Қазақ халқы мәдениеті тарихи өлшемде: қазақ халқының мәдени мұрасын сараптау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті: Биология және биотехнология
Кафедрасы: Биология

ЭССЕ
Тақырыбы: Қазақ халқы мәдениеті тарихи өлшемде: қазақ халқының мәдени мұрасын сараптау
Орындаған: Зиябек Айшабибі
Тексерген : Қудайбергенов Серғазы Ережепұлы

Қазақ халқы мәдениеті тарихи өлшемде: қазақ халқының мәдени мұрасын сараптау

Қазақ халқының мәдениеті - қазақ жерінде өмір сүрген қазақ тайпаларының, руларының, ата-бабаларымыздың қалдырып кеткен материалдық және рухани мәдениеттің жалғасы, өзінінің сипаты бар дәстүрлі мәдениет. Қазақ халқының қалыптасып келуіне байланысты ол өзіне тән рухани және матириалдық мәдениеттің белгілерін қалыптастырды. Бұл орныққан мәдениет қазақ халқының өзінің ата - бабаларының мәдени мұраларын қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, салт-дәстүрлері, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары т.б. ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық. Халық бұл материалдық және рухани мәдениеттің жасаушылары болды. Соның ішінде кейбір салт-дәстүрлері, ғұрыптары жайлы айта кетсем.
Ислам дініне дейінгі, ерте замандағы адамдарға тән ғұрыптарға байланысты бізде де - отқа табыну салты бар. Отпен аластау тазарту ол әр қазақтың өмірінен байқалады. Жалпы қазақ халқы отты қасиетті деп санаған, құрметтеген. Мысалы, адамдардың кеубіреулері ауырған кезде оны отпен емдеген, әрбір қазақ ошақ басын құрметтеген. Оған байланысты әр-түрлі дәстүрлер бар: отқа түкіруге, отпен ойнауға, оттан аттап өтуге, отқа қарап дәретке отуруға, тіпті от жағылған жерді басуға тиым салынады.
Қазақ халқы жазғы көші-қон кезінде көш керуенді салтанатты түрде рәсімдеуге ерекше көңіл бөлген. Бұл үшін көш басындағы түйеге қырғауылдың ұзын қанаттарынан төрт айыр қарқара орнатқан. Халықтың түсінігі бойынша, қырғауылдың әдемі қауырсындары бөгде адамдардың назарын аударып, көш керуенді көз тиюден және жол бойындағы әр түрлі қолайсыз жағдайлардан сақтайтындығына сенген.
Қазақ халқының аспан әлеміндегі түсініктері де тұрмыста маңызды рөл атқарған. Түнгі аспанды кезінен қадағалап келе жатқан қазақтар басқаларынан ерекше ұқсамайтын көптеген аспан денелерін білген, оларға қарап түн кезінде уақыт жағынан, түнгі жол бағдары жағынан да нақты деректер ала білген. Көшпелі тұрмыс әр айдың ерекшелігіне, онда туатын жұлдыздарға байланысты ауа райының құбылуына айрықша мән беріп, аспан жұлдыздарына көшпелі ел өміріне байланысты ат қойған. Қазақтардың жұлдыздарға қойған аттары да көшпелі шаруашылыққа байланысты қойылған. Түнгі ашық аспанға зейін қойып қарағанда кез -келген адам -- Сүмбіле, Таразы -- Шідер -- Үшарқар, Үркер, Аққу, Бүркіт, Жылан, Мерген және Бұйы шоқжұлдыздарының бойымен қоса қабаттаса ұзыннан -- ұзақ түйенің ақ шудасындай созылып жатқан тұмандықты байқар еді. Бұл ақ тұмандықты халқымыз ежелден құс жолы деп атаған. Себебі, көктемде жыл құстары осы ақ тұмандық бойымен жерімізге ұшып келіп, күзде осы жолмен кері қайтады. Қазақтар үшін көк аспанның тәңірлік маңызы ерекше болатын. Аспан өз әрекеттерінде еркін болды,-деп жазады Ш.Уалиханов, -- ол әрі жарылқады,әрі жазалады. Адамдар мен халықтардың есен-саулығы соның ықтиярына байланысты болды.
Кeңпейіл қaзақ хaлқының aта-бабасынaн қан арқылы ұрпағына беріліп, бар ұлттың ерекше сый-құрметіне бөленіп келе жатқан ізгі дәстүрі, асыл қасиеті - қонақжайлылық. Оны кейбір дінтанушы адамдар әулие адамдардың алтыншы қасиетіне де балайды. Құдайым, би қылмасаң да би түсетін үй қыл, -- деп бабаларымыздың Жаратқан Иемізге жалбарынуы сірә, сол себепті де шығар. Және де халқымыздың қонақжайлылықты қатты қастерлегені соншалықты, ауылға келген бейтаныс қонақтар кез келген үйге түспей, дастарханы мол, пейілі кең, үйі таза, көргенді ұл-қызы бар үйлерге ғана қонақ болған. Оған үй иесі қатты қуанып, ақ батасын берген. Әйтеуір, қазақ халқының салт-дәстүрінде қонақ шақырмау, қонақты үйге түсірмеу - үлкен айып болып саналады.
Сонымен қатар қазақ халқының мәдениеті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқы мәдениеті тарихи тарихи өлшемде: қазақ халқының мәдени мұрасын сараптау
Мәдени модернизацияны арнайы зерделеудің басты тақырыбы мәдени модернизация
Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Ежелігі Қазақстан тарихы туралы зерттеу
Исламдағы діни төзімділік пен толеранттылық мәселесі
Академик Ә. Нысанбаевтың отандык философияның дамуына қосқан үлесі
Батыс Қазақстандағы мәдени-тарихи ескерткіштер
Жастар мәселесінің түйткілдері
Этнопедагогика пәнінің даму жолдары
ӘЛЕМДІК ЭТНОМӘДЕНИ ТУРИЗМІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Пәндер