Цифрлық технологиялар мен әлеуметтік өзара әрекет



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
13 семнар. Цифрлық технологиялар мен әлеуметтік өзара әрекет
Әр дәуірдің өз талап-тілегі болады. Жаһандану дәуірі келгелі жұрт жаңа технологияның тілін меңгеруде. Заманның көшінен қалмау - уақыт талабы. Осы тұрғыда қабылданған Цифрлы Қазақстан бағдарламасы технологиялық тұрғыда дамуға қол жеткізеді. Сонымен қатар, IT бағдарламалар шығындарды азайтып, уақытты үнемдеуге көмектеседі, адамдар өзара ақпарат, тауар және қызмет түрлерін алмаса алатын болады. Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл - маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. Цифрландыру дегеніміз Қазақстанның озық ел атану жолындағы мақсат емес, құрал. Бәсекеге қабілетті болу, өсімді, өнім өндіруді арттыру, міне, осы - мақсат, - деді Елбасы өзінің Жолдауында. Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы инфрақұрылымды дамытуға, адам капиталын жақсартуға, экономика саласын цифрландыруға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталады. Бағдарламаның 4 негізгі бағыты бар. Бірінші - ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру. Екінші бағыт - экономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлы технологияны енгізу. Үшіншісі - мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру. Төртінші - IT мамандарды даярлау. Тұтастай алғанда, бағдарламаның басты мақсаты - қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру. Құжатты жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлық xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде. Цифрлы технология біздің өмірімізге тәуелсіздігіміздің бастапқы жылдары-ақ батыл енгізіле бастады. Ең алдымен, мектептерді жаппай компьютерлендіру қолға алынды. Компьютерлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құрал ретінде пайдаланылып, ақпаратпен орындалатын кез келген жұмыс компьютер көмегімен жүзеге асырылатын болды. Ақпаратты сақтау да, тасымалдау да жолға қойылды. Президенттің Жолдауында елімізде үлкен экономикалық және технологиялық дүмпу болуы тиістігі баса айтылды. Ал ол үшін, ең алдымен, тағы сол IT саласына басымдық беріледі. Жалпы, Қазақстанда ақпараттық технологияларды мемлекеттік секторға ендіру жұмыстары осыдан он жыл бұрын сәтті басталған. Оған мысал - eGov жүйесі немесе Қазақстанның электронды үкіметі. Дәл осы жүйенің көмегімен бүгінде жүздеген операцияны компьютер алдында отырып-ақ жүргізе аласыз. Құжат ресімдеу, коммуналдық қызмет түрлерінің ақысын, салық, айыппұл, сақтандыру және өзге де қызмет түрлерін үйде отырып төлеуге кез келген қазақстандықтың мүмкіндігі бар. Бұл істер алдағы кезде одан әрі жетілдіріле түседі. Цифрлы Қазақстан тек бір ғана IT саласын емес, қоғамдағы өзге де салаларды дамытуға бағытталған. Бағдарлама ІЖӨ-дегі IT-секторының үлесін 2020 жылға дейін 5 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. IT-секторында 150 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Еңбек өнімділігі 37 пайызға жеткізіледі. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру да басты міндет, ол 85 пайызға дейін жеткізілетін болады. Ауыл шаруашылығы да цифрланады Соңғы кезде ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру қарқынды түрде қолға алынуда. Кез келген шаруа қожалығы бір жерден басқарылатын деңгейге жеткен. Бүкіл ақпарат бір арнадан тарайды. Мамандар мұның тиімді екенін алға тартып келеді. Олардың пікірінше, саладағы өнімділікті арттыру, жұмыс күшін тиімді пайдалану, қаржы үнемдеу цифрландырумен тікелей байланысты. Осы орайда, Премьер-министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі
Өмірзақ Шөкеев нақты жұмыстарды қолға алатынын жеткізді. Ол цифрлық технологияларды енгізу бойынша Қазақстандағы барлық шаруашылықты үш түрге бөліп қарастыру керек дейді. Яғни, базалық, жетілдірілген және цифрлық ферма. Ал еліміздегі шаруашылықтар осының соңғысына бағытталып, жұмыс істеуі керек. Нақтырақ айтқанда, базалық деңгейдегі шаруашылықтар жетілдірілген деңгейге өтуі қажет. Бұл жетілдірілген шаруашылықтар цифрлық ферманың есігін барып қағуға тиіс. Бүгінде әлемде нақты егіншілік жүйесі енгізілуде. Бұл жүйе саладағы шығынды азайтады, өнімділікті еселейді, сондай-ақ, ауыл шаруашылығының нәтижелілігін арттырады. Осы орайда, базалық деңгейге жататын шаруашылықтар агроөнеркәсіп кешенінің арнайы бағдарламасы арқылы егістік алқаптарын цифрландырумен қамтамасыз етілген. Бір жыл ішінде біз осыған қол жеткіздік. Сондай-ақ, топырақтың агрохимиялық күйінің карталары жаңартылды, - деді Өмірзақ Шөкеев. Министр баяндағандай, шаруашылықтарды цифрландырудағы негізгі жұмыс әкімдіктерге артылмақ. Әкімдіктер мемлекеттік субсидиялар мен мемлекеттік қолдаулар арқылы шаруашылықтардың цифрлық дамуына қол ұшын беру еді. Әрбір ауданда цифрлық ферма құрылуы керек. Біз мұны әкімдіктерден талап ететін боламыз. Себебі біздің фермерлер цифрлық технологияларды алдымен өз шаруашылықтарында қолданып, нәтижесін көруі керек. Бұл ретте, біз үш полигон құрдық. Олар Қаскелең агропаркінің, Шортандыдағы Бараев институтының және Қостанай облысындағы Заречный шаруашылығының базасында орналасқан, - деді Өмірзақ Шөкеев. Министр еліміздегі ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институттарының саны екі есе қысқаратынын айтты. Бізде extantion жүйесі жұмыс істейді. Олар ғылыми-зерттеу институттарының жұмысын қайталайды. Сондықтан инстиуттардың санын екі есе қысқартамыз. Қазір бізде 23 ғылыми-зерттеу институты бар. Енді олардың 12-сі ғана қалмақ. Кейбір институттарды нығайтамыз, ал кейбірін жоямыз.
Әрбір институтта Қаскелеңдегідей полигон болады, - деді Өмірзақ Шөкеев. Сондай-ақ, министр біздегі ғалымдардың жұмысына қатысты пікірін айтты. Қаскелеңдегі базада болып, бізде ауыл шаруашылығы ғылымы бар екеніне, оның нәтиже беріп жатқанына көз жеткіздік. Қаскелеңде 50 ғалым жұмыс істейді. Практикалық тұрғыдан нәтиже көрсеткен, өз идеяларын коммерцияға айналдыра білген ғалымдарды көтермелейтін боламыз. Біздіңше, дұрыАлматыдағы Ritz-Carlton қонақүйінде сандық жүйені барлық салаға енгізу мәселесіне қатысты Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі атты халықаралық форумы, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға жеті елдің Үкімет басшылары қатысты.
Атап айтқанда Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың маңызы
Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар пәнінің мазмұны
Оқытуды сыныпта даралау технологиясы
Қашықтықтан оқыту жағдайында цифрлық технологияларды қолданудың маңызы мен ерекшеліктері
Интерактивтік оқыту технологиясы
Информатиканы оқыту барысында оқушылардың танымдық қызметіне киберпсихология білімінің әсері
Банкті басқару жүйесіндегі инновациялар
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕГІ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІН ҚОРҒАУҒА ҮЙРЕТУ ТӘСІЛДЕРІ
Агроөнеркәсіптік бизнесті дамыту Қазақстанның экономикалық өсу драйвері ретінде
Бастауыш сыныптарда цифрлық білім беру ресурстарды қолданудың маңыздылығы
Пәндер