ӨҢІРЛІК ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ӨҢІРЛІК ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Қалибай Н. А., Қазақ технология және бизнес университеті,

2 курс, магистрант г. Нур-Султан

Ғылыми жетекші: Жумабекова Г. Ж., э. ғ. к., қауымдастырылған профессор,

Нұр-Сұлтан қ.

Резюме: В статье рассмотрена предоставления всем территориям равных возможностей для достижения равных условий жизни и труда на основе механизма управления экономикой региона и в дальнейшем выравнивание уровней их социально-экономического развития

Summary: The article considers the provision of equal opportunities for all territories to achieve equal living and working conditions on the basis of the mechanism of managing the region's economy and further leveling the levels of their socio-economic development

Өңірлік экономикасын стратегиялық басқару тиімділігін қамтамасыз ету - өңірлік әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік нарықтық реттеу бойынша сәйкес механизмдерді қалыптастыру мен шаралардың тұтас кешенін қабылдауды талап ететін шешілуі күрделі проблемалардың бірі болып табылады. Өңірлік проблемалардың ерекшелігі - оларды шешу ушін әр түрлі -деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының да, жеке кәсіпорындар мен ұйымдардың да, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының да қатысуы талап етіледі. Осымен байланысты өңір экономикасын басқару механизмін жетілдіруді өзара байланысты және бірін-бірі өзара толықтыратын үш бағытта жүргізу көзделеді:

біріншісі - макродеңгейде өңір экономикасын басқару механизмін одан әрі жетілдіру;

екіншісі - мезодеңгейде тиімді өңірлік менеджмент мехаханизмін қалыптастыру;

үшіншісі ‑ жергілікті өзін-өзі басқару әдістерін жетілдіру.

Өңір экономикасын стратегиялық басқару механизмін бүлай шектеу, әрине, өзін-өзі ақтайды. Өйткені өңір экономикасын басқару механизмінің негізінде барлық аумақтарға өмір сүру мен еңбек етудің тең жағдайларына жету үшін тең мүмкіндіктер беру және әрі қарай олардың әлеуметгік-экономикалық даму деңгейлерін теңестіру жатса, ал Өңірлік менеджмент пен жергілікті өзін- басқару механизмі тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз мен бүкіл халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін өңірдің ішкі әлеуетін және тартылған сыртқы ресурстарды пайдалануға бағытталады [1] .

Жалпы алғанда осы жасақталған құжаттар негізінен жекелеген өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі ауытқуларды қысқартуға, сонымен қатар өнеркәсіптік өндірісті қайта құруға, оны әр тараптандыруға, ауыл шаруашылығын көтеруге, ауылдық аудандардың дамуына ықпал етуге, жұмыссыздыққа қарсы күреске және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына көмек көрсетуге, дағдарысты өңірлер мен экологиялық қолайсыз өңірлерді қолдауға бағытталған макродеңгейде өңір дамуын басқару механизмін калыптастырудың негізгі тәсілдерін анықтайды. Дегенмен, осы уақытқа дейін бұл механизм жан-жақты жасақталды деуге болмайды. Сондықтан да оның міндеттерін, әрекет ету бағыттары мен жекелеген құралдарын нақтылау қажет.

Нарықтық реформалардың жүргізілуі мен өңірлер арасындағы сараланудың күшеюі олардың біразы ғана өзінше экономикалық өсу мен дамуға қабілетті екендігін көрсетгі, соған орай өңірді басқару механизмі мемлекетгің, аймақтардың, әр түрлі меншік субъектілері мен барлық халықтың мүдделерін ұштастыра отырып, барлық өңірлердің проблемаларын шешуге бағытталуы тиіс.

Сонымен, аймақ дамуын басқару механизмінің әрекет етуінің негізгі міндетіне кіретіндер:

- Қазақстан Республикасынын, экономикалық, әлеуметтік,
шаруашылық-құкықгык кеңістігінің тұтастығын сақтау;

- Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық теңсіздігін қысқарту және біртіндеп жою;

- Өңірлердің әлеуметгік-экономикалық дамуын ғылыми-техникалық прогрестін, қазіргі талаптарына сәйкестендіру;

- барлық Өңірлерда табиғатты ұтымды пайдалану мен
адамдардың өмір сүру ортасын сақтауды қамтамасыз ету;

- мемлекеттің унитарлық кұрылымымен анықтапған өкілеттіліктер шегінде Өңірлердің дербестігін қамтамасыз ету.

Түптеп келгенде, Өңірты басқарудың бүкіл механизмі барлық Өңірлердің күшін бірктіре отырып, елдің тұрақты экономикалық дамуы негізінде республика халқының әл-ауқатын көтеруге бағытталғаны жөн. Демек, бұл механизм тұратын аумағына байланыссыз өмір сүрудің белгілі бір сапасына кепілдік беретін теңдестірілген өңірлік дамуды қамтамасыз етуі тиіс, ягни, халық табысындағы, жұмыссыздық деңгейіндегі, әлеуметтік инфрақұрьілымдағы, көлік желісіндегі, қоршаған ортаның жағдайындағы және т. б. өңіраралық айырмашылықтарды теңестіруді көздеуі қажет.

Бірінші және негізгі шарт - Қазақстан Республикасының Өңірлеры өздерінің табиғи, экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік әлеуеті жағынан әр түрлі болғандықтан, орталық тарапынан Өңірлерды басқаруға сараланған көзқарас қажет.

Екінші шар - қатынасқа түсуші субъектілердің арасындағы экономикалық өкілеттіліктерді айқын бөлу, бүл, ең алдымен, орталық пен Өңірлердің бюджеттік өкілеттіліктер, салықтық міндеттемелер және әлеумеггік мәселелер аясындагы құзыреттерін шектеуге қатысты.

Үшінші шарт - өңірлердің экономикалық еркіндігін кеңейту, бірақ, ол өңірлік саясаттың толықтай ырықтандырылу нысанына енбеу керек.

Бұл қарастырылған шарттардың жүзеге асырылуы бірқатар басымдықты шараларды іске асыру жолымен мүмкін болмақ. Олардың қатарына келесілерді жатқызуға болады:

1. Бір жағынан, бюджеттік қарым-қатынастарды әрбір өңір бойынша сараланған салықтың негізгі түрлері бойынша аударымдардың орта мерзімді тұрақты нормативтер қағидасына көшіруге, екінші жағынан, бюджеттік жоспарлаудын, мерзімін ұзарта отырып, жетілдіруге бағытталған орталық пен өңірлердің бюджеттік өкілеттіліктерін шектеу саясатын жалғастыру;

2. Өңірдің жалпы республикалық еңбек бөлінісіндегі орнын ескеру, орталықтандырылған қаржы -қаражатты жергілікті халыктың жұмыс бастылығын және аймактық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында өңір шаруашылықтарын қайта құруға бағыттау сияқты негізгі қағидаларға сүйене отырьш, өңірлерге экономикалық көмек көрсету;

3. Әлеуметгік бағдарламалардың белгілі бір бөлігін орталық атқарушы органдардан жергілікті басқару органдарына беруде қаржыландырудын, бұрынғы көлемін сақтау;

4. Алдағы жылдың бюджетін жасақтауға барлық өңір өкілдерінің міндетті түрде қатысуы [2] .

Макродеңгейде өңірлік басқару механизмінің құралы ретінде: экономикалық, каржылық әдістер, инфрақұрылымды ұсыну және қазіргі уақытта Еуропалық Одақтың көпшілік елдері қолданып жүрген өңірлердің дамуын ынталандырудың «жұмсақ» шаралары ұсынылады. Қазақстан Республикасында өңірлік дамуды басқарудық қаржылық әдістері көбірек қолданысқа түседі, атап айтқанда, бюджетке демеу қаржы (дотациялар), жаңа жұмыс орындарын кұруға субсидиялар, жеке компаниялардың дамыған немесе дағдарысты аймактарға инвестиция салуын ынталандыру үшін салықтық жеңілдіктер беру. Сонымен бірге қаржылық әдістерді қолдану жеткілікті негіздеусіз жүргізіліп, бірқатар өңірлер тарапынан «масылдық пиғылдың» тууына және олардың дамуын тежеуге алып келеді, сондай-ақ, донор-аймақтардан алынатын қаржының шамадан артуы, олардың өсуге деген ынтасын төмендетеді және тиімсіз жағдайға қояды, халықтың өмір сүру денгейін арттыру мүмкіндікгерін қысқартады [3] .

Өңірлік стратегиялық дамуды орталықтан басқарудын басқа нысандары, атап айтсақ, нарықтық инфрақұрылымның түрлі элементтерін ұсыну; ақпараттық желілердің, консалтингілік қызметтің дамуына, белгілі бір өңірдің аумағында бизнесті жүргізу:

- мемлекет пен оның жекелеген өңірлерінің мүдделерін үйлестіру арқылы біртұтас ұлттық экономиканың қызмет етуін қамтамасыз етуге бейімді әрекетті әлеуметтік - экономикалық механизмді құру;

- меншіктің тұрлі нысандарын тең негізде дамыта отырып, көпукладты экономиканы, әлеуметгік және нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру.

Өңірлер стратегиялық дамуын басқару бағдарламасы тиімді жүзеге асуы үшін ол әрине, ресурстар көлемімен сәйкес келуі, әрбір нақты жағдайға сай реттеуші шараларының баламалары болуы, көзделген іс-әрекеттің орындалуын бақылауы тиіс. Осыған орай өңірлер дамуын басқару жүйесі қалыптастыру «жинағынан», ресурстар «жинағынан», жүзеге асыру «жинағынан» және бақылау «жинағынан» кұралуы қажет.

Өңірлер стратегиялық дамуын басқарудың қалыптастырушы «жинақ» элементтері біріге келіп мүмкіндіктің өзін, сонымен қатар өңірлік дамуды мемлекеттік реттеудің мүмкін болатын нысандарымен әдістерін, бағыттарымен объектілерін заңды арнаға түсіруі тиіс. Мұндай элементтер қатарына, ең алдымен, Қазақстан Республикасының Конституциясы, билік деңгейлері мен тармақтары арасында өкілеттіліктерді бөлуді анықтайтын Заңдар, азаматтардың әлеуметтік кұқықтары мен соған сәйкес нормативтер (мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері), бюджеттік үрдіс пен салық жүйесі, меншік қатынастары мен олардың Өңір деңгейлері бойынша бөлінуі және т. б. жатады. Осыларға байланысты бұл «жинақтың» маңызды элементі мемлекет пен оның жекелеген өңірлерінің мүдделерін үйлестіру болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы
МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ ОДАН ӘРІ НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕМОКРАТИЯНЫ ДАМЫТУ ЖАЙЛЫ
Жергілікті басқару құрылымының негіздері және қалыптасу заңдылықтарын анықтау
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Аймақтардың әлеуметтік - экономикалық дамытуда МЖӘ рөлі
Қазақстан Республикасының аймақты дамытудың теориялық және әдістемелік аспектілері
Қазақстанның дамуы және еуразиялық интеграция Бөлісу…
Қазақстан – 2030” стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде
Жергілікті бюджетті басқару тиімділігін арттыру жолдары
ХХ ғасырдың соңында әлемдік экономиканың негізгі бағыты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz