Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы және мотивациясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Алдымен, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстылыққа тоқтала кетсем, экономикалық қылмыстылық - бұл экономика саласы мен оған байланысқан басқа да қоғам салаларында жасалатын қылмыстар жүйесі.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 8-тарауы, яғни 214-249 баптар аралығын қамтиды.

Криминология қылмыскерлікті әлеуметтік патология қатарына жататын, қоғамдық қызығушылық ұстанымымен (позиция) белгілі бір уақыт кезеңінде, бір мемлекетте жасалған барлық қылмыстар жиынтығы болып табылатын, қоғамдық өмірдің әлеуметтік бейімделген тарихи өзгермелі құбылысы ретінде зерттейді. Криминологияда қылмыскердің тұлғасы әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-психологиялық жүйе ретінде зерттеледі. Адамдар арасынан қылмыскердің тұлғасын ажыратып алу екі критерий негізінде жүзеге асады: заңдық және әлеуметтік (әлеуметтік-психологиялық) заңдық критерийге сүйене отырып қылмыскердің тұлғасын қылмысты жасаушы ретінде анықтайды. Алайда, мұндай анықтама жеткіліксіз. Сол себепті заңдық критерий қажеттілігіне қарай әлеуметтік-психологиялық критериймен толықтырылуы қажет. Қылмыскер тұлғасы жайында отандық криминология былай деп есептейді: бірінші кезекте, қылмыскер - әлеуметтік-мәндік қасиеттерге ие болатын қоғам мүшесі және ол басқа адамдармен жүйелі түрде өзара байланыста болады; екінші кезекте қылмыскер - әлеуметтік топтың немесе басқа да қауымның мүшесі(мысалы әскери қызметкер) және осы топқа тән әлеуметтік тұлға; үшіншіден, адам қылмыскер болып тумайды, бірте-бірте соған айналады. Яғни, әрбір индивид (тұлға) болып жатқан қатынастардың өнімі ғана емес, сондай-ақ өзіндік дамуы мен өзін-өзі тануының жемісі.

Қылмыскердің тұлғасы қылмыс жасамаған адамнан өзінің қоғамдық қауіптілігімен ерекшеленеді. Қоғамға қауіптілік - қылмыстық әрекет тудыратын тұлғаның қасиеттер жүйесі ретінде түсіндіріледі. Сонымен, экономикалық салада қылмыс жасаушы адамдарға тән нәрсе - ол пайдақорлық болып табылады. Тұлғаның қоғамға қауіптілігінің міндетті компоненті - қылмыстық заңды сыйламаудың әртүрлі нұсқалары.

Криминологияда өмірдегі әртүрлі жағдай әсерінен қылмысқа баратын кездейсоқ қылмыскерлерді, тамыры тереңдеп кеткен әлеуметтік жағдайды пайдалану, мемлекет және қоғам қорындағы жарамды мүлікті иемдену жолымен қылмысқа жол ашатын адамдарды, жалпыға бірдей ережелермен санаспай, құқық бұзу әрекетінің тәжірибесін меңгеріп алған - қылмысты ұйымдастырушыларды жеке-жеке ажыратады.

Криминологияның көзқарасы бойынша кәсіпкерлердің үш тобы аса қауіпті болып есептеледі. Олар елдің ұлттық болмысымен санаспай, батыстық саудагерлермен орнына қайтып келмейтін ресурс пен капиталды батысқа таситын, компрадор идеологиясын ұстанушылар; тез арада баю қамын ойлап, сосын өнеркәсіпте спекулянттық яғни алыпсатарлықпен айналысуды жөн көретін кәсіпкерлер; қоғамға салмақты әсерін тигізетін ұйымдасқан қылмыстың айрықша бұтағы.

Біріншісі де екіншісі де экономиканы реформаландырудың одақтас, ниеттестері емес, керісінше олардың ашық қарсыластары. Олардың әрекеттері қашан да заңға қарсы, адал кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік бермейді.

Экономика саласында қылмыс жасаушы адамдардың негізгі мотивациясы (сарыны, себебі) әлеуметтік - экономикалық дифференциясы жағдайларында туындайтын «салыстырмалы қажеттіліктерді» қанағаттандыру және өз жағдайын қоршаған адамдар жағдайымен салыстыру; өз идеалына жету - белгілі бір материалдық стандартта (шамадан тыс баю) немесе әлеуметтік стандартта (қоғамның жоғарғы қабатындағы адамдар қатарына ену) . Сонымен қатар, экономика саласында қылмыс жасаушы адамдардың жоғарғы, орташа немесе жалпы орта білімі бар екенін атап өткен жөн.

Экономика саласындағы қылмыскерлердің жоғарғы білімділік деңгейінің болуы жасаған қылмыстардың мінез - құлқын, сипатын ашып береді: мұнда белгілі бір даму деңгейін, мақсатын ойластыруы, міндетін айқындауы, қылмыс жасауға барынша қолайлы әрі тиімді жолдармен құралдарды таңдау талап етіледі.

Адамдардың әлеуметтік жағдайы әртүрлі бақыланады: жұмысшылар, қызметкерлер, ауыл шаруашылық органдары қызметкерлері, банк мекемелерінің қызметкерлері, қалыпты кіріс кірмейтін адамдар, жұмыссыздар. Экономика саласындағы қылмысты жеткілікті қалыптасқан көзқарасы бар, жоғарғы материалдық өмір сүруді көздеген адамдар жасайды. Олар қылмысты материалдық байлықты заңсыз иемдену мақсатымен жасайды. Олар эгоистік көзқараста болады, өзінің «менін» шексіз көрсетеді.

Баю, жақсы тұрмысқа қол жеткізу өздігінен қылмыстық болып табылмайды, қылмыстық әрекет - баю мақсатына экономика саласында заңды бұзып жасалған әрекет қана табылады.

Экономиканы криминалды элементтердің қол сұғуынан қорғау мемлекет пен қоғамның ең маңызды міндеттерінің бірі.

Экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлық мәселесі бүгінгі таңда ұлттық қауіпсіздікке зардап әкелетін саяси мәселелер қатарына жатады.

Мұндай қылмыстың әрбір төртеуі ауыр қылмыстар санатына жатады және олардың үлесі жылдан жылға өсуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар: қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы мен алдын алу шаралары
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар: қылмыстық-құқықтық сипаттама, криминологиялық талдау және алдын алу шаралары
Қазақстанда криминологияның қалыптасуы мен дамуы: қылмыс пен қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы және алдын алу жүйесі
Экономикалық қызмет пен кәсіпкерлік саласындағы қылмыстар: ұғымы, түрлері және құқықтық сипаттамасы
Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы
Қазақстандағы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар: жалпы сипаттамасы және нақты түрлері
Қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары: криминологиялық және қылмыстық-құқықтық талдау
Қылмыстылықтың түсінігі, сандық және сапалық сипаттамасы, жасырын формалары
Криминология: пәні, міндеттері, әдіс-тәсілдері және қылмыстылықтың сипаттамасы
Медицина саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар: жалпы түсінігі, криминологиялық сипаттамасы және алдын-алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz