қала көрсетіледі, ол - образды түрде сипатталатын «шайтан қаласы», ешқашан өмір сүріп көрген де емес, Құдай шайтанға өз қаласын салу үшін емес, адамдардарды қандай мықты жауды жеңгені туралы білсін деп береді, ал бұл адамдардың өзіне деген сенімділігін арта түсіреді және ешқашан қорықпай өз мақсаттарына жетуіне үйретеді. Осындай оқиғалар мен үлкен жеңістен кейін ең соңғы күн, сот күні келеді», - дейді автор, - «бұл күні құдайға сенген және табынған барлық адамдар тіріледі және құдайға табынбай өмір сүрген адамдар шайтанмен жолынан адасқан періштелермен бірге тозаққа түсіп өмір бойы күнәлары үшін ешқашан тыным таппай жауап береді»[1, 330] . Августиннің айтуынша, күнәхарлар соттан кейін өмір бойы тозақта қиналумен өтеді, ал барлық дұрысталған адамдар ең мықты марапаттауға ие болып «Құдайдың қаласында» өмір сүретін болады. Автордың өз еңбегінде қойған негізгі мәселесі барлық адамның жіберген қателіктері мен кінәлары болады, кінәсіз адам болмайды, өзінің жолына түскенше адам адасып жүреді, осы орайда адамға бағыт-бағдар беретін - білім деп ойлаймын, нақтырақ айтар болсақ, философия -адамды бағыттаушы, дұрыс жолға салушы, адамның көзін ашып, дүниетанымын кеңейтуші. Ал автор бұл мәселенің шешімін діннен және Құдайға кіршіксіз сенімнен табады, яғни оның ойынша, қалаға түскендер адам болмайды, мәңгілік құдайдың қасында жүретін идея түріндегі періштелер болады, бірақ олар ешқашан өздерінің аттарын не басынан кешкенін ешқашан ұмытпайды. Олардың өмір сүретін дүниесі басқаша болады, сот күнінен кейін жер отпен тазаланып оның орнына салынған құдайдың қаласында тек періштелер ғана өмір сүріп, бұл қалада күнәхарларға орын болмайды. Алғашында философиямен айналысып, кейіннен дін мен шіркеуге берілген Августин Аврелий ойларынан дінге деген соқыр сенім сарыны байқалады, сондықтан болар, бүгінгі күні «Құдай қаласы туралы» еңбегі өз маңызын жоғалтуда. Мүлтіксіз сенім мен табыну қазіргі кезде ешқандай жетістікке алып келмейді, ғылым мен білім өзінің шарықтау шегіне жеткен уақытта тек қана Құдайға сеніммен өмір сүру адамды надандыққа алып келеді деп ойлаймын. Августин Аврелий еңбегі өз уақытында саяси және әлеуметтік салалардағы маңызды мәселелерді шешуге бағытталып, мемлекетте тыныштық орнатуға негізделгенімен, бүгінгі әлемнің әлеуметтік-саяси және философиялық жағдайына мүлде сәйкес келмейді деп ойлаймын.
- Таза ағайындардың рухани қаласы
Философия ғылымының, жалпы мәдениеттің даму тарихы ұзақ жылдар бойы біржақты, европоцентристік тұрғыдан қарастырылып келгені бізге белгілі. Осы көзқарастың салдарынан Орта ғасыр философиясы тек христиандық философия шеңберінде ғана қарастырылды, ал шын мәнінде, сонау антика заманы мен одан кейінгі даму кезеңдерінің арасына көпір орнатқан, дүниежүзілік мәдениеттің, өркениеттің дамуына зор ықпалын тигізген Шығыстағы мұсылман философиясы еді, яғни, Европа өркениеті үшін де, күллі адамзат өркениеті үшін де антика философиясын сақтап қалған араб ойшылдары деуге болады. Осыған байланысты философия тарихында әл-Киндиден бастап, «фалсафа» деген ұғым қалыптасты, оның негізгі мағынасы ежелгі дүниеде қарқынды дамыған антика философиясы ортағасырлық еуропаның қараңғылығынан ұмытылып қала берді, ал осы еңбектерге қайтадан дем беріп, жандандырған ортағасырлық мұсылман ғұламалары еді. Ең алдымен, Аристотель еңбектерін өздеріне үлгі еткен ойшылдар кейіннен оның еңбектеріне терең талдау жасап, мұсылман дүниесіне сәйкестендіріп интерпретациялаған орта ғасырдағы мұсылман философиясының басты мәселелері: адам және оның тағдыры, адам және Құдай, адам және қоғам секілді маңызды сұрақтарды қарастыра отырып дүниежүзілік өркениет пен мәдениетке елеулі үлес қосты.
Мұсылман философиясының ерекше өкілдері Таза ағайындар (Ихван ас-сафа) туралы мәліметтер өте аз, негізінен ол құпия ұйымдардың немесе шиит секталарының бірі деген болжамдар бар. Басты өкілдері: әл-Мукаддаси, аз-Занджани, әл-Михраджани, әл-Ауфи және Зейд бну Рифаа. Олардың негізгі еңбектері - «Таза ағайындар энциклопедиясы» 51 трактаттан тұрады, еңбекті жазудағы көздеген мақсаттары - исламға енген қоқыстарды философия арқылы тазарту арқылы әлемдік ғылымдарға талдау жасап, өзіндік әдістемелік білім жүйесін жасау.
ІХ-ғасырдан бастап философия діни-саяси мәселерге өз әсерін тигізе бастады, осыған байланысты көпшілік ғалымдар дінді философиядан қорғау үшін жазылған деген тұжырымда, ал шын мәнінде, керісінше, дін өкілдері бұл еңбекте мәселелерді философиялық тұрғыдан зерделеуге ұмтылды. Олар өздерінің ешқандай ғылымға қарсы емес екендігін айта отырып, ғылымның бағыттарын бір-бірінен ажыратпай, бірлестікте және өзара байланыста қарастыруға тырысты.
«Негізінен «таза ағайындар» Аристотель мен Платон ілімдерін пайдалана отырып, Платон мен Аристотель арасындағы қайшылықтарды шешіп, керісінше әлемді біртұтас жүйеге салған. «Таза ағайындардың» еңбегі сол кезде кеңінен таралып, тіпті ХІІІ ғасырдың өзінде дін иелеріне біршама беймазалық әкелген. Бұлардың еңбегі мұсылман Испаниясындағы мәдени жетілуге айтулы ықпалын тигізген. Бұлардың айтуынша, шындық араб шариғаты мен грек философиясының білімінде деген. Кейіннен осы идеяны Фома Аквиант . . . негізінде жүзеге асырды. Яғни, католик діні мен грек философиясын(Аристотельді) біріктіріп, дүниетанымының іргесін қалады. Сондықтан кезінде «таза ағайындар» жолдамасы деп айтылатын еңбекті дін баслары отқа өртетіп отырған»[2, 42-43] .
«Таза ағайындардың» ғылым тарихына қосқан үлесі барлық ғылымдардың оқытылуына арнап өзіндік оқу жүйесін жасауы, ал осы жүйенің ішінде ерекше маңызға ие қоғам туралы ойлары бар. Ол - Рухани Қала (әл Мадина ар Руханийя) туралы ілім. Бұл еңбекте Платон, Аристотельдің «идеалды, мінсіз мемлекет» туралы ілімдерін дамытуға талпынысты көреміз, ал кейіннен бұл мәселе әл-Фарабидің еңбектерінде тереңінен талқыланады.
Белгілі араб тарихшысы мен жазушысы Зейдан Д. Айтуынша, «Таза ағайындар» бірлесітігі өздерінің құпия жиындарында философиялық дискуссиялар жүргізді, ал негізгі мақсаттары тек қана мұсылмандық емес, грек, үнді, парсы елдерінің дүниетанымы мен философиялық ойларына негізделген өзіндік оқу жүйесін қалыптастыру. Ең негізгі мәселе, мұсылмандық шариғаттың ластануы және оны тазарту философия арқылы жүзеге асады деп түсінді. Таза ағайындардың пікірінше, қоғамда адамдардың бірлігі қажет, себебі жалғыз адам жеке дара бақытты өмір сүре алмайды. «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» - деп халық даналығы айтқандай, жалғыз адам не мақсатына жете алмайды, не өмір қызығын да көрмейді, діттегеніне өз басымен қол жеткізуі де қиын, сол себепті де ғұламалар еңбегінде талқыланып келген қоғам мәселелесі адамдардың рухани бірлестігіне бағытталып отыр. Бақытты өмір үшін көп нәрсе керек, ал оның бәрін өмір қысқа болғандықтан бір адам игере алмайды, біреулер құрылыспен, біреулер саудамен, енді біреулер ғылыммен айналысу арқылы адамдар ортақ мақсаттары мен қызметтері бар, өзара көмек көрсетуге негізделген кішігірім қала мен ауылдағы қоғамдық топтарға бірігу арқылы нашар өмірден және қиындықтардан құтыла алады. Ал осылай адамдардың бірігуі үшін ағайындардың, ақылшылар мен достардың көмегі қажет, себебі олардың кейбіреуі діннен хабардар, кейбіреуі заттардың ақиқатын біледі, сондықтан басқа өмірге жетудің жолын көрсетеді. Рухани Қала адамдарының тағы бір ерекшелігі - олардың әрқайсысы өздерінің денелері бөлек болғанымен, жандарының бір екенін біледі, яғни, онда рухани бірлік пен жер бетіндегі адамдардың нақты бірлігі бар. «Рухани Қала көкте, ол жерде бола алмайды, себебі қалалардың тұрғындарының адамгершілігі бұзылады; суда бола алмайды, себебі құйындар мен толқындар оны басып қалмауы тиіс; ауада емес, себебі оған бұзылған қалалардың ауасы көтерілмеуі керек. Рухани Қала жақсылық, адалдық, рухани тазалық секілді адамгершілік құндылықтық қасиеттердің негізінде салынылуы тиіс»[3, 62] . «Таза ағайындардың» қалаларды осылайша жіктеуі, кейіннен екінші ұстаз әл-Фараби еңбектерінде кеңінен талданып, қалалар өз ерекшеліктері мен ондағы адамдардың пейіліне қарай жіктеледі және әрқайсысы өзіндік атауға ие болады. Бұл жердегі «Рухани қала» әл-Фарабидің «ізгілік қаласына» негіз болған секілді.
Рухани қала ең алдымен, діни концепция, сондықтан да Құдайға деген сенім мен оның қаһарынан қорқу - қала тұрғындарының адамгершілік принциптерінің ішіндегі ең негізгісі. Қала айтылған сөздің ақиқаттылығына, ар-ұяттың тазалығына, адалдыққа, өзара сенімге және тыныштыққа негізделіп, Рухани қала кемелдік пен рухани және материалдық құндылықтар бірлестігінің үлгісі болуы тиіс, яғни, осы шарттар орындалған жағдайда ғана қала тұрғындары өздерінің негізгі мақсаты - рахат өмірге жетеді.
Рухани қала тұрғындары табиғаттың 4 түрлі күшінен жаралады: су, от, ауа және жер. Осыған байланысты Рухани қалада тұратын адамдардың құрылымы келесідегідей көрініс табады:
1) қолөнершілер - ақыл мен сезімдік танымы жетілген адамдар, (15 жасында жетеді) ;
2) саясаткерлер - жақын туыстары мен ағайындарына қол ұшын тигізіп, оларға мейірімді және адал болу(30 жастан кейін жетеді) ;
3) билеушілер, олардың міндеттері - заңдар мен тиым салу арқылы, керек кезінде жұмсақтық көрсете отырып тұрғындар арасындағы келіспеушіліктің алдын алу (40 жастан асқан кезде жетуге болады) ;
4) 50-ден асқан щағында періште күшіне ие болу - бұл саты жанның денеден құтылуына дайындық сатысы. Осы сатыға жеткендер дүниенің ағы мен қарасын саралап, жақсылық пен жамандықты таразылап, ақиқатты көре алады және көкке өрлеп, Жаратқанмен кездесе алады.
«Таза ағайындардың» рухани қаласына кез келген адам қабылданбайды, ол үшін арнайы білімді, мамандықты және ғылымды игерген болуы тиіс, сонымен қатар, жаман қасиеттерден алшақ болып, пейілі кең, ниеті түзу болуы тиіс еді. Рухани қала тұрғыны болуға ұмтылушыларға қойылатын басты талап - адам, ең бірінші өзін тануы тиіс, өзінің ерекшеліктері мен қасиеттерін, қабілеттерін, не нәрсеге икемді екенін анықтап алуы тиіс және рухани жетілген болуы керек.
Рухани қаланың басқа қалалардан айырмашылығы мен жетілген екендігін көрсету үшін «Таза ағайындар» «адалдық қаласы» және «зұлымдық қаласы» деген түсініктер енгізіп, олардың әрқайсысының ерекшеліктері мен артықшылықтарын атап көрсетті. Екеуін салыстыра отырып, «таза ағайындар» адалдық қаласының артықшылықтарын ерекшеледі және барлық қала тұрғындары жұмылып әрекет етсе, адалдық қаласы гүлденіп дамиды да, ал зұлымдық қаласы өзінің күшін жойып, өмір сүруін тоқтатады деген сенімде болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz