Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми-зерттеушілік әлеуетін арттыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ғылыми зерттеу жұмыс тақырыбы:
Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми-зерттеушілік әлеуетін арттыру

Мамандығы: Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Магистрант: Шахабай Ұлбала Муханқызы
Ғылыми жетекші: Эльмира Уайдуллақызы

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны - жас ұрпақтың дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай - ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.
Елбасының халыққа жолдауындағы алтыншы міндеті де осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, парасатты экономиканың негіздерін қалыптастыруды, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалануды оны дамытуды қарастырады.
Әрбір оқушы табиғатынан таныс еместің барлығын білуге құмар екені белгілі сол себепті де ол оқытудың бастауыш сатысында шығармашылыққа, таным мен белсенді әрекетке ұмтылады. Осы тұрғыдан алғанда зерттеу әрекеті қоршаған орта туралы оқушының танымын кеңейтудің ең басты тәсілдерінің бірі болып келеді.
Біздің заманымыз өміріміздің барлық салаларын қарқынды жетілдіре отырып үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Білім беру жүйесінде мектеп оқушылар төмендегідей сипаттарға ие болуы тиіс:
өмірде белсенді, білуге құштар және қызыға танушы;
оқу біліктері негізін меңгерген, өз іс-әрекеттерін ұйымдастыра алатын;
сұхбаттасушыны тыңдап, ести алатындай, өз пікірін ұсына алатын;
Жалпыға бірдей білім беру мектептегі оқытудың мемлекеттік білім стандарты келесі мақсаттарды қамтамасыз ететін, жеке тұлғаға бағытталған жалпы көпшілік бастауыш сыныптардың сапалы дамытушы моделін анықтады.
оқушының жеке тұлғасын, оның шығармашылық қабілеттерін, оқуға деген қызығушылықтарын дамыту, оқу ынтасы мен дағдысын қалыптастыру;
рухани-адамгершілік және эстетикалық тәрбие;
білім, білік, дағды жүйесін, әртүрлі әрекет түрлерін жүзеге асыру тәжірибелерін меңгеру;
оқушылардың даралығын қолдау және сақтау;
Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын ол одан әрі жақсы оқи түседі - деп Питер Клайн айтқандай, ғылыми зерттеу жолын нақты мүмкіндікке жол аша алатындай, оқушыға дұрыс бағыт-бағдар бере алатын болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін қалыптастыру қажет.
Б.В.Всесвятский зерттегендей, зерттеулер оқушыны бақылау жүргізуге, жеке заттардың қасиеттеріне тәжірибе жүргізуге баулиды. Осы үрдістің бүкілі - белсенді бала жаратылысына жауап беретін үрдіс екендігі өте маңызды. Ол оңды эмоционалдық бояулармен беріледі. Екеуінде салыстырып, жалпылаған кезде деректердің мықты негізін береді. Бұл оқушылардың қоршаған ортаға біртіндеп бейімделуіне негіз болады. Сондай-ақ, бұл жөнінде В.С.Мухина, А.И. Савенков, П.Я.Гальперин, Н.Н.Поддьяков еңбектерінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерін дамыту
Эксперимент жүргізу дағдылары мен дағдылары
Балалардың психологиялық дайындық компоненттері
Мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері
Бастауыш мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру деңгейлері
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздері
Бастауыш сынып оқушылардың ғылыми әрекетін қалыптастыру жолдары
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының зерделеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы туралы
Пәндер