Тұлғаның өзіндік бағалауы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Тұлғаның өзіндік бағалауы

Тұлғаның өзіндік бағалауын түсіндіруші келесі бағыттардың бірі гуманистік психология. Осы бағыт өкілдерінің пікірінше, өзіндік бағалау тұлғаның мәнін бейнелейді. Яғни, тұлғаның өзіне эмоциялық-құндылық қатынастарды білдіреді. Бұл бағыт өкілі К. Роджерс пікірінше, «Мен» құрамдастарының арасындағы мән неғұрлым жақындасқан сайын, соғұрлым өзіндік бағалау жоғары болады. Ол өзіндік сана мен өзіндік бағалауды тұлға құрылымында орталық буынға жатқызды. Яғни, өзіндік бағалау тұлғаның әлеуметтік ортада бағдарлануын және ішкі талаптар мен сыртқы жағдайлардың келісімділігін қамтамасыз етеді. Тұлғаның психикалық тұтастығының маңызды жағдайларының бірі өзіндік бағалаудағы тәжірибе күшімен бұрын қалыптасқан құндылықтар жүйесін өзгертуге бейімділігі деп қарастырды. Бірақ К. Роджерс идеалды және шынайы «Мендерді» арақатынасын жасайтын жалғыз фактор деп есептей отырып, тұлға ортасын және тұлғааралық қарым-қатынас рөлін асыра бағалайды. Осы орайда, автор өз зерттеулерінде тұлғаның өзіндік санасы қалыптасуындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың рөлін ескермеді.

Өзіндік бағалау - өзіндік сана сезімдерінің бірлігі, тұлғаның қасиеттеріне, сапасына деген қатынасы. Өзіндік бағалауға икемділік, орнықтылық, адекваттылық (жағымды, жағымсыз) сияқты сипаттамалар тән болады. Өмірлік тәжірибелерде қалыптасқан «Мен» бейнесі әлемді, басқа адамдарды қабылдауға, оларды бағалауға әсер етіп, соның негізінде адам өзінің мінез-құлқын өзіндік бағалайды.

К. Роджерс өзіндік бағалау теориясын және өзіндік бағалауға психотерапиялы әсер ету курсын ұйымдастырды. Оның ойынша өмірлік жағдайларға ең оңай бейімделу өзіндік бағалаудың икемділігін дамыту болып табылады, яғни өзіне деген адекватты қатынасты дамыту, бұл басқа адамдармен қарым қатынасты дұрыс қалыптастыруға, өзін-өзі сыйлаудың жоғарылауына әкеледі. Адам үшін «Меннің» саналы компоненттері адамның мінез-құлқын реттеудің негізгі құралы болып табылады. Кеңес психологиясында өзін-өзі бағалау мәселесі теориялық деңгейде терең зерттелінген. (Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, И. В. Чеснокова, В. А. Ядов және т. б) .

Өзіндік бағалауды түсіндіруде К. Левин мотивтер, қызығушылықтар, талаптану деңгейі және олардың динамикалық арақатынасын қарастырды. Осы орайда, түрлі тапсырмаларды орындаудағы жетістіктер мен сәтсіздіктерге, талаптану деңгейіне, шағын топтардағы статусқа өзін-өзі бағалаудың тәуелділігі туралы фактілер анықтала бастады.

Өзіндік бағалау компоненттері болып табылатын өзіндік сана-сезімдердің онтогенетикалық даму ерекшеліктері Б. Г. Ананьевтің, С. Л. Рубинштейннің, Л. С. Выготскийдің жұмыстарында қарастырылады.

Сондай-ақ, кеңес психологтары өзіндік бағалаудың әлеуметтік детерминациясына мән береді. Белгілі ғалымдар Л. И. Божович, А. А. Бодалев еңбектерінде тұлғаның өз қасиеттері мен құрылымдарын ұғыну және өзіндік бағалаудың белгілі бір деңгейі - өзін-өзі тәрбиелеудің алғышарты, осы процестің маңызды факторы деп есептеді. Авторлар пікірінше, өзіндік бағалау деңгейі мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуге тәуелділігі өзіндік реттелуде қарқындылықты қамтамасыз етеді.

Я. П. Коломинский зерттеулері бойынша өзі қатарлас құрбылар тарапынан қолдау таппаған жағдайда жоғары сынып оқушысы өзінің топтан өзге жерлерде дәрежесін шектен тыс жоғары бағалауға бейім келеді.

Тұлғаның жастық позициясы өзіндік бағалау ерекшеліктерін детерминациялайды. Оның дамуы сыртқы ортамен өзара әрекеттесуде тұлға бағытын өзгертуге мүмкіндік береді. Мұнда өзін-өзі реттеу процесінің мәні мен өзін-өзі бағалау дамуы - өзін-өзі тәрбиелеудің қозғаушы күші болып табылады.

Өзіндік бағалау - еңбектің, танымның және қарым-қатынастың күрделі өнімі. Мұның негізінде тұлға өз мінез-құлығы мен әрекетін, сондай-ақ айналасындағылармен мақсатқа бағытты қатынасын ұйымдастырады.

Тұрақты өзіндік бағалаудың қалыптасуын, оның талаптану деңгейімен байланысын жә- не мінез-құлық мотиві ретіндегі рөлін Е. И. Савонько, Е. А. Серебрякова, Л. С. Славина 1 және т. б. ғалымдар еңбектерінде кездестіреміз. Өзіндік бағалаудың тұрақсыздығы өзіне қатынастың қалыптаспауының салдары болып табылмайды. Өзіндік бағалаудың қалыптасуында тұрақсыз болып келетін екі кезең бар: Оның құрылу кезеңі; Жаңа жағдайларға байланысты оның «тербелісі», «сынуы». Екінші кезеңдегі өзін-өзі бағалаудың тұрақсыздығы жаңа және ескі өзінөзі бағалау арасындағы күрестен туындайды.

Өзін-өзі бағалау сипатындағы ерекшелік ақиқат өмірлік әрекеттер арқылы анықталады. Бұл жерде негізгі фактор бағалау қатынасында бейнеленетін адамның іс-әрекеті және айналасындағылармен қарым-қатынасы болып табылады.

Кеңестік ғалымдар Л. И. Божович және Л. В. Благонадежина еңбектерінде: «Тұрақты өзін-өзі бағалау баланың психикалық дамуында маңызды рөлге ие. Тұрақты өзін-өзі бағалаудың және талаптану деңгейінің қалыптасуы психикалық даму фактор ретінде ішкі қарама-қайшылықтар туындауына алып келуі мүмкін», - деп көрсетті.

Өзіндік бағалау тұлға өмірлік іс-әрекеті процесінде қалыптаса отырып, оның дамуында маңызды қызмет атқарады және мінез-құлығы мен іс-әрекетін реттеуші ретінде алға шығады. Көптеген зерттеулерде өзін-өзі бағалауды психика дамуында белгілі қызметті орындаушы тұлға құрылымы ретінде қарастырды (лисина, серебрякова) .

Кейбір зерттеулерде мектепке дейінгі кезеңнен бастап балалардың өз әрекетін басқаруы ерекше «ішкі механизмді» иеленеді деп көрсетті (Д. Б. Эльконин) .

Кез келген психологиялық зерттеуге жүйелі түрде талдау жасап қарастыратын болсақ, тұлға өмірінде өзіндік бағалаудың маңыздылығы айқын көрінеді. Себебі, өмірлік мақсаттар қою, оған жету жолдарын қарастыру әрбір тұлға- ның өзіне деген қатынасы арқылы айқындалады.

Сонымен қатар, өзіндік бағалау тұлғада өзін құрметтеу, өзін қабылдау, яғни «Мен» аумағы енетін өзіне деген қандай да бір позитивті қатынастың туындауы болып табылады.

Өзіндік бағалау тұлға дамуы барысында құрылады. Біртіндеп әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесінде қайта құрылып, тұлғаның өзіндік санасын қалыптастыра отырып, оның құрамына кіреді. Өзін-өзі бағалау өзіндік санада көрінеді. Тұлғаның өзіндік санасы негізінде қоғамдық сана қалыптасады.

Тұлғаның өзіндік бағалауы өзіндік сана бөлігі ретінде функционалданады. Өзіндік бағалау өзіне қатынасты, индивидтің сыни тұрғыда қаралатын өзіндік сананың арнайы функциясы. Өзіндік бағалау тұлғаның жайлылық немесе жайсыздық жағдайын детерминанттайтын өзіндік сананың тірек бөлшегі болып табылады. Яғни, өзіндік бағалау тұлғаның өзі туралы білімдерінің қайнар көзі. Белгілі ғалымдар В. В. Столин, С. Р. Пантилеев өзін-өзі бағалауды өзіндік қатынас құрылымында қарастырды.

Р. С. Пантилеевтің пікірінше, өзіндік бағалау тұлға дамуында әлеуметтенудің алғашқы тәжірибесінің әсерінен дамиды. Осыған орай, өзіндік бағалау - даму барысында биологиялықтың, психологиялықтың және психоәлеуметтіктің өзара әрекеттестігінің нәтижесі болып табылады. (Пантилеев) . Өзін-өзі бағалау тұлға мінезқұлқының дамуында қоғамдағы өз орнын қабылдау үшін ерекше маңызға ие. Тұлға есейген сайын өзіндік бағалау шынайы сипатта көріне бастайды.

Сондай-ақ, өзіндік бағалау әлеуметтік ортада өзара әрекеттесу негізінде қалыптасатындығын тұжырымдайтын зерттеулер де белгілі. Яғни, тұлға өзін қоршаған адамдармен өзара әрекеттесе отырып, өз орнын анықтайды да, соның негізінде өзіндік бағалау қалыптасады

Өзін-өзі бағалау бастапқы кезде басқалардың өзін бағалауының интериоризациясының нәтижесі - соңынан эмансипацияланып айналадағылардың бағасынан қылықты ішінен басқару үрдісіне айналады.

Рухани өсу баланың алғашқы өсу дәуірінен қалыптасады, оның «Мен» деген сөзі қалыптасады. Мысалы: «Мен өлең айта аламын», «Мен сурет сала аламын», «Мен анамды жақсы көремін», «Мен айтайыншы!» т. б. «Мендік» көп айтуға тырысады. Мысалы: бір жасында бала өз дене бітімін қабылдап игере бастайды, ал үш жасында іс-әрекет субъектісі болып қалыптасып, өзін «Мен» ретінде ерекшелейді. Жақын адамдармен салыстыра отырып, өзіне деген жеке даралық және дербес субъектілік қатынас пайда болады. Жеті жаста эмоционалды ұғыну, өзін-өзі бағалау туындайды. Ол үшін ата-ана үлгі ретінде ұғынылады. Ата-ананың біреуіне ұқсауға тырысуы кейбір мінез-құлық түрлері мен психикалық жағдайларының белгілі бағдарламасын қалыптастыру жүреді. «Мен» образында «шынай-Мен», «идеалды-Мен» деңгейлері пайда болады. Жасөспірімдік және бозбала мен бойжеткендік кезеңде «Мен» - тұжырымдамасы нығайып, «Мен» сипатын, образын ұғыну тереңірек сипатта болады. Өзін-өзі бағалауы қалыптасады. Өзін-өзі тану және өзіндік сана жоғары даму деңгеіне жетеді.

Тұлғалық қасиеттің өзекті белгісі ол адамның өз «Менін» айыра алуы. «Меніне» өзіндік дене бітімін, жақындарын, өзіне тиісті заттарды т. б. жатқызады. Ал психологиялық саладан алғанда тұлғаның мінез-құлқын айқындайтын өзіндік қасиеттеріне темперамент, мінез, қабілетті жатқызады. Сондықтан «Мен» тұжырымдамасы дегеніміз адамның өзі туралы түсініктерінің жүйесі, ол басқа адамдармен өзара әрекеттестігін осы жүйеге негіздеп құрады және өзіне-өзі сол тұрғыдан қарайды.

Өзіндік сананы дамытатын козғаушы күштерді индивидтің шынайы өздігінше әрекеттене, айналадағыларымен ара-қатынасын өзгерте алуынан іздеу кажет. Сана, өзіндік санадан өз “Мен”-інен туындамайды, керісінше тұлға санасының дамуынан, яғни өз бетінше субъект бола бастағанда өзіндік сана туындайды. Практикалық және теориялық іс-әрекеттің субъектісі боларда, “мен”-нің өзі сол іс-әрекетте қалыптасады.

Өзіндік сананың даму тарихы тұлғаның шынайы дамуымен, оның негізгі өмірлік жолындағы уақиғаларымен үздіксіз тығыз байланыста. Қоршаған ортадан өзін бөле алатын субъект ретінде тұлға дамуының алғашқы кезеңінде, ол өз тәнін (денесін) игеріп, ырықты қимыл-қозғалыстарды жасайды. Соңғысы бірінші заттық әрекеттер үрдісінде қалыптасады. Дамудың келесі сатысы, өз бетімен қозғалыстар жасай алуында көрініс береді. Мұндай жағдайда сол әрекеттердің техникасы емес, айналадағы адамдармен индивидтің ара қатынасының өзгерісі, ұстай алатын қимылдарды өздігінше игере алу мүмкіндігінің мәні зор. Адам әр түрлі әрекеттердің шынайы субъектісі ретінде айналасындағылардан бөліне бастайды. Осындай объективті фактіні ұғыну негізінде өзіндік сананың және өзінің “мен”-і туралы алғашқы елестер туындай бастайды. Мұнда адам өзінің дербестілігін, қоршаған ортадағылардан ерекшелігін басқалармен ара қатынасы арқылы өзіндік санасы жетіледі, яғни басқа адамдарды танудың арқасында өзінің “Мен”-ін таниды. “Мен”-нің “саған” деген қатынасынсыз болуы мүмкін емес, өзіндік сананың дербес басқа адамды субъект ретінде түсіну негізінде ғана қалыптасады.

Өзіндік сана салыстырмалы түрде сананың кешеуілдеп дамуының жемісі, баланың практикалық субьект ретінде айналадағылардан өзінің ерекшелігін саналы бөле алатын сапалық негізі. Өзіндік сананың даму тарихында негізгі жәйт сөйлеуді игеру, ойлау мен сананың тұтастай бар екенін көрсетеді. Сөйлеу бала санасының дамуында манызды рөл атқара отырып, оны қоршаған ортадағылармен арақатынасын өзгертіп, әрекеттену мүмкіндіктерін өрбітеді. Қоршаған ортадағы ересектерге оған бағытталушы объект болудың орнына, сөйлеуді игерген бала олардың әрекеттерін өзінің тілегіне сәйкес бағдарлайтын мүмкiндiктepгe ие болып, әлемге өздігінше ықпал ете алады. Бала қылығындағы осындай және басқалармен қатынастарындағы өзгерістер, оның санасына да әсер етіп, оның басқа адамдарға деген ішкі өзгерулеріне алып келеді.

Субъектінің дербестігі қандайда болмасын тапсырмаларды орындауымен шектелмей, одан да маңызды өз іс-әрекетін саналы түрде алдындағы түрлі міндеттер, мүдделер арқылы бағытын анықтай алуға жетелейді. Бұл ішкі дүниесінің үлкен жұмыстар жасауын талап етіп, тұтастай дүниетанымды қалыптастыру үшін өз бетінше ойлай алу қабілетін қажет етеді. Даралық өз бетінше ойлауды, сезімнің күрделілігін, қайрат-жігерді, белгілі дәрежеде жинақылық пен іштей талпынысты көздейді. Мұндайда тұлғаның шынайылықтан көтеріліп, сол іс-әрекетке тереңірек енуіне жетелейтін жәйттер болады. Тұлғаның терендігі мен байлығы және әлеммен, басқалармен байланысының кұндылығы; яғни ол байланыстардың үзілуі оны бездіреді. Ағза бірлігінің негізінде қиылыса, тұлға тәнін өзінің “мен”-іне жатқызып, оны иемденеді. Адам өзінің тұлғалығын белгілі бір сырт бейнемен азды-көпті тығыз байланыстырады, себебі сол бейнеде өмірінің салты және іс-әрекетінің стилі көрінеді. Сондықтан, тұлғаға адамнын тәні де. санасы да қосылғанмен, физикалық және рухтық тұлға туралы айтуға болмайды, себебі тәннің тұлғаға қосылуы тұлғаның физикалық және рухтық жақтарының әрекеттестіктеріне негізделген. Мұның тұлғаның рухтық жағына да қатысы бар. Рухтық тұлға өз бетінше тәнсіз өмір сүруі мүмкін емес. Өз бетінше субъект ретінде алғашында тек қана материалдық тірі жан болып қоршаған ортаға әсер ете алады. Сонымен, физикалық және рухтық - тұлғаға ішкі ара байланысы және олардың бірлігі ретінде енеді. Өзінің ”Мен”-iнe адам тәнінен төрі ішкі психикалық мазмұнын жаткызады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін - өзі бағалау ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының өзін -өзі бағалауын қалыптастырудың теориялық негіздері
Оқу-тәрбие процесіндегі тұлғааралық қарым-қатынастың өзіндік бағалауға психологиялық әсері
Тұлғаның дамуына әлеуметтік ортаның әсері
Мінез - құлықтарында ауытқулары бар жеткіншектердің талаптану деңгейінің ерекшеліктері
Бастауыш мектеп оқушысын әлеуметтендіру арқылы өзін-өзі бағалауы
Жеке тұлғаның өзін-өзі тану құрылымындағы Кәсіби Мен-тұжырымдамасы және кәсіби сәйкестілігі
Зияты зақымдалған балалардың өзін - өзі бағалау ерекшеліктері
Интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері
Мектепке дейінгі жастағы баланың өзін-өзі бағалау ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz