Оқу нәтижесін бағалаудың жаңа әдіс – тәсілдері


Нургалиева Кулан Елеубаевна химия пәні мұғалімі
«№23ЖББ»КММ
Оқу нәтижесін бағалаудың жаңа әдіс - тәсілдері
Білім - өте күрделі, басқа дүние болмыстарында қайталанбас қыр мен сырға мол қоғамдық тарихи құбылыс. Білімнің әлеуметтік өмірдегі ерекше сала сипатына ие болу кезеңі білім мен әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу кезеңі қоғамның тіршілік әрекеттерімен өз алдына бөлініп, тәрбие мен оқуды іске асыратын арнайы кәсіби адамдардың пайда болу дәуірінен басталады. Білімнің жеке тұлғалық құндылығы әрбір адам үшін өз алдына бөлек. Бұл әсіресе, өзіндік білім, оның деңгейі мен сапасында көрінеді. Ғылыми білімнің саралануы, олардың үздіксіз дамуы білім беру мазмұнына көлемді практикалық және теориялық материалды қосуды талап етеді. Сабақтар жүйесінде оқытудың әр түрлі әдіс - тәсілдерін мұғалімнің тиімді пайдалана білуі, оқушылардың алған білімін тексеру оқыту процесінің дұрыс ұйымдастырылғанын сипаттайды. Сондықтан әр мұғалім сабаққа дайындалу барысында оқушыға материалды қалай меңгертуге болатыны және оқушы білімін дұрыс тексеру жайлы шығармашылықпен жұмыс істеу қажет. Қазіргі заман талабына сай қалыптастырушы және жиынтық бағалауларды дұрыс жүргізе білуі керек. Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік дағдыларын тексеру, бұл бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып саналады. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады. Оқыту процесі кезінде оқушылардың өзің - өзі бақылауы өте қажет. Өзің - өзі бақылау олардың оқу бағдарламасы материалы мен меңгерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзің - өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады және жасаған жұмыстарының нәтижесін бағалайды. Мұғалімдер оқушыларға берілген сабақтағы әрбір тақырып бойынша өз ойларын еркін жеткізуге, ойларын өрбітуге болатын көптеген мысалдар келтіру арқылы қол жеткізуге болады.
Дәстүрлі бағалауда - білім алушы оқытудың нәтижесінде нақтылық жоқ болатын, сандық бағамен бағаланатын өзінің қандай баға алғанын және не үшін екенін түсінбейтін.
Қритериалды бағалау - белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру нәтижесі. Білім алушыға және ата - анаға белгілі бір критерийлер бойынша оқыту нәтижесін біліп отырады.
Критериалды бағалау -оқушылардың білімін нақты бағалау. Критериалды бағалау жүйесі бұрыңғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшелендеі. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдіс -тәсілдерді және осы мүмкіндіктерді жүзеге асыруға бағытталған, ал жиынтық бағалау мақсатты баға қоюға немесе оқытудың алға жылжуы үшін оқыту қорытындысын шығару қажет. Критериалды бағалау - оқушы бойындағы үрейді басады, оқушы бойында өзің - өзі бағалауды, өз іс- әрекетіне баға беруді және жауапкершілік қабілетін дамытады .
Қалыптастырушы бағалауда - оқушылардың қай кезеңде, қай бағытта екенін анықтауға және оданда зор жетістікке жету керектігін жоспарлау үшін қолданылады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті сабақ барысында оқу жетістіктерімен кері байланыс жасауда оқушылардың сабақта алған білімдерін қорытындылауға және нәтижеге жету үшін дұрыс шешеім қабылдауға ықпалын тигізеді. Қалыптастырушы бағалау оқушының сабақтағы іс-әрекетін бағалайды және сабақтағы оқушының белсенділігі, өз ойын еркін жеткізе білуі, сыныпта бірлесіп жұмыс жасауы т. б жатқызуға болады.
Қалыптастырушы бағалау баға қоюмен жүзеге аспайды, оқушыларды мадақтау, мақтау, қолдау көрсету, ынталандыру қалыптастырушы бағалаудың түрлері болып табылады.
Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері:
-Оқу үрдісі кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;
-Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтиже жетістіктерін оқушылардың өздері талдауы;
-Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;
-Әрбір оқушының даму траекториясын анықтауға мүмкіндіктің болуы;
-Оқу үрдісін ұйымдастыру, оқу материалын меңгерудегі ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата -ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.
Қритериалды бағалау жүйесінің артықшылығы:
-Оқушының жеке басы емес, бұл жерде оқушының жұмысы бағаланады;
-Оқушыға бағалау алгоритмі белгілі болады;
-Білім берулің сапасы артады.
Критериалды бағалау жүйесі мұғалімдерге:
-Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;
-Бағалаудың әр -түлі тәсілдерін қолдануға;
-Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға;
-Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру үшін ұсыныстар жасауға енгізуге мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау жүйесі оқушыларға:
-Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білуге, түсінуге,
-Рефлексия жасау үшін өзің және сыныптастарын бағалауға;
-Есептерді шешуде алған білімдерін қолдануға, өз ойларын еркін жеткізе білуге мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау жүйесі ата -аналарға:
-Баласының білім деңгейін бақылай алады;
-Баласының оқу үрдісін бақылай алады;
-Баласының оқу үрдісіне қолдау көрсете алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz