Сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақтың құрылысы, қызметтері. Статокинетикалық және есту анализаторлары. Кіреберіс- ұлу нерві( VІІІ-жұп)


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Омар Аида Қайратқызы 1001 ЖМ

СОӨЖ: Сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақтың құрылысы, қызметтері. Статокинетикалық және есту анализаторлары. Кіреберіс- ұлу нерві( ҮІІІ- жұп)

Cыртқы, ортаңғы, ішкі құлақтың құрылысы, қызметтері. Статокинетикалық және есту анализаторлары. Кіреберіс-ұлу нерві(YIII-жұп) .

  1. Сыртқы құлақтың құрылысына сипаттама
  2. Ортаңғы құлақтың құрылысына сипаттама
  3. Ішкі құлақтың құрылысына сипаттама
  4. Статокинетикалық анализатордың жолын сипаттап жазыңыз. (Схема түрінде де көрсетуге болады)
  5. Есту анализатордың жолын сипаттап жазыңыз. (Схема түрінде де көрсетуге болады)

Құлақ латынша - auris деп аталады. Құлақтың өзі үш бөлімнен тұрады. Сыртқы құлақ (auris externa) - құлақтың дыбыс қабылдайтын бөлігі болып табылады, ортаңғы құлақ (auris media) - құлақтың дыбыс жеткізуші бөлігі болып табылады, ішкі құлақ (auris interna) - құлақтың дыбыс кабылдаушы бөлігі болып табылады. Сыртқы құлақ пен ортаңғы құлақ дыбыс тербелістерін өткізеді. Ал ішкі құлақта статокинетикалық (яғни, дыбыс сезгіш және статикалық аппараттар) және есту анализаторлары орналасады, яғни есту ағзасы - pars audita мен статикалық сезім ағзасы - pars statica орналасқан.

1. Сыртқы құлақ (auris externa) - құлақ қалқанынан(auricular), сыртқы есту өтісінен (meatus acusticus externus), сонымен қатар сыртқы және ортаңғы құлақ шекарасында орналасқан дабыл жарғағынан (membrana tympani) тұрады.

Құлақ қалқаны (auricular) - теріден және шеміршектен құралған. Сырттан келген дыбыстардың бағытын анықтап, дыбысты сыртқы есту жолына (meatus acusticus externus) өткізеді. Құлақ қалқанының бос қайырылған бөлігінде - құлақ шиыршығы (helix) және оған қарсы шиыршық (antihelix), шеміршекті төменгі бөлігінде - құлақ бүртігі (tragus) және оған қарсы бүртік (antitragus), сонымен қатар шеміршегі болмайтын сырғалық (lobules auriculae) орналасқан.

Сыртқы есту өтісі (meatus acusticus externus) - теріден, шеміршектен, және ішкі бөлігі сүйектен құралған, S тәрізді иілім жасайды. Оның ішінде құлық және кішкене түктер болады. Олар қорғаныш қызметін атқарады. Оның үштен бір бөлігін шеміршекті есту өтісін (meatus acusticus externus cartilagineus) құрайды да, ал қалған үштен екісін сүйекті есту өтісін (meatus acusticus externus osseus) құрайды. Сүйекті есту өтісі сыртқа қарай porus acusticus externus арқылы сыртқа шығады да, сол арқылы sulcus tympanicus өтеді. Шеміршекті есту өтісі бөлігінде (meatus acusticus externus cartilagineus) май бездері мен сарғыш түсті секрет (cerumen) бөлетін ерекше бездер - glandulae ceruminosae көп болады.

Сыртқы және ортаңғы құлақ шекарасын дабыл жарғағы (membrana tympani) бөліп тұрады. Оның пішіні жас ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Жаңа туған нәрестеде қалың, дөңгелек пішінді болады да, ересек адамдарда сопақша пішінді, ортасында ішке қарай тартылған кіндік - umbo membranae tympani болады. Сырттан келген дыбыс толқындары құлақ қалқаны (auricular) мен сыртқы есту өтісінен (meatus acusticus externus) өтіп, дабыл жарғағын қозғалысқа келтіреді. Қозғалысқа келген дабыл жарғағы сырттан келген дыбыс толқанын ортаңғы құлаққа қарай өткізеді. Дабыл жарғағының ішкі беті шырышты қабық - stratum muscosum-мен, сыртқы беті тері жабындысы - stratum cutaneum-мен қапталған.

2. Ортаңғы құлақ (auris media) - дабыл қуысы (cavitas tympanica) мен есту түтігінен (tuba auditiva) тұрады.

Дабыл қуысы (cavitas tympanica) шырышты қабықпен жабылған 6 қабырғасы ажыратылады.

  1. Дабыл қуысының латеральды қабырғасы - paries membranaceus - жарғақты қабырға деп те аталады. Жоғарғы жағында recessus membranae tympani - екі есту сүйекшесі (балғашықтың басы мен төс) жатады. Recessus арқылы құлақтың патологиялық ауруларын анықтайды.
  2. Екі терезелі дабыл қуысының медиалды қабырғасы - paries labyrinthicus - лабиринттік қабырға. Оның бірі, membrana tympani secundaria-мен жабылған, ұлуға алып баратын дөңгелек терезе - fenestra cochleae; екіншісі vestibulum labyrinthi-ге ашылатын сопақ терезе - fenestra vestibule - оған үзеңгі сүйекшенің негізгі бөлігі еніп тұрады.
  3. Дабыл қуысының артқы қабырғасы - paries mastoideus - емізік тәрізді қабырға, оның дабыл қуысына ашылатын тесігі болады, aditus ad antrum pranicum.
  4. Жоғарғы бөлігінде есту түтігінің дабыл тесігі (ostium tympanicum tubae auditicae) орналасатын дабыл қуысының артқы қабырғасы - paries caroticus. Ұйқылық қабырға деп те атайды.
  5. Дабыл қуысының жоғарғы немесе жамылғылық қабырғасы (paries tegmentalis) дабыл қуысын бассүйектен бөліп тұрады.
  6. Дабыл қуысының төменгі қабырғасы - paries jugularis - мойындырықтық қабырға.

Дабыл қуысында (cavitas tympanica) маңызды үш сүйек бір-бірімен байламдар арқылы байланысып орналасқан, олар: балғашық (malleus) -, төс (incus) және үзеңгі (stapes) . Дыбыс толқынын балғашық өзіне қабылдап, оның байланысы арқылы төске, төстен үзеңгіге қарай өткізеді. Осылайша дыбыс толқыны сыртқы құлақтан ортаңғы құлаққа, одан әрі ортаңғы құлақтан ішкі құлаққа үнемі болып отыратын қозғалыстар арқылы жіберіледі.

Дабыл қуысында орналасқан 3 кішкене дыбыс сүйекшелері пішіндеріне қарай орналасқан; балғашық, төс және үзеңгі деп аталады.

Балғашық (malleus) домалақ басы мойын арқылы сабымен байланысқан

Төс(incus) денсі және екі өсіндісі болады, олардың біреуі қысқалау шұңқырға тіреледі, ал екіншісі ұзын өсіндісі

Үзеңгі(stapes) пішіні атына сай үзеңгі тәрізді, төспен буындасу беті бар кішкене бастан және екі аяқшадан тұрады.

Сүйекшелер 2 түрлі қызмет атқарады; дыбысты сүйек арқылы өткізеді және дыбыс тербелістерін кіреберістің сопақ терезесіне механикалық жолмен береді.

Есту түтігі (tuba auditiva) немесе Евстахий түтігі деп те атайды. Ол дабыл қуысын мұрын-жұтқыншақпен байланыстырып тұрады. Бұл жерде сыртқы және ішкі атмосфера қысымы арасындағы тепе-теңдік реттеледі. Ол дабыл жарғағының тербелістерінің дұрыс өтуі үшін қажет. Есту түтігінің сүйекті және шеміршекті бөліктерін ажыратамыз. Ostium tympanicum tubae auditivae ден басталып, ostium pharyngeum tubae auditivae-дан аяқталады.

3. Ішкі құлақ (auris interna) немесе лабиринт деп те атайды, дабыл қуысы мен дыбыс жолының арасында орналасқан, жарғақты лабиринт және сүйекті лабиринттен тұрады. Ішкі есту жолы арқылы n. vestibulocochlearis шығады. Сүйекті лабиринт ұлу, кіреберіс және үш жартылай өзектен тұрады.

Ұлу (cochlea) - есту мүшесі болып табылады, кіреберістен басталып, ұлу қабыршағына ұқсап, екі жарым оралым жасап жатады. Ұлу өзегі кіреберіс сатысына (scalia vestibuli) және дабылды сатыға (scalia tympani) сүйекті табақша арқылы (lamina spiralis ossea) екіге бөлінеді. Және су құбырының тесігі (aqueductus cochlea) орналасады.

Кіреберіс (vestibulum) - сопақша пішінді болып келеді, лабиринттің орталық бөлігінде орналасады. Crista vestibule арқылы кіреберіс қуысы екіге бөлінеді: артқы - recessus ellipticus (онда aperture interna aqueductus vestibule - кіреберіс су құбыры басталады) , алдыңғысы - recessus sphericus.

Сүйекті жартылай дөңгелекті өзекшелер (canalis semicirculares ossei) - жарты шеңберлі, тепе-теңдік сақтау мүшесі. Ол үш түрлі жарты шеңберден құралған. Алдыңғысы - canalis semicirculares anterior, латеральды - canalis semicirculares lateralis, артқы - canalis semicirculares posterior. Олардың әр қайсысының екі аяқшасы болады, бірақ алдыңғы және артқы өзектің бір ортақ аяқшасы болады, ол - crus commune деп аталады. Осылайша үш өзектің аяқшалары кіреберісте бес тесік арқылы ашылады да, әрбір қзек аяқшаларының біреуі кіреберісте ампула, яғни crus simplex деп аталатын кең жерді түзеді. Осы шеңберлердің орналасу бағытына байланысты, олар біздің қозғалыс бағытымызды талдап, жүйке жүйесі арқылы миға жібереді.

Жарғақты лабиринт - (labyrinthus membranaceus) мөлдір сұйықтық - endolympha-мен толтырылған, сүйекті лабиринттің ішінде орналасып, оның пішінін толығымен қайталайды. Сондықтан, оның сәйкесінше алдыңғы, артқы, латеральды жарғақ түтіктері - ductus semicircularis anterior, posterior et lateralis; ампулалары - ampula membranacea anterior, posterior et lateralis. Жарғақты лабиринттің вестибулярлы (labyrinthus vestibularis) және ұлу ( labyrinthus cochlearis) лабиринттерін ажыратамыз. Ұлу ( labyrinthus cochlearis) лабиринті немесе ұлу түтігі деп аталады, сүйекті ұлудың бір бөлігін алып жатады. Вестибулярлы (labyrinthus vestibularis) - сфералық немесе дөңгелек (sacculus) және сопақ (utriculus) пішінді қалташалар мен үш жартылай дөңгелекті түтіктерден тұрады. Сфералық немесе дөңгелек және сопақ пішінді қалташалар бір-бірімен ductus utriculo saccularis арқылы байланысады. Жарғақты лабиринт сүйекті лабиринтке жіптер мен мембраналардың күрделі жүйесі арқылы ілініп тұрады, сондықтан ол қатты қозғалыс болған кезде өз орнынан ығысып кетуінен сақтайды.

Кіреберіс-ұлу нерві (YIII) N vestibulocochlearis

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алдыңғы бұлшық еттер
Мидың дамуы, ми көпіршіктері, олардың туындылары, қалдық қуыстары. Ми қыртысы, оның қабаттары
Жұлын. Бас-ми
АДАМ АНАТОМИЯСЫ пәнінен ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Вегатативті жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы
Тері анализаторы
Маңдай сүйегінің құрылысы
Сезім мүшелері туралы түсінік
Орталық жүйке жүйесіндегі жүйке орталықтарының қызметі
Көру және есту анализаторлары. Жас ерекшеліктері мен гигиенасы.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz