АСҚАР АЛТАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҚОҒАМ БЕЙНЕСІ

Оразбаева А.А.
Ғылыми жетекші: Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарыеың кандидаты Кажибаева Г.К.
ajand7884@gmail.com
Қай заманды алып қарасақ та, қаламгерлеріміз уақытпен үндесіп, заманға үн қосып отыруды басты борышы санаған. Көркем әдебиетте халықтың озық дәстүрінің, ұлттық қасиетінің, мәдениетінің сипатталуы - қалың оқырман үшін рухани азық. Бұған көңіл бөліп отыру қаламгердің басты мұраты. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында: Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз деп нақтылап көрсеткен болатын.
Тәуелсіздік жылдары қазақ жазушылары әңгіме жанрында қалыптасқан дәстүрді жалғастыра отырып, мазмұндық, түрлік, т.б. ізденістерге барғаны белгілі. Сондай-ақ, дәстүрлі ұлттық таным тәуелсіздік тұсындағы әңгімелерде батыс әдебиетінде қалыптасқан әр түрлі әдеби ағымдармен толықты. Қазіргі қазақ прозалық шығармаларында модернистік, постмодернистік ағымдар көрініс бере бастады. Қазақтың қазіргі прозалық туындылары адам мен қоғам, адам мен әлем арасындағы қарым-қатынасқа, адам болмысының мәнін, өмірдегі орнын бағамдауға байланысты экзистенциялық дүниетаным шеңбері кең, өмірдің мәнін философиялық тұрғыдан түсінетін кейіпкерлерді өмірге әкелді. Қазіргі қазақ прозасындағы сюжеттің бөлшектері белгілі бір жүйеге бағынбайды, сондықтан шығармадағы оқиғаның баяндалуында хронологиялық тәртіптің сақталмауы заңды құбылыс.
Қазақ әдебиетінің кейінгі жас толқынының сюжет құру ерекшеліктерін дәстүрлі прозаға қарағанда өзгеше екені мәлім. Бұл ерекшелік авторлық ұстанымына, уақыт пен кеңістік рөлімен түсіндіріледі. Ұлттық әдебиеттегі ашыла жазуға, көсіле жазуға заманы мүмкіндік бермеген модерндік әңгіме үлгісі замануи прозашыларымыз тарапынан қазіргі дәуірде постмодерндік әңгіме үлгісіне айналды. Атап айтар болсақ, Жүсіпбек Қорғасбек, Нұрғали Ораз, Асқар Алтай, Дидар Амантай, Роза Мұқанова т.б. жазушылардың әңгімелерін ұғыну үшін олардың постмодерндік бағытының тереңіне үңілуіміз керек. Классикалық әдебиеттегідей сюжет, композиция деп талдаудан алыстап бара жатқандар да жоқ емес. Постмодернисттер сюжетке оқыс оқиғалар, образдарды басқаша түрде ұсынып, оқиғаны күтпеген тұста аяқтап тастап, оқиғаның шешімін оқырманның үлесіне қалдыратындар да бар.
ХХ ғасырдың төртінші ширегінен бастап қазақ прозасының дамуына өз үлесін қосқан қаламгерлердің бірі - Асқар Алтай. Асқар Алтай - қысқа жазудың шебері. Ал, шеберлік дегеннің өзі - тар шеңберде алғанда, адам бейнесі, табиғат көрінісі, қимыл, іс-әрекет сияқты әдебиеттік түрлі образдар жасау үшін қажетті сөздерді талғап, ұқыптылықпен қолдана білу.
Жазушы шеберлігі сол, екі бетке жүк болатын оқиғаны екі ауыз сөзбен көз алдыңа алып келеді. Бір қызығы, Асқар Алтайдың әңгімесін, повестерін, романын оқыған сайын оқығың келе береді. Жазушы шығармаларында бүгінгі күндегі адамдардың болмыс-бітімін, тағдыр-талайын, күнде өзгеріп жатқан қоғамның сынаптай сиқын терең тұрғыдан ашып көрсетеді. Оқиға барысындағы кейіпкерлердің бейнелері мен мінездері оқырманын терең ой түбіне жетелейді. Асқар Алтай аз сөзге көп мағына үстеп, оқырманын өзіне магниттей тартатын сөз шебері. Қаламгер шығармаларының тақырыбы мен идеясы адам мен қоғам мәселесіне құрылған. Тіпті, әңгіме-повестерінің тақырыптық ерекшеліктері де оқырманын қызықтырмай қоймасы анық. Мысалы, Казино, Түсік, Тұл, Кентавр, Киллер сауысқан, Стақан, Шаһид, Мәйіт, Лайбаран, Дық әңгімелерінің атауы қызық та күрделі.
Қазіргі тәуелсіз қазақ әдебиетінде Асқар Алтай - өз бағытын айқындап, стилін танытқан жазушы. Оның шығармаларынан кезінде З.Қабдолов жазушыдан талап ететін сегіз қасиетті толық көруге болады. Оның Қара бура повесі, Қараштың қарасы әңгімесі қазақ басынан өткерген небір тарихи оқиғалардан сыр шертеді. Асқар Алтай шығармаларындағы бір ерекшелік - шығарма ішіне тағы бір шығармаға сюжет боларлық бір оқиғаны сыйғызып жіберуі. Мұндай тәсіл көбіне О.Бөкей шығармаларына тән болатын. Қара бурадағы ботасын іздеген ақ түйе туралы аңыз, Қараштың қарасындағы Қараш батыр туралы әңгіме мен Ереуілтөбе жайындағы тарихи оқиғалар шығарма құрылысына нұқсан келтірмей, негізгі оқиғамен жымын білдірмей кірігіп кеткен. Асқар Алтай көбіне қазақ елінің өткенін безбендеп, елдігін танытатындай тақырыпта жазады. Оның Көзжендет әңгімесінің өзі жазушылық шеберлік туралы көп мәлімет береді. Біреуге істеген қастандығың, тіпті аңға жасаған қатыгездігің өз алдыңнан шығады деген философиялық түйін жасайды. Талай аң-жануарды көзсіз қалдырған көзжендет сауысқанның иесінің немересі көзсіз туады. Әңгіме соңы адамға ой салады.
Қаламгердің бірқатар әңгімелері оқырманды мынау әлеуметтік ортадан алыстатып көркемдік әлемге жетелейді. Жалғыздық сарынын қазіргі қазақ прозасында өмір мен өлім концепциясы тұрғысынан қарастыруға болады. Жалғыздық сарынының Асқар Алтай шығармаларындағы көрінісі қандай болмақ. Осы мәселе төңірегінде ой өрбітеміз.
Асқар Алтайдың осы уақытқа дейін белгілі сыншыларымыздың назарына іліккен туындыларының бірі - Кентавр әңгімесі. Әңгіменің желісі бас адам тәрізді дене тұрқы жылқы іспеттес сәбидің дүниеге келу. Ата-анасының бір перзентке зар болып жүріп тапқан ұлдарын ел көзінен таса жерде өмірге әкеліп, өсіреді. Алайда күн санап өскен жылқы-жігіттің жалғыз екенін түсінуін автор былай жеткізеді.
Түзде тағы өскен құлын-бала құнан-жігіт шықты. Тұрқы зорайып, қуаты толысты. Бұла көркі көз тартып, бұғанасы бекіді. Тарлан Тарбағатайдың тағы аюын да алды, бұла бөрісінің белін де үзді.
Тұнық табиғатта Басарыстың санасы сараланды... өзінің тірі пендеге ұқсамайтын жалғыз екенін түсінді. Жат екенін сезінді. Әкесі мен көкесі ескерткен, шешесі көз жасын төгіп айтқан: Тірі пендеге жолама! Көздеріне түспе! деген сөзді берік ұстанды.
Ал Асқардың Альпинист шығармасындағы тау шыңына шығуды өзінің рухы, жан рахаты көретін Тайшынның қалаға сыймай әрдайым тауға қарай аңсары ауып тұрады. Қаладағы бейберкетсіз тіршіліктен жалығады. Автор кейіпкердің ішкі жай-күйін терең түйсінеді. Оның қаумалаған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz