Бақылау әдісі. Интервью және анкета әдісі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
  1. Бақылау әдісі туралы жазыңыз

Жауабы: Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды бақылау әдісі деп атайды. Бақылау табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын, сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, міңез-құлқын, жалпы әрекетін байқауға болады . Бақылау - мақсатты бағытталған, ұйымдасқан қабылдау және объектінің мінез-құлқын тіркестіру. Бақылау өзін-өзі бақылау әдісі мен бірге психологиялық ерте әдістің бірі. Ғылыми эмпирикалық әдіс болып бақылау ІХ ғ. аяғында клиникалық, әлеуметтік, педагогикалық психологияларда, даму психологиясында кенінен қолданылады бастады. Ал ХХ ғ. басында -еңбек психологиясында, эксперимент қолдануға болмайтын адамның табиғи жағдайларда мінез-құлқы ерекшелігін тіркестіруге мүмкіндік беретін салаларда байқау кенінен қолданды. Сонымен бақылау «сыртқы» валидтікті сақтайды. Бақылау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:

  • бақылаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету;
  • зерттелетін объектіні айқын белгілеу және бақылаудың мақсатын түсіне білу қажет;
  • байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, басты фактілерді іріктеп алу.

Бақылаудың негізгі міндеті - тәжірибе мәселесіне жауап беретін ғылыми-зерттеу мәселелерін дұрыс анықтап алу. Бақылау әдеттегідей алдын-ала белгіленген жоспар бойынша нақты бақылау нысандарын анықтау арқылы жүзеге асырылады. Мақсатты түрде бағытталған бақылау ғылыми қызметкерге қызығушылық тудырған құбылыстарды айқындайтын жағымды және жағымсыз факторларды жинастыруға мүмкіндік береді.

Бақылауды жіктеудің түрлі жолдары бар. Бақылау жиілігіне қарай тұрақты, қайталанбалы, біржолғы болып бөлінеді. Байқау әдісінің кейбір кемшіліктері бар. Біріншіден, зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттеп алмайды да, көп уақытын жіберіп алады. Екіншіден, бақылауды әр уақытта ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады.

Ауызша бақылау әдістері - әңгімелесу, оқушы әңгімесі, түсіндіру, мәтінді, технологиялық картаны, схеманы оқу және тағы басқалар. Ауызша бақылаудың негізі - оқушының монолог түріндегі жауабы немесе сұрақ-жауап формасындағы әңгімелесу. Ағымдық ретіндегі ауызша бақылау әр сабақта жеке және фронталды формаларда ұйымдастырылуы мүмкін. Ауызша жеке бақылау барысында мұғалім оқушының білім деңгейі туралы толық және нақты деректер алады. Ауызша жеке бақылаудың кемшілігі ретінде бір оқушы жауап бергенде басқа оқушылардың оқу белсенділігінің төмендеуін айтуға болады.

Жазбаша бақылау (бақылау жұмысы, мазмұндама, шығарма, диктант, реферат) оқушылардың білім деңгейін терең және жан-жақты тексеруді қамтамасыз етеді. Жазба жұмыстарда оқушы өзінің теориялық білімдерімен қатар оларды нақты міндеттерді шешуде қолдану іскерліктерін көрсетуі керек.

Қабылдау сипаты бойынша бақылаудың «жаппай тұтас» және іріктелген түрі бар.

Біріншісінде, зерттеуші тиянақты толық бақылауға жеткілікті мінез-құлқының ерекшелігін тіркестіреді. Екінші жағдайда ол мінез-құлқының нақты параметрлерін немесе құлқылық акт типтеріне көніл бөледі, мысалы, агрессия көрінісінің жиілігі, не күн бойы ана мен баланың өзара байланысын тіркестіреді. Бақылау тікелей немесе бақылау жабдықтары бойынша өткізіледі. Бақылауда жіберілетін қателіктер қабылдаумен байланысты келеді. Зерттеуші өз жорамалын дәлелдеуге күштірек ұмтылған сайын жағдайды қабылдауы теріс болады. Ол шаршайды, жағдайға бейімделеді де манызды өзгерістерді байқамайды, жазуында қателіктер жібереді. А. А. Ершов бақылаудың келесі қателіктерін көрсеткен:

  • Гало-эффект. Бақылаушының жалпылай алған әсері құлқының дөрекі қабылдауына, болар болмас айырмашылықты елен етпеуге әкеліп соғады.
  • Эффект снисхождения (мүсіркеу) . Болып жатқан жағдайға ылғи жағымды баға беру тенденциясы.
  • Орталық тенденция қателігі. Зерттеуші бақыланған қылыққыға орталанған баға беруге ұмтылады.
  • Корреляция қателігі. Құлқының бір белгісін бағалауы бақыланған басқа белгі негізінде беріледі (интеллект сөйлеу жылдамдығы бойынша бағаланады) .
  • Контраст қателігі. Бақылаушы бақыланушының бітістерін өз бітістеріне қарама-қарсы көрсетуге бейім.
  • Алғашқы әсер қателігі. Дара адам туралы алынған алғашқы әсер оның құлқысының әрі қарай қабылдауын және бағалауын анықтайды.

Осыған қарамастан бақылау керекті әдіс, яғни мұнда табиғилық сақталып тұтастай керек құлқы туралы бейне алуға мүмкіндік береді.

Бақылау дербес процедура сапасында болып келеді де әдіс ретінде эксперимент процесіне кіреді. Бұл әдіс зерттеушіге қосымша ақпарат береді.

  1. Педагогикалық бақылау дегеніміз не?

Жауабы: Педагогикалық бақылау дегеніміз - яғни мұғалім, ұстаз ретінде оқушылардың жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнерін, оқуға, сабаққа болмаса бір пәнге қызығушылығын байқау, достарының, ата-анасының қандай екенің біліп, зерттеу. Мен педагогикалық бақылауды осылай түсінемін. Педагогикада, шындық өмірді теориялық және эмприкалық тану мен білудің операциялары, тәсілдері мен процедуралары болады. Педагогикалық зерттеу әдістері жүйесі зерттеушінің басшылыққа алатын қағидасымен, оның зерттейтін дүниесінің құрылымы мен негізі туралы түсінігімен, жалпы методологиялық бағытымен, нақты зерттеу әдістері мақсаттары мен міндеттерімен байланысты анықталады. Қазіргі заманда зерттеу әдістері жүйесі мен оны жіктеуі туралы мәселе шешімін тапқан жоқ. Бірақ авторлардың көбі жекелеген әдістерді бір-бірінен бөлуге болмайтынын, керсінше оларды өзара байланыста қарау қажет екенін айтады. Қазіргі педагогиканың ғылым ретіндегі қалыптасқан заманында, оның әрі де дамуы үшін ғылыми танымның теориялық және эмприкалық айырмашылықтарына байланысты әдістерді бөлудің маңызы өте зор.

Эмприкалық зерттеу әдістері қатарына педагогикада мыналарды жатқызады:

  • байқау (бағалау шкалаларын қолданумен) ;
  • педагогикалық тәжірибені жалпылау;
  • эксперимент әдісі (табиғи және лабораториялық) ;
  • сауалнама жургізу;
  • интервью жүргізу;
  • педагогикалық құжаттардың мазмұнын анализдеу;
  • жобалық әдістер;
  • тестілеу;
  • ауызша, жазбаша және практикалық емтихандар;
  • шкалалау т. б.

Теориялық зерттеу әдістеріне жататындар:

  • анализ;
  • синтез;
  • индукция;
  • дедукция;
  • модельдеу;
  • ой эксперименті;
  • формализация әдісі т. б
  1. Интервью және анкета әдісі туралы жазыңыз

Жауабы: Анкеталық әдіс - қоғамдық тұрмыс пен әлеуметтік жағдайды зерттеудің нақтылы социологиялык эдісінін бірі. [1] . Анкеталық әдіс көпшіліктің белгілі бір мәселеге қатысын немесе пікірін анықтау үшін қолданылады.

Анкеталық әдістің екі түрі бар:

1) интервью-анкета (анкеталарды белгілі бір адам арқылы таратып, ондағы сұрақтарға жауап алу) ;

2) сырттай сұрастыру (сұраққа жауап берушілер анкеталарды интервью алушылардың қатысуынсыз толтырады) .

Анкеталық қолдануда сұрақ қоюдың бірнеше түрі болады:

1) Дихотомиялық сұрақ (жауап берушілерден "ия", "солай", "жоқ", "олай емес" т. б. сөздердің астын сызу немесе тұсына белгі қою арқылы өзінің пікірін білдіру талап етіледі) .

2) Жабық анкета (сұраққа беретін жауаптардың бірнеше нұсқалары тізіледі де, жауап беруші солардың бірін белгілеу арқылы өз пікірін білдіреді) .

3) Ашық анкета (жауаптын мазмұнына ешбір шек қойылмайды) - неғұрлым мазмұнды, толық мәлімет алудын тиімді жолы.

Анкета - алдын-ала дайындалған сұрақтарға жазбаша жауап беру. Бұл сұрақтар зерттелуші шын ниетімен жауап береді деген үмітпен құрылады, алайда бұл үміт әрдайым орындалмайды. Соған қарамастан анкета әдісі жиі қолданылады. Өйткені ол аз уақытта көп адамды зерттеуге мүмкіндік береді. Анкета сұрақтары бірмәнді, нақты жауап талап ететіндей сапалы болуы керек. Анкетаның түрлері: ашық, жабық, атаулы, анонимдік, полярлық. .

Ашық анкета - зерттелуші өз ойынан жауап береді.

Жабық анкета - зерттелушінің жауабы шектеулі, ол дайын жауаптардың біреуін таңдайды, мысалы: иә-жоқ. .

Атаулы анкета - зерттелуші өзінің аты-жөнін жазады.

Анонимдік анкета - зерттелуші өзінің аты-жөнін жазбайды.

Полярлық анкета - жауаптарға сәйкес балл береді.

Анкеталық әдіс қолданылғанда жауап берушілердің аты-жөніне ерекше мән беріледі. Егер бұл шарт дұрыс орындалса, зерттеуде қажетті мәліметтің алынуы қамтамасыз етіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Социологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу
Әңгіме және анкета әдістерінің негізгі ережелері
Ішкі маркетингтік ақпарат жүйесі
Әлеуметтанулық зерттеулердің құрылымы және үрдістері
Логопсихологияның зерттеу әдістері
Сұрау әдісінің түрлері
Туристік кәсіпорындағы маркетинг ақпарат жүйесімен қамтамасыз етудің маңыздылығы
Психологиялық - педагогикалық диагностиканың ғылымитеориялық негіздері
Психология ғылымының зерттеу әдістері
Социологияның зерттеу методологиясы мен әдіс-тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz