Мәліметтерге қатынаудың навигациялық тәсілдері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс
Мәліметтерге қатынаудың навигациялық тәсілдері

C# бағдарламалау ортасында бірнеше мәліметтер қорына қатынау механизмдері бар: InterBase, Informix, IB Server, BDE, ODBC және де ADO технологиясы. Солардың ішінен біразына тоқталып өтейік.
C# көмегімен құрылған және файл-серверлік мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар арнайы BDE (Borland Database Engine - Borland корпорациясының мәліметтер қорының машинасы) бағдарламалар кітапханасына негізделеді. BDE әр түрлі форматтағы төмен деңгейлі DLL кітапханасының жиынтығын ұсынады. BDE Delphi-ді орнатып жатқан кезде автоматты түрде орнатылады және Windows-тің 32-разрядты нұсқамасында тіркеледі. BDE МҚБЖ-ның көптеген кестелерімен жұмыс атқара алады, мәселен, файл-серверлік (dBase, Paradox, FoxPro, Clipper), сондай-ақ клиент-серверлік (Inter Base, Microsoft SQL Server, Oracle және т.б). BDE механизмінде SQL тілінің өзінің интерпретаторы бар, яғни соның арқасында тек мәліметтер қорының серверіне ғана емес, сонымен бірге, файл-сервер кестелеріне де сұраныс құра алады.
Компьютерде BDE орнатылмаса және тіркелмесе Delphi-де жасалған және BDE механизмін қолданатын бірде бір мәліметтер қоры жұмысын жалғастыра алмайды. Бұл жағдай бағдарламаны таратуды қиындата түседі, себебі бағдарламамен бірге BDE кітапханасының жиынтығын да бірге жіберу керек болады.
BDE механизміне ұқсас ODBC (Open Data Base Connection - мәліметтер қорымен ашық байланысу) драйверлер жүйесі де қолданылады. ODBC драйверлері де BDE механизмінің функцияларын, яғни төмен деңгейлі мәліметтер қорына қатынас құрады және бағдарламамен бірге таратылады.
Microsoft фирмасының өңдеуімен жасалынған МҚБЖ мүмкіндіктерінің өзара байланысы болып табылады. Ол қолданып отырған МҚБЖ мен деңгей қосымшаларының арасындағы байланысты орнатады. ODBC қызметі - қосымшалардан таңдалып алынған ақпарат бойынша сұраныстар қабылдау және оларды мәліметтер қоры ядросының тіліне аудару .
ODBC механизмінің негізгі тағайындалуы: қосымшаларды абстрогирлейді, яғни сол арқылы серверлік мәліметтер қоры кез келген клиенттік қосымшаларға ашық, қол жеткізімді бола алады.
ODBC механизмінің артықшылығы болып оның қосымшаларды өңдеудегі қарапайымдылығы және МҚБЖ-ның кез келген қорына қатынау мүмкіндігінің болуы табылады.
Негізгі МҚБЖ-ның мүмкіндіктерін пайдаланып, клиент-серверлік қосымша, ал SQL Server-дің мүмкіндіктерін пайдаланып, сервер бөлігін тағайындауға болады.
Негізгі кемшілігі мәліметтер қорына қатынау жылдамдығын баяулататын сұраныстар трансляциясы болып табылады. Клиент-сервер жүйесінде бұл олқылық сұранысты клиент-компьютерінен сервер компьютеріне ауыстыру арқылы жойылады.
C#-де BDE мен ODBC- ден басқа кеңірек қарастырылып отырған ADO механизмі қолданылады.
ADО механизмі. Delphi-де мәліметтер қорына қатынаудың Borland Database Engine және ODBC сияқты дәстүрлі құралдары сияқты Microsoft ActiveX Data Objects (ADO) технологиясын да қолдануға болады, яғни бұл технология СОМ мүмкіндіктеріне, соның ішінде OLE DB интерфейсіне негізделген.
ADO технологиясы әмбебаптылығының арқасында өңдеушілер арасында танымалдылыққа ие болды. Енді OLE DB интерфейсінің базалық жинақтамасы Microsoft операциялық жүйесінің барлығында бар десек те болады. Сондықтан да осы жолмен мәліметтерге қатынау үшін тек ADO байланыс провайдерін көрсетіп, қажет мәліметтер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компоненттердің қасиеттерінің мәндері
«Телефон анықтамасы» мәліметтер қорын жобалау
Қатынастар құру барысында Реляциялық алгебра - операциясын қолдандық
АТС жұмысын жеңілдету үшін автоматтандырылған басқару жүйелерін пайдалану
Жетісу қонақ үйі
Қонақ үй жұмысы
АЖО еңбектің электрондық биржасы
Дүкен жайлы хабар беретін мәлеметтер базасы
Кестенің құрылымын құру суреті
Delphi
Пәндер