Тарихтан белгілі қасиетті ана атанған Ұмай ана


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

1. Тарихтан белгілі қасиетті ана атанған Ұмай ана

Ұмай ана - ертедегі Ұлы Даланы мекендеген түркі тілдес халықтардың ұрпақ жалғастырушы, береке-молшылық тәңірісі. Ұмай анаға қазақтардан басқа хакастар, қырғыздар, алтайлықтар, тывалықтар, шорлар және түріктер табынған. Бүл жайындағы деректер Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінде, ауыз әдебиеті үлгілерінде сақталған. Қазақ даласына ислам діні дендеп енген соң Көк тәңірімен қатар аталатын Ұмай ана есімі ендігі жерде өз мәнін солғындатып, бөбектер мен аналардың жебеуші піріне айналды. Ұмай ана тәрізді қасиетті бейнелер финнугор халықтары фольклорында да бар.

Ұмай ана біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырда өмір сүрген, Арғын Аспар есімді кісінің қызы.

Көне түркі мифологиясы бойынша, Ұмай ана - ұрпақ жалғастығын жебейтін періште. Ертеде қазақтар қыздарын ұзатқанда, неке қиғызу рәсімінде, сондай-ақ әйелдер босанғанда Ұмай анаға жалбарынып, одан медет тілегені мәлім. «Ұмай» деген сөз ежелгі түркі тілінде «баланың ізі», «бала орны», «ана жатыры» деген мағынаны білдіреді. Ұмай құдай-әйел түркітілдес халықтардың көшілігінің этнографиясында кездеседі.

Ұмай есімі Моңғолиядағы Тоныкөк пен Күлтегінге арналған көне түркі жазба нұсқаларында кездеседі. [2] 2012 жылы Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының ғылыми қызметкері Алексей Рогажинский бастаған археологиялық-этнографиялық ғылыми экспедицияның жария еткен жаңалығы бйынша, Алматы облысы Жамбыл ауданынан Ұмай ананың тасқа қашалған мүсіні табылған. Тас мүсін біздің дәуірімізге дейінгі 7-8 ғасырларда қашалған. Экспедиция мүшелерінің жазбаларына қарасақ, бұған дейін де Ұмай ананың бейнесі көне түркілер мекенінен бес рет табылған. Ұмай атының қастерлілігі сонша, оған Ұмай бек, Қатун-чор атақтары берілген. Иоллығ тегін жазған Күлтегін мәтінінде «Ұмай текті анам қатыннық құтына (бағына) інім Күлтегін ер атанды», Тоныкөк ескерткәшәнде «Тәңірі, Ұмай, киелі Жер-су ықыласын берген екен», - делінген. Бұл тарихи шығармаларда Ұмай ананы өмірде болған тарихи адам ретінде сынайды. Б. Нұржекеұлыда осындай түйін жасаған: «Ұмай ене әлдебір аспандағы аңыз бейне емес, нақты тарихи тұлға екендігін, жәй әйел емес, қасиетті, ел-жұрттың басын біріктірген әулие ене екендігін біле жүргеніміз, әруағы алдында басымызды ие жүргеніміз - тәрбие.

2. Домалақ ана

Атасы Мақтым Ағзамның өсиетімен Домалақ ана он тоғыз жасында (1397) Бәйдібек биге тұрмысқа шығады. Ел ішіндегі деректерге қарағанда, оған «Дихнат мама» деген атауды түп тегі түрікпен Қара Хайдар деген кісі қойған. «Дихнат мама» - парсы сөзі. Қазақ тілінде «Әулие ана» деген мағына береді. «Дихнат мама» сөзі уақыт өте келе дыбыстық өзгерістерге ұшырап, «Домалақ анаға» айналған. Одан тараған ұрпақтарының бәрі де білімімен, ақылымен ерекшеленіп, ел билеген. Жарықшақ деген ұлы Жетісу өлкесінің ұлысбегі болған. 1429 ж. Уәйіс хан қайтыс болып, әке тағына ұлы Есенбұға отырады. Сол күннен бастап Жарықшақ Есенбұға ханның бас уәзірі болады.

Өзгені де баласындай көріп, төңірегіне аналық мейірін шашқан, барынша кішіпейіл, алдағы күннің жайын ойлап, айтар сөзі ақиқатқа айналған болжампаз, көреген қасиетін құрметтеген ұрпақтары сол заманның өзінде-ақ оның атын атамай, жаратылысынан бойы шағын болғандығына қарай «Домалақ ана», «Домалақ ене» деп атап кетіпті.

Домалақ ана өмірінің соңғы жылдары Ташкент қаласында өтеді. Алайда ері Бәйдібектің түсінде берген аяны бойынша, өздерінің ескі қонысы Қаратауға барып тұруға қамданып, жол шегеді. 1456 жылдың жиырма сегізінші мамырында көш Балабөген өзенінің жағасына жеткен кезде Домалақ ана сол жерде намаз оқып тұрып көз жұмады. Өзінің тілегі бойынша Домалақ ана сол жазыққа жерленеді.

Аңыз-әңгімелер

Домалақ ананың қадір-қасиеті ерте-ақ танылған. Ел аузында ол кісі жөнінде аңыз-әңгіме көп. Солардың бірі мынадай: «Бәйдібек заманында жайлауында үйір-үйір жылқысы, келе-келе түйесі, отар-отар қойы өрген, шығыс пен батысқа керуендер жүргізген асқан бай адам болған. Бірде Алатау асып келген қалың жау Қаратау жонын жайлап отырған Бәйдібектің ауылын шауып, сан мың жылқысын түре айдап кетеді. Бәйдібек бастаған ел азаматтары ауылда болмаса керек. Содан жау шапты деген хабарды естіп, Бәйдібек елден жасақ жиып, қасына үлкен әйелі Сары бәйбішеден туған алты ұлын алып, жауға аттанғалы жатқанда Нұрилә: «Бай-еке, малдың құты, жылқының иесі құла айғыр қолда қалды. Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей өзі ауылға келеді. Жауды қума, азаматтар аман болсын, осы тілегімді беріңіз» - деп өз отауының белдеуінде матамен байлаулы тұрған, жүген-құрық тимеген шу асау айғырды көрсетіпті. Бірақ жауға кектенген батыр әйелінің тілін алмай, жасағын бастап жүріп кетіпті. Бәйдібек жасағы жауға Күйік асуында жетіп, қырғын ұрыс салыпты. Алайда жасанып келген жау аттанға ілесіп атқа қонған аз жасаққа теңдік бермепті. Осы соғыста қаза тапқан алты ұлын Үшқарасай жазығына жерлеп, кері қайтыпты. Арада алты күн өткенде байлаулы тұрған құла айғыр жер күңіренте дүлей күшпен кісінеді дейді. Сол күні кеш шамасында шығыстан қалың шаң көтеріліп, ұзамай Бәйдібектің қалың жылқысы көрінеді. Ереуілдеп барып, кері қайтара алмаған жылқыны Домалақ ана осылайша үйде отырып-ақ түгел қайтарып алса керек. Мұндай әңгімелер көп-ақ.

Домалақ Ана Кесенесі — Уикипедия Қазіргі таңдағы домалақ ана кесенесі

3. Қолбасшы көсем-қыздар Томирис

Тұмар 570-520 - күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі, массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы. Себебі грек жазбаларында оның елін "массагет" деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп әлемге танылуы - Ахемен әулетінен шыққан, "төрт құбыланың тұтас билеушісі" атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж. ж. с. д. 558-530. ) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген "жеңілуді білмейді" деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас-талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.

Томирис біздің заманымызға дейінгі VI ғасырды өмір сүрген. Ел басқарған патшайым массагеттердің көсемі Спаргапистің қызы. Ал арғы атасы сақтардың көсемі болған Ишпакай. Томиристің әкесі ел билеуде даналығымен көзге түскен. Шебер қолбасшы әрі бір-бірімен жауласқан тайпаларды ымыраға келтіре білген көреген басшы болған

Анасы Томиристі босанғанға көз жұмады. Дегенмен кейбір дереккөздері оны кейін қайтыс болғанын жазады. Томирис бала күннен жаугер болып өседі. Қаруды қолдануды да, одан қорғануды да жақсы меңгерген.

Шамамен б. з. д. 530-529 жылдары Мидия патшасы Кир көрші мемлекеттердің басым бөлігін өзіне қаратып, "Азия әміршісі" атанады. Осыдан кейін ол Ұлы далаға көзін тігеді. Осы бір жорықта Парсы патшасы Томиристің ері Рүстемді өлтіреді. Ал Кирдің құйтырқы әрекетінен тұтқынға түскен ұлы Спаргапис өз-өзіне қол жұмсайды. Жақындарынан айырылған Ұлы Патшайымды қанша қайғыға батса да, нәзік жүрегін қасірке бөксе де, рухын түсірмей, ерік жігерін жинап алып, жаумен өршелене шайқасты.

Сақ патшайымы – Томирис

Томирис бейнесі

Зарина паташайым

Зарина (көне иран. - zaranya, сақ. - zarnya, парс. زرینه‎ («алтын», «алтын киетін») (б. з. б. IV ғасырдың аяғы - V ғасырдың басы) - ежелгі сақ тайпасын билеген патшайым. [1] Ол туралы тарихи деректер ежелгі дүние тарихшылары Диодор (б. Заринаб. 90 - 21), Ктесий жазбаларында кездеседі. Зарина есімі ежелгі Ассирия, Мидия елдерінің Азиямен байланысы тұсында айтылады. [2] Мидия өзін бағындырғысы келген Парфия мемлекеті үшін сақ тайпаларымен соғысады да, Мидия ханзадасы Стриангия Заринаны жаралайды. Екі жақ та үлкен зардап шегеді. Ақыры олар келісімге келіп, дос әрі одақтас болуға уағдаласады. Осы оқиғалар тұсында сақ тайпасын басқарған патша Зарина болатын. Ол өзінің батылдығы, сұлулығы және ақылдылығымен дараланған. [3] Сақ жеріне көз тіккен көрші патшалардың талайын жеңіп, ел тұрмысын жақсартқан, көптеген қалалар салдырған. Зарина тағдырына байланысты туған “Зарина және Стриангия” атты жыр да бар. Оның мазмұны бізге толық күйінде жетпесе де, қаҺармандық эпос рухындағы туынды екені анық. Зарина өлгенде ел-жұрты оның басына үшбұрышты пирамида орнатып қастерлеген. Орыс тарихшысы В. Н. Татищев (1686 - 1750) құрастырған сөздікте Заринаның сом алтыннан жасалған ескерткіші жәйлі дерек бар. Заринаның ерлік істері көне түркі тарихы мен әдебиетіндегі “Қырық қыз”, “Баршын қыз” секілді жыр-дастандар мазмұнына келіп ұласады.

Түрік жұртынан шыққан әйел билеушілер: Зарина патшайым

Сүйімбике

Сүйімбике (1516-1554) - Қазан хандығының билеушісі (1549-51) . 1549-54 жылы Үлкен Ноғай ордасының билеушісі болған Едіге әулетінің ұрпағы Жүсіптің қызы. Әкесі Сүйімбикені 1533 жылы Қазан ханы Жанәліге ұзатқан. 1535 жылы Жанәлі хан Қазан ақсүйектерінің ұйымдастыруымен тақтан тайдырылып, айдауға жіберілгеннен кейін таққа отырған Сафа-Гирей ханға тұрмысқа шыққан. 1549 жылы Сафа-Гирей хан қайтыс болғаннан кейін Қазан хандығының билеушісі Сүйімбике болды. Қазан ақсүйектері оған Сафа-Гирейден туған баласы Өтеміс-Гирей ержеткенге дейін бнлік етуіне көмек көрсетуге уәде береді. Сүйімбике Иван Грозныйдың Қазанға жасаған жорығына тойтарыс беруді ұйымдастырды. Қазан хандығын жаулап алған Иван Грозныйдың бұйрығымен Сүйімбикені баласы Өтеміс-Гиреймен бірге Мәскеуге алдырып, 1553 жылы Қасым хандығының билеушісі Шах Әлидің қарамағына жіберілді.

Айғаным

Айғаным Ханым (1783 жылы, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Сырымбет - 19 қараша 1853, сонда) - Шоқан Уәлихановтың әжесі, Уəли ханның кіші әйелі. [1] Патша өкіметі Орта жүздегі хан өкіметін таратқанда, Уәлиханның барлық мұрасы балаларының бөлісіне түсті. Солтүстік Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге ықпал етті. Ол өз кезеңінің алдыңғы қатарлы адамы болған, шығыстың бірнеше тілдерін білген. Санкт-Петербургтегі, Ресей сыртқы істер министрінің Азия департаментімен хат жазысып, Омбыдағы, Тобыл мен Петропавлдағы шенеуніктермен тығыз байланыс орнатқан. Ол Шоқан үшін нағыз даналықтың үлгісі болды. Әжесі оған халықтың ежелгі аңыздарын, әңгімелерін айтып, өткен тарихи оқиғаларды еске түсірді. Уәли ханның өлімінен кейін (1821) барлық мұра оның ұлдары арасында бөлінді. «Ханның қызыл ағашы» ордасы - үлкен ұлы Ғұбайдолланың ұрпақтарына, Сырымбет Уәлидің кіші әйелі - А-нан туған балалардың иелігіне қалды. Уәли қайтыс болғанда Шоқанның әкесі - Шыңғыс небәрі 10 жаста болатын. Хан ордасы - “Ханның қызыл ағашы” - үлкен ұлы Ғұбайдолла ұрпақтарына, Сырымбет - кіші әйелі Айғанымнан туған балалардың иелігіне қалды. Уәли өлген жылы Шоқанның әкесі Шыңғыс 10 жаста болатын. Әкенің барлық мұрасы ғұрып бойынша үлкен ұлы Ғұбайдоллаға өтуге тиіс еді. Бірақ Ғұбайдолла саяси жағдайларға байланысты әке мұрасына ие бола алмады. Ол ұзақ уақыт айдауда жүріп, қаза тапты. Сондықтан Уәли әулетіндегі ел басқару ісі оның жесірі Айғанымның қолына тиді. Айғаным өз заманының алдыңғы қатарлы адамы болды, бірнеше шығыс тілдерін меңгерді. Санкт-Петербургтегі Сібір комитетімен, Ресей Сыртқы істер министрлігінің Азия департаментімен хат жазысып тұрды. Сібір қазақтарының жарғысы қабылданғаннан кейін, Солтүстік Қазақстандағы көптеген мәселелерге оның ықпалы тиді. Айғанымның өз халқы алдындағы айрықша беделін түсінген патша өкіметі қазақтарға қатысты көптеген істерді шешуде ол кісімен ақылдасып отырған. Александр І патша Айғанымның өтінішін орындап, Сырымбетте қыстау салдырып берген. Қыстау сыртынан ағаш қорғанмен қоршалған. Қорған ішінде үлкен үй, мешіт, қонақ үй, үлкен 5 бөлмелі мектеп үйі, монша, диірмен, керме, сарай т. б. болған. 1828 жылы Қызылжарда Айғаным Батыс Сібірді тексеруге келген Сенат өкілдері В. К. Безродный және Б. А. Куракинмен кездесіп, оларға халықтың мұң-мұқтажы жазылған хат тапсырды. Айғаным өз ұлы Шыңғысты Омбыдағы әскери училищеге оқуға берді. 12 жасар Шоқанды да, шешесі Зейнептің қарсы болғанына қарамай, Омбы қаласына оқуға жіберді. Шоқанның болашақта үлкен ғалым болып қалыптасуына әжесі Айғанымның әсері көп болған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі дәуірінің тас мүсіндері
Тәңірілік және бақсылық нанымдардағы жауапкершілік мәселесі туралы
Көне түріктердін Ұмай анаға табынуы
Бақсылық және бақсы сарындары
Сенімнің пайда болуы
Ежелгі Қазақстандағы діни – философиялық аспектідегі негізгі ілімдер
Х-ХҮІ ғасырлардағы Шығыс ғұламалары және ислам әлемі
Түркі халықтарындағы әйел болмысының тарихи қалыптасуындағы ерекшеліктерін айқындап, бүгінгі күнгі қыз бала тәрбиесінде қолдану
Түркілердің ежелгі сенімдері
VI-XII ғғ. түркі халықтардың мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz