Геодезия негіздері: геоид пен жер эллипсоидының пішіні, өлшемдері және Гаусс-Крюгер проекциясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Мәнжазба

Тақырыбы:

Геодезия туралы негізгі мәліметтер.

Жердің пішіні мен өлшемдері туралы негізгі мәліметтер

Дайындаған: Мұхит Ә.

Тексерген: Ешмұратов Б.

Жердің пішіні мен көлемі . Ғылым мен техниканың көптеген салалары (жердің жасанды серіктері мен арыштық ракеталарды ұшыруда, авиацияда, теңізде жүзу, радиобайланыс, т. б. ), әсіресе жер бетін картада дұрыс кескіндеу, жердің пішіні мен көлемін дәл білуді қажет етеді.

Жер-Күн жүйесіндегі планеталардың бірі және оның қыртысы әр түрлі қыраттар мен ойпаттардан тұрады. Жердің шамалы ғана бөлігі (20%) қүрлық, ол 71%-ын дүниежүзілік мұхит алып жатыр. Дүниежүзілік мұхиттың орташа тереңдігі 3800 м-ге жуық, ал құрлықтағы кейбір таулардың, мәселен, Эверестің (Джамолунгма) биіктігі 9000м-ге жетеді. Теңіз деңгейінен биіктігі 875 м-ге тең. Сонымен қүрлықтың көлемі дүниежүзілік мұхитқа қараганда едәуір аз және де қүрлықтың мұхит терендігі, қыраттармен салыстырғанда онша биік болмагандықтан, мұхит деңгейін жердің пішіні ретінде қабылдау қажеттігі туды. Сол себептен, жер беті үшін шамамен дүниежүзілік мұхит пен теңіз суларының тыныш жағдайына сәйкес келетін деңгей беті алынады. Құрлық астынан ойша жүргізілген мұндай бет тұйық фигура жасайды және кез-келген нүктесінде жердің ауырлық центріне бағытталған тіктеуіш сызықты тік бүрыш жасап, қиып өтеді. Яғни мүндай түйық беттің кез-келген нүктесі ауырлық күшінің бағытына перпендикуляр. Осы деңгей бетпен шектелген денені-геоид деп атайды. Геоид-гректің ge-« жер » және daio-« бөлу » деген сөздерінен алынган. Геоидтың пішіні күрделі, оның пішіні мен көлемін дәлірек анықтау үшін, жер бетінің барлығына өлшеулер жүргізіледі. Осы жоғары дәлдікпен жүргізілген геодезиялық, астрономиялық және гравиметриялық өлшеулер нәтижесінде жердің шарға емес, 1-суреттегі PE 1 P 1 E эллипсінің кіші осьті РР 1 төңірегінде айналуынан пайда болатын математикалық бетке-айналу эллипсоидына жақын келетіндігі анықталды. Жердің өз осінде айналуынан оның бетінде күн мен түн алмасып, күн тәулігі аныкталады. 1-суретте бейнеленген осы осьті- РР жердің айналу осі деп атайды. Бұл осьтің Жер бетімен қиылысқан екі нүктесі-Солтүстік және Оңтүстік полюстар деп аталынады. Жердің айналу осін тік бүрыш жасап және оның дәл ортасын кесіп өтетін жазықтықты-экватор жазықтыгы дейді. Экватор жазыкгыгы мен жер бетінің қиылысу сызыгы (ЕК 1 Е 1 К) - экватор деп аталады. Жердің айналу осі арқылы өтетін жазықтық- меридиан жазыгы делінеді де, ал сол жазыктыктардың жер бетімен киылысқан сызықтары (РКРК) -меридиандар деп аталады. Халықаралық келісім бойынша, Лондондағы Гринвич обсерваториясы арқылы өтетін меридиан бастапқы (нөлдік) меридиан деп аталады.

Сөйтіп, геодезияда жердің пішіні үшін жер эллипсоиды деп аталатын сфероид алынды. Жер эллипсоиды өзінің үлкен және кіші жарты осьтерімен (а, b) және полярлық сығылушылығымен сипатталады (α) a = (a-b) /a а, b және α шамалары градустық өлшеулер арқылы анықталады, ол үшін меридиан доғасының ұзындығын әр 1° сайын өлшеу керек. Меридианның әр түрлі жерлеріндегі градустың үзындығын біле отырып, жердің пішіні мен көлемі анықталады. Жер эллипсоидының көлемдерін әр елдің ғалымдары бірнеше рет анықтады. 1946 жылға дейін бұрынғы Одакта 1841 жылы неміс ғалымы Ф. В. Бессель есептеп шығарған жер элипсоидының көлемі колданылады (а=6377397м, 6=6356079 м, с^Ь299, 2) . Жер эллипсоидының көлемін 1940 жылы үлкен дәлдікпен Ф. Н. Красовский мен А. А. Изотовтардың басқаруымен орыс ғалымдары да аныктады (а=6378245м, 6=6356863м, а= 1 -298, 2) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инженерлік геодезия: пәні мен міндеттері, Жер пішіні, Гаусс-Крюгер проекциясы, масштаб және Қазақстандағы қолданылуы
Гаусс-Крюгер проекциясы және тік бұрышты координаталар
Гаусс-Крюгер проекциясы мен тікбұрышты жазық координаталар жүйесінің негіздері және қолданылуы
Гаусс-Крюгер проекциясы және тік бұрышты координаталар: теориясы мен қолданылуы
Жер пішіні, геоид және геодезиялық координаттық жүйелердің негіздері
Жер пішіні: геоид пен эллипсоид арасындағы шынайы шекара
Гаусс-Крюгер проекциясы: тік бұрышты және полярлық жазық координаталар жүйелері
Геодезия: анықтамасы, міндеттері, даму тарихы, жер пішіні, координаталық жүйелер және масштабтар
Геодезия курстық жұмысы: жер пішіні, координаталық жүйелер және теодолит пен нивелир әдістері
Жер пішіні мен географиялық координаттар: геоид, айналма эллипсоидтар және ендік түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz