Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІНІҢ МӘНДІЛІГІ МЕН ӨМІРШЕҢДІГІ


Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІНІҢ МӘНДІЛІГІ МЕН ӨМІРШЕҢДІГІ
Боранбекова А. Б.
Титов атындағы орта мектебі, Қарабұлақ а., arailym_bm78@mail. ru
Кішіпейілділік, ізеттілік, мейірімділік - адамгершіліктің достары.
Қaзaқ халқының тарихында өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруде орасан еңбегін сіңіріп, өз мұрасымен есте қалған ұлы ағартушылар аз емес. Қашанда жаңа істің бастамасында көптеген қиыншылықтарға қарамай өзіндік іс-тәжірибесін халық арасында кеңінен қолданған әрі өз ісінің шеберлігімен дәлелдей білген ұлы педагог Ы. Алтынсариннің тап болып, еш мойымай шеберлігінің, білімділігінің арқасында үлкен нәтижеге қол жеткізген ұлы ұстаздың өмірі мәңгі шырақ болғаны анық. Кемеңгер ұстаздың педагогикалық-психологиялық және әдістемелік ұсыныстары өмірлік тәжірибеден алынған, терең мағынаға, озық идеяға негізделген. Ұлы педагогтың ізгі ойлары мен педагогикалық тұжырымдары, оның ішінде оқушыларға арналған нақыл сөздерінің жасалу тәсілдері мен жолдары терең мазмұнда айтылып, әдебиет саласында өз орнын тапқан. Себебі, білімді ұстаз «мектеп - әр шәкірттің қабілетін дамытып, қамқоршы-жасампаз тұлға тәрбиелеу міндетін атқаруы тиіс» екендігін барлық әдеби шығармаларында тамаша дәлелдеп берді. Ал ұстаз бойындағы асыл адамгершілік мінезді, әдептілікті қалыптастырып, надандыққа жол бермеу керектігін барлық еңбектерімен тиянақтап көрсетті. Қазір таңда кеңінен тараған, термин сөзге айналған ынтымақтастық пікірін сол кездің өзінде-ақ ұлы ұстаздың шығармаларынан кездестіруге болады. Ұстаз, шәкірт, ата-ана және халық арасындағы бағалы қасиеттерді дәріптеу әрі бағалап, сақтай білу - оқу үдерісінің басты бөлігі, педагогикалық ұжымның негізгі міндеті екендігін жан-жақты айқындап, дәлелдеп берді.
Бәріміз бір адамның баласымыз,
Жігіттер бір-біріңе қарасыңыз.
Өмір деген бес күндік кетер өтіп,
Атаң барған орынға барасыңыз, - деп оқырман қауымды бірлікке, татулыққа, түсінісуге шақырды.
Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орыны бар тұлғалардың бірі - Ыбырай Алтынсарин. Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес, халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу - маржан жырларын жақсы біліп, өзінің төл шығармаларына негіз еткен. Қиын да ауыр заманда білім алып, өз еңбектерінде Ыбырай Алтынсарин білім ұранын көтерді. Өз елін қиыншылықтан, қорлықтан құтқаратын, игілікке жол көрсететін тек білім деп есептеп, білімді ұрпақты тәрбиелеу жолында өз қолтаңбасын қалдырды. Сол себепті «Тұңғыш дала қоңырауы атанған» Ы. Алтынсарин шығармаларындағы нақыл сөздері оқушы бойына ізгілік пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып, болашаққа жол сілтейтін таптырмас мұра екені сөзсіз. Жазушы шығармаларын оқып, тілдік талдаулар жасай отырып, оның көтерген тақырыптарынның шынайы, өміршеңдігін дәлелдеп, жазушы еңбектеріндегі нақыл сөздерінің қолдану ерекшеліктері айқындалды. Себебі, Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы нақыл сөздері бүгінгі күнге дейінгі жетіп, тәрбиелік мәнінің мазмұны жойылған емес. Нақыл сөз дегеніміз - қысқаша мазмұнды, терең ойлар айтылатын ұлағатты сөз. Оны көбіне ұлы тұлғалар, еліне үлгі бола білген ұлағатты да парасатты тұлғалар айтады. Ұлы ұстаз Ыбырай да бүкіл қазақ даласына үлгі бола білген көрнекті ғалым. [ 5, б. 168] Қазақ даласындағы білімнің көзін ашқан адамның айтып кеткен нақыл сөздері өнегелі, тәрбиелік мәні, өмірлік мазмұны бар асыл мұра.
Ыбырай Алтынсарин өмірі жолы жемісті, қаза халқы үшін жасаған еңбегі ерекше болды. Ыбырай жас ұрпақты оқу-өнерге, еңбекке баулыды. Олардың бойындағы асыл қасиеттерін жетілдіріп, ұнамсыз жақтардан аулақ болу, тек жақсы касиеттерді оқырманына сіңіру жолында талмай еңбек етті. Ақын шығармаларындағы түйінді ойлар, бұл күндері оқу, білім, еңбек салаларында еркін қолдануға арналған нақыл сөздерге айналған. Әр шығарма барысындағы өміршең оқиғалар түйіні жазушы шығармаларында түйінді идеялармен берілген құнды нақыл сөздеріне арналған. Сол себепті баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен ұстаздар қауымы ерекше әрі шешуші рөл атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты үдеріс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, мұғалімдердің балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- білім алушылардың қызығушылығын қамтитын қылықтарынан, іс - әрекетіндегі сезімдері мен қарым - қатынастарынан көрінеді. Белгілі бір істің нәтижесін іске асыра, адамгершілік, ізгілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, мұғалім істелген жұмыстардың нәтижелерін, білім алушылардың жетіктістерін зер салып таразы сатысынан өткізу керек. Ы. Алтынсариннің қай шығармасын алсақ та ол бізді тек әдептілікке, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. Мұндағы мақсатым Ыбырай атамыздың шығармаларындағы рухани -адамгершілік құндылықтар туралы танысып біле отырып, басқалар үшін де, аз да болса көпке татыр мәліметтерді тауып топтастырып ұсынуға жұмыс жасадым.
Ы. Алтынсариннің айтқан нақыл сөздерін бірнеше топтарға бөліп, қарастыруға болады.
Еңбек, бақ тақырыбында:
- Еңбекпен табылған тамақ тәтті әрі сіңімді болады.
- Аз жұмысты қиынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың.
- Азға қанағат қылмасаң - көптен құр қаласың.
- Еңбекпен табылған дәм тәтті
- Байлық - қанағат пен еңбекте.
Адамгершілік, ізеттілік туралы:
- Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма.
- Қашанда бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, одан соң қолыңызды жұмылдырыңыз, егер де ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін тауып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға серік беріңіз.
- Жақсы ой мен жақсы сөз - жақсы істерге жетелейді.
- Әр нәрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде.
- Бағу - қағуда көп мағына бар.
Өнер - білімге, ғылымға шақыру:
- Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған.
- «Кел, балалар, оқылық!»
- Оқыту процесінде қалай болса солай оқытпай - ғылым, білім беру жүйесі сақталу керек
- Педагогикалық жұмыстағы шешуші нәрсе - ең жақсы оқыту әдістерін таба білуде.
- Мектеп қабілетсіздік пен жалқаулықтың ұясына айналмауы тиіс.
- Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған.
Мұғалімдер туралы:
- Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.
- Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі.
Қазақ тілі жайында:
- Қазақтың тілі соншалықты мол. Қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әм анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе.
Атақты ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» [ 4, б. 210] - деген сөзі бәрімізді қaтты ойландыру керек. Ұлттың рухaни-экономикалық, әлеуметтік тұрғыда өсіп- жетілуі білімнің мaзмұндылығы мен мaңызына, оған деген көзқарaсқа тікелей қaтысты. Ал жеке тұлғa мен қоғам кұндылықтaрын қaлыптaстыру барлық кезеңдерде өзекті мәселе болып келгені мәлім. Олай дейтініміз, осы рухaни-aдaмгершілік құндылықтaрдың мәні, тәрбиелік мaңызы турaлы ғұлaмaлaр, ұлы aғaртушы-педагог Ыбырaй Алтынсaрин өз еңбекінде құнды ой-пікірлерін кейінгі ұрпaққa мұрa етіп қaлдырғaн. Ғaсырлaр қойнaуынaн жеткен жәдігерлердің өнегелік сипaттaрын, тәлімдік тәсілдерін тиімді қолдaнсaқ, ғибраттың нағыз кайнар көзінен сусындаймыз. Ағартушы-жазушымыз кемеңгер ғұлaмa ұстaз Ы. Алтынсaрин еңбектеріңде бaлaны елін, жерін сүюге, тaбиғaтты aялaуғa, имaндылыққa, әдептілікке, қайрaттылыққa, еңбек етуге тәрбиелеудің ұлт тaбиғатынa лaйық небір тaмaшa әдістері ұсынылaды. Ы. Алтынсaрин aдaм тәрбиесіне зор мән берген.
Білім мен тәрбие берудегі Ыбырaйдың aлғa қойғaн мaқсаттaрынa тоқтaлсaқ, жоғарыдa aйтылғaндaй:
1. Оқушылaрғa жaн-жaқты және кең көлемде білім беру;
2. Мұғaлімнің рөлін жоғaры көтеру, оқулықтaрдың сaпaсынa көңіл аудaру;
3. Оқу бaғдарлaмaлaрын үнемі жетілдіріп, толықтырып отыру;
4. Оқушылaр білімін қосымшa мaтериaлдaрмен толықтыру;
Білім беру сапасын жақсартудың бірден-бір жолы - жаңа педагогикалық технологияларды қолдану. Мұғалім оқушынын табиғи дарын, қабілетін ащу арқылы жас ерекшелігін ескере отырып, технология әлементтерін тиімді пайдалану керек бір сабақтың барысында бірнеше технологияны кезекпен, тиімді, оқушыны жалықтырмай жүргізуге болады. Сабақ - ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбектенуінен туатын педагогикалық шығарма. Кезінде Алтынсарин да мұғалімдерге дәл осындай талап қойған болатын. Бұл Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық иделарының өміршендігін байқатады. Мұғалімнің беделін көтере отырып, Ыбырай Алтынсарин мұғалімге талап қойған. Сол талап пен ізденісті ұштастыра келе ақын шығармаларында кездесетін нақыл сөздерді кестеге толықтырдым.
«Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың»
«Азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың»
«Еріншектік ерді аздырар»
«Жалқаулық жаман ауру»
«Қанағат қылсаң, қарның тоқ»
«Қарлығаш өрмекші құрлы жоқпысың, сенде еңбек ет, босқа жатпа»
«Еңбек етсең емерсің»
«Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны тәтті»
«Ер дәулеті - еңбек»
«Жаман жолдас» мысал
Л. Толстой аудармасы
«Тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма»
«Жолдасын тастаған - жолда қалдырар»
«Жаман жолдастан таяғым артық»
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz