Аудиторлық дәлелдемелер дегеніміз


Аудиторлық дәлелдемелер дегеніміз - аудиторлық қорытынды жасауға негіз болатын аудитордың қорытынды пікірлерін тұжырымдау процесінде пайдалануға алатын ақпараттары. Аудиторлық дәлелдемелер бірқатар белгілерге байланысты жіктеледі. Қайнар көзіне байланысты:
- ішкі;
- сыртқы;
- аралас.
- Ішкі- аудиттелетін тұлғадан, яғни клиенттен, ауызша немесе жазбаша түрде алынған ақпараттар.
- Сыртқыаудиторлық дәлелдемелер - аудиторлық ұйымның сұранымы бойынша үшінші тұлғалардан, басқа да ұйымдардан жазбаша түрде алынған ақпараттар.
- Өз кезегінде, араласдәлелдемелер - бұл клиенттерден жазбаша немесе ауызша түрде алынған және үшінші тұлғалармен расталған ақпараттар.
Сипатына байланысты:
- -ауызша- басшылықтың мәлімдемесімен немесе қызметкерлерді сұрастыру арқылы алынған дәлелдемелер;
- визуальды- бақылау нәтижелері;
құжаттық - қағаздардан, электронды және т. б. таратушылардан алынған ақпараттар.
Аудитормен шаруашылық операцияларды зерттеу нәтижесінен алынған аудиторлық дәлелдемелер ең бағалы болып табылады.
Аудитор аудиторлық дәлелдемелерді жинағанда әртүрлі көздерді пайдаланса, аудиторлық тәуекелділік төмендейді.
Аудиторлық дәлелдемелерді жинағанда аудитор келесі процедуралардың біреуін немесе бірнешеуін қолданады:
- клиент құжаттарын қайта қарастыру;
- эксперттік тексеру;
- инспектрлеу;
- түгендеу;
- шаруашылық операциялар есебін жүргізу тәртібін тексеру;
- растау;
- бақылау;
- қадағалау;
- құжаттарды тексеру;
- балама балансын құрастыру;
- ауызша сұрау;
- сканерлеу;
талдамалы процедуралар
Аудиттің халықаралық стандартында «Алаяқтық және қателіктерде» аудитор қаржылық есеп берушілік үшін мәнді болып табылатын алаяқтық және қателіктер фактілері
Алаяқтық - әдейі дұрыс көрсетпеу және есептің және есеп берушіліктің мәліметтерінің басқарушылар құрамының немесе үшінші жақтардың қызметкерлерімен бір немесе бірнешеуімен көрсетілуі.
Бухгалтерлік құжаттар мен жазбалардың жалғандығы - бухгалтерлік есептің құжаттарын әдейі дұрыс толтырмау
Қателіктер- қаржы-шаруашылық қызмет фактілерін дұрыс көрсетпеу, есептің толықтығын дұрыс қарамау
Кездейсоқ қателер - кездейсоқ жіберілген дұрыс емсе жазбалар жатады,
- Бұрмалау-қателер мен алаяқтық салдарынан пайда болуы мүмкін қаржылық ақпаратты дәл бұрмалаушылық.
Бұрмалау екі түрлі болуы мүмкін: әдейі және әдейі емес.
Аудитор тексеру жұмысын бастамас бұрын, аудиторлық жоспарлауға қажетті бухгалтерлік есеп жүйелері және ішкі бақылау жүйесі туралы жеткілікті ақпарат, мәлімет жинау керек. Аудиторлық тәуекел дегеніміз экономикалық субъектінің бухгалтерлік есеп берушілігінде табылмаған нақты қателер. Сонымен қатар аудит тәуекелі- аудит жүргізу кезіндегі мүмкін болатын тәуекел. Аудиторлық тәуекел ешқашан жойылмайды, бірақ оның деңгейін азайту үшін іс шаралар ұйымдастырылып болған.
Аудиторлық тәуекел үш құрамдас бөліктен тұрады: бөлінбейтін тәуекел, ішкі бақылау тәуекелі, таба алмау тәуекелі.
Негізгі құралдар дегеніміз - материалдық және материалдық емес өндірістік салаларда еңбек кұралы ретінде ұзақ мерзімге (бір жылдан жоғары) қасиетін, қалпын жоймай сақтап пайдаланылатын материалдық активтер.
Негізгі құралдар объектілерінің түсуін есепке алудың заңдылығы, тиімділігі және дұрыстығы тұрғысынан тексерілуі қажет.
Негізгі құралдар типтік нысандағы қабылдау-тапсыру актілері негізінде кірістіріледі. Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі толтырылғаннан кейін, осы объектіге катысты техникалық құжаттармен бірге бухгалтерияға беріледі. Оған бас бухгалтер қол қойып, компания басшысы немесе өкілетті тұлға бекітеді.
Аудит жоспарлау, талдау, үйлестіру, есеп, ұйымдастыру, бақылау және реттеу сияқты басқару қызметтерімен тығыз байланысты.
ТМҚ-ды кәсіпорын әртүрлі жагдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станциясынан, айлақтардан, аэропорттан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.
Жабдықтаушылардың қоймаларынан ТМҚ-ды алған кезде алушы-кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырады.
Материалдардың қозғалысын есепке алған кезде мынадай типтік құжаттар пайдаланылады.
Жабдықтаушылардың коймасынан тауарларды алу үшін материалды жауапты тұлғаға сенімхаты беріледі. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді.
Берілген сенімхатты Есептеу журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге жауапты тұлғада сақталады.
Сенімхатты беру үшін лауазымды тұлғамен келісім шарт жасалады, ондай келісім шарт жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта шаруашылық жүргізуші субъектілер оның мерзімін көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері кол қойып, мөр басады. Сол сенімхатта алынатып тауарлардың тізімі сенімхаттың артқы (кері) жағында жазылады.
Егер де ТМҚ-ды алу құқы жойылса, онда одан сенімхатты қайтып алынады, ал жіберушілерге басқа сенімхат беріледі.
Пайдаланбаған сенімхаттар мерзімі өткеннен кейін келесі күні сенім білдірушіге қайтарылады. Пайдаланбаған сенімхатты қайтарған кезде оны "Сенімхаттарды есепке алу журналына" тіркейді және оның түбіршегіне " пайдаланбаған" деген белгісін жасайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz