Əлеуметтік патология девианттық мінез - құлық əлеуметтануының обьектісі ретінде


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Девианттық міңез құлық әлеуметтануы

Девианттық мінез-құлық əлеуметтануының обьектісі - бұл адамдардың нақты

əрекеті, шын мəніндегі мінез-құлқы, ол санада пайда болатын білім, тұжырым,

құндылықтық қасиеттер ретінде бой көрсетеді. Ғылымның пəнін зерттелетін

саладағы оьбектінің байланыстары, қатынастары құрайды. Девианттық мінезқұлық əлеуметтануының пəні əлеуметтік нормалардан ауытқитын адамдардың

мінез-құлқы, олардың даму жағдайлары, нақты ауытқыған міне-құлықтың жүзеге

асырылуы. Сондай-ақ зерттеу пəніне девианттық мінез-құлықты қалыптастыратын

жəне дамытатын əлеуметтік факторладың өзара əрекеттесу тетігін де жатқызуға

болады. Мұнда пəннің əлеуметтанулық талдауын теориялық-əдістемелік

деңгейдегі сияқты ( əлеуметтік мінез-құлық факторларын тереңдете анықтайтын

деңгей), эмпирикалық деңгейде де (жеке тұлғалардың, əлеуметтік топтардың

мінез-құлқына ықпал ететін тікелей бақыланатын эмпирикалық түбегейлілікке

куə болатын əлеуметтік факторларды қарастыратын деңгей) жүзеге асыруға

болады.

Девианттық мінез-құлық əлеуметтануының пəні - оның пайда болуына ықпал

ететін факторларды анықтай отырып, əлеуметтік патологияға, оның түрлеріне

анықтама беру болып табылады. Девианттық мінез-құлық əлеуметтануының

міндеттері арнайы əлеуметтанулық теория ретінде:

• Қазіргі қоғам нормаларынан, олардың таралу ауқымынан, олардың

əрекеттерінің тікелей салдарынан əлеуметтік ауытқу сипатын табу;

• жағымсыз əлеуметтік ауытқудың болу себептерін ашу;

• ауытқыған мінез-құлықтың алдын алу жəне жоюға бағытталған түрлі

экономикалық, əлеуметтік, құқықтық, ұйымдық, моральдық жəне

тəрбиелік шаралардың тиімділігін талдау;

• теріс құбылыстарды жою, сол немесе басқа норма бұзушылықтың таралу

жəне шиеленісуі мүмкін болуы туралы қоғамды алдын-ала ескерту

жөніндегі қызметтің нəтижелерін саралау болып табылады.

Мұндай мінез-құлық заңдық жəне қоғамдық санкцияларға алып келеді.

Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті жəне криминалды

мінез-құлық. Девиантты мінез-құлық - əлеуметтік нормалар мен ережелерге

сəйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір

түрі. Кейбір əдебиеттерде бұл типті антидисциплиналық деп те атайды.

Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация,

оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат

қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т. б. жатады.

Девиацияның екінші түрі - делинквентті мінез-құлық. Деликвентті мінезқұлық деп формальды нормаларды бұзуды атайды. Ол заң бұзушылықпен

ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:

1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін

дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-əрекеттерде көрініс

береді.

2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение) : майда ұрлықтар, қорқытыпүркіту, автокөлік ұрлау т. б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты

жат мінез-құлық.

3. Наша сату жəне тарату.

Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады .

І. 2. Əлеуметтік патология девианттық мінез-құлық əлеуметтануының

обьектісі ретінде

Қоғам мен жеке тұлғалардың мүдделері үшін елеулі зиян болып саналатын

əлеуметтік нормалардан ауытқушылықтың мейлінше елеулі жағдайы ғылыми

əдебиетте əлеуметтік патологиия деп аталады

Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға жəне ең бірінші өздеріне

үлкен зиян келтіреді. Аталған əлеуметтік патологиялық категорияларға жекежеке анықтама беріп өтсек.

Нашақорлық. Сөздің жалпы мағынасы ауруды білдірмейді. Нашақорлық - бұл

тұлғаның жан-жақты зақымдануы, көп жағдайда адам тəнінің мүшкіл қалына əкеп

соқтырады. Бұл дегеніміз, адамның нашақор болуы, біртіндеп өзінің адами

қасиеттерін жоғалтады; психикасы қалыпты жағдайдан ауытқиды; достары,

отбасы, жұмысынан айырылады; қылмыстық ортаға тартылады; өзіне жəне өзінің

айналасындағыларға түпсіз бақытсыздық əкеледі, осылайша өз өмірін өзі

бұзады. Нашақорлық еліміздегі ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер, дегенмен

бұдан сорақысы нашақорлыққа тəуелді жас жеткіншектердің санының өсуі [15. 44

б] .

Нашақорлық дертіне шалыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге

түседі. Өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының,

қоршаған адамдардың өміріне де қауіп туғызады. Күн өткен сайын елімізде

нашақорлыққа байланысты жасалатын қылмыстың саны күрт өсіп отырғаны

ешкімге

жасырын емес.

Жезөкшелік дегеніміз жеке тұлғаның сыйақы алып, басқа адаммен

бейберекет жыныстық қатынаста болуын айтамыз. Жалпы жезөкшелікпен əйелдер

айналысады, ал қазіргі тəжірибе көрсетіп отырғандай жезөкшелікпен ер

адамдардың да ақы алып айналысатыны көрініс алып отыр. Мысалы, ағылшын

заңдылықтарында жезөкшелік деп əйелдердің өз денесін нақты төлем алу

мақсатымен тəртіпсіз азғындыққа салуы немесе ұсынуы белгіленген; Болгарияда

- адамгершілікке жат қызметтен түсетін еңбексіз пайда табу; АҚШ-та - сыйақы

үшін жыныстық қатынасқа түсу, ал Чехословакияда өмір сүру үшін еңбектен

жалтарып пайда табу ретінде қарастырылады. Жезөкшелік - өте қауіпті

құбылыс. Ол ең алдымен қоғамдық адамгершілікті аяққа таптайды, қалыптасқан

отбасының рухани құндылықтарын аяққа басады. Арсыздықты, дөрекілікті,

ұятсыздықты, есепқорлықты дəріптеп, адалдық, сүйіспеншілік, махаббат,

сенім, отбасына деген құрметті сезімдерді жоққа шығарады .

Өзін-өзі өлтірушілік, суицид латының sul өзімді, caedere

өлтіру деген сөзінен шыққан, ол - өз омірін əдейілеп қию. Өзін-өзі

өлтірушілік деп екі түрлі құбылысты айтуға болады:

Біріншіден, жеке мінез құлықтық акт, өз омірін нақты адамнын қиюы;

Э. Дюркгеймнің пікірінше, өзін-өзі өлтіру бұл əлеуметтік құбылыс. Мұның

басты себебі реттеушіліктің болмауы. Өйткені, əлеуметтік ереже адамдар

өмірін реттеуде маңызды роль атқарады. Тəртіп бұзғанда адамдардың өмірге

деген бағыт-бағдары да өзгереді, əлеуметтік нормалардың бұзылуы адамдардың

мінез-құлқындағы ауытқушылығына себеп болады.

Қылмыс дегеніміз - қылмыстық заңдармен тиым салынған, қоғамға қауіпті

əрекет немесе əрекетсіздікті айтамыз. Қылмыс əр уақытта да белгілі бір ісəрекеттің көрінісі, нəтижесі болып табылады.

Кейбір əлеуметтанушылардың пікірінше аталған девианттық мінез-құлықтың

5 категориясы бірінің пайда болуына бірі себеп болуы мүмкін:

Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі əрі қиын əрі ұзақ

процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі,

осы саладағы əлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан

тəжірибелер негізінде, бұл саладағы тəрбие міндеттерін жүзеге асыруда

мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:

• балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;

• оның жағымды қасиеттеріне сүйену;

• оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;

• оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы

білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;

• салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге

бағытталған тəрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану; Девианттық мінез-құлық олардың қоғам -өміріндегі теріс орны мен

салмағын айқындайды. Қоғам өміріндегі қатынастардың жүйесі түбегейлі

өзгеріп жатқан қазіргі заманда, өмірлік тəжірибесі жоқ, əлі толыққанды

көзқарасы қалыптаса қоймаған жастар үшін қалыпты тіршілік ағымынан ауытқу

оңай. Қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға жол апаратын жүріс-тұрыс -

девиантты жүріс-тұрыс. Қылмыс жəне теріс қылық Нашақорлық, маскүнемдік,

өзін-өзі өлтіру, гомосексуализм, жезөкшелік, фанатизм, т. б.

Қоғамның басқа топтарына қарағанда девианттық мінез-құлық

жасөспірімдерде көбірек байқалады. Оның объективтік себебі жасөспірімдерде

құқықтық əлеуметтену процесі (нормаларды меңгеруі) жəне делинквенттік мінезқұлықы (нормалардан ауытқу) бір мезгілде жүреді. Нашар тұрмыс жағдайы,

шиеленіскен қатынастары бар сəтсіз отбасыларында тұратын жасөспірімдерге

көбінесе мектеп бағдардамасына үлгермеушілік, мектеп ұжымынан алыстап кетуі

жəне мұғалімнен қарым-қатынасының нашарлауы т. б. тəн. Кейбір жағдайларда

айналасын тəп-тəуір адамдар қоршаған тұрақты отбасының кəдімгі баласы өз

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ
Девианттық мінез-құлық әлеуметтануы
Девиантты мінез - құлықты жастармен жұмыс жүргізу технологиясы
Жастардың ауытқитын мінез-құлық стереотиптерінің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері мен себептері
Ауытқыған әлеуметтену және девианттық мінез - құлық
Жастардың девианттық мінез - құлық даму классификациясы, тенденциялары мен түсініктері
Девиантты мінез - құлыққа жалпы анықтама беру
«Аномия» ұғымын зерттеудің теориялық-методологиялық аспектілері
Девиантты мінез-құлық социологиясы
Аномия ұғымы девианттық мінез-құлық әлеуметтануы пәнінің негізгі стратегиясы ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz