1991 жылғы Тамыз төңкерісі. КОКП қызметін тоқтатуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
1. 1991 жылғы Тамыз төңкерісі. КОКП қызметін тоқтатуы.

Қазақ КСР-інiң мемлекеттiк егемендiгi туралы Декларацияның қабылдануы. елімізде де күн өткен сайын мемлекеттiк егемендiктi жариялауды талап етушiлер күшейе бастады. Қоғамдық қозғалыстар 1990 ж. қазанда айрықша белсендiлiк көрсеттi. Күн сайын Жоғарғы Кеңес үйiнiң алдында саяси митингiлер өтiп жатты. Ал Алматы қалалық партия комитетi үйiнiң алдында жастар пикет ұйымдастырып, аштық жариялады. Олар Қазақстанның тәуелсiз ел болуын, жастарға қатысты әлеуметтiк мәселелердiң дереу шешiлуiн, Кеңес Армиясын тез арада реформалауды талап еттi. Республикадағы саяси жағдайдың шиеленiсуiне Қазақстанның әртүрлi аудандарында құрыла бастаған казачество ұйымдарының қазақ халқының намысын қорлайтын әрекет ретiнде бағаланып, оған қоғамдық қозғалыстардың бiрлесе соққы беруi түрткi болды. Осындай жағдайда Жоғарғы Кеңестiң сессиясындағы бiр- қатар айтыс-тартыстардан кейiн, бұрынғы кеңестiк республикалардың соңғыларының бiрi болып егемендiк шеруiне Қазақстан да қосылды. 1990 ж. 25 қазанда Жоғарғы Кеңес "Қазақ Кеңес Социалистiк Республикасының мемлекеттiк егемендiгi туралы Декларация" қабылдады. Дәл сол күні Қазақстанның мемлекеттiк егемендiгi жарияланды. Мемлекеттiк егемендiктiң жариялануы республика өмiрiндегi аса маңызды саяси оқиға болды. Егемендiк туралы құжатта Қазақстанның алдағы уақытта ұстанатын бағыттары белгiлендi. Орналасқан аумағына, оның қойнауына, суына, басқа да табиғи ресурстарына республика ерекше меншiк құқығын жариялады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерi көрсетiлдi. Халықаралық қатынастардағы мәселелердi шешуде республиканың дербестiк танытатыны айқындалды.

Тамыз бүлігі - 1991 ж. 18-21 тамыз аралығында Кеңес Одағындағы ескі мемлекеттік билік пен қоғамдық қатынастарды сақтап қалу мақсатында Мәскеуде ұйымдастырылған төңкеріс. КСРО вице-президенті Г.И.Янаев, КОКП ОК-нің әскери саясат жөніндегі хатшысы, КСРО-ның Қорғаныс Кеңес төрағасының бірінші орынбасары О.Д.Бакланов, КСРО премьер-министрі В.С.Павлов, КСРО Мемл. ҚК- нің торағасы В.А.Крючков, КСРО ИМ Б.К.Пуго, КСРО Қорғаныс министрі Д.Т.Язов, КСРО Шаруалар одағының торағасы В.А.Стародубцев, КСРО Мемл. кәсіпорындар қауымдастығының төрағасы А.И.Тезяков, КСРО Жоғ. Кеңесінің төрағасы А.Лукьянов, т.б. 18 тамызда Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-т атты ұйым құрып, елдегі барлық билік осы ұйымның қолына өтетіндігін мәлімдеді. Осы кезде Қырымда болған КСРО Президенті М.С.Горбачевтың сыртқы әлеммен байланысын үзіп тастаған Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-т мүшелері оны өз қызметін атқаруға денсаулығы жарамайды деп хабарлады. Бұл төңкеріс 20 тамызда қол қойылуға тиіс Егеменді мемлекеттер одағы туралы шартқа қарсы бағытталды. Ол шарт Кеңестер Одағына кіретін республикаларға бұрынғыдан әлдеқайда көп дербестік беретін. Тамыз б-нде елде қалыптасып келе жатқан демократия нышандарын тұншықтыру және нарықтық қатынастардың орнығуына жол бермеу арқылы елдегі әміршіл-әкімшіл жүйені сақтап қалу көзделді. Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-тің №1-қаулысына сай саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқталатын болды және митингілер мен демонстрациялар өткізуге, көше шерулеріне, ереуілдерге шығуға тыйым салынды. Аталған к-тке қолдау көрсетпейтін бұқаралық ақпарат кұралдары Комсомольская правда, Московский комсомолец, Московские новости секілді газеттер жабылып, қалғандарының үстінен қатаң бақылау қойылды. Тамыз бүлігіне қарсы күресті Ресей Президенті Б.Н.Ельции басқарды. Оны Мәскеу қаласыныц мэрі Г.Попов, Ленинград облысы мен қаласының басшысы А.Собчак, КОКП басшыларының кейбіреулері А.Яковлев, Э.Шеварднадзе және т.б. қолдады. Украина мен Кырғызстан басшылары республикаларында Тотенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-ттің жарлықтары жүрмейтіндігін мәлімдеді. Балтық бойындағы республикалар Тамыз бүлігін басқа, шет мемлекеттіц мәселесі, біздің оған қатысымыз жоқ деп мәлімдеді. Өзбекстан мен Түрікменстан республикалары үнсіз қалды.

Осыдан 20 жыл бұрын, 1991 жылы 7 қыркүйекте Қазақ ССР коммунистік партиясының соңғы съезі өтті. Съезде Қазақстан компартиясы таратылып, оның ізбасары ретінде Қазақстан социалистік партиясы құрылды.

1985 жылы СССР компартиясы орталық комитетінің бас хатшылығына Михаил Горбачев сайланған соң басталған коммунистік партияның ыдырау процесі 1991 жылғы тамыз бүлігінен кейін шарықтау шегіне жетті.

65.Мәңгілік ел ұлттық идеясының мәні мен маңызы.

Елбасы өзінің Тарих толқынында атты еңбегінде Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр, - деген еді. Ал,2014 ж. 17 қаңтарында ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауында: Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - Мәңгілік Қазақстан жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті, - деп атап өтті. Бұл орайда елең еткізген жаңалық - тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни Мәңгілік Ел идеясының жариялануы. Бұл - Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым.Мәңгілік ел - түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея... - деп жаздытүркітанушы-ғалым Қ. Сартқожаұлы. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда.

Қазақстан-2050 Стратегиясын жүзеге асыруда үлкен жауапкершілікті мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақ халқына жүктей отырып, Президент тек мәдени кодты сақтай отырып қана (тіл, руханилық, салт-дәстүрлер) уақыттың сын-қатерлеріне жауап қайтара алатынымызға баса назар аударды. Егер ұлт өзінің мәдени кодын жоғалтса, онда ол ұлттың өзі де жойылады. Тек тағылымды тарих, ата-бабалар даңқы ғана қазіргі уақыт қиындықтарын жеңуге мүмкіндік береді, - деген құнды пікірі ата салтымызды сақтауға, туған жер мен ел алдындағы парызымызды ақтауға шақырады. Осыған байланысты көптеген ғалымдардың ұлттық идеологиялар ұзақ өмір сүреді және ұлттар сол үшін өзінің жеке мені үшін күреседі, онсыз ұлт туралы пікірдің болуы да, оның болашақтағы тарихи өмірі туралы да сөз қозғаудың өзі мүмкін емес деген пікірлері орынды.Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ (17 қаңтар, 2014 ж.), Нұрлы жол - болашаққа жол (11 қараша, 2014 ж.) атты Жолдауларындағы Мәңгілік Ел ұлттық идеясын қалыптастыру туралы ой отандық саясаткерлер, философтар, тарихшылар ортасында кеңінен қолдау тапты.

Мәңгілік Ел идеясы біздің көне түркілік дүниетанымымызды, болмысымызды, көшпенділер өркениетінің негіздерін замана талабына сәйкес қайта жаңғыртудың, елімізді алдыңғы қатарлы қуатты мемлекеттер қатарына жеткізудің идеялық кепілі болып табылады. Нақтырақ айтқанда ол қазақ елінің жарқын болашағын білдіре отырып, Қазақстанның дамыған елдермен терезе теңестіруіне жол ашатын, халықты ортақ мақсат - мәңгілік ел болуға жұмылдыратын идея. Мәңгілік Ел - ұлттық бірлік пен бейбітшілікті, экономиканы нығайту,халықты әлеуметтік қорғау, ұлттық қауіпсіздік, мәдениеттің, тілдің дамуы, патриоттық, отаншылдық сезімнің күшеюі негізге алынатын Қазақстан жолының жаңа кезеңі.

Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні - мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті.Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. Мәңгілік ел ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.

Мәңгілік Ел ұлттық идеясының басты, негізгі іргетасы бірлік екенін ұмытпағанымыз абзал. Бірлік - ол елдің рухани бірлігі, халықтың мәдени, тілдік, ділдік, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТАМЫЗ ТӨҢКЕРІЛІСІ ЖӘНЕ ТОЛҒАҒЫ ЖЕТКЕН МӘСЕЛЕЛЕР
Жаңа өзендегі оқиғалар
Қазақстан Тәуелсіздік жолында
Қазақстанның қазіргі заман тарихынан материалдар
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері
«Ресей және кеңес мемлекетінің тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Кеңес өкіметінің Алаш автономиясын жоюы
. Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері
Қазақ ауылын кеңестендіру
Пәндер