ТРИПАНОСОМА ҚАРАПАЙЫМДЫЛАРЫНЫҢ БИОЛОГИЯСЫН ЗЕРТТЕУГЕ ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ТРИПАНОСОМА ҚАРАПАЙЫМДЫЛАРЫНЫҢ БИОЛОГИЯСЫН ЗЕРТТЕУГЕ ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ
Алмат А.С.,.
Жетекшісі - Халила Ә.Н., б.ғ.д.
Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті, Шымкент қаласы. Қазақстан

АННОТАЦИЯ
Целью наших исследований явилось совершенствование иммунологических методов исследований для выявления животных больных паразитозом и изучение его распространения в зависимости от влияний среды.

Ключевые слова: паразитоз,трипанасома, эритроцитные диагностики, агглютинаты,микробиология, вирусология, иммунологические реакции, реакция обратной гемагглютинации

ABSTRACT
The purpose of the researchis perfecting of the immunological methods of research for determination of animals sicked by anaphlazmos and spreading of animals depending on the influence of a habitat.

Keywords: Parasitosis, tripanasoma, erythrocyte diagnostics, agglutinates, microbiology,virology, immunological reactions, reverse hemagglutination react.

Трипанасома арапайымдылар ауруының клиникалық және патоморфологиялық белгілерінің өзіндік тәндігі көмескі, айқын болмау себебінен ауруды анықтау үшін паразитологиялық және серологиялық зерттеулер жүргізеді.
Трипанасома арапайымдыларын паразитологиялық анықтау, тексерілетін материалда паразиттердің жетілген ересектерінің, кейде дернәсілдері мен жұмыртқаларының бар немесе жоғын микроскопиялық және биологиялық әдістермен анықтайды. Осыған байланысты қарапайымдыларны анықтау тәсілдеріне байланысты паразитологиялық әдістер: микроскопиялық және биологиялық болып бөлінеді.
Трипанасома арапайымдыларын микроскопиялық анықтау үшін, төсеніш шыныларға жағынды жасап, қарау үшін тексерілетін материалдар қажет. Ол үшін жануарлардың тірі кезінде лимфа бездерінен, бауырдан, талақтан тағы басқа мүшелерден пунктаттар алады. Іш тастаған малдардың қағанағын пайдаланады. Кейде жұлын сұйықтығын, көзден, мұрыннан аққан сұйықтарды және қанды алып тексеруге болады. Өлген малдың ішкі мүшелерін: бауыр, талақ, ми және лимфа бездерін тексереді[1]..
Жағынды жасау үшін тазаланған, спирт және эфирмен сүртілген төсеніш шынысын алады. Қан, пунктат т.б. сұйық заттардан жағынды жасау үшін төсеніш шынының бір шетіне 1-2 тамшы тамызады да, арнаулы 86 шынымен біркелкі жағып өтеді. Бұл жерде жағындының қалың болып кетпеуін қадағалау керек. Жағындыны ауада кептірген соң, бекемдейді.
Ішкі мүшелерден жағынды жасау үшін олардан шамалы бөлігін кесіп алады. Қанын кетіру үшін сорғыш қағаздарды жайлап тигізу арқылы тазаланған соң, төсеніш шынының бір шетінен екінші шетіне қарай жағып жағынды жасайды. Ауада кептірілген жағындыларды бекемдеу үшін: этил спирті 960С немесе метил спиртін пайдаланады. Ішкі мүшелерден, ұлпалардан және сұйықтардан жасалынған жағындылардан, боямай қарауға болады. Дегенмен паразиттің анық көрінуі үшін жағындыны бояған дұрыс. Ол үшін Романовский-Гимза бояуының 1-2 тамшысын 1 мл дистилденген суға (рН 7,0-7,2) араластырып жағындыға құяды. 15-20 минут өткен соң жағындыны сумен шайып, кептіреді. Микроскоппен қарағанда қарапайымдылар бар болса онда плазмасы көк, ал ядросы қызғылт болып көрінеді. Ескертетін жай жағынды да паразит өте аз кездесуіне байланысты, жағындыны түгел қарап шыққан дұрыс. Сонымен қатар қарапайымдылар, безноития, саркопоридия, М-ағзасы т.б. көптеген қарапайымдарға пішіні жағынан ұқсас болғандықтан, олардан ажырату көптеген қиыншылықтар тудырады.
Трипанасома қарапайымдыларын иммунологиялық әдістермен анықтау барысында көптеген серологиялық әдістер қолданылады,иммунологиялық реакцияларда антиген мен антидененің байланысын байқау үшін көптеген қосымша заттар пайдаланылады. Солардың бірі сорбенттер немесе тасымалдаушы заттар деп атайды [2].
Сорбенттерге антиген немесе антидене бекітіліп байланыстырылса олар иммуносорбенттер деп аталады. Кері гемагглютинация реакциясына (КГАР) сорбент ретінде эритроциттер қолданылады. Эритроциттерге қалыпты жағдайда антиген отырғызу арқылы эритроцитті диагностикум алуды алғаш рет 1946 жылы қолданды. Кейін эритроцитті дианостикумдар (ЭД) ұзақ сақтау үшін оларға формальдегид немесе (танинмен әсер ете отырып антиген отырғызады. Эритроцитке сенситиндерді (антиген мен антидене) байланыстырып отырғызу үшін көптеген заттар пайдаланады. Оларға танин, риванол, хром хлориді, глутар альдегиді, амидол т.б. химиялық заттар жатады. Сонымен бірге ЭД жасауда қалыпты эритроцит немесе формалинмен қатырылған эритроциттер пайдаланылады[3].
Эритроцитті диагностикумдарды қолдану арқылы: кері гемагглютинация, антиденені бейтараптау, антигенді бейтараптау, кері гемагглютинация реакциясын тежеу т.б. серологиялық реакцияларды қоюға болады.
Аталған реакциялардың жүру заңдылығына негізінен эритроцитті диагностикумдарды бір-бірімен байланысып агглютинация түсуіне сүйенген. Егер тексерілетін қан сарысуында іздестіріліп отырған антидене бар болса, онда олар эритроцитке отырғызылған эритроциттер байланысып, агглютинация байқалады. Олардың түбі ойыс пластинканың ойығына немесе пробиркаға шөгуі кері аударылған қол шатырына ұқсас, жайылып түседі. Егер антидене болмаса эритроцитті диагностикумдарды пробирканың немесе пластинка ойығының түбіне бір жерге жиналып қалады. 87
Кері гемагглютинация реакциясы қоюға керекті компоненттер: тексерілетін қан сарысуы (1:25) эритроцитті диагностикум, қалыпты эритроцит және қан сарысуы, физиологиялық ерітінді және 1% қалыпты қоян қанының сарысуы алынады . Кері гемагглютинация реакциясы полистиролды пластинкалардың ойығына немесе пробиркада қойылады. Қан сарысуының физиологиялық ерітіндісін реакцияға дайындар алдында, оған 30 минут су ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иммунологиялық кезең
Жеке аурулар протозоологиясы
Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздары және оларға қарсы шаралар
Аурудың диагностикасы
Дизентерия және ішек амебалары
Ахметжанов Оралғазы Нұранбасұлы Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздары және оларға қарсы шаралар
ТРОПИКАЛЫҚ АУРУЛАР
Жануарлардың стронгилятозын алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринарлық ережесі
ИММУНОЖЕТІСПЕУШІЛІК ЖАҒДАЙЛАРЫ
ҚАРАПАЙЫМ АМЕБА ЖАЙЛЫ
Пәндер