Бағытты бағдарлау


Мәнжазба
Тақырыбы:
Бағытты бағдарлау
Дайындаған: Мұхит Ә.
Тексерген: Ешмұратов Б.
БАҒДАРЛАУ , ориентация (франц. orіentatіon - шығысқа қарай бағыттау, лат. orіens - шығыс сөзінен алынған) - 1) бақылаушының өзі тұрған жерін айналасына, көкжиек тұстарына және жер бедері элементтерінің кейбір өзгешеліктеріне қарап анықтауы. Бағдаулау компас немесе карта көмегімен, аэрофото-түсірім мен жергілікті белгілерге, Күнге, Айға, жұлдыздарға қарап, сондай-ақ жарық, радио және дыбыс толқындары бойынша да жүргізіледі; 2) ғарыштық аппараттың геометриялық осьтерінің аспан денелеріне (Күн, Ай, жұлдыздар), сондай-ақ, магнит немесе ауырлық өрісінің күш сызықтарына қатысты анықталатын орны; 3) күрделі геом. фигуралар үшін түзудегі бағыт ұғымын жалпылап алу. Нүкте түзу бойымен қарама-қарсы екі бағытта қозғала алады. Мыс., горизонталь түзудің бойындағы қозғалыс солдан оңға қарай не оңнан солға қарай бағытталады. Осы сияқты әрбір тұйық қисық сызықты сағат тілінің бағытымен (1-, 2-сурет) не сағат тіліне қарсы бағытпен (3-сурет) Бағдаулауға болады. Жазықтықта жатқан, өзін-өзі қиып өтпейтін бірнеше тұйық қисық сызық үшін де белгілі бір Бағдарлауды таңдап алуға болады. Егер осындай қисық сызықтардың бәрі сағат тілінің (не оған қарама-қарсы) бағытымен бағдарланса, онда барлық жазықтық сағат тілінің бағытымен (не оған қарама-қарсы) бағдарланады делінеді. Әр түрлі беттің бағдарлануы (мыс., сфера бетінің, эллипсоид бетінің, т. б. ) жазықтықтың бағдарлануы сияқты анықталады. Бірақ кез келген бетті (мыс., Мебиус жапырағы) Бағдарлауға болмайды. Бағдарлау ұғымын кеңістікке де енгізуге болады. Егер кеңістіктің бір бөлігін шектейтін тұйық беттің бөлігі сырттан қарағанда сағат тілінің бағытына қарама-қарсы (не оның бағытымен) бағдарланса, онда бұл бет оң жаққа (сол жаққа) қарай бағдарланған делінеді. Оң және сол координаталар жүйелері де Бағдаулау ұғымына байланысты шыққан; 4) Ірі масштабты карта мен компасты пайдалана отырып, айналаны бағдарлауға негізделген спорттық жарыс түрі. Бағдаулау спорты 19 ғасырдыңсоңында пайда болған. Оның жүгіріп келе жатып Бағдарлау, шаңғымен келе жатып Бағдарлау, т. б. түрлері бар. Бағдарлау спортының халықар. федерациясы (ІОҒ) 1961 жылы құрылған. Оған 40 мемлекет мүше. Дүниежүзілік (1966 жылдан) және еуропалық (1962 жылдан) чемпионаттар өткізіліп тұрады. Қазақстанда Бағдарлау спортынан тұңғыш жарыс 1963 жылы ұйымдастырылды. Республика бойынша қысқы және жазғы чемпионаттар өткізіліп тұрады.
Бағдарлау - сызықтың бағытын бастапқы бағыт арқылы табу. Геодезияда бастапқы бағыт ретінде меридиан пайдаланылады. Сызықтың бағытын анықтайтын бұрыштар ретінде шын азимуттар, магниттік азимуттар және дирекциондық бұрыштар қызмет етеді. Осы бұрыштар бастапқы бағыттан бастап сағат тілінің бағыты бойымен 0"-тан 360°-қа дейін өлшенеді. Шын азимут - бақылау нүктесі астрономиялық меридианының жазықтығы мен осы нүктеде осы бағыт арқылы өтетін вертикаль жазықтық түзетін екі қырлы бұрыш. Магниттік азимут - сағат тілінің бағыты бойымен магниттік меридианның солтүстік бағытынан (машит нүсқарының солтүстік шетінен) белгілі бір алынған бағытқа дейін есептелетін горизонталь бұрыш. Магниттік азимуттар компаспен немесе буссольмен өлшенеді. Дирекциондық бұрыш - осьтік меридианның солтүстік бағытынан немесе абсцисса осінің бағытынан сағат тілінің бағыты бойымен берілген нүкте бағытына дейін есептелетін горизонталь бұрыш.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz