Шалкиіз жыраудың шығармашылығымен таныстыру, толғауларының мәнін көрсету



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Мақсаты:
* Шалкиіз жыраудың шығармашылығымен таныстыру, толғауларының мәнін көрсету.
Жоспар:
* Шалкиіз (Шалгез) жырау Тіленшіұлы (1965-1560) өмірінен мәлімет.
* Мұрасының зерттелуі.
* Шалкиіздің өзінен кейінгі ой мен сөз шеберлеріне әсері.
Қазақ поэзиясының атасы -- Шалкиіз жырау 1465 жылдар шамасында Жайық бойында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айрылса да, арабша оқып, хат таныған. Өзге түркі тілдес халықтарға қарағанда шығармалары қазақ арасында ең көп сақталған жырау есімі Шалгез аталып кеткен. (Сал -- кез, Шәлі -- киіз аталуы туралы аңыздар). Шын аты Телағыс екен. Қазір бізге белгілі Шалкездің мұрасы 760 жолдай. Оның 500 жолдайы қазақ арасынан, 260 жолдайы ноғайлар арасынан жиналған. Жырлары түгелдей азаматтық, әлеуметтік лирикаларға жатады. Шалкиіздің бір шоғыр жыры Темір биге арналады. Би Темірге айтқаны, Би Темірді қажы сапарынан тоқтатуға айтқаны, Тор балаң құсты қолға алып, Арық хан, Боз үстінде от жаққан, Мен иемнің күнінде т.б.
Оның барлық толғаулары - заман, өмір, мораль туралы дидактикалық шешендік туындылар. Шалкиіз шығармаларынан айқын аңғарылатын сыр -- оның логикалық жағынан жүйелі келуі. Жырау туындыларына ұйытқы болған оқиғалар аса көп емес, әйтсе де оның өмір кезеңдерін, дәуірге көзқарасын өлең-толғауларына қарап мол сезінуге болады. Шалкиіз жырларында суреттелетін адамдар -- Темір, Азике, Мансұр, Арық хан және жыраудың өзі. Шалкиіздің өзін біз көбінесе лирикалық мені арқылы танимыз. Өз тұсындағы әміршілердің ешқайсысының да шашбауын көтермеген, турашылдығынан танбаған. Жырау туындылары көңіл пернесін дөп басар әсерлілігімен, көздегенін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, сұлу сазды көркемдігі, асау серпімді қуатымен ерек-шеленеді. Шалкиіз -- көбі мақалға айналып кеткен талай афористік сөздердің авторы.
(Жаман туған бар болса, жаман жолдас көп болса, жазаны содан көрерсің т.б.)
Ел әңгімелерінің айтуынша, Шалгез батыр болған. Жауынгер, жорықшы жырау болғандығы оның өз шығармаларынан да көрінеді. Шалгез поэзиясы белгілі дәрежеде жаугершілік поэзиясы. Мұның куәсі жыраудың ескілік қаруы имек садақ пен қайқы қылыштан тым аулақ тұрмағанын көрсететін өлеңдерінен-ақ байқауға болады. (Аспанды бұлт құрсайды, Балпаң-балпаң басқан күн, Асқар, асқар, асқар тау т.б.).
Қазақ батырларының өзіндік орын-үлесін, белгі-ерекшеліктерін көрсететін Ер Шобан жырында Шалкиіз елдік, ерлік мәселелерін көтереді. Шын мәнісіндегі жыраулық поэзияны жасаушы болған Шалгез дидактикасын кейінгі жыршылар да азық етті.
Сондықтан да жыраулық поэзияның гүлдену дәуірі Шалгезбен байланысты, өйткені ол -- қазақ әдебиетіндегі ерекше құбылыс.
ШалкиізТіленшіұлы
Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560 ж.ш.) - жырау, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі. Жыраудың әкесі, сахара феодалдарының бірі болса, шешесі Кіші жүздің ұйтқысы болған, орыс деректерінде Сыртқы Орда аталатын ұлыстың әмірі Мұса бидің қызы еді. Ол үш айлығында анасынан айрылып, нағашыларының қолында тәрбиеленді. Шалкиіз жас кезінен-ақ ер жүрек жауынгер әрі талантты жырау ретінде даңққа бөленді. Жігіттік шағы Ноғай Ордасындағы Мұса бидің маңайында өтті. Кейіннен Үлкен Орданың әміршісі Мансұрұлы Темір бидің және ноғайлы Жүсіп бидің төңірегінде, өмірінің соңғы кезін қазақ ханы Хақназар маңында өткізді.
Жырау туындылары әсерлі, өткір, аз сөзге көп мағына сыйғызған сұлу сазды көркемдігімен ерекшеленеді. Оның Асқар, асқар, асқар тау..., Қоғалы көлдер..., Арғымақ ару аттар..., Ор, ор қоян, ор қоян..., т.б. шығармаларында орта ғасырлық қарапайым көшпелілердің өмірі туралы нанымды, моральдық, этикалық түсініктер көрініс тапқан. Ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАНЫМДАР БАСТАУЫ
Толғаудың жанрлық ерекшеліктері
Қазақ поэзиясында жырау - ақынның ерекше ежелгі түрі
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі
Бұқар жырау шығармаларымен таныстырудың әдістемесі
Доспамбет жыраудың толғаулары
Жыраулар поэзиясын оқыту
Жыраулар поэзиясының даму жолдары
Толғау жанры және оның XV-XVII ғасырлардағы даму сипаты
Жыраушы тұлғалар
Пәндер