Қытай тіліндегі құрмалас сөйлемдердің құрылымдық ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Тема статьи-

“Қытай тіліндегі құрмалас сөйлемдердің құрылымдық ерекшеліктері”

1. 2. Қытай тіліндегі құрмалас сөйлемдердің түрлері жене олардың өзіндік ерекшеліктері

Мағыналық жағынан өзара тығыз байланысты, құрылымдық жағынан бірін-бірі қамтымайтын екі не одан да көп жай сөйлемдерден құралған тілдік бірлік құрмалас сөйлем деп аталады. Құрмалас сөйлемді құраған жай сөйлемдердің арасындағы логикалық-мағыналық байланыстарға, жай сөйлемдердің орналасу ретіне, жай сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулықтарға негізделе отырып, қытай тіліндегі құрмалас сөйлемдерді салалас және сабақтас құрмалас сөйлем деп екі үлкен түрге бөлуге болады. Қытай тілінің дәстүрлі грамматикасы бойынша осылай бөлінген. Дегенмен құрмалас сөйлемдерді қытай тілінде салалас, сабақтас деп бөлу көбінде ондағы жай сөйлемдердің мағыналық ерекшелігіне ғана негізделіп бөлінген деуге болады. Өйткені қытай тілінде морфологиялық өзгеріс жоқтың қасы, сондықтан, құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің басыңқы-бағыныңқылығы тұлғалық жақтан қазақ тіліндегідей айқын көрінбейді. Қытай тіліндегі «жалғаулықтар» делініп отырған сөздер де қазақ тіліндегідей түрленетін немесе түрлендіруші қосымшалар емес, олар да түрленбейтін сөз түрінде тұрып сөйлемдерді байланыстыру рөлін атқарады. Екінші бір жағынан кейінгі кездері қытай тіл мамандары құрмалас сөйлемдерді салалас, сабақтас деп бөлмей, құрмалас сөйлемдерді жалпы он түрге бөлуді ортаға қойып жүр. Мысалы, ЖауЖиңминь қатарлы ғалымдар жазған «Қазіргі қытай тілі туралы жалпы шолу» деп аталатын көлемді зерттеу еңбегінде құрмалас сөйлемдер салалас, сабақтас деп бөлінбей, жалпы он түрге бөлінетіндігі көрсетілген. Оның үстіне Сабақтас құрмалас сөйлемдердің ішкі бөлісінде де қазірге дейін бір ізділік жоқ. Мысалы, Луо Ань юуань жазған «Қазіргі қытай тілінің қысқаша грамматикасы»[1] еңбегінде сабақтас құрмалас сөйлемнің «болжалдық» түріне жататын 即使 . . . 也 жалғаулығымен жасалған үлгісі өз алдына 让步复句 деген түрге жатқызылған. Тіпті кейбір зерттеу еңбектерінде, мысалы, ЛуФубо жазған «Қытай тілінің практикалық грамматикасында»[2] қытай тіліндегі түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем түрі атымен кіргізілмеген. Біз диплом жұмысымызда дәстүрлі грамматикадағы құрмалас сөйлемнің түрлерін негізге алдық.

Салалас құрмалас сөйлемдер

Салалас құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдер арасында басыңқы-бағыныңқылық байланыс болмайды. Әр жай сөйлем бір-бірімен тең дәрежеде салаласа байланысады. Қытай тілінде салалас құрмалас сөйлемдердің төмендегідей бірнеше түрі бар.

1. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем(并列复句)

Екі не одан да көп жай сөйлемдер салаласа келіп өзара байланысты бірнеше істі білдіреді немесе бір-бірімен байланысты бірнеше түрлі жағдайды түсіндіреді, жай сөйлемдер орны жағынан тең тұратындықтан, әдетте оларды ілгерінді-кейінді алмастырып қолдануға да болады. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер арасындағы байланысты төмендегідей үш жаққа жинақтауға болады:

1. Бір-бірімен қатысты бірнеше жағдайдың бір уақытта болып жатқандығы баяндалады. Мысалы:

这些手编工艺品一些用来做礼品送人,一些拿到宫外的市场上换取日用品。

2. Қатар жүріліп жатқан іс-қимылдың бір уақытта туылғандығын білдіреді. Мысалы:

外面下着小雨,咖啡屋里很冷清。

3. Бір-біріне қарсы немесе қайшы екі жағдайды білдіреді. Мысалы:

新员工希望老员工“指导”,而不是“指指点点”。

Үнемі қолданылатын жалғаулықтары жеке және қосарланып қолданылатын жалғаулықтар болып бөлінеді. Жеке қолданылатындары: 也、又、还,同样、同时 т. б.

Қосарланып қолданылатын жалғаулықтар: 也……,也……;又……,又……;既……,又……;一来……,二来……;

一边……,一边……;一面……,一面……;有时……,有时……;

一会儿……,一会儿……;不是……,而是……;是……,不是……;

2. Ұласпалы салалас құрмалас сөйлем (连贯复)

Құрмалас сөйлемді құраған жай сөйлемдер іркес-тіркес туылған қимыл-әрекетті немесе бір-бірімен байланысты оқиғаларды мәлім тәртіп бойынша баяндайды. Мұнда жай сөйлемдер ретіне қарай мәлім тәртіппен орналасатындықтан, олардың орын тәртібін өзгертуге болмайды. Ұласпалы байланыстағы жай сөйлемдердің бастауыш мүшесі бірдей болуы да әр түрлі болуы да мүмкін. Құрамындағы жай сөйлемдердің бастауышы бірдей болатын ұласпалы құрмалас сөйлемдер, мысалы:

我先学习一会儿,然后上街买东西。

我先去找他,再去吃饭。

Құрамындағы жай сөйлемдердің бастауышы әртүрлі құрмалас сөйлемдер:

他一教,大家就会了。

汽车鸣了两声喇叭,门就自动打开了。

Жеке-дара қолданылатын жалғаулықтар: 就、便、于是、后来、接着、跟着。

Қосарланып қолданылатын жалғаулықтар: 一……,就……; 刚……,就(便)……;首先……,然后……;开始……,接着……。

3. Сатылы салалас құрмалас сөйлем (递进复句)

Сатылы салалас екі жай сөйлемнен құралады да, алдыңғы сөйлемде айтылған ой кейінгі сөйлемде одан ары ілгерілей, күшейтіле түсіндіріледі.

Сатылы байланыстың тиіптік түрі ретінде不但……,而且 . . . формасын атауға болады. Сатылы байланысты білдіретін жалғаулықтарды қолданғанда төмендегідей істерге көңіл бөлген жөн:

1. Сатылы байланысты білдіретін жалғаулықтардың 不但 секілді алдыңғы бөлігін қолданбауға болады, бірақ, сатылы байланысты анық бейнелеу үшін而且、并且、甚至 сияқты соңғы бөліктері міндетті түрде қолданылуы керек. Мысалы:

他不顾一切地工作,甚至不吃不喝。

我知道,而且还很清楚。

2. Егер сатылы байланыс екіден артық көп сатылы болса, онда

不但 . . . 而且 . . . 甚至 . . . формасы арқылы бейнеленеді Мысалы:

,而且有附近街区的居民,甚至京津地区也有驱车前来采购的。

3. Сатылы құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдерді болымсыз формамен қолдануға болады. Әдетте мұндай фолымсыз форма 不但不(没) . . . ,而且不(没)құрылымы арқылы білдіріледі. Мысалы:

他不但不再捕猎动物,还不许人随便进山砍树。

4. Кейбір сатылы байланыстағы құрмалас сөйлемдердегі алдыңғы жай сөйлем болымды, соңғы жай сөйлем болымды түрде қолданылады. Мұндай мағынаны әдетте 不但不 . . . 反而(反倒) . . . құрылымы арқылы бейнелеуге болады. Мысалы:

他不但不听父母的话,反倒顶起嘴来。

风不但没停,反而更大了。

5. Кейбір сатылы құрмалас сөйлемдердің алдыңғы жай сөйлемінде бір жағдай ортаға қойылады да, кейінгі жай сөйлемде қайталай сұрау формасы арқылы алдыңғы сөйлемдегі ой ары қарай таратылып, сатылы баяндалады. Мұндай байланыс түрі әдетте 尚且 . . . ,何况 . . . құрылымы арқылы бейнеленеді. Мысалы:

这么冷的天气,大人尚且受不住,何况是孩子。

老人尚且有那么大的干劲,何况我们青年呢。

Сатылы байланысты білдіретін жеке қолдануға болатын жалғаулықтар:

而且、并且、何况、况且、甚至。

Қосарланып қолданылатын жалғаулықтар:

不但(不仅、不只、不光)……,而且(还、也、又)……;

尚且……,何况(更不用说、还)……;别说(慢说、不要说)……,连(就是)…。

4. Талғаулықты салалас құрмалас сөйлем (选择复句)

Құрмалас сөйлемді құрайтын жай сөйлемдер бірнеше түрлі іс-қимылды айырым-айырым баяндап, олардың ішінен біреуін талдауды білдіреді.

Талғаулықты құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдер арасындағы талғау байланысын төмендегідей бірнеше жаққа жинақтауға болады:

1. Талғау мәні айқын форма. Яғни, 宁可……,也不…… құрылымы арқылы алдыңғы жай сөйлемде айтылған мазмұн талданады, 与其……,不如…… құрылымы арқылы соңғы жай сөйлемде айтылған ой талданады. Мысалы:

我宁可走着去,也不坐公交去。

与其老麻烦别人,不如自己做。

2. Талғанатын мазмұн айқын болмайтын форма. Мұнда талғанатын бірнеше мазмұн қатар баяндалады да, қайсысын талдау ерікті күйде көрсетіледі. Бұл негізінен 或者(或、或是)……,或者(或、或是)……;是……,还是……;要么(要就是)……,要么(要就是) құрылымдары арқылы бейнеленеді. Мысалы.

或者你到我这儿来,或者我到你那儿去。

他是忘了,还是故意不来?

要么你去,要么我去,要么我们俩都去。

3. Талғанатын мазмұндардың бірі сөзсіз болатындығын білдіретін форма. Бұл әдетте 不是……,就是……құрылымы арқылы бейнеленеді. Мысалы:

这件事不是你做的,就是他做的。

今天没来上课的,不是生病了,就是有事。

Талғаулықты құрмалас сөйлемдерде үнемі қолданылатын жалғаулықтар:

或者(或、或是)……,或者(或、或是)……;是……,还是……;

不是……,就是……;要么(要就是)……,要么(要就是);

与其……,不如……;宁可……,也不……。

5. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем (解说复句)

Құрмалас сөйлемді құраған жай сөйлемдер арасында түсіндіру я баяндау я жинақтау байланысы болады. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем әдетте құрамындағы жай сөйлемдердің орналасу реті мен мағынасына қарай анықталады, жай сөйлемдер жалғаулықсыз байланысады. Ондағы жай сөйлемдердің кейде соңғысы алдыңғысын түсіндірсе, кейде тұтас құрмалас сөйлем арқылы білдірілетін ой алдымен жалпылай айтылып, онан соң айырым-айырым түсіндіріледі, кейде алдымен жеке-жеке түсіндіріліп, онан соң жинақталып көрсетіледі. Мысалы:

1)地球围绕太阳转,这是小学生都知道的常识。

2)历史上的战争分为两类,一类是正义的,一类是非正义的。

3)你瞧不起我,我瞧不起你,这是一种很坏的作风。

Сабақтас құрмалас сөйлемдер

Сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдер арасындағы грамматикалық байланыстар бірдей болмайды. Олардың бірі негізгі яғни, басыңқы орында, екіншісі оған бағыныңқы күйде болады. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің қытай тілінде төмендегідей бес түрі бар:

1. Себеп-салдарлы сабақтас құрмалас сөйлем (因果复句)

Алдыңғы бөлімінде іс-әрекеттің себебі айтылып, соңғы бөлімінде оның салдары (нәтижесі) көрсетілетін сөйлем себеп-салдарлы құрмалас сөйлем деп аталады.

Себеп-салдар байланысындағы құрмалас сөйлемдер екі түрлі болады.

1. Түсіндірмелі себеп-салдар құрмалас сөйлем. Мұнда алдыңғы сөйлемде нақты бір факт себеп ретінде келтіріледі де, соңғы сөйлемде осыдан шығатын табиғи нәтижені көрсетеді. Түсіндірмелі себеп-салдар әдетте 因为……,所以……құрылымы арқылы бейнеленеді. Мысалы:

因为昨天他病了,所以没去上课。

因为他临时有事,所以提前去了。

Кейде жоғарыдағы жалғаулықтардың орны алмасып қолданылу арқылы айтылатын ой күшейтіліп көрсетіледі. Мысалы:

他之所以成绩好,是因为一直都很努力。

大家之所以感到满意,是因为事情办得很顺利。

2. Байымдау сипатындағы құрмалас сөйлем. Мұнда алдыңғы жай сөйлемде нақты бір себеп айтылады да, кейінгі сөйлемде осы себеп негізге алына отырып тұжырым жасалады. Себеп-салдардың бұл түрі әдетте 既然(既)……,那么(就)……құрылымы арқылы бейнеленеді. Мысалы:

既然知道做错了,就应当赶快纠正。

既然她不喜欢,你就别买了。

Үнемі қолданылатын жалғаулықтар:

因为……,所以……;之所以……,是因为……;

既然(既)……,那么(就)……。

2. Шартты сабақтас құрмалас сөйлем (条件复句)

Алдыңғы бөлімінде мәлім шарт айтылады да, соңғы бөлімінде осы шарт негізінде туылған нәтиже түсіндіріледі. Шартты құрмалас сөйлемнің екі түрі бар.

1. Арнаулы шартты құрмалас сөйлем. Арнаулы шартты құрмалас сөйлем өз ішінен тағы толық шартты және қажетті шартты құрмалас болып екіге бөлінеді. Толық шартты құрмалас只要……,就…… құрылымы арқылы жүзеге асады. Мұнда алдыңғы жай сөйлемде толық шарт айтылады да, осы шарт қанағаттандырылса, соңғы сөйлемде айтылған нәтиже іске асатындығы баяндалады. Жай сөйлемдер арасында «толық шартнәтиже» байланысы болады.

Мысалы:

只要努力,就一定能学好汉语。

只要按时吃药,你这病就好了。

Қажетті шартты құрмалас сөйлем 只有…,才…, 除非 . . . ,才 . . .

除非 . . . ,否则(不然) . . . құрылымдары арқылы бейнеленеді. Мұнда алдыңғы сөйлемде қажетті шарт айтылады да, осы шарт қанағаттандырылмаса, соңғы сөйлемде айтылған нәтиже іске аспайтындығы баяндалады. Жай сөйлемдер арасында «қажетті шартнәтиже» байланысы болады. Мысалы:

只有努力学习,才不辜负父母的希望。

只有深入实际,才能真正了解情况。

除非是到了春天,你才能看到这种报春花。

除非他承认错误,否则我不会原谅他。. .

2. Жалпылық шартты құрмалас сөйлем. Жалпылық шартты құрмалас сөйлем 无论(不管)……,都(也)…… түріндегі жалғаулық құрылымымен бейнеленеді. Мұнда алдыңғы жай сөйлемде мәлім бір көлемдегі жалпылық шарт ортаға қойылады да, соңғы жай сөйлемде осы шарттардың барлығына ұқсас бір нәтиже болатындығы баяндалады. Жай сөйлемдер арасында «барлық шарттарнәтиже» байланысы болады. Мысалы:

无论春夏秋冬,那里的气候都很好。

不管我们谁有困难,他都热情帮助。

Шартты құрмалас сөйлемдерде үнемі қолданылатын жалғаулықтар:

只要……,就……;只有……,才……;除非……,才……;

无论(不论、不管、任、任凭)……,都(总、总是、也)……。

3. Қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлем (转折复句)

Қарсылықты құрмалас сөйлемнің соңғы бөлімінің мағынасы алдыңғы бөлімінің мағынасына қарама-қарсы айтылады. Мысалы:

1) 虽然明知去了要吃苦,可她却偏要迎着苦头去。

2) 天气虽然这么冷,但我身上还在出汗呢。

3) 尽管他住得比较远,然而却来得最早。

Қарсылықты мағынаның ауыр-жеңілдігіне қарай қарсылықты құрмалас сөйлемдер күшейтпелі қарсылықты және жеңіл қарсылықты құрмалас сөйлем болып екіге бөлінеді. Күшейтпелі қарсылықты құрмалас сөйлемдерде алдыңғы және кейінгі жай сөйлемдер арасындағы мағыналық қарсылық айқын бейнеленеді Бұл көбінде қосарланған жалғаулық құрылымдары арқылы көрініс табады. 虽然……,但是 түріндегі жоғарыда келтірілген мысалдар осы күшейтпелі қарсылықты сөйлемдерге жатады.

Жеңіл қарсылықты құрмаластарда жай сөйлемдер арасындағы қарсылықты мән солғын бейнеленеді. Және алдыңғы жай сөйлемде жалғаулық қолданылмайды да, соңғы жай сөйлемде ғана 但是、可是、却、而 секілді жалғаулықтар қолданылады. Мысалы:

1) 他这样做,无非是想给你一个好印象罢了。

2) 他心里有数,不过不想说罢了。

3) 他不是不能做,只是不想做罢了。

4) 这个想法好是好,可是他会同意吗?

5) 他来是来了,不过很快就走了。

Қарсылықты құрмалас сөйлемдерде үнемі қолданылатын жалғаулықтар:

Қосарланып қолданылатын жалғаулықтар:

虽然(虽、尽管)……,但是(但、可是、却、而)……;

Жеке қолданылатын жалғаулықтар:

但是(但)、然而、可是(可)、却、只是、不过、倒。

4. Болжалдық сабақтас құрмалас сөйлем (假设复句)

Алдыңғы бөлімінде болжай айтылған мәлім бір іс хабарланады да, соңғы бөлімінде осы болжамнан туылған нәтиже түсіндіріледі. Мысалы:

1) 如果你愿意,我就陪你去白云山看看。

2) 如果你有时间,就去那儿看看吧。

3) 如果生活上有什么困难,就跟我说一声。

Болжалдық құрмалас сөйлемдерді оның құрамындағы жай сөйлемдер арасындағы байланыс сипатына қарай болжалдық шартты және болжалдық қарсылықты құрмалас деп екіге бөлуге болады.

1. Болжалдық шартты құрмалас.

Болжалдық шартты байланыстың тиіптік формасы ретінде 如果……,就 . . . құрылымын атауға болады. Мұнда алдыңғы жай сөйлемде болжалдық шарт ортаға қойылады да, кейінгі жай сөйлемде осы болжалдық шарт қанағаттандырылғанда туылатын нәтиже баяндалады. Жай сөйлемдер арасында «болжалдық шарт---нәтиже» байланысы болады. Мысалы:

我们要是没有金刚钻,也就不会揽这个瓷器活儿了。

Кейбір болжалдық құрмаластардың алдыңғы бөлімінде болжал ортаға қойылады да, соңғы бөлімінде осы болжалды іске асырудың шаралыры, әдіс-тәсілдері баяндалады. Мысалы:

假如你想见到我,请到青年突击队来。

一个企业若要生存发展,必须拥有自己的拳头产品。

2. Болжалдық қарсылықты құрмалас. Мұнда алдыңғы жай сөйлемде мәлім болжал ортаға қойылады да, соңғы сөйлемде осы болжалға қарсы байымдау жүргізіледі. Жай сөйлемдер арасында «болжалқарсылықты» байланыс болады. Мұндай байланыс

即使……,也…… түріндегі жалғаулықтар арқылы жүзеге асады. Мысалы:

1) 明天即使下雨,我也要去。

2) 即使考了八级,也要继续努力。

3) 今天再累,我也要把工作做完。

Болжалдық құрмалас сөйлемдерде үнемі қолданылатын жалғаулықтар:

如果(假如、倘若、若、要是、要)……,就(那么、那、便)……;

即使(就是、就算、纵然、哪怕)……,也(还)……;再……,也……。

5. Мақсатты сабақтас құрмалас сөйлем (目的复句)

Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемнің бірінде мақсат айтылады да, келесісінде осы мақсатқа жету үшін орындалған іс-қимыл көрсетіледі.

Алдыңғы жай сөйлем мақсатты білдіргенде көбінде“为了”жалғаулығы қолданылады. Мысалы:

后来为了减轻母亲的经济负担,田汉考入了不收费的长沙师范学校。

Соңғы жай сөйлем мақсатты білдіргенде“以便”“借以”“旨在”“好”жалғаулықтары қолданылады. Мысалы:

母亲随即搬到南京,以便时常去探望、鼓励他。

“以免”“省的”жалғаулықтары да соңғы жай сөйлемде қолданылады, бірақ олар мәлім бір күтпеген істің туылуынан сақтануды білдіреді. Мысалы:

1)我把发动机重新检查了一遍,以免中途发生故障。

2)你早一点回来,免得你妈担心。

Көп қабатты құрмалас сөйлемдерді талдауда көңіл бөлетін мәселелер.

1. Көп қабатты құрмалас сөйлемдер көлемі жағынан өте үлкен келеді. Сондықтан, ондағы жай сөйлемдер арасындағы құрылымдық қабаттық байланыстарды анық тани білу үшін әр жай сөйлемнің арасына A B C D E әріптерін қойып белгілеп отыру қажет.

2. Егер жай сөйлемдерді байланыстырып тұрған жалғаулықтар аз болып, олардың арасындағы байланыс түрін анықтау қиын болса, сөйлемнің бастапқы мағынасын өзгертпеу шарты астында ойша жалғаулық қойып, сөйлемдер арасындағы байланыс түрін анықтауға болады.

3. Қабаттарға бөлу көп қабатты сөйлемдерді талдаудағы ең қиын түйіндердің бірі, сондықтан, талдау барысында оған төмендегідей екі түрлі әдісті қолдануға болады. Бірінші, бөліп талдау әдісі. Мұнда талданатын көп қабатты құрмалас сөйлем алдымен екі бөлікке бөлінеді. Егер осы бөлінген бөліктер жай сөйлем болса, ары қарай бөлудің қажеті болмайды. Егер бөлініп алынған бөліктер тағы да құрмалас сөйлем түрінде болса, ары қарай тағы да бөлінеді. Мысалы:

A B C D E F

A B C D E F

A B C D E F

A B C D E F

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қытай тілі грамматикасындағы қытай тілінің сөз жасам тәсілі
Қазақ тіліндегі шарт қатынасындағы құрмаластық құрылымдардың функционалдық-семантикалық табиғаты
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас
Түпнұсқа тілі мен аударма тілінің грамматикалық және лексикалық мәні және қоғамдағы рөлі
Сөйлемдердің түрлі грамматикалық құрылымдарда жасалу және қалыптасу ерекшеліктері
Құрмалас сөйлемнің ғылым ретінде даму, қалыптасу жолы
Мезгіл мəнді құрмалас сөйлемдер
Түсіндірмелі салалас сөйлем құрмалас сөйлемнің бір түрі ретінде
Т.ҚОРДАБАЕВ және ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ МӘСЕЛЕСІ
Есімше тұлғаларыy барлық тіл деңгейлері тұрғысынан қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz