Қазақ хандығындағы адалдық, әділдік және патриотизм құндылықтары қалай жүзеге асырылды


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Уразалинова Тахмина Маратовна

«Қазақ-Ағылшын тілі және лингвистика»

Қазақ хандығындағы адалдық, әділдік және патриотизм құндылықтары қалай жүзеге асырылды?

Ұлттық құқықтық сана-сезімнің мен қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуында жеке тұлғалар маңызды рөл атқарды. Олардың халық жадында баға жетпес рухани тәжірибе ретінде сақталатын мұрасы қазақстандықтардың жаңа ұрпағы үшін мінсіз адамгершілік бағдар қызметін атқарады.

Атақты Яса Шыңғысхан Юань империясының заңдарына, содан кейін Алтын Орданың шариғат нормаларына, кейінірек Ұлы дала құрылыстарына негіз болды. Бұл туралы А. Левшин айтқандай " . . . бұл алтын ғасыр, олар күрсініп еске алады, әйгілі Тәуке ханның билігі бар, егер біз аңыздарға сенбесек, ол шынымен де данышпан болып, шежірелерде Соломон мен Ликургтармен бірге қатар болуы қажет. Ұзақ уақыт бойы толқып келе жатқан ұрпақтарды сезіне отырып, Тәуке хан оларға барлық құрылғы мен тәртіпті енгізіп қана қоймай, оларға көптеген заңдарды үйретті" (Зинуров Р. бет. 34) .

Демек, «Дала» атты әскерінің маңызды ерекшелігін атап өткен жөн болады. Әскерлердің төтенше ұтқырлығы мен көзге түсер жауынгерлік қабілеті айтарлықтай жоғары дәрежеде материалды тұрғыда негізге ие болатын - армияға қатысу уәделесті және қатардағы қауымдарға қоғамдағы өздерінің әлеуметтік мәртебесін салыстырмалы түрде тез жақсартуға немесе арттыруға мүмкіндік берді.

Айта кету керек, бүкіл адамдарды басқарған хандар, билер мен батырлардың негізгі мақсаты - «Елді сақтау», сонымен қатар халықты ынтымақтастырып, мәселелерді басты назарда ұстаған. Сондай-ақ қазақ хандығы дәуірінде өздерінің әділділікпен, еңбегімен ерекше көзге көрінетін Бұқар және Ақтамберді жыраулар болды. Қазақ даласындағы даналар елді бірлікке шақырып, елдікті сақтаған.

17- ғасырда Қазақ Ордасы тартыстардың күшеюінен әлеуметтік-саяси ауыр жағдайға тап келді. Қазақ елі тұтас мемлекеттілігінен, тәуелсіздігінен айырылудың аз-ақ алдында болған. Әр үш жүздің әрқайсында бірте-бірте дербес, яғни бүкіл ортаға бағынбайды. Содан кейін хандар шығып, жіктеліп, бөлініп, бұқара халық жаман күйзеліске түсті. Сонымен қатар Орталық хан үкіметінің беделін арттыруға бағытталған шаралар қолдану қажет болды екенін ескерді.

Демек, бұл қасиеттер - қазақ халқының қанына ата-бабаларымыздың еңбектерімен сіңіскен аманат . Айта кету керек, ғасырлар бойы қазақ хандарының билігі мен елдің тұтастығын сақтаған, «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы» және Тәуке ханның «Жеті жарғысы» да адалдық, парасаттылық, әділдік және патриоттық құндылықтарымен тамыр жайған.

Осы пікір бойынша, Қазақ хандығы аталмыш дәуірде шын мәнінде бір орталыққа бағынған қуатты мемлекетке айналды. Осы ойды келесі мысалмен түсіндірейік, Тәуке хан өз заманының ірі тұлғасы ретінде қазақ елін бір орталықтан басқарылатын, оның сабырлығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттілік құрды. Бүкіл Қазақ Ордасын бұл кезде оған көршілес барлық мемлекеттер мойындады және оның тәуелсіздігі мен тұрақтылығы тарихи шындық ретінде қабылданды. Тәуке хан жүргізген бүкіл саяси-әлеуметтік және құқықтық реформалар мемлекеттің өсуі мен ішкі бірлігінің артуына өлшеусіз үлес қосты.

Қорытындылай келе, Тәуке хан тұсындағы Қазақ мемлекетінің өмірінде билердің орны мен рөлі біршама жоғары көтерілді, олардың мемлекеттік істерді атқарудағы өкілдіктері артты. Себебі, оның бірқатар себептері болды. Бір жағынан, халық арасынан шыққан билер мен батырлар саяси өмірге көптеп тартылды және олар көп жағдайда Тәуке ханның арқасында нақты билікке ие болды. Басқа жақтан, билердің мемлекетті нығайтудағы еңбегі, әсіресе, олардың заң шығару саласындағы жемісті іс-әрекеттері, «Жеті жарғыны» қабылдауға қосқан үлестері ерекше болды. Қазіргі таңда да осы құндылықтар барлық адамзаттың бойынан табылатын, күнделікті өмірде жиі жүзеге асыратын қасиеттердің бірі болуы керек.

Библиография

  1. Зинуров Р (2012) . « «Жети жаргы» Тауке-хана как великий памятник права: правовой обычай, судопроизводство и наказание». https://cyberleninka. ru/article/n/zheti-zhargy-sem-ustanovleniy-tauke-hana-kak-velikiy-pamyatnik-prava-pravovoy-obychay-sudoproizvodstvo-i-nakazanie
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды тәрбие құралдары арқылы тәрбиелеудің жолдарын анықтау
Патриотизмге тәрбиелеу мәселесі
Адамгершілік тәрбиесі ерекшеліктері
ОҚУШЫЛАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру шарты ретінде
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісі
Жоғарғы мектеп студенттеріне патриоттық тәрбие берудегі халықтық тәрбие дәстүрлерін пайдалану
Білім беру үрдісінде оқушыларда адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың қазіргі жолдары
Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қазақтың ұлттық мұралары негізнде қалыптастыру.
Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру процесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz