ТҮРКІ ЖАЗБАЛАРЫНДАҒЫ САН ЕСІМДЕР



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ТҮРКІ ЖАЗБАЛАРЫНДАҒЫ САН ЕСІМДЕР
Сералина Жанна Кайратденовна
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Халықаралық қатынастар факультеті
Түркітану кафедрасының магистранты,
Нұр-Сұлтан, Қазақстан
Е-mail: zhanna.seralina@gmail.com

Косыбаев Мирас Махмедунулы
PhD, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
Нұр-Сұлтан, Қазақстан

АННОТАЦИЯ
Мақала Қазіргі қазақ және өзбек тілдеріндегі сан есімдердің семантикалық ерекшеліктері тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысы барысында жазылды. Жұмыста түркі жазбаларындағы сан есімдердің семантика-морфологиялық ерекшеліктері қарастырылып, М.Қашғаридың Диуани лұғат-ит-түрк сөздігі, Кодекс Куманикус пен Төре бітігі армян-қыпшақ ескерткішіндегі сан есімдер қолданысының түрлері мысал ретінде алынды.
Тірек сөздер: сан есімдер, есептік, реттік, бөлшектік, семантика.

Заттың санын, мөлшерін, ретін, бөлшегін білдіретін сөздер тобы тіл білімінде сан есімдер деп аталады. Сан есімдердің басқа сөз табынан ерекшелігі - зат есіммен тіркесіп, заттың сандық сипатын анықтайды; зат есімсіз қолданылып сандық атауды білдіреді; етістіктермен тіркесіп іс-әрекет пен қимылдың сандық сапасын сипаттайды; сан есімдер басқа сөз таптарынан жасалмайды [2, 434].
Түркі жазба ескерткіштеріндегі сан есімдер мағынасына қарай бірнеше топтарға жіктеледі. Сан есімдердің кейбіреуі заттың, зат есімнен туған сынның немесе амалдың дәл санын я есебін білдіретін болса, кейбіреулері ретін білдіреді.
Есептік сандар нақтылы сандық ұғымды білдіреді, нақтылы сандық ұғымдарды атайды. Сан есім сөз табының негізін есептік сандар құрастырады. Есептік сан есімдер - біртұтас құбылыс ретінде танылатын бір белгі. Есептік сандарды білдіретін сөздердің төркіндес болып келуі тілдердің өзара жақындығының, генетикалық туыстығының дәлелі болып табылады [2, 435]. Олар сан есімнің басқа семантикалық топтарының жасалуына да негіз болады. Сондықтан сан есім құрамында есептік сандар ерекше орын алады, олардың атқаратын қызметі зор.
Қазақ, қарақалпақ, ұйғыр тілдерінде сан есімдер алты, өзбек тілінде жеті, түрікмен тілінде екі түрге бөлінеді. Сол сияқты гагауз тілінде үш, қарайым тілінде төрт, татар тілінде беске бөлінеді. Сан есімдердің есептік сан мен реттік сан түрлері барлық түркі тілдерінде мағынасы мен атқаратын қызметі және жасалу тәсілдері бойынша бірдей. Ал басқа түрлері бірінде аталса да, екіншісінде аталмайды, оның үстіне жасалу тәсілдері де біраз өзгеріске ұшырағандығы байқалады [6, 132].
М.Қашқари сөздігінде сан есімнің есептік, реттік, жинақтау, болжалдық түрлері, ал Кодекс Куманикуста осыларға қосымша бөлшектік сан есімдер кездессе, көне ұйғыр жазбаларында есептік, реттік түрлеріне қатысты мәліметтер бар [7]. Кодекс-Куманикуста кездесетін есептік сан есімдерге мысал келтірейік: Eki yolnï ayrïƞlar! - Екі жолды ажыратыңдар![5,13] Oƞlu-sollu ayiryan, Otuz tümen only-dir - Оң-солға бөлініп, отыз түмен жоғары көтерілді. Екі, отыз есептік сан есімдері М.Қашқари сөздігінде iki, ottuz түрінде кездеседі. Мысалы, Ottuz jarmak: Оттүз иармақ - Отыз теңге; отыз ақша ![3,173]. Есептік он саны сөздікте оn - тоғыздан кейінгі санның аты деп берілген.
Кодекс Куманикуста реттік сан есімдерді жасауда - нчы-нчі, -ынчы-інчі, - унчы-үнчі жұрнақтары қолданылады: бірінчі, екінчі, төртүнчі, үчүнчі. Мысалы: Ол йулдуз екінчі көрүнді - Ол жұлдыз екінші рет қайта көрінді [6, 133].
Диуани лұғат-ит-түрк сөздігінде де реттік сан есімдер -н, -ш әріптерінің арқылы жасалуы көрініс тапқан: onunш - онүнш - оныншы. Onunш jarmak: Онүнш иармақ - оныншы ақша. Сөздікте мұны (-н, -ш әріптерін) әртүрлі сан есімдеріне қосуға болады: опыпш-онынш-оныншы, jigirтіпш: иігірмінш - жиырманшы. Бұл өзгермейтін қағида делінген [6, 161].
Кодекс Куманикуста жинақтық сан есімдерді жасауда ең жиі қолданылатын жұрнақтарға: -ов-өв, -ар-ер, -шар-шер жатады. Мысалы: үчөв-үшеу, алтышар-алтау, үчер-үшеу. Жинақтық сандар бұл ескерткіште кейде түбірге - лық-лік, -луқ-лүк жалғану арқылы жасалады: үчлүк, төртлік. Өте сирек болса да, жинақтық сандар - та-те жұрнағы арқылы жасалады: үчте, екіте, алтыта т.б. Аталған ескерткіште бөлшектік сан есімдердің мағынасын беретін сөздер: йарум, йарым (жарым), бучуқ, манас (бөлік), түн бучуқы түннің жарымы, түннің екінші жартысы. Бөлшектік сан есімдер кейбір сөздердің тіркесуі арқылы да жасалады. Мысалы, төртүнчі үлүш деген сөз тіркесі бүтін үлүш-тің төрттен бір бөлігін көрсетіп тұр. [6, 133].
Төре бітігі ескерткішіндегі сан есімдер де қазіргі түркі тілдеріндегі мағыналық топтарға сай жіктелген. Ескерткіште сан есімнің есептік, реттік, бөлшектік, болжалдық сияқты мағыналық топтары кездеседі. Бір есептік сан есімі Төре бітігі тілінде формалық жағынан да, мағыналық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне түркі тілі мен қазақ әдеби тіліндегі граматикалық сәйкестіктер
Септік жалғаулары
Көптік жалғауларының даму тарихы
Түркі жазба ескерткіштері тіліндегі үстеу сөздердің даму ерекшеліктері
Қазіргі қазақ тіліндегі есімше категориясы
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәнінің мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысаны
Сан есiмдердiң даму эволюциясы
Көне түркі тіліндегі шылаулардың лексика – грамматикалық мағынасы
Септік жалғауларының қалыптасуы
Ертегі кейіпкерлерінің есімдеріне тілдік талдау
Пәндер