Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІНІҢ МӘНДІЛІГІ ЖӘНЕ ӨМІРШЕҢДІГІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІНІҢ МӘНДІЛІГІ МЕН ӨМІРШЕҢДІГІ

Боранбекова А. Б.

Титов атындағы орта мектебі, Қарабұлақ а., arailym_bm78@mail. ru

Ұлы дала қaзaқ халқының тарихында өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруде орасан еңбегін сіңіріп, өз мұрасымен есте қалған ұлы ағартушылар аз емес. Әр уақытта жаңа істің бастамасында көптеген қиыншылықтарға қарамай өзіндік іс-тәжірибесін халық арасында кеңінен қолданған әрі өз ісінің шеберлігімен дәлелдей білген ұлы ұстаз Ы. Алтынсариннің тап болып, сол қиыншылыққа еш мойымай өз шеберлігінің, білімділігінің арқасында үлкен нәтижеге қол жеткізген ұлы ұстаздың өмірі мәңгі шырақ болғаны анық. Кемеңгер ұстаздың педагогикалық-психологиялық және әдістемелік ұсыныстары өмірлік тәжірибеден алынған, терең мағынаға, озық идеяға негізделген. Ұлы педагогтың ізгі ойлары мен педагогикалық тұжырымдары, оның ішінде оқушыларға арналған нақыл сөздерінің жасалу тәсілдері мен жолдары терең мазмұнда айтылып, әдебиет саласында өз орнын тауып, дәлелденіп келеді. Себебі, білімді ұстаз «мектеп - әр шәкірттің қабілетін дамытып, қамқоршы-жасампаз тұлға тәрбиелеу міндетін атқаруы тиіс» екендігін барлық әдеби шығармаларында анық та айқын дәлелдеп берді. Ал ұстаз бойындағы асыл адамгершілік мінезді, әдептілікті қалыптастырып, надандыққа жол бермеу керектігін барлық еңбектерінде жазып, дәлелдеп көрсетті. Қазір таңда кеңінен тараған, термин сөзге айналған ынтымақтастық пікірін сол кездің өзінде-ақ ұлы ұстаздың шығармаларынан кездестіруге болады. Ұстаз, шәкірт, ата-ана және халық арасындағы бағалы қасиеттерді дәріптеу әрі бағалау, сақтай білу - оқу үдерісінің басты бөлігі, педагогикалық ұжымның негізгі міндеті екендігін жан-жақты айқындап, дәлелдеп жазды.

Бәріміз бір адамның баласымыз,

Жігіттер бір-біріңе қарасыңыз.

Өмір деген бес күндік кетер өтіп,

Атаң барған орынға барасыңыз, - деп оқырман қауымды бірлікке, татулыққа, түсінісуге үйретеді.

Қазақ әдебиетінде аса көрнекті орыны бар тұлғалардың бірі - Ыбырай Алтынсарин. Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес, халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу - маржан жырларын жақсы біліп, өзінің төл шығармаларына арқау етіп туындаған. Қиын да ауыр заманда білім алып, өз еңбектерінде Ыбырай Алтынсарин білім ұранын көтерді. Өз елін қиыншылықтан, қорлықтан құтқаратын, игілікке жол көрсететін тек білім деп есептеп, білімді ұрпақты тәрбиелеу жолында өз қолтаңбасын қойып кетті. Соған дәлел «Тұңғыш дала қоңырауы атанған» Ы. Алтынсарин шығармаларындағы нақыл сөздері оқушы бойына ізгілік пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып, болашаққа жол сілтейтін таптырмас мұра екені анық. Жазушы шығармаларын оқып, тілдік талдаулар жасай отырып, оның көтерген тақырыптарынның шынайы, өміршеңдігін дәлелдеп, жазушы еңбектеріндегі нақыл сөздерінің қолдану ерекшеліктері дәлелденді. Себебі, Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы нақыл сөздері бүгінгі күнге дейінгі жетіп, тәрбиелік мәнінің мазмұны өз дәрежесін жойған жоқ. Нақыл сөз дегеніміз - қысқаша мазмұнды, терең ойлар айтылатын ұлағатты сөз. Оны көбіне ұлы тұлғалар, еліне үлгі бола білген ұлағатты да парасатты тұлғалар айтады. Ұлы ұстаз Ыбырай да бүкіл қазақ даласына үлгі бола білген көрнекті ғалым. [ 5, б. 168] Ұлы қазақ даласындағы білімнің көзін ашқан адамның айтып кеткен нақыл сөздері өнегелі, тәрбиелік мәні, өмірлік мазмұны бар асыл қазына.

Ыбырай Алтынсарин өмірі жолы жемісті, қаза халқы үшін жасаған еңбегі ерекше дараланды. Ыбырай жас ұрпақты оқу-өнерге, еңбекке баулып тәрбиеледі. Әр адамның бойындағы асыл қасиеттерін жетілдіріп, ұнамсыз жақтардан аулақ болу, тек жақсы қасиеттерді оқырманына сіңіру жолында талмай еңбек жасады. Ақын шығармаларындағы түйінді ойлар, бұл күндері оқу, білім, еңбек салаларында еркін қолдануға арналған нақыл сөздерге айналып отыр. Әр шығарма барысындағы өміршең оқиғалар түйіні жазушы шығармаларында түйінді идеялармен берілген құнды нақыл сөздеріне негізделген. Ол баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен ұстаздар қауымы ерекше әрі шешуші рөл атқарып, орын алды. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты үдеріс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, мұғалімдердің балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- білім алушылардың қызығушылығын қамтитын қылықтарынан, іс - әрекетіндегі сезімдері мен қарым - қатынастарынан байқалады. Байқалған бір істің нәтижесін іске асыра, адамгершілік, ізгілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, мұғалім істелген жұмыстардың нәтижелерін, білім алушылардың жетіктістерін зер салып таразы сатысынан өткізу керек. Ы. Алтынсариннің қай шығармасын алсақ та ол бізді тек әдептілікке, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеп жетелейді. Мұндағы мақсатым Ыбырай атамыздың шығармаларындағы рухани -адамгершілік құндылықтар туралы танысып біле отырып, басқалар үшін де, аз да болса көпке татыр мәліметтерді тауып топтастырып ұсынуға жұмыс жасадым.

Ы. Алтынсариннің айтқан нақыл сөздерін бірнеше топтарға бөліп, қарастыруға болады екен.

Еңбек, бақ туралы:

  • Еңбекпен табылған тамақ тәтті әрі сіңімді болады.
  • Аз жұмысты қиынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың.
  • Азға қанағат қылмасаң - көптен құр қаласың.
  • Еңбекпен табылған дәм тәтті
  • Байлық - қанағат пен еңбекте.

Адамгершілік, ізеттілік тақырыбында:

  • Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма.
  • Қашанда бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, одан соң қолыңызды жұмылдырыңыз, егер де ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін тауып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға серік беріңіз.
  • Жақсы ой мен жақсы сөз - жақсы істерге жетелейді.
  • Әр нәрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде.
  • Бағу - қағуда көп мағына бар.

Өнер - білімге, ғылымға шақыру:

  • Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған.
  • «Кел, балалар, оқылық!»
  • Оқыту процесінде қалай болса солай оқытпай - ғылым, білім беру жүйесі сақталу керек
  • Педагогикалық жұмыстағы шешуші нәрсе - ең жақсы оқыту әдістерін таба білуде.
  • Мектеп қабілетсіздік пен жалқаулықтың ұясына айналмауы тиіс.
  • Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған.

Мұғалімдер жайлы:

  • Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.
  • Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі.
  • Халық мектептері үшін ең керектісі - оқытушы. Тамаша педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды.

Қазақ тілі жайында:

  • Қазақтың тілі соншалықты мол. Қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әм анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе.
  • Егер де біздің қазақтар өз ана тіліне бөтен тіл араластырмастан аңғарып сөйлесе, қазақ тілі жатық әрі анық болар еді.

Атақты ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» [ 4, б. 210] - деген сөзі бәрімізді қaтты ойландыру керек. Ұлттың рухaни-экономикалық, әлеуметтік тұрғыда өсіп- жетілуі білімнің мaзмұндылығы мен мaңызына, оған деген көзқарaсқа тікелей байланысты. Сол себепті жеке тұлғa мен қоғам кұндылықтaрын қaлыптaстыру барлық кезеңдерде өзекті мәселе болып келгені айқын. Соған байланысты, осы рухaни-aдaмгершілік құндылықтaрдың мәні, тәрбиелік мaңызы турaлы ғұлaмaлaр, ұлы aғaртушы-педагог Ыбырaй Алтынсaрин өз еңбекінде құнды ой-пікірлерін кейінгі ұрпaққa мұрa етіп жазған. Ғaсырлaр қойнaуынaн жеткен жәдігерлердің өнегелік сипaттaрын, тәлімдік тәсілдерін тиімді қолдaнсaқ, ғибраттың нағыз кайнар көзінен нәр аламыз. Ағартушы-жазушымыз кемеңгер ғұлaмa ұстaз Ы. Алтынсaрин еңбектеріңде бaлaны елін, жерін сүюге, тaбиғaтты aялaуғa, имaндылыққa, әдептілікке, қайрaттылыққa, еңбек етуге тәрбиелеудің ұлт тaбиғатынa лaйық небір тaмaшa әдістері берілді. Ы. Алтынсaрин aдaм тәрбиесіне оны жүзеге асыру жолына зор мән беріп еңбектенді.

Білім мен тәрбие үдерісіндегі Ы. Аптынсариннің aлғa қойғaн мaқсаттaрынa тоқтaлсaқ, жоғарыдa aйтылғaндaй:

1. Білім алашыларға жaн-жaқты және кең көлемде білім беру;

2. Мұғaлімнің рөлін жоғaры көтеру, оқулықтaрдың сaпaсынa көңіл аудaру;

3. Оқу бaғдарлaмaлaрын үнемі жетілдіріп, толықтырып отыру;

4. Оқушылaр білімін қосымшa мaтериaлдaрмен толықтыру;

Білім беру әрі тәрбиелеу сапасын жақсартудың бірден-бір жолы - жаңа педагогикалық технологияларды қолданужәне жүзеге асыру. Ұстаз оқушының табиғи дарын, қабілетін ащу арқылы жас ерекшелігін ескере отырып, технология әлементтерін тиімді пайдалану керек бір сабақтың барысында бірнеше технологияны кезекпен, тиімді, оқушыны жалықтырмай іс жүзінде қолдануға негіздейді. Сабақ - ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбектенуінен туатын педагогикалық шығарма. Кезінде Алтынсарин да мұғалімдерге дәл осындай талап қойып, өз жауабын беріп кеткен болатын. Негізінде бұл Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық иделарының өміршендігін аңғартады. Мұғалімнің беделін көтере отырып, Ыбырай Алтынсарин мұғалімге талап қойған. Сол талап пен ізденісті ұштастыра келе ақын шығармаларында кездесетін нақыл сөздерді кестеге толықтырдым.

р/с
Әңгімелері
Нақыл сөздері
р/с: 1
Әңгімелері: «Әке мен бала»
Нақыл сөздері:

«Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың»

«Азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың»

«Еріншектік ерді аздырар»

«Жалқаулық жаман ауру»

«Қанағат қылсаң, қарның тоқ»

р/с: 2
Әңгімелері: «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш»
Нақыл сөздері:

«Қарлығаш өрмекші құрлы жоқпысың, сенде еңбек ет, босқа жатпа»

«Еңбек етсең емерсің»

«Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны тәтті»

«Ер дәулеті - еңбек»

р/с: 3
Әңгімелері:

«Жаман жолдас» мысал

Л. Толстой аудармасы

Нақыл сөздері:

«Тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма»

«Жолдасын тастаған - жолда қалдырар»

«Жаман жолдастан таяғым артық»

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІНІҢ МӘНДІЛІГІ МЕН ӨМІРШЕҢДІГІ
Мақал мәтелдерді, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды оқыту ерекшеліктері
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін сахналау сайысы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Алтынсариннің педагогикалық идеялары
Мақал-мәтелдер
Ұлттық тәрбиенің өзегі - адамгершілік тәрбиесі
Қазақ хрестоматиясының дүниеге келуі
Халықтық эстетика Шоқан Ыбырай Абайдың эстетикалық көзқарастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz