ҚАЗАҚТЫҢ АҚЫН ҚЫЗДАРЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ қызы – бидай өңді, дөңгелек жүзді.

13. 11. 2020
СӨЖ-1
Қазақтың ақын қыздары

Қазақтың ақын қыздары.

Қазақ қоғамында өмірін өлеңге арнаған ақын әйелдер аз емес. Мәселен, соғыстан бұрын - Мария Хәкімжанова, соғыс жылдары - Зияш Қалауова, 60-жылдарда Тұрсынхан Әбдірахманова, поэзия шолпаны Фариза Оңғарсынова, поэзия аққуы Марфуға Айтқожина, Аққұштап Бақтыгереева және де Қанипа Бұғыбаева, 70-жылдары - поэзия ханшайымы аталған Күлаш Ахметова мен Ханбибі Есенқараева, 80-жылдары - Шәмшия Жұбатова, Гүлнар Салықбаева, Баян Бекетова, 90 - жылдары- Роза Қараева мен Жанат Әскербекқызы, Жанна Елеусіз сынды танымал есімдерді атасақ болады. XXI ғасырда да көптеген ақын қыздар әдебиет әлеміне лек-легімен келіп жатыр. Бұл туралы кейінірек. Бүгін біз қазақ әдебиетінде өзіндік орнын тапқан, елге танымал бес ақын туралы сөз қозғамақпыз.

"Поэзия патшайымы"

Описание: https://massaget.kz/userdata/uploads/u58604/1425792347_l.jpg

Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітірген.

Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жыл жариялана бастаған. 1966 жылы «Сандуғаш» деген атпен тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің - Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы.

Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А. А. Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р. Ф. Казакованың, Е. А. Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.

1984 жылы «Үйім - менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған.

Фариза Оңғарсынова әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазаған. Ол сезім күйлерін шертуге, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен трагедиясына дастандар арнады. Фаризаның шабыттанып, аса құмарта, кең көсіліп жырлаған табысты тақырыбы - махаббат, сүйіспеншілік. Ақын туған жер, отан-ана тақырыптарында нақты сурет, бейнелі тіл, көркем тәсілмен өрнектейді. Фариза Оңғарсынованың өлеңдері сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алумен ерекшеленеді.

Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, қоғам қайраткері, ақын Фариза Оңғарсынова 2014 жылдың 23 қаңтар күні Астана қаласында ұзақ сырқаттан дүниеден өтті.

"Поэзия аққуы"

Описание: https://massaget.kz/userdata/uploads/u58604/1425792459_l.jpg

Марфуға Айтхожина 1936 жылы 25 тамызда Құлжа қаласында (ҚХР) дүниеге келген. Ақынның балалық шағы қаймағы бұзылмаған, тұнығы шайқалмаған, халқымыздың салт-санасын қаз-қалпында сақтаған ортада өтеді. 1956 жылы Құлжадағы қыздар гимназиясын бітіреді. 1958 жылы атамекенге оралған. 1965 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1971 жылы Мәскеудегі жоғары әдеби курсты бітірген.

Алғашқы өлеңдер жинағы "Балқұрақ" деген атпен 1962 жылы жарияланған. Кейіннен әр жылдары "Шыңдағы жазу", "Жастық шақ", "Аққуым менің", "Қаракөз айым", "Баянжүрек", "Көзімнің қарасы", "Ақ бесігім", "Жарқыра, менің жұлдызым", "Қыран жеткен", "Таңдамалы", "Сағыныш сазы", "Жапырақ сілкінген кеш", "Аңсау", "Аққу жүрек", орыс тілінде "Утверждение", "Голубые голуби", "Струна степей", "Горсть земли", "Украшение коня", "Летние росы" өлеңдер жинақтары жарық көрді. Бірқатар шығармалары болгар, поляк, венгр, чех, парсы т. б. тілдерге аударылған. Марфуға Айтхожина "Аңсау", "Ақку жүрек", Алатаудың Ақ батасы" туындыларында Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін эпикалық кең тыныспен жырлайды.

Ақынның поэзиясында ерекше бөлек әуен еседі. Көңіл-күй лирикасында адам жанын тебірентетін, ойын толқытатын ерекше бір күш бар. Әсіресе туған жер тақырыбына келгенде сөзден ғажайып суреттер бояуын төгеді.

"Жыр аққуы" атанған, қазақтың белгілі ақыны Марфуға Айтхожина келесі жылы сексеннің сеңгірен аяқ басады.

"Жайықтың ақ шағаласы"

Описание: https://massaget.kz/userdata/uploads/u58604/1425792899_l.JPG

Ақұштап Бақтыгереева 1944 жылы, 23 тамызда Ақжайық ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Қазақ қыздар педагогикалық институтын бітірген.

1967 жылы тұңғыш кітабы «Өрімтал» деген атпен жарық көрген. Кейіннен «Наз» (1969), «Қуанышым, іңкәрім» (1971), « Сені ойлаймын» (1973), «Аққанат» (1975), «Бақыт әні» (1978), «Жайық қызы» (таңдамалысы 1980), «Белокрылая» (1981), «Ақжелең» (1985), «Сүмбіле» (1990) атты кітаптары шыққан.

Оның азаматтық үні «Трибун-ақын», «Ақ Жайықтың көз жасы», «Елдің елдігі - бірлігі», «Оралдағы ойран» сияқты өлеңдерінде айқын көрінді. Туған елге деген сүйіспеншілік, ана тілі тағдыры, т. б. мәселелер ақын поэзиясының арқауы. Бақтыгерееваның шығармалары поэтикалық қуатымен, тілінің шырайлылығымен қазақ поэзиясына жаңа өрнек алып келді. Оның өлеңдеріне Ө. Бәйділдаев, Ш. Қалдаяқов, Т. Бақтыгереев, т. б. ән жазған.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Ақұштап Бақтыгереева өткен жылы жетпіс жылдық мерейтойын атап өтті. Ақын бүгінде Орал қаласында тұрып жатыр.

"Қазақтың Қанипасы"

Описание: https://massaget.kz/userdata/uploads/u58604/1425792962_l.jpg

Қанипа Бұғыбаева 19 наурызда Алматы облысы, Жансүгіров ауданы, «Ақсу» өзенінің бойындағы «Ақын Сара» (бұрынғы Көкжайдақ) ауылында өмірге келген. Алғашқы өлеңдері 1959 жылдан «Жетісу», «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттері мен «Қазақстан әйелдері» журналында жариялана бастады. 1983 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген. Қанипа Бұғыбаеваның «Тұңғыш кітап» өлеңдері 1963 жылы шығып, поэзияға нәзік леп әкелгені жайлы үзеңгілес ақындардың өзі мойындаған. Онан кейінгі «Екінші дәптер»(1965), «Ақ сүт» (1968), «Қара торғай» (1970), «Аруана» (1973), «Ана жыры» (1974), «Жыр және жүрек» (1977), «Жасыл бел», «Қоңыр жел» (1988), «Шұғылалы шақ»(1990), «Гүлдер көзін ашқанда» (1985), «Қоштасқым келмейді» (1995) тағы басқа жыр кітаптары қалың оқырманның көңілінен шыққан дүниелер.

1993 жылғы Абайдың туғанына 150 жыл толуына арналған және Түркі поэзиясының ІІ мүшәйраларының жеңімпазы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған (1962) . Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

Ақын шығармашылығының даралығын танытатын басты белгісі-оның жырларында Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік күйдің тұнық қасиетпен мөлдіреп тұрғандығында. Қанипа өлеңдері табиғаттың өзінен туған тіршілік иесіндей жан- сезіміңді бірден үйіріп әкетеді.

Қанипа Бұғыбаеваның бір топ өлеңдері қазақ ақын қыз- келіншектерінің орыс тілінде шыққан «Чудесный сад» жыр жинағына енді. 2000 жылы «Шартарап» баспасынан ақынның «Құс жолы» жыр кітабы жарық көрді.

"Поэзия ханшайымы"

Описание: https://massaget.kz/userdata/uploads/u58604/1425793093_l.jpg

Күләш Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда туған. Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген. 1961 жылы Жамбыл медициналық училищесін, 1973 жылы ҚазМҰУді тамамдаған.

Алғашқы өлеңдері училищеде оқып жүрген кезінде жариялана бастады. "Ақ гүлім менің" (1975), "Сен менің бақытымсың" (1977), "Жапырақ жаздың жүрегі" (1979), "Мейірім" (1981), "Бұлақтағы жұлдыздар" (1982), "Жасыл жағалау" (1984), "Ләйлектер қайтып келгенде" (1985), "Арғымақтар даласы" (1987), "Сен жанымда жүрсең" (1987), "Наурыз нұры" (1991), "Күн шыққанда күліп оян" (1996) т. б. жыр-жинақтары жарық көрген. Ахметова өлеңдері орыс, украин, белорус, өзбек, башқұрт, қырғыз, т. б. тілдерге аударылған. А. Ахматова, А. Межиров, Н. Ислам, Э. Межелайтис өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалады. Азаматтық үнінің айқындығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін Ахметова шығармалары туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат сезімдерін арқау етеді. Замандастың көңіл-күйі, жан әлеміндегі құбылыстар, әйел тағдыры - ақынның лирикалық толғаныстарының арқауын құрайды.

"Сен менің бақытымсың" атты кітабы үшін ақын Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты болды. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Құрмет" орденінің иегері. Жамбыл облысының Құрметті азаматы. Өлеңдері орыс, украин және түркі халықтарының тілдеріне аударылған, мектеп оқулықтарына енген. Тәуелсіздіктің он жылдығына, Астананың он жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасының Бас жүлдегері. Бірнеше медальдармен марапатталған.

Қазақ айтыс өнерінің жыр күм­бе­зіне өзіндік өрнек, қайталанбас на­қыш әкелген өнер дүлділдерінің қа­тарын көбейтіп, оның ойлы да құнды мұраларына мейлінше мол үлес қос­қан ару ақынның бірі - «таң­дайында өлеңнің ұясы бар» даңқты ақын қыз Ұлбике Жанкел­ді қызының өзгеге ұқсамайтын ой сәулесі, сөз сәулеті ер­ек­ше, тілі ше­шен, жүзі көркем бол­ға­нына айтыс­тары айғақ.

Ұлбике ақын. Жанкелдіқызы Ұлбике (1825-1849) - қазақтың әйгілі ақын қызы, майталман айтыскер, жезтаңдай әнші, дәулескер домбырашы. Тал бойына алуан түрлі өнер дарыған ару. Туып-өскен жері - Қызылорда облысы Тереңөзек ауданына қарасты өңір. Топырақ бұйырған жері Жамбыл облысына қарасты Талас өзенінің бойы.

Ұлбике - ойы ұшқыр, өлеңі сұлу, кісілік парасаты өрелі ақын. Ұлбике бұл сияқты ұтқыр уәждердің небір тамаша үлгілерін жүрген жерлерінде маржандай шашып отырған. Сол мол мұрадан бүгінгі ұрпаққа жеткені мың шумақтай өлең. Бұл жиырмаға тарта айтыстары мен санаулы ғана көңіл күй толғаулары. Ұлбикенің асыл мұрасын жинауға Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Әбубәкір Диваев, Василий Васильевич Радлов сияқты әйгілі фольклор жинаушылар айрықша ыждаһатпен ден қойған. «Бұдан 120 жылдай бұрын жанды бетіне қаратпаған ақын болып, қазақтан Ұлбике деген қыз шығыпты», - деп жазады Ә. Диваев. Ұлбикенің шығармаларын В. В. Радлов Петербург қаласында бастырып, кейін орыс және неміс тілдеріне аударып жариялады. Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Мырзатай Жолдасбеков қатарлы білікті ғалымдар Ұлбикенің ақындығына жоғары баға берген. Осы қатарда, яғни қайымдасу мен қағыса отырып айтысуда «Ұлбике, Жанкел және Күдерi қожа», «Iзтiлеу мен Ұлбике», «Серәлi қожа мен Ұлбике қыз» айтыстарын; қыз бен жiгiт айтысындағы «Ұлбике мен жiгiт», «Ұлбике мен Мәделi», «Ұлбике мен Таспақожа» айтыстарын; ақындар айтысы жанрындағы: «Күдерi қожа мен Ұлбикенiң» айтысын және тағы да басқа ақындық жекпе-жектердi атап өтуге болар едi.

Описание: Ұлбике ақын ұлықталуы керек » Тіршілік тынысы

ХІХ ғасырда өмір сүрген, бірақ өмір мен өнербаяны белгісіз ақын қыздың бірі - Жыға қыз. Оның Ку­бала ақынмен айтысқан жырының 1 және 2 нұсқасы беріліпті. Жыға қызды айттырып қойған елдің ақыны Кубала (масқар деген рудан болса керек) өзінің жасы да орны да үлкен­дігіне мән бермей, отырыстағы өлеңін жалғастырға­нына жыны келіп, сөз бастайды. Ақын қыз айылын да жи­май, оны кекесінмен тойтарып оты­ра­ды. Кубала: «Торының айыл, тұр­ман, тебінгісі, Сөз сөйлейді әрбір жерде кемел кісі. Тап болған заманына мен қайнағаң, Ұялмай сөйлей ме екен келін кісі». Жыға қыз: «Кубала, бала десем, жігіт пе едің? Басыңда ақ қал­па­ғың түбіт пе едің? Ішінде топты жұрт­тың келін дейсің, Кубала, менен неге үміттендің?», - деп өзіне өжеттене қарсы сұрақ қойып, айтыскерге тән тапқырлық­ты танытады. Қыз Жыға анау-мынауға дес бермейтін, нені де қайсарлықпен қарсы алатын ақыл­ды, батыл ақын екендігі Кубаланың ең қатты қарғысына да әдеппен, ақындық мәдениетті ұстана отырып ұстам­дылық­пен: «Астымда атым мінген ақ боз атым, Қолыма найза алғаным салтанатым. Әкемнің оң жағында бала тапсам, Болмай ма ол өзіме қол­қанатым», - деп жауап қатуынан бай­қалады. Қазақ қызына тән иба, инабатты түрде берген жауабы Кубала ақынды шамдан­дырып, артық-ауыс сөздерге бар­ғыз­дырып, ұрысуға дейін апарады. Нәтижесінде жүйесіз сөзден тосы­лып, ақындық қасиетті жоғары ұста­ған ақын қыз Кубала ақынмен ай­тысып береке таппай­тынын ұғ­ып, өз еркімен сайыстан шы­ғады.

ХІХ ғасырдағы ақындардың көр­некті өкілдерінің бірі - Жібектің Бала Оразбен айтысы да осы жанр тари­хын­дағы жауһарлардың бірі. Мұн­да да ақын ерлерге тән өркө­кі­рек­­тікпен әйел жынысын жүндей тү­туге тырыс­қаны байқалады. Бала Ораз: «Көтерсе құдай бағымдай, Меніменен айтыссаң. Сындырар­мын сағыңды-ай, Жиырма бестен асқанша, Отызға аяқ басқанша, Осындай шалпы тіліңнен, Байлаған құдай бағыңды-ай», - деп тарпа бас салса, Жібек қызда сөзден қақал­май: «Менімен қағыссаң, Сынды­рар­мын беліңді. Өшірермін үніңді, Басармын, бала, деміңді», - деп М. Әуезов айт­пақ­шы «ә» дегенге «мә» деп тойтарыс береді. Елі мен жұртындағы жайсаң­дарды мақтап дес бермеген бала Оразды Жібек қыз өзі білетін ақиқат­тар­мен алдын орап, сөзден тос­тырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының тарихы сан алуан оқиғаларға толы
Мәриям Хакімжанова
Халықтық педагогиканың үздік дәстүрлері арқылы қыз балалар тәрбиесін арттырудың жолдары мен көздерін жан-жақты қарастыру
Қазақ қызы РАХАТ ӘБДІРАХМАНОВ
Сараның өмірлік әлеміне шолу жасау
Қазақ отбасындағы қыз баланың ұлттық ерекшеліктері
Даланың Ұлы қыздары Шолпының сылдыры, шашбаудың сыңғыры
Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерінің теориялық негіздері
Қыз бала тәрбиесі
Оңғарсынова Фариза
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz