Шернияз Жарылғасұлының шығармашылық мұрасы


Орындаған: Абат Үміт Ақниетқызы ҚБ-29
Тексерген: Шакирова Катира Мирамовна
Шернияз Жарылғасұлының шығармашылық мұрасы
Шернияз Жарылғасүлы (1806 - 1867) - халық ақыны. Шернияз Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жарыпшыққан бойын мекендеген кете елінен. Ол жас шағынан ел өмірін, халық тұрмысын жақсы біліп, олардың мұң-мұқтажын жете түсінген. Кіші жүз қазақтарының Исатай, Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысып, оның жалынды жыршыларының бірі болған. Ақын көтеріліс басталысымен 1836 жылы Бөкей хандығына келіп Исатайға қосылады, ұзамай оның ең жақын достарының біріне айналады. Көтерілісшілер жеңіліске ұшыраған соң, Шернияз қуғындалды және оған қатаң бақылау қойылды. Осыдан кейін ол Баймағамбет сұлтанның қол астынан пана тауып, қалған ғұмырын осында өткізді.
Шернияз жырларында көтеріліс тақырыбы басты орын алады. Ақын көтеріліс жеңіліске ұшырап, оның басшысы Исатай мерт болса да, азаттық, бостандық тақырыбын асқақ үнмен жырлаған. Сол арқылы Исатайдың батырлық бейнесін жасаған: “Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас”, “Ақ алмас алтын сапты, қылышым-ай”, “Исатай ел еркесі, ел серкесі”, т. б. жырларын шығарды.
Шернияздың “Ай, Қазы би, Қазы би”, “Тостағанды қолға алып”, “Ай жігіттер”, “Сөз сөйлеймін бөлмелеп”, “Көл қылып құдайым талай судай ағын”, т. б. өлеңдерінде өзі өмір сүрген қоғамның әділетсіздігі, өмірдің өзгермелілігі мен оның мән-мағынасы үлкен ой елегінен өткізіле жырланады.
«Шернияздың Баймағамбет сұлтанға айтқаны» көркемдігі аса жоғары туынды болып саналады. Жалпы Шернияз поэзиясы мазмұндық сипатымен, стильдік айқындығымен, көркемдік бейнелеу нақыштарының шеберлігімен ерекшеленеді. Ол:
Қолыңда ханзаданың қасқа қылыш,
//Түсесің қаһарлансаң тасқа қылыш.
//Сабының хан ұстаған тұтамы алтын,
//Жарқылдап хан ойланбай аспа, қылыш.
//Қалмақтан хан өтіпті Қалдансері,
//Ол-дағы билеп өткен тамам елін.
//Жеті атақ жеті түптен бері қарай//
Орнаған қыдыр төніп, есіл бегім!
//Дұшпанын табанында жүн қып түтіп,
// Қор қылған егескенін атаң сенің.
// Жарлықты «жаманда» деп қылғаннан соң,
//Тұтып ем өзіңді арқа өзім менің
деуі арқылы ақын көп шындықтың бетін ашады.
Шернияз Жарылғасұлы халық ақындарының әдіс-тәсілдерін берік сақтайды, бірақ оның өзіне тән, ақындық бейнесін көрсететін ерекшелігі де жоқ емес. Оның өз кезіндегі, не өзінен бұрынғы ақындардан айрықша бір ерекшелігі - оның өмір құбылысын суреттеуде қолданылатын поэтикалық тілінде. Ақын өлеңдерінде тамаша теңеу, метафора секілді поэтикалық тілдің әр түрі кездеседі.
«Шаншатұғын найзадай,
Қылтың еткен жиырма бес.
Шабатұғын қылыштай,
Жылтың еткен жиырма бес» . . .
. . . «Исатай ділмар еді топтан озған,
Нар еді бәйтерекке мойнын созған.
Исатай - ел еркесі, ел серкесі»,
- деген үзінділердегі образдар ақынның терең сезімін ерекше аңғартады. Сонымен қатар Шернияз - юморист ақын. Сондықтан оның поэтикалық тілінде, сөздігінде ирония, сарказмдар жиі ұшырайды. Ал өлең құрылысы жағына келетін болсақ, дағдылы 11 буынды не жеті буынды немесе сегіз буын аралас келетін жыр ағымы. Өлеңдерінде қара өлең ұйқасы, ерікті, терме өлеңдерінде көп кездесетін кезекті ұйқас жиі ұшырасады.
Шернияз - көзі тірісінде өлгеннен кейін де халыққа аты көп жайылған, даңқты, атақты ақынның бірі. Оның сөздері халыққа ерте күннен мәлім. Өзі өлім мен өмірдің шекарасында тұрса да, бас кетеді деп тіл тартпай, Баймағамбеттің жауыздығын әшкерелеу арқылы басқа да хан, сұлтандардың халыққа жасаған зорлық, зомбылықтарын терең толғап суреттейді. Мұндай жерде ақын әрдайым Баймағамбетке Исатайды қарама-қарсы қою әдісін қолданып, бірінің елге деген достығын, екіншісінің елге деген қастық, жауыздығын айқындайды.
Шернияздың өзі де шаруалар ортасынан шықты және шаруалар көтерілісіне белсене қатысушының бірі болды. Арман еткен мақсаты да шаруалардың тілек-мүддесіне сәйкес, сол шеңберде қалды. Ақын өмір шындығын өзінің арман еткен, белсене қатысқан шаруа табының тұрғысынан қарап таниды да, сол тұрғыдан суреттейді. Шернияз өлеңінің негізгі көпшілігі Исатай сықылды халық қамқоры бол-ған ерлерді дәріптейді.
Жалпы Шернияз поэзиясы мазмұндық сипатымен, стильдік айқындығымен, көркемдік бейнелеу нақыштарының шеберлігімен ерекшеленеді. Шернияз өлеңдерінің үш нұсқасы (Алыш ақын, Мәшһүр Жүсіп, Омарбек нұсқалары) бар. Шығармалары 1925 жылы Мәскеуде, Ташкентте (Ілияс Жансүгіров жариялауында) жарық көруінен бастап, әр кездерде шыққан орта мектептерге арналған хрестоматияларда, «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары», «Айтыс» жинақтарында басылған. Қазіргі таңда ақын өлеңдері халық арасына кең таралған және мектептер мен жоғары оқу орындарында оқытылады. Шернияз Жарылғасұлының шығармашылығы мен оның қоғамға сіңірген еңбегі өскелең ұрпаққа рухани дем береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz