Жыртқыш құстар - дене мөлшері сан алуан



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жыртқыш құстар - дене мөлшері сан алуан: 35 граммнан (титтей сұңқар) 12 килоға дейін (тазқара, құмай) жететін, 270-290 түрді біріктіретін құстар отряды.Оларды тек қана жыртқыштық өмір сүру дағдысы біріктіреді. Жыртқыш құстардың тұмсығы ілмек тәрізді болады. Тұмсықтың түбінде тақыр, ашық өңді тері - балсірі бар, танау тесіктері соған ашылады. Тұмсығы өткір және тұтқыр тырнақтарымен бірге құстың олжасын аулап, өлтіретін негізгі құралы болып саналады. Жыртқыш олжасын жүні, қауырсыны және сүйектерімен қоса жейді. Сосын жеуге жарамсыз бөлікті лоқсып, былықпа түрінде құсады. Негізінде күндіз белсенді өмір сүреді, жемін аулайлайтын жыртқыш құстар онша көп емес. Моногамиялы, яғни жұбы бірнеше жылдар бойы тұрақты болады, алайда көбінесе жылма-жыл көбеймейді. Балапандары жұмыртқадан жарып шыққында мамақтанып, көзі ашық болады да, ата-енесінің қамқорлығын қажет етеді, Отряд бес тұқымдастан құралады - құмайлар, балықшытұйғындар, қаршығалар, хатшықұстар, сұңқарлар тұқымдастары. Қазақстанда үш тұқымдастан балықшы тұйғын, қаршыға және сұңқар тұқымдастардан 39 түрдің өкілдері өмір сүреді. Жыртқыш құстардың белгілі мекен ететін экологиялық ортасы болмайды, олар түрлі ортада: тоғайда, тауда, далада, батпакты жерлерде мекен ете береді жыртқыш құстар қыс ішінде жұп құрап, ұя салатын жеріне қалыптасқан қосақ түрінде келеді. Жыртқыш құстарда ұялайтын жеріне әтеші мен мекиені бірге ие болып, балапандары ұшқанша жұбын жазбайды.
Қалыпты жыртқыш құстар тармағы (Ғаlсопеs). Осы отряд тармағына жататын жыртқыш құстардың барлығын қосып келгенде екі тұқымдасқа бөлінеді: сұнқарлар және қырғи тәрізділер.
Сұңқарлар тұқымдасына (Ғаlсопіdае) -- орташа және ұсақ құстар жатады. Астыңғы жағының езуіне жақын жерінде өткір қайшы сияқты тісшелері болады. Бұлардың қанаттары ұзын және ұшты келеді.
Ірі сұңқарлардың түрлері: лашын (Fаlсо регеgгіпиs), шұбар сұңқар (Ғаісо gиrfаtсо) сирек кездесетін құстар. Негізінен бұлар құстарды ауада ұшып бара жатқанда кағып жейді, бұл сұңқарлар шапшаң ұшады. Олар ұяларын ағаштың басына, жарларға, жыраларға салады. Пайдалы кұстарды қырып, кейбір жерлерде зиянын тигізеді. Ірі сұңқарларды адам қолға үйретіп, басқа құстарды аулайды.
Ұсақ сұңқарлардың түрлері: күйкентай (Ғаісо vеsреrіпеs), тұрымтай (Ғаlсо соІumЬагіиs), бөктергі (Ғаісо tіnсиlиs). Бұлар негізінен ашық жерлерді мекен етеді. Ұяларын ағаштың басына, тастардың арасына, жартастарға, жыраларға салады. Ұшу шапшаңдықтары жоғарыда көрсетілген түрлерден бәсең. Жемдерін ұшып жүріп те, жерден де ұстап жейді. Тышқан сияқты кемірушілермен, насекомдармен, кейде құстармен де қоректенеді. Ауыл шаруашылығына, орман шаруашылығына пайдалы құстар.
Қырғи тәрізділер тұқымдасы (Апgиіlіdае) Бұлардың тұмсығының езуінде қайшы сияқты өткір тісшесі болмайтын қанаттары қыскарақ және моқалдау келетін жыртқыштар. Біздегі бүркіттер тұқымдасы мына топтарға жіктеледі: оларға қырғи (Ассіріtег gепitаІіs), қаршыға (Ассіріtег піsиs) жатады. Олардың да қанаттары қысқарақ және моқалдау келеді. Құйрығы денесімен салыстырғанда ұзын болады. Олар орман құстары. Ағаш арасында шапшаң ұшуға икемделген. Бұлар құстармен, оның ішінде үй кұстарымен қоректеніп, шаруашы-лыққа зиянын тигізеді.
Құладындар (Сігсиs суапеиs). Бұлардың құйрықтары және аяқтары ұзын болады. Құладындар үш топқа бөлінеді: беткей құладыны (Сігсиs суапеиs), дала құладыны (С. тасгои-гиs) және саз құладыны (С. аегиgіпоsиs). Олар тундрадан басқа жердің барлығында да болады және ашық жерлерді мекен етеді. Бұлар жемін жер бауырлап қалықтап ұшып жүріп, жердегі шөптердің арасындағы ұсақ омыртқалыларды қағып ұстап, қоректенеді. Көпшілік түрі пайдалы.
Кезқұйрықтардың (Міlvиs kогsсһип, М.mіlvиs) құйрығы екі айыр болады. Әдетте өзен, көлдердің маңайында мекен етеді. Бұлар қалықтап ұшады. Жалпы алғанда кезқұйрықтар пайдалы құстар болып есептеледі. Олар кемірушілермен, саршұнақтармен, құстармен, балықтармен және насекомдармен қоректенеді.
Бүркіттердің басқа құстардан бір ерекшеліктері, саусақтарына дейін қауырсынмен қапталған. Қанаттары жалпақ және моқал келеді. Олар шапшаң, бірақ салмақты үшады. Бізде бестен артығырақ түрі бар. Олардың ішінде көбірек тараған түрлері орманда мекен ететін бүркіт (Аgиіlа сһгузаеtоs), оңтүстіктегі далалы жерді мекен ететін қыран -- қара бүркіт (Апgиіlа піраІепsіs) және орманды ендікте мекен етуші шаңқылдауық бүркіт (Апgиіlа сlапgа) немесе тау қыраны т. б.
Қыран - қарадан басқасы ағаштарға, немесе жарлардың қуысына ұяларын салады. Қыран-қара ұясын жерге, немесе бұталарға салады. Ұяларында 1-3 жұмыртқа болады. Инкубация мерзімі 40-45 күнге созылады. Жемдерін қалықтап үшып жүріп көріп, кенеттен шабуыл жасап ұстайды. Кейде өлекселермен де қоректенеді. Олар негізінен тышқан тәрізді кемірушілермен, саршұнақтармен, құстармен, насекомдармен қоректенеді.
Әсіресе қыран-қара пайдалы, олар ауыл шаруашылығына зиянын тигізетін насекомдар мен кемірушілерді жейді. Бүркіттерді адам қолға үйретіп түлкі, қасқыр, ақбөкендерді және дуадақтарды аулауға пайдаланады.
Жаман сары немесе ақсары: Олар бүркіттерге жақын, бірақ кішірек және қауырсыны саусақтарына дейін қаптап тұрмайды. Бізде кәдімгі жамансары ( Buteo hemilasius ) кездеседі. Жамансары- қыранға мөлшерлес ең ірі денелі (2 килоға жуық, қанатының алымы - 1,5 метрден астам) болып келеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құстарды бонитировкалау
Омыртқалы жануарлар – құстар
Биология сабағында құстар класын оқыту
Құстар
Құстардың жіктелуі
Құстардың ұрпағын өрбітуі
Үстірт мемлекеттік қорығының жұптұяқтылары
Қазақстанда мекендейтін құстар
Құстардың экологиялық топтары
Жыртқыш құстардың сипаттамасы
Пәндер