Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам жайлы


Эссе
Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы “Нұрлы жол - болашаққа бастар жол” атты халыққа жолдаған жолдауында Стратегиялық жоспарын іске асырудың базалық шарттары экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау және оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын арттыру үшін біртұтас үш міндеттінің бірі: сенімді құқықтық орта қалыптастыруды жалғастыру екендігі айтылған.
Осы мәселені ескере отырып, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру мақсаты ұлттың ұлы идеясын ұстанып отырған мемлекетіміздің өмірінде, құқықтық мемлекетті құру жолында саяси реформалар ерекше орын алады деген пікір баршылық. Құқықтық мемлекеттің нақты тарихи қалыптасу тәжірибесі мен дамуы онын әлеуметтік-экономикалық және саяси деңгейімен, қоғамдық кұқықты сезіне алушылығымен, ұлттық және тарихи салт-дәстүрлермен анықталады. Мұндай жағдайлардың бірі - аталған мемлекеттің бар болуы болып табылады. Құкыктык мемлекет проблемаларымен айналысып жүрген ғалымдар, соның ішінде заңгерлер мен саясаттанушылар, ең алдымен құқықтық мемлекеттің түсінігіне, оның принциптеріне, заңдылықтарына басты назарларын аударады. Бұл жолда, әрине, құқықтық мемлекет жайындағы теориялық концепцияларды ескермей болмайды.
Сонымен, халықтың басым бөлігі - саясаткерлер де, қарапайым көзі ашық азаматтар да ден қоя бастаған бұл азаматтық қоғам деген не?
Азаматтық қоғамның қалыптасу процесіне, оның басты факторлары мен құндылықтарына ғылыми зерттеу жүргізіліп, даму үрдістерін анықтау құқықты-демократиялық мемлекет үшін маңызды мәселелердің бірі. «Азаматтық қоғам» ұғымы арқылы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың жағдайы бейнеленіп, белгілі бір мелекеттегі тұрғындардың азаматтық қайраткерлігінің қарқыны, мемлекет пе қоғамның әлеуметтік саладағы қызметтерінің бөліну деңгейі анықталады. Басқаша айтқанда, азаматтық қоғам демократиялық құрылысқа аса қажет әлеуметтік қатынаастардың өзін-өзі реттеу қызметіне жағдай туады: азаматтар саяси институттардың көмегіне сүйенбей-ақ, өздері реттей алатын қатынастарға мемлекеттің қол сұғуы тежеледі. Сондықтан да демократиялық сипаттағы саяси жүйесі бар құқықтық мемлекеттің дамуында азаматтық қоғамның алатын орны ерекше.
Азаматтық қоғамның біздің түсінігіміздегі нақты анықтамасы мынадай: ол - құрамындағы мүшелердің арасындағы экономикалық, мядени, құқықтық және саяси қатынастары дамыған, мемлекеттен тәуелсіз, бірақ онымен өзара әрекеттесуші қоғам, мемлекеттпен бірлесе отырып, дамыған құқықтық қатынастар құрушы, жоғарғы дәрежелі әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени және моральдық мәртебелі азаматтар қоғамы. Азаматтық қоғамның шынайылығы идеал мен идеалдық жобаның және осындай жобаны жүзеге асырушы қоғамның шын мәнісінде қол жеткізген жетістіктерімен анықталады.
Бүгінгі таңдағы көзқарас бойынша, азаматтық қоғам бұл айтылғандармен қоса, демократиялық заңдар, биліктің тармақтарға жіктелуі, заң жүзіндегі оппозицияның болуы, көппартиялық жүйе сияқты басқа да азаматтық өмірдің құндылықтарын, адамдардың саяси және әлеуметтік бостандықтарын және олардың ассоциацияға, топқа, партияға бірлесуін жүзеге асырушы тетіктерді қамтиды. Азаматтық қоғам заңды тіркелген, құрылымды бекітілген және психологиялық тұрғыда қамтамасыз етілген әлеуметтік-саяси қызметтің материалдық және идеялық плюрализммен ажырамас бірлікте. Ал адамның жеке өміріне ешбір қол сұғушылыққа жол берілмейді, ол тек заңды бұзып, оған қайшы келмесе болғаны. Адам құқығы басты орындағы мәселе.
Құқықтық мемлекет - конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.
Құқықтық мемлекет - өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқығы бұзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады.
Қазіргі ғаламдық әлемде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы мемлекет, қоғам және азаматтың арақатынасын қалыптастырудың әмбебап идеалы болып отыр. Құқықтық мемлекет идеясының мәні - оның бірізді демократиялылығы, билік көзі ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекеттің қоғамға бағынуы. Құқықтық мемлекет идеясындағы бастысы - мемлекеттің және оның органдарының зорлық-зомбылығынан, басынуынан азаматтарды қорғау кепілі болатын мемлекеттің құқықпен байланыстылығы. Құқықтық мемлекет ең алдымен, барлық мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және азаматтар бағынуы тиіс өзіндегі құқықтық ережелермен өзін-өзі шектейтіндігімен ерекшеленеді, ал ондағы басты принцип - құқық үстемдігі.
Құқық үстемдігі деген ең алдымен заң үстемдігін білдіреді. Басты, маңызды, негізгі қоғамдық қатынастар заңмен реттеледі. Қоғам өмірінде заң үстемдігі арқылы, барлық саяси институттарда жоғарғы құқық бастаулары, құқық рухы енгізіледі. Осылайша, азаматтардың құқықтарының шынайылығы әрі мызғымастығы, олардың сенімді құқықтық мәртебесі, заңдық қорғалуы қамтамасыз етіледі. Құқықтық мемлекет - ең алдымен, құқықтық мемлекет идеялары іске асқан конституциялық мемлекет. Конституциялық құрылымның негізгі қағидаттары, қоғам дамуының маңызды бағыттары, оның басты идеялары конституциялық деңгейде бекітіледі. Конституция құқықтық жүйенің орталығы болып табылады. Соның негізінде құқықтық мемлекеттегі заңдылық тетіктері қалыптасады.
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр түрлі теориялар бар. Бұл ой-пікірлердің, теориялардың көп болатын себептері қоғамдағы барлық таптардың, ұлттардың топтардың мүдде-мақсатына қатысты болуы. Тағы да бұл мәселе әр түрлі идеологиямен, саяси партиялармен байланысты болуы.
Бұл жерде ескерте кететін бір мәселе Кеңес дәуірінде елімізде марксистік мемлекетгік теория тұрғысынан зерттеп, түсініп келдік. Ол кезде қоғам мен мемлекетті таптық тұрғыдан зерттеуге тырыстық, басқа теорияны, басқа бағытты сырып тастап отырдық. Қазір ол теорияларға көзқарас түзелді, дұрысталды. Тарих теориялардың бәрінде аздап болса да шындық және тарихи нақты дәлелдер болады. Сондықтан ол теорияларды білу, дұрыс жағын алу, пайдалану өте қажет. Сол деректерді ескере отырып жүргізілген зерттеудің ғылымға, қоғамға пайдасы мол.
Тағы бір ескертетін мәселе «азаматтық қоғам» деген алғашқы қауымдық қоғамда да, құлиелену формациясында да, феодалдық формацияда да болған жоқ. Себебі ол қоғамдарда «азаматтық» деген ұғым болған емес. Бұл ұғым тек буржуазиялық қоғамда өмірге келді. Сондықтан біз теорияны тек құқықтық мемлекет туралы қарастырамыз.
Құқықтық мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне қоғамның алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Құқыктық мемлекет екі жақты жауапты объективтік процесс.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель: Заң үстемдігі болмаса демократия жоқ - деді. Феодалдық дәуірде Н. Макиавелли, Ж. Боден т. б. саяси қайраткерлер құқықтық мемлекет орнату төңірегінде көп қиялданып, біраз пікірлер айтып кетті.
Қазіргі заманда құқықтық мемлекет туралы пікір жан-жақт дамып, дүние жүзінің ғалымдары бір тұжырымға келіп, ортақ ғылыми көзқарас қалыптасты деуге толық болады.
Мемлекет және азаматтық қоғамның арасында төтенше тығыз байланыс бар, олардың беріктігі ұқсас және бұл әлеуметтік институттарды өзгертетін сипаттың болуымен алдын-ала белгіленеді:
• азаматтық қоғам, мемлекет саясаты, жеткілікті ұзаққа созылған және күрделі адам баласының даму процесінде пайда болады;
• мемлекетте көбірек алға тартылатын жоғарыдан төмен басқару және бағыну жүйесі бар (мемлекеттік органдардың иерархиясы), ол азаматтық қоғамда горизонтальді байланыс жүйесі және азаматтар мен олардың бірлестіктері бар және егер мемлекеттік органдардың әрекеттері заңға негізделсе, онда азаматтық қоғамның өмірлік әрекеті келісімдер мен келісім шарттарға, жазылмаған теңдік ережесіне, жалпы бостандықты қорғайтын (мысалы, солай айтылатын «алтын ережеге» сүйенеді: «поступай так, как бы ты хотел, чтобы по отношению к тебе поступали другие») ;
• мемлекет көпшілік мүдделерінің аясын реттейді, азаматтық қоғам жекеленген бостандық жекеше мүдделер аясын реттейді.
Қорыта келгенде, қазіргі заманда құқықтық мемлекетті құру, қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуы мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.
Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызды алғышарттарының ішінде азаматтық қоғамның алар орны бір төбе. Ал азаматтық қоғам алуан түрлі қоғамдық қатынастардың мемлекеттен біршама дербес болуын мақсат тұтса, бұл игі мақсат мемлекеттік биліктің құзыреті заңмен шектеліп, адам құқығы алдыңғы орынға шыққанда ғана емес, әрбір жеке адамның мүдделеріне қатысты басқарушылық саяси шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады.
Мемлекет дүниеге келгенге дейін азаматтық қоғам болған. Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар өмірі азаматтық қоғам негізінде реттелген. Тіршілік пен адамдар арасындағы қатынастарды азаматтық қоғам институттары жүзеге асырған.
Өндіргіш күштердің пайда бола бастауымен, жеке топтар мен отбасылардың қолында артық өнімдердің шоғырлануы жеке иемденуді, иелер құқығын сақтау, меншіктер арасындағы қатынасты реттеу қажеттілігі саяси күштің - мемлекеттің пайда болуына әкелді.
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы өте созылмалы және күрделі процесс. Қазақстанның қазіргі кезеңі мемлекетіміздің жалпыға ортақ өркениетті даму жолына қайта түсуімен сипатталады. Тұңғыш рет 1993 жылғы Конституция Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялады. Бұл ережені бүгінгі күні қолданыста жүрген 1995 жылғы Конституция да, 1-баппен бекітті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz