Ландшафтық сәулет объектілерін салу және пайдалану


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
Агротехнологиялық факультет
«Агрономия және орманшылық кафедрасы»
Курстық жұмыс
«Саябақ шаруашылығын құру» пәні бойынша
Тақырыбы: «Ландшафтық сәулет объектілерін салу және пайдалану»
Орындаған: Шарыпханова А.
Группа:ЛРЛ-18к-2
Қабылдаған:Шахметова Г. М.
Петропавл қаласы, 2021ж
Мазмұны
Кіріспе
I. Түркістан облысының табиғи-климаттық жағдайы
Түркістан облысы (2018 ж. дейін Оңтүстік Қазақстан облысы) - Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962-1992 жылы Шымкент облысы деп аталды.
Аумағы 117, 3 мың км². Тұрғыны 2 адам (2018ж) . Орталығы - Түркістан қаласы Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.
Табиғаты
Жер бедері. Түркістан облысының жер бедері негізінен жазық (орташа биіктігі 200 - 500 м) . Солтүстігінде тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңтүстік-батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің төменгі ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан. Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай екіге бөліп жатыр. Оның ең биік жері - Бессаз (Мыңжылқы) тауы (2176 м) . Қаратаудың оңтүстік-шығысында Боралдай (1400 - 1600 м) жотасы орналасқан. Облыс жерінің оңтүстік-шығысын Батыс Тянь-Шань-ның сілемдері (Өгем жотасы), Қаржантау (2800 - 2900 м), Қазығұрт тауы (1700 м), Талас Алатауының батыс сілемдері - Кіші Ақсу (2577 м), Алатау (3137 м) таулары қамтиды. Облыстың ең биік жері - Сайрам шыңы (4299 м) . Оңтүстік-батысында Қызылқұм құмы, Қарақтау тауы (388 м), оңтүстігінде Шардара даласы, Ызақұдық құмы, Қауынбай молда (321 м), Белтау (592 м) жоталары, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр.
Климаты
Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде -7 - 9°С, оңт-нде -2 - 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 - 29°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 - 150 мм, тау алдында 300 - 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм.
- Рельеф және топырақ.
Облыстың жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы таралған. Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп; Сырдария, Шу өзенінің аңғарларында жиде, жыңғыл, тал; тау етегінде бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, альпілік шалғын өседі.
Бұл аймақтағы жер бедерінің әртүрлілігі тек климаттына әсер етіп қоймай топырағының қалыптасуына да септігін тигізеді. Осыған орай Түркістан облысындағы топырақтардан жазық аймақтың топырақтары және таулы аймақтың топырақтары деп жіктей аламыз.
Түркістан облысының территориясы шөл зонасының оңтүстігінде жатыр. Топырақ жамылғысы табиғаттаң зоналық заңына сәйкес таратылатындықтан аумағында биік таулы салқын альпілік топырақтардан бастап тау бөктерлеріндегі әртүрлі қоңыр және сұр топырақтарға жалғасып, терістік және терістік-батыс аймақтарындағы жазықтарды сұрқұба, ескі ал-лювиалды ойы жазықтарды тақыр және тақыртүстес топырақтар мен ірі құмды алаптар (Шығыс Қызылқұм мен Батыс Мойынқұм) алып жатыр. ҚР Ғылым академиясының Ө. Оспанов атындағы Топырақтану институтының көпжылдық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде облыс аумағында 130-ға жуық топырақ түрлері мен олардың комбинациялары кездесетіндігі анықталды.
1. 2. Гидрологиясы
Өзендері облыс аумағында біркелкі таралмаған. Түркістан облысы жерінің оңтүстігінен солтүстік-батысына қарай Сырдария өзені ағып өтеді. Сырдарияға Арыс (378 км), Келес (241 км), Құркелес (98 км) өзендері құяды. Халқы тығыз орналасқан оңтүстік-шығысында Арыс өзенінің салалары: Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Жабағылы, Машат, Дауылбаба, Боралдай өзендерінің шаруашылық маңызы зор. Қаратау жотасынан басталатын Бөген, Шаян, Арыстанды, Шылбыр, Байылдыр, Көксарай, т. б. өзендер облыс орталығын сумен қамтамасыз етеді. Шу өз-нің төм. ағысында суы аз, тек көктемде қар еріген кезде ғана суы молайып, Созақ ауданының шаруашылықтарын суландырады. Шардара (ауданы 400 км², су көлемі 5200 млн м³), Бөген (су көлемі 377 млн м³), Бадам (су көлемі 61, 5 млн м³), т. б. бөгендер салынған. Арыс өзенінен Арыс - Түркістан, Өзбекстан жеріндегі Сырдариядан Достық (бұрынғы Киров атындағы), Шардара ауданында Қызылқұм магистралды каналдары тартылған. Облыс көлдері негізінен таяз және тұзды, көктемде суға толып, жазда құрғап, сорға айналады. Ірі көлдері: Ақжайқын (48, 2 км²), Қызылкөл (17, 5 км²), одан басқа Қалдыкөл, Шүйнеккөл, Тұздықдүме, т. б. ұсақ көлдер бар. Жер асты суының қоры мол.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz