Кохлеарлы имплантациядан кейінгі кешенді оңалту
Кохлеарлы имплантациядан кейінгі кешенді оңалту.
Қазіргі таңда ғылым мен техниканың дамыған заманында қоғам мүшелерінің денсаулық сапасын оңалту, орынбасу арқылы түзету басты міндет болып табылады.
Кохлеарлы имплантация -- бұл есту протезін қолдану әдісі, электродтар жүйесін ішкі құлағына ендіру, есту нервін электр ынталандыру арқылы аудио ақпаратты қабылдауын қамтамасыз ету. Кохлеарлы имплантация -- есту қабілеті ауыр және кереңдігі бар ересектер мен балаларға арналған медициналық-педагогикалық есту қолдауының ең тиімді, қауіпсіз және сенімді оңалту әдісі болып табылады.
ХХ ғасырдың соңынан қарай Қазақстан Республикасының аумағында балаларға тегін медициналық көмек көрсету түрлері тағы бір түрімен ұлғая түсті. Ол - есту қабілеті терең зақымдалған балардың естіп және сөйлеу мүмкіндіктерін кохлеарлы имплантация құрылғысы арқылы дамыту. Аталған құрылғы жойылған есту рецепторларының қызметін атқару, яғни орнын басу мақсатында ота жасау арқылы электродтар жүйесін ішкі құлақтағы ұлу жүйесіне енгізіледі және де ол орнатылады. Біздің мемлекетімізде аталған ота түрін жасау тегін медициналық көмек түріне енгізілген. Жылына 100-қазақстандық ерте жас кезеңіндегі балаларға ота жасалып, кохлеарлы имплантация құрылғысы арқылы естулері протезделеді. Десек те осы естуді протездеу жүйесінің ең негізгі бөлігі болып саналатын науқастың отаға дейінгі және отадан кейінгі естіп қабылдауын педагогикалық оңалту жүйесі маңызды мәселелердің бірі болып тұр. Кохлеарлы имплантацияға науқастарды іріктеу және отаның мазмұнын ашып көрсететін бірнеше мақалалар жазылған. Бірақ та біз тек осы отадан кейінгі естіп сөйлеуін педагогикалық оңалтудың ерекшеліктерін ғана ашып көрсетпекпіз.
Көптеген есту қабілеті зақымдалған балалар негізгі екі топқа бөлінеді: нашар еститіндер және естімейтіндер болып. Халықаралықтоптастыруға сүйенетін болсақ нашар естушіліктің төрт деңгейін, естімеушіліктің екі деңгейін ажыратуға болады. Кохлеарлы имплантация құрылғысы естімейтіндерге және нашар естушіліктің үшінші және төртінші деңгейіне тағайындалады. Бірақ, осы кохлеарлы имплантация отасына тағайындаудың бірнеше ережелері ұсынылған. Соның ең негізгісі отаға дейінгі алты ай шамасында естуі зақымдалған балалар үздіксіз түрде қолайлы таңдалған сандық есту аппараттарын тағуы қажет және жай тағып қана қоймай сурдопедагогтан, логопедтен түзету курсынан өту міндеттеледі. Есту қабілеті зақымдалған балалармен педагогикалық түзету жұмысында сурдопедагогпен логопедтің алатын рөлі ерекше. Себебі, отаға дейінгі есту аппаратымен естіп қабылдауда, кохлеарлы имплантация құрылғысын орнатылғаннан кейін науқас өзбетінше ауызша сөйлеу тілін меңгеруде көптеген қиындықтар кешеді, кей жағдайда мүлдем игере алмауы да мүмкін. Тек сурдопедагогтың және логопедтің бірлескен, кешенді түзету жұмыстары арқылы ауызша сөйлеу тілінің көптеген кезеңдерін (сөйлеу үрдісіндегі дауыстың, тыныстың қатысын; алғашқы сөздермен, жеке фразалармен, сөйлемдермен сөйлеуді ), тілдік емес және тілдік дыбысталуларды меңгереді. Аталған мамандар науқастың есту аппараты арқылы қалдық есту деңгейін жетілдірумен, егер науқас кейіннен естуін жоғалтқан болса ауызша сөйлеу деңгейін сақтап қалумен жұмыс жасайды. Есту аппаратын тағу арқылы науқас естіп қабылдауға тәжірибесін жинайды және ауызша сөйлеу тілін жетілдіре түседі. Отаға дейінгі педагогикалық түзету жұмысы үздіксіз және өнімді жүргізілсе отадан кейінгі науқастың естіп қабылдауын жетілдіру, ауызша сөйлеуін дамыту, дыбыс айтуын қалыптастыру жеңіл әрі тезжүргізіледі.
Сөйлеу тілін меңгергенге дейін есту қабілетін жоғалтқан барлық балалар кохлеарлы имплантацияның көмегімен дауыстың қалыпты күшін естуге және дыбыс ортасына қалыпты бағдарлануға қабілетті. Әйтсе деұзақ естіп-сөйлеуін оңалту курсынқажет етеді және оның тиімділігібаланың ота жасау кезіндегіжасына, оның жекеерекшеліктеріне байланыстыболады. Кохлеарлы имплантацияжасаудың және қолданудың еңтиімді кезеңі 2-3-жасқа дейінгіуақыт болып табылады. Себебі, жоғарғы жүйке жүйесінің естужәне сөйлеу орталықтарындааталған жас кезеңінде сырттанкеліп түскен ақпараттарды өңдеутез әрі жеңіл өтеді.
Біздің елімізде кохлеарлы имплантацияның көмегі арқылы естіп, сөйлеу деңгейін бағалайтын қазақ тілді әдістеме жоқтың қасы деп айтуға да болады. Бұл мәселені шешуде кохлеарлы имплантталған балаларға арналған мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді, отадан кейінгі оңалту жұмысын қамтамасыз ететін және көптеген мамандардың қызметін реттейтін тұрғылықты жерден түзету орталықтарын ашуды қажет етеді.
Акустикалық сигналдарды күшейтетін есту аппаратынан кохлеарлы имплантацияның айырмашылығы акустикалық сигналдарды тек күшейтіп қана қоймай, есту жүйкесін белсендендіріп тұратын электрлік импульстарға айналдырады.
Кохлеарлы имплантация - бұл тек хирургиялық жолмен жасалатын ота ғана емес, отаға үміткер науқастарды іріктеу, кешенді диагностикалық тексеру (сурдопедагогтың және логопедтің тексерулерінен міндетті түрде өту), хирургиялық жолмен ота жасау және отадан кейінгі естіп сөйлеу тілін оңалтудан тұратын іс-шаралар жүйесі болып табылады.
Кохлеарлы имплантацияға үміткерлер жоғарыда шолып өткеніміздей отаға дейін кемдегенде алты айға дейін сандық есту аппаратын үздіксіз тағуы қажет. Қазіргі уақытта сандық есту аппараттарын өндіруші бірнеше Европа елдерінің, Американың, Австралияның ірі компаниялары бар және олар жылдан жылға есту аппараттарын қажет ететіндерге арнап ең қолайлысын өндіруде. Десек те есту қабілеті терең зақымдалған жандар үшін қандай қолайлы, сандық есту аппараттары жасалмасын қоршаған ортадағы барлық дыбыстарды естуі қалыпты адамдарша естуіне мүмкіндік бермей отыр. Бірақ, мұнда біз ешбір көмегі жоқ емес тек толық ауызша сөйлеу тілін меңгеруіне көмегін тигізе алмауын атап кетіп отырмыз.
Отаға дейінгі алты ай көлемінде есту қабілеті зақымдалған балалармен жүргізілетін ең бірінші жұмыс түрі - ол балаға есту аппаратын үздіксіз тағуға үйрету. Есту аппараттарын алғаш тағайындаған күннен бастап ол ойын баласы үшін өте қызықты ойыншық болып көрінеді. Есту деңгейіне қарай бағдарламаланған есту аппараты қоршаған дыбыстарды, кейбір жоғары жиілікті дыбыстарды қабылдауда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz