Кәсіпкерлікті қызметті қаржыландыру


Реферат
Кәсіпкерлікті қызметті қаржыландыру
Орындаған: Әшімбай Аружан
Тексерген: Б. Ж. Темирболато
Қаржыландыру деп акшалай қаражаттардың қалыптасу үрдісін немесе кең мағынада - капиталдың барлық түрлерінің қалыптасу үрдісін айтады. Қаржыландыру түсінігі инвестициялау түсінігімен тығыз байланысты. Егерде қаржыландыру - бұл ақша қаражаттарының қалыптасуы болса, инвестициялау - бұл оларды пайдалану. Екі түсінік өзара байланысты, бірақ та бірінші екіншісін туындатады: қаржыландыру көздері болмай, қандай да бір инвестицияларды жоспарлауға болмайды. Сонымен қатар, кәсіпорынның қаржы ресурстарының қалыптасуы әдетте оларды пайдалану жоспарын ескере отырып жүргізеді. Кез келген кәсіпорын экономикалық жүйенің элементі болып табылады және кәсіпкерлік қызмет бойынша серіктестермен, әр түрлі деңгейдегі бюджеттермен, капитал иелерімен және басқа да субъектілерімен белгілі бір қарым-қатынастарға түседі. Қаржылық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалану үрдісінде кәсіпорында нарықтың басқа субъектілерімен қаржылық қатынасар пайда болды. Дәл осы қатынастар кәсіпорынның қаржысының менің құрайды. Кәсіпорының өзін-өзі қаржыландыру деңгейі тек оның ішкі мүмкіндіктеріне ғана емес, сонымен қатар сыртқы ортасына да байланысты. Негізінде, кәсіпкерлік ұйымдардың қызметін қаржыландыру негізгі ішкі көздері пайда мен амортизациялық аударымдар болып табылады. Кәсіпорын пайдасы оның шекті нәтижесі болып өндірістік қызмет үрдісінің барысында қалыптасады. Бәсеке жағдайда еңбек ұжымы пайданың өсуіне мүдделі болып табылады. Өйткені ол өндірістің өсуінің, сәйкесінше кәсіпорын қызметінің әл- ауқатының жақсару көзі болып табылады. Бірақ, кәсіпорының мұндай көз ретінде жалпы табыс емес, тек оның бюджетке барлық салықтар мен төлемдерді төлеп болғанан кейінгі таза пайдасы болып табылады. Ол резервтік қорды, жинақтау және тұтыну қорларын қалыптастыру үшін қолданылады. Қазақстанда капитал мен еңбек, өндіріс құралдар нарығының және нарықтық баға белгілеудің қалыптасуы барысында кәсіпорындардағы қаржыландыру басқару механизмі түбегейлі өзгеруде. Нарықтық экономикаға бейімделген әдістерді ескере отырып, қаржылық ресурстарды тиімді басқаруды ұйымдастыру қаржы менеджементі шегінде жүзеге асырылады. Нарықтық экономика жағдайда қаржы ресурстарының сыртқы көздерінің мәні арттыруда. Олардың ішінде жаңа түрлері пайда болуда, оларды қалыптастыру құрылымы өзгеруде. Сыртқы қаржыландыру мемлекеттің, қаржы несие ұйымдарының, қаржылық емес ұйымдардың және азаматтардың қаражаттарын қолдануды қарастырады. Сонымен қатар, ол кәсіпорын құрылтайшыларының ақшалай қаражаттарын қолдану қарастырады. Қажетті қаржылық ресурстарды осы әдіспен тарту ең қолайлысы болып табылады. Өйткені ол кәсіпорындарының қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді кейiнен банктік несиелерді алу шарттарын жеңілдетеді. Нарықтық экономика жағдайда кәсіпорының өндірістік-шаруашылық қызметті қарыздық қаражаттарды пайдаланбай жүргізу мүмкін емес, оған мыналар жатады: банк несиелері, коммерциялық несиелер, яғни басқа ұйымдардың қарыздық қаражаттары, кәсіпорын акциялары мен облигацияларын шығарудан және сатудан түскен қаражаттар қайтарымды негіздегі бюджеттік қаржы және т. б. Кәсіпорындардың тұрақты қызмет етуіне қажетті қаржыларды басқаруды ұйымдастыруды жаңа әдістерді пайдаланусыз мүмкін емес. Кәсіпкерліктік тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарының бір фирмашылық қаржылық жоспарлау мен бақылауды жетілдіру болып табылады. Қаржылық жоспарлаудың басты мақсаты кәсіпорындарының өзінің қарыздық және қор нарығының көздерінен тартылған ақшалай ағымдардың шамасын болжау негізінде қаржылық ресурстардың, капиталдың және резервтің мүмкін болатын көлемін анықтау болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау, басқару функциясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметінің жалпыға бірдей, барлық жақтарын қамтитың түрі болуы керек. Егер де жоспарлы экономикада қаржыларды жоспарлауда бөлу үрдістеріне көп көңіл бөлінсе, нарықтық экономика айырбас аясына көп көңіл бөледі. Бұл жағдайда ол арқылы тауарларды сату мен қызмет көрсету кезіндегі жұмсалған қажетті шығындар ескеріледі.
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру.
Кәсіпорының қаржылық ресурстары және қалыптастыру көздері.
Кәсіпкерлік ұйымдарды қаржыландыру - бұл жай және ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржылық қамтамасыз етіу шарттары мен қағидаларының, нысандары мен әдістерінің жиынтығы. Кәсіпорынды қаржыландыру көздерін таңдау барысында келесідей бес негізді міндеттерді шешу қажет:
1. қысқа және ұзақ мерзімді капиталға деген қажеттілікті анықтау қажеттілікті анықтау керек,
2. оңтайлы құрылымын анықтау мақсатында қаражаттардың активтері мен пассивтерінің құрамын анықтау керек;
3. кәсіпорынның тұрақты төлем қабілеттілігін және сәйкесінше қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету керек,
4. максималды пайда әкелетін кәсіпорының өз және қарыз қаражаттарын пайдалану керек;
5. шаруышылық қызметті қаржыландыруға деген шығындарды төмендету керек.
Кәсіпорын қаржылары оның өндірістік-шаруашылық қызметті барысында пайда болатын және оның қаржылық ресурстарын қалыптастыру және бөлумен байланысты ақшалай қатынастарды сипаттайды. Қаржылық қатынастар құрамында кәсіпорының ақшалай қатынастарының келесідей топтарын бөліп көрсетеді:
- контрагенттермен - бастапқы табыстар қалыптастыру және шаруашылық
ішіндегі мақсатты қорлалды құру және қолдану бойынша - ұйымдар мен кәсіпорындармен - қаржыларды бөлу бойынша, бұл жағдайда қаржылық ресурстардың қозғалысы қор сипатында емес түрде жүзеге асырылады; - өнім тұтынушыларымен - кәсіпорындар олармен байланысқа түсе отырып
келісімшарттардың түрлері мен нысандарын өзі таңдайды. Міндеттерді орындау шарттары мен санкцияларды пайдалану тәртібін өздері анықтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz