білім алушылардың тілдік дағдыларын, көркемдік көкжиегін дамытатын, шыңдайтын драмалық шығармаларды түсіндіру мен оқытудың ең тиімді шарттары мен әдістерін, инновациялық технологияларын анықтау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

  1. Инновациялық оқыту оқыту түрлеріИнновациялық әдіс-тәсілдерге қойылатын педагогикалық талаптар мен шарттарИнновациялық оқыту арқылы оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыру жолдары
  2. Драмалық шығармаларды инновациялық оқыту әдістемесіДрамалық шығармаларды инновациялық оқытудың теориялық негіздеріДраманы деңгейлеп оқыту технологиясыҚазақ тілінде оқытпайтын мектептерде Ә. Нұрпейісовтың «Қан мен тер» драмасын оқыту әдістемесі
  3. Қорытынды
  4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
  5. Қосымшалар

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін жалпы орта білім беру деңгейінің 5-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. Аталған оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілген.

Оқу бағдарламасында айқындалған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты - оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.

Жоғарыда көрсетілген мақсатқа сәйкес, «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасының негізгі міндеттері:

  • шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру;
  • білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған тұлға қалыптастыру;
  • туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу;
  • оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;
  • оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;
  • оқушыны қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен, ұлттық салт- дәстүрімен таныстырып, мәдени ортада пайдалануға баулу, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша берілген көркем мәтіндер мен шығармалар әдебиеттің үш тегін де қамтиды, яғни, эпостық, лирикалық және драмалық шығармалар да кездеседі. Біздің негізгі зерттеу нысанымыз - драмалық шығармаларды оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері.

Әдебиет сабақтарында оқу және әдеби құзіреттілікті қалыптастыру білім алушыларға көркем мәтінді мұқият оқу және оның мазмұнын тұтас талдау үдерісінде түсіну дағдыларын игеруді қамтиды. Бүгінгі таңда бұл - қажетті дағды. Көркем мәтінге талдау жүргізудің барлық қырлары оны түсінуден басталады.

Көркем шығарма аз оқылатын қазіргідей кезеңде драмалық шығармаларды оқыту - күрделі әрі өзекті мәселе. Драма әдебиеттің бір тегі, түрі ретінде ауызша және сахналық өнердің элементтерін біріктіреді. Мұнда автордың сөзі эпизодтық, ал драманың негізгі мәтіні қазіргі заманның бейнесін көрсететін кейіпкерлердің ішкі толқыныстары мен динамикалық іс-әрекеттерінен тұрады. Драма - жазушы үшін ғана емес, оқырман үшін де әдебиеттің қиын түрі. Драмалық шығармадағы кейіпкерді белгілі бір жағдайда елестету үшін бейнелі ойлау қажет. Ал, білім алушыларды дәл сондай ойлау деңгейіне жеткізу мен дағдыландыру мұғалімді шығармашылық және инновациялық мүмкіндіктерді пайдалана білуге бағыттайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты - білім алушылардың тілдік дағдыларын, көркемдік көкжиегін дамытатын, шыңдайтын драмалық шығармаларды түсіндіру мен оқытудың ең тиімді шарттары мен әдістерін, инновациялық технологияларын анықтау.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер алға қойылды:

  • Драманың әдебиеттің тегі, түрі ретіндегі ерекшелігін зерттеу;
  • Білім алушылардың драмалық шығарманы қабылдау, оқу және талдау мәселелерін зерттеу;
  • Драмалық шығарманы талдаудың әдістемелік бағыттары мен жолдарын, ең оңтайлы әдістері мен тәсілдерін анықтау, осы әдеби түрдің өзіндік ерекшелігін түсінуге ықпал ету, оқырмандық интерпретацияның дамуын ынталандыру; жұмыста қарастырылған әдістемелік жүйенің қолжетімділігі мен тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру;
  • «Инновация», «педагогикалық технология», «инновациялық технология» ұғымдары мен олардың түрлерін айқындау;
  • Инновациялық әдіс-тәсілдерге қойылатын педагогикалық талаптар мен шарттарды анықтау;
  • Инновациялық оқыту арқылы оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыру жолдары мен мүмкіндіктерін қарастыру;
  • Драмалық шығармаларды оқытудың инновациялық аспектілерін анықтау;
  • Драмалық шығармаларды инновациялық оқытудың теориялық негіздерін жүйелеу;
  • Драмалық шығармаларды деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы ұйымдастырудың ерекшеліктерін саралау;
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде оқытудың иллюстративті әдістерін талдау (М. Әуезовтің «Көксерек» шығармасы негізінде) .

Зерттеу жұмысының нысаны - драмалық шығармаларды инновациялық оқыту әдістемесі.

Зерттеудің болжамы. Драмалық шығармаларды инновациялық технологиялармен оқыту үдерісі оқушылардың әдеби, мәдени, рухани білім қоры мен танымдық әлеуетін арттырып, келесідей оң өзгерістерге негіз болады:

  • драмалық шығарманы түсіндіру сахналық образдар арқылы бейнеленген мәтінді қабылдаудың, талдаудың салыстырмалы түрде тұрақты нәтижесі ретінде қарастырылады;
  • білім алушылардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, олардың әдеби білім деңгейі, драмалық шығармаларды қабылдау деңгейі ескеріліп, дамытылады;
  • сабақтың әртүрлі формалары мен драмалық мәтінді оның көркемдік ерекшелігін ескере отырып түсіндіруге дайындаудың әдістемелік тәсілдері қолданылады;
  • тапсырмалар жүйесі көркем шығарманы шығармашылық кезең-кезеңмен дамытуға арналған, драмалық мәтінді түсінудің субъективті-интуитивті және рационалды-логикалық жолдарын біріктіруге мүмкіндік береді;
  • теориялық-әдеби және тарихи-мәдени білім оқушылардың іс-әрекетінде, көркем мәтінді түсіндіру барысында жинақталып, шығармашылықпен қолданылады;
  • драмалық шығармаларды оқыту адамның рухани әлемін байытып, жеке тұлғаның құндылықтарын қалыптастыруға әсер етеді.
  • драмалық шығармаларды инновациялық технологиялармен оқыту білім алушының әдебиетке, жалпы гуманитарлық ғылымдарға деген қызығушылығын оятады.

Зерттеудің теориялық маңызы. Зерттеу жұмысында «драмалық шығарма», «оқыту технологиясы», «инновация», «әдістеме» ұғымдарына берілген анықтамалар мен олардың түрлері қарастырылды. Драмалық шығарма және оны оқыту әдістемесінің негізгі ерекшеліктері ажыратылды. Қазіргі педагогика және әдебиеттану ғылымдары тоғысында драмалық шығармаларды оқыту әдістемесінің зерттелу деңгейі анықталды. Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде оқыту үдерісін иллюстративті әдістерге бағдарлаудың нәтижелері айқындалып, талданды.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Жұмыста драмалық шығармаларды талдау бойынша ұсыныстар берілді, білім алушылардың шығармашылық ойлауы мен қиялын дамытуға ықпал ететін және оларды қабылдау мен түсінуді белсенді етуге бағытталған жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі ұсынылды. Сондықтан, зерттеу жұмысын филолог және педагог мамандар, әдістеме саласына қатысты ізденушілер оқу құралы ретінде қолдана алады. Сонымен қатар, «инновация» ұғымының ғылыми-теориялық негіздеріне қатысты материалдарды жоғарғы оқу орындарында арнайы курс, лекциялар мен семинарларда пайдалануға болады.

Зерттеудің әдіснамалық негіздері. Қазіргі уақыттағы педагогика, әдістеме және әдебиеттану ғылымдары қол жеткізген құндылықтар және осы салалардағы ғылыми жаңалықтар мен еңбектер.

Зерттеудің әдістері: теориялық (негізгі зерттеу нысаны бойынша әдебиеттану, психологиялық-педагогикалық, социологиялық, философиялық, өнертану, әдістемелік әдебиеттерді зерделеу) ; педагогикалық (оқу құралдарын, мектеп, театр бағдарламаларын, әдеби, педагогикалық журналдарды талдау) ; эксперименттік (негізгі ережелер мен әдістемелік ұсынымдарды тексеру) ; статистикалық (мұғалімдермен, оқушылармен, педагогикалық ЖОО студенттерімен әңгімелесу; мұғалімдерге, оқушылар мен студенттерге сауалнама жүргізу; ауызша жауаптар мен жазбаша жұмыстарды талдау) ; салыстыру (оқытуға байланысты әдістемелік бағытта жазылған еңбектердің тиімді нәтижелерін салыстыру) .

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • драмалық шығарманы оқытудағы оқырмандық интерпретацияның даму кезеңдері нақтыланды;
  • драмалық шығарманы қабылдауды жандандыру үшін интерпретациялық қызмет тетіктерін қолдану қажеттілігі дәлелденді;
  • білім алушылардың шығарманы түсіну үдерісін жандандыру мақсатында қолданылатын инновациялық технологиялар анықталды;
  • әдебиет сабағында сахналық ойын қызметін интерпретациялық қызмет ретінде пайдалану теориялық тұрғыдан негізделді;
  • жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында драмалық шығармаларды оқу мақсаттарымен үйлестіре оқытудың инновациялық әдістері айқындалды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. Инновациялық оқыту оқыту түрлері

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш пен білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту - бүгінгі күннің мәселесі.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру. Жаңашыл мұғалімдер лекция. Семинар, практикум, конференция, іскер ойын сияқты әдістерді дәстүрге айналдырып отыр. Мұның өзі оқытушының бірыңғай мақсатын - өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеудегі еңбегін ортақ арнаға тоғыстырады.

Еліміздегі тәуелсіздіктің әсері қоғам дамуының барлық салаларын қамтып, әлемдегі жаңа мазмұнды озық тәжірибелерге негізделген оқу-тәрбие жүйесінің қалыптасуына ықпал етті. Әрбір өсіп келе жатқан ұрпаққа тәлім-тәрбие беру, олардың рухани жаңарып жандануына тірек те, тетік те болатын мектеп екендігі бәрімізге белгілі.

Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелеуде.

Бүгінгі ғылыми-техникалық прогрестің қарыштап өскені, кезінде өндірісті автоматтандыру, компьютерлендіру мәселесімен тығыз байланысты өркендетіп отырған өтпелі кезеңде мектеп оқушыларына ғылым негіздерін меңгеруде білімді әлемдік стандартқа жақындатып, оқушылардың мазмұны мен әдістерін жаңарту арқылы білім сапасын көтеру мемлекеттік проблема болып отыр. Бұл проблемаларды ойдағыдай шешу мектептің материалдық базасына, оқу-әдістемелік құралдардың ғылыми-әдістемелік негізде жасалуына, мұғалімдердің ұстаздық еңбекті жаңа технологиялық тұрғыда ұйымдастыруына, сонымен бірге мектеп басшыларының педагогикалық білгірлігіне, сөйтіп, оқу-тәрбие жүйесін бүгінгі күн талабына сай шебер ұйымдастыра білуіне байланысты болмақ.

«Қазақстан тағдыры, келешегі мол ел болуы мектептің қандай негізге құрылуына тірелді. Мектебімізді сау, берік һәм өз жанымызға қыбысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегімізге тыйынбай серттесуіне болады. Ал сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт» - деп Ұлы педагог М. Жұбанов айтқан. Мектеп - мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның білім беру саласына сұраныстарын қанағаттандыратын қоғамдық-мемлекеттік жүйе. Өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесінің дене және жан сұлулығының, интеллектуалды потенциалының қалын ойлау - тәуелсіз Қазақстанның алдында тұрған ең маңызды мәселесінің бірі.

«Білім туралы» Заңымызда білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың интеллектуалдық дамуы, психологиялық- физикалық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейіндегі білімге қол жеткізді; … білім берудің зайырлы сипаты, … білім ізгілікті және дамытушы сипаты.

ХІХ ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңі - білім беру прогрестің ең маңызды факторының бірі болып саналатын кезеңге келіп жетті.

Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту Тұжырымдамасында қазіргі мектептер:

  1. практикалық қызметте жинақталған барлық игіліктердің сақталуы;
  2. қоғамның интеллектуалдық қуатын жетілдіру;
  3. еліміздің материалдық-қаржылық әл-ауқатын әрі қарай дамыту;
  4. орта білім беру жүйесін әрі қарай дамыту т. с. с. міндеттерді көздейді.

Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулер қажет.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көтеретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбінде жаңашыл, инновациялық деп атайды.

Мектеп практикасымен танысу барысында мұғалімдердің инновациялық технологияларды ұмтылғаны көзімізге түсті. Бірақта олар инновациялық әдіс-тәсілдердің жалпы әдістерден айырмашылығы, оларды қолданудың тиімді жолдары қандай деген мәселелерді анық айқын біле алмайды. Сондықтан, бұл мәселені шешу қажеттілігін көре отырып, біз ең алдымен педагогикалық инновация қалай дүниеге келіп, қалай дамыды? Оның қолдану ерекшеліктері қандай? деген сұрақтарға жауап іздегенді жөн көрдік. Жұмысымыздың жүру барысында тарихи негізге сала отырып, біз ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерттедік. «Инновация» ұғымы педагогиканың сөздік қорына ежелден енген екен. Ол кейбір ғалымдардың еңбектеріне «жаңа» «жаңалық еегізу» деп көрсетіледі екен. Кейбіреулер оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды. Біздің ойымызша бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез-келген өзгерісті сипаттайды.

Инновация термині қазір де білім берудің теориясы мен практикасында кеңінен қолданылуда. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияның «білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу» деп айтсақ, «Введение принципиального в образовательную систему» ұғымының мағынасын тарылтқан болар едік.

Инновация ұғымы ең бірінші ХІХ ғасырда мәдениет танушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни бір мәдениет түрлерін, екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған.

Инновация (латын сөзі іn - в, novis - жаңа) жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен. С. И. Оженов сөздігі бойынша; инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрынна таныс емес енгізілген жаңалық.

«Инновация» ұғымын әр елде әр түрлі түсінген, кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған, ал Арабия, Жапония тәріздес «инновация» ұғымын сөздіктерде кезіктіру мүкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық техникалық саяси әдебиеттерді, баспа беттерін зертей келе Ресейде, шет елдерде, социалистік елдерде, Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымына берілген анықтамаларды жинадық.

«Ғылыми қайнар көзі» - Ресейде «инновация» ұғымына өте күдікпен қараған: ХІХ-ХХғ. басындағы бірден-бір білім реформаларында бұл термин кезікпейді. Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни инновациялық үрдіс өткен, бірақ «инновация» термині еш жерде аталмайды.

Инновация деген ұғымның өзін қарастырсақ, ғылымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, инновация ұғымының әр елдегі, әр түрлі уақытта берілген анықтамалары: «инновация» ұғымына берілген ең ескі емес анықтама, бұл салада американдықтар мен европалық көлемді зерттеулер иесі Э. М. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея»

Майлс пікірі бойынша инновация арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешілуін күзетеміз деген.

Америка ғалымдары Биль және Болен педагогикалық инновацияны «құрамына материалдық өзгеруіне ғана емес, сол материалды қолданудағы көзқарастардың комплексті өзгеруін білдіретін үлкен өзгеріс», - деп түсінеді екен.

Найхоз инновацияның үрдіс деп есептейді де, «инновация қандай да бір идеялардан басталатын, өзгерістерге әсерін тұтынушылардың не қолдауы, не бас тартуымен аяқталатын үрдіс», - дейді. Марклунды өзінің соңғы еңбектерінде инновация мен өзгеріс арасындағы айырмашылықтарды айқандаған. Инновация және өзгеріс ұғымдарын көбіне синонимдік қатынаста қарастырады, егер бұл өзгеріс бүкіл мектеп жүйесінде жайылса, оны инновация деуге болады. Бірақ кез-келген өзгерісті инновация деп тағы айта алмаймыз. Инновация болу үшін алдын-ала қойылған мақсаттардың оңды нәтижесін жемісін көру қажет. Инновация ұғымының негізін салуға көп үлес қосқан неміс ғалымдары В. Замбард, Мечемек және автралиялық экономист И. Шумбеертді жатқызуға болады. Бірақта олар бұл ұғымды саями экономикалық, технологиялық үрдістерге байланысты қолданған.

Кейіннен «инновация» ұғымы «білім беру жүйесінен жаңаны енгізу» мағынасында педагогикалық еңбектерде кезіге бастады.

1957-1964 ж. Он жылдық тарихқа американдық білім жүйесіндегі инновациялар және өзгерістер кезеңі енеді.

  1. Ағылшын ғалымдарының пайымдауынша, жаңалық көзі арнайы қолданған деректерде, дамушы идеяларда, кітаптарда, педагогтардың білімді көтеруді ұйымдастырушыларда, т. с. с.
  2. Өз зерттеулерінде ағылшын ғалымдары мынадай қорытындыға келеді: «Әр жоғарғы сатыдағы мұғалім әрдайым жаңалықты бастаушы ретінде іс-әрекет жасауы тиіс» - дейді.
  3. Инновациялық технологияларды қолданып дамыту мәселелерін басқа елдердің педагогтары да қарастырады.

90-шы жылдардың бас кезінде орыс ғалымдары Днепрова В. И., Золвязинский, Лазареваның еңбектерінде «инновация» ұғымы пайда болады. Олар «инновация» ұғымы білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті деп сипаттайды. М. М. Потошеник, А. С. Доренсов «жаңалық» дегенді құрал ретінде (яғни жаңа әдіс, жаңа технология) ал, «инновацияны» осы тәсілдерді меңгеру үрдісі деп санайды.

Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымын пайдалану соңғы бес жылдыққа жатады. Ең алғаш «инновация» ұғымы қазақ тілінде анықтаған профессор Немеребай Нұрахметов. Ол былай дейді: «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі»

Инновациялық негізін құраушы ұғымдардың - «инновация» «нововедение», «новшество», «новое» т. б. қазақша акудармаларын жасаған, Ы. Алтынсарин атындағы білім проблемаларын ғылыми-зерттеу институты әдіскері Қ. Құдайбергенова болып табылады. Өз еңбектерінде «инновацияны» - нақты қойылған мақсатқа сай салынған жаңа нәтиже деп есептеп төмендегідей аудармалар жасаған: «инновация» - жаңарту, «нововедение» - енген жаңалық, «новое» - жаңа, «новошество» - жаңалық, «инновационный прогресс» - жаңарту үрдісі.

Педагогикалық энциклопедияларда төмендегідей анықтамалар берілген: «инновация» сөзі латын тілінен енген - новый, яғни аударғанда «обнавление - жаңарту», «новинка - жаңалық», «изменение - өзгеріс» деген мағынаны береді.

«Инновация» дегеніміз білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс-тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа концепцияларды жасап, оларды қолдану деп анықтаған.

Жоғарыдағы мағлұматтарды бір жүйеге келтірсек, төмендегідей қорытынды шығаруға болады.

Инновация ұғымын ғалымдар әртүрлі түсінеді екен.

  1. жаңалық, жаңаны енгізу, жаңарту үрдісі;
  2. өзгеріс;
  3. құрал, әдіс;

«Инновация» ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама әлі де жасалмаған. Ал, біз өз зерттеу жұмысымызда Ш. Таубаева және Қ. Құдайбергенова берген анықтамаға сүйенгенді жөн көрдік, яғни «инновация» - бұл нақты қойылған мақсатқа ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсат дегеніміз не? Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже - жаңалыққа бет бұрудың кілті.

Соңғы кезде білім берудің орталығында жаңа үрдіс - педагогикалық инновация орын алып отыр. Инновация ұғымы ең бірінші ХІХ ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеулерінен пайда болды, яғни бір мәдениет элементтерін, екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған.

Инновация термині қазірде білім берудің теория-практикасында кеңінен қолданылуда. Бірақ ғылымда бұл терминнің нақты анықтамасы белгілі бір педагогикалық категория ретінде берілмеген. Көптеген ғылыми педагогикалық еңбектерінде «инновация» ұғымын білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті деп сипаттайды. Атап айтсақ Н. Р. Юсуфбекова «О педагогической инноватике» деген мақаласында білім беру жүйесіндегі жаңартудың үрдісі деп көрсетеді. Сонымен қатар, ол инновациялық үрдіс дегенім із жаңалықтарды жасау, оны педагог қауымның оқыту мен тәрбие беру тәжірибесінде қолдануы деп түсіндіреді. Автордың пікірі идеяларды енгізуге болады: біріншіден, жаңалықты жасау классификациясы, «жаңалық критерийлері», екіншіден, оларды қабылдау проблемасын зерттеу, педагогтардың берген бағасы, үшіншіден, жаңаны білім беру жүйесінде қолдану. Яғни, инновациялық үрдіс дегеніміз - педагогикалық жаңалықтардың динамикалық бірлігін педагогтардың тәжірибесінде ғылыми негізде қолдану.

Профессор А. И. Кочетов инновацияны былай анықтайды: «бұл ұсынылып отырған деңгейге жеткізетін педагогикалық іс-әрекетті жаңартатын біртұтас теориялық, технологиялық және методологиялық тұжырымдама».

Ал ғалымдар Влод Латкин иен Вадим Кваша бұған келіспей, мынандай анықтама береді: «Кәсіби іс-әрекетті мүлдем жаңа сапалы деңгейге жеткізетін, норманың шегінен артатын іс-әрекеттің принципиалды жаңа үлгілерін құру».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы
Қазақ әдебиеті сабағында қолданатын әдіс-тәсілдерінің жалпы сипаты
Бастауыш сыныпта «Қазақ тілі» мен «Әдебиеттік оқу» сабақтарында қолданылатын инновациялық технологиялар
Қазақ әдебиетінен оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары (5-6 сыныптар)
Мұхтар Әуезов әңгімелерін орта мектептерде оқыту әдістемесі
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын оқыту әдістемесі
Жаңартылған бағдарламаларда оқыту мақсаттарын жүйелеу
Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары
Бейнелеу өнері пәнін оқыту эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz