ҚР экологиялық және жер құқық негіздері
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Мәнжазба
Тақырыбы: ҚР экологиялық және жер құқық негіздері
Орындаған: Исмұратова С.Ж
Тексерген: Рзағұлова С.Р
Курс: 2
(C)2019-2020 оқу жылы
Жоспар:
1. Экологиялық құқығының пәні, әдісі, жүйесі.
2. Экологиялық заңдардың жалпы сипаттамасы.
3. Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік.
4. Қазақстан Республикасының жер құқығының негіздері.
1. Экологиялық құқықтың теориялық және әдістемелік салаларының негізгі тіректерінің бірі ұғымдар мен санаттар болып табылады. Мысалы экологиялық құқық негіздерімен оқып танысу барысында экология, қоршаған орта, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстар, табиғат пайдалану т.б. осы сияқты атауларды кездестіруге болады. Сондықтан солардың негізгілерінің мәнін ашып, қысқаша тоқталып кетуге болады.
Экология терминін ғылымға 1866 жылы неміс биологы Эрнест Геккель (1834-1919) енгізген. Экология тірі организмдер мен қоршаған ортаның тығыз байланыста, қарым-қатынаста тіршілік етуі жайындағы ілім. Қоршаған орта - табиғи объектілердің, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда жиынтығы. Экологиялық мәселелердің шиеленісуіне байланысты адамзат тарапынан қоршаған ортаны қорғауды, яғни экологиялық қауіпсіздікті сақтауды талап етеді. Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі. Ал қоршаған ортаны қорғау - табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі. Қоршаған ортаның тазалығының төмендеуіне оның ластануы әсер етеді. Қоршаған ортаның ластауы - қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өрістердің, және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері. Сондықтан адамзаттан табиғатты барынша тиімді, сапалы, үнемділікпен пайдалану талап етіледі. Ал табиғатты пайдалану дегеніміз адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы. Табиғи ресурстар бұл қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет процесінде пайдаланылатын өзге құрамдас бөліктері. Экологиялық құқықтық нысаны (объектісі) қоғам мен табиғаттың өзара байланысы барысында туындайтын қоғамдық қатынастар. Экологиялық құқықтың оқытатын пәні: 1) қоршаған табиғи ортаны қорғау; 2) табиғат байлықтарын тиімді пайдалану; 3) жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің экологиялық құқықтары мен мүдделерін қорғау барысындағы туындайтын қатынастарды оқытады. Экологиялық құқықтар әдістер дегеніміз нақты бір міндетті орындауға бағынылған шындықты, болмысты, практикалық және теориялық жағынан игерудің амал-айлаларының жиынтығы. Әдетте құқықтық нормалардың орындалуы үшін адамдардың мінез-құлығына әсер етудің әкімшілік-құқықтық және азаматтық құқықтық әдістері қолданылады. Аталған әдістер экологиялық құқық саласында да пайдаланылады. Экологиялық құқықтың жүйесі жалпы және ерекше деген екі бөлімнен тұрады.
2. Экологиялық құқықтық нормативтік актілердің ішінде халықаралық құқықтық нормативтік актілер ерекше орын алады. Олар ҚР заңдарынан заңдық күші жағынан жоғары. ҚР Конституциясының 4-бабы 3-тармағында Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қоданылады делінген. ҚР Конституциясының 6-бабы 3-тармағы: Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. ҚР Конституциясының 31-бабы 1-тармағы: Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. ҚР Конституциясының 38-бабы: ҚР азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті. Адамдар өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяаттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан Климаттың өзгеруі жөніндегі Рио-де-Жанейрода (Бразилия) 1992 жылы 11 маусымда қол қойылған БҰҰ-ның Үлгілік конвенциясын бекітті, ал 1999 жылғы 12 наурыздағы ҚР Президенті Жарлығымен, 1997 жылы 11 желтоқсанда климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның Үлгілік конвенциясына қосымша Киото хаттамасына (Жапония) Қазақстан қол қойды. 1985 жылы 22 наурызда Венада (Австрия) озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясына қол қойылған еді. ҚР озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясына қосылуы туралы 1997 жылғы 30 қазандағы ҚР Заңына сәйкес Қазақстан осы конвенцияға қосылды. 1997 жылғы 30 қазандағы ҚР заңы бойынша Қазақстан ОҚБ заттар туралы Монреаль хаттамасына қол қойды. 2003 жылы 10 ақпанда Қазақстан Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды бақылау туралы Базель конвенциясына қосылды. 1991-2005 жылдар аралығында Қазақстан барлығы 20-ға тарта экологиялық сипаттағы әртүрлі халықаралық нормативтік құқықтық актілерге қол қойды. Бұл аталған халықаралық құқықтық нормалардың барлығы ҚР заңдарынан заң жағынан күші жоғары.
Егемендік пен Тәуелсіздік жарияланған уақыттан бастап ҚР-да қоғамдық дамуда елеулі өзгерістер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары әзірленді, табиғат қорғау заңнамасының негізі құрылды, қоршаған ортаны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz