3-7 жас аралығындағы балаларда математикалық түсініктерді қалыптастыру сабағын ұйымдастыру ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДОГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра

Курстық жұмыс

Пәні: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: 3-7 жас аралығындағы балаларда математикалық түсініктерді қалыптастыру сабағын ұйымдастыру ерекшеліктері
Орындаған:Шарипова Ұлжан
Қабылдаған:Есеева Роза
Қорғауға жіберілді:_______. __________
Қорғаған бағасы:_______________________

Тараз 2021
Тараз мемлекеттік педогогикалық университеті
Курстық жұмыс РЕЦЕНЗИЯ
Студент____________________________ _____________________________
Курс_______________________________ _____________________________
Тақырыбы___________________________ ____________________________
Регистрация________________________ ______________________________
Рецензенттің алған күні_______________________________ _____________
Рецензент__________________________ ______________________________
Рецензия мазмұны
___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ _______
Қорғауға жіберілді__________
Қорғау _____________күні жоспарланды.
Курстық жұмыс __________күні қорғалды.
Бағасы_____________________________ __

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті
Студент____________________________ ___________________________________ ____________________________пәнінен
Курстық жобалау жұмысына
ТАПСЫРМА
1. Тақырыбы:__________________________ _________________________
2. Негізгі деректер:__________________________ ____________________
3. Тапсырма бойынша арнайы нұсқау:____________________________ __
4. Есептік-анықтама жұмыстарының
негізгі бөлімдері
Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары)
Орындау кестесі

Көлемі,%
Орындау
уақыты
3-7 жас аралығындағы балаларға математикалық түсініктерді қалыптастырудың теориялық негіздері

3-7 жас аралығындағы балаларға ойын арқылы қарапайым математиканы қалыптастыру әдістемесі

5.Графикалық материалдар тізімі (сызудың масштабың корсету керек)

6.Жобаны (жұмысты ) құжаттау

7.Қорғау

Тапсырма _________200_ж. Кафедра кеңесінде бекітіледі №___қарар.
Жетекшісі ___________________________________ __________________
қолы
Тапсырма _______200__ж. орындауға қабылданды ________________
Студенттің қолы

Хаттама №_______________________________ _________ 200__ж.
_____________________________ пәні бойынша курстық жұмысты қорғауға комиссияның мәжілісі
__________________________________б өлімінің _______курс студенті
Қорғауға жіберілген:________________________ _______________________
Аты жөні:___________________________________ ______________________
Тақырыбы:__________________________ ______________________________
Сұрақтар:___________________________________ _____________________________________________________ _____________________________________________________ _____________________________________________________ _____________________________________________________ _____________________________________________________ ______________________
Шешімі:___________________________________ _______________________

Комиссия төрағасы:

Комиссия мүшелері:

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1 3-7 жас аралығындағы балаларға математикалық түсініктерді қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда қолданылатын әдістерге шолу жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. 3 пен 7 жас аралығындағы балаларға берілетін ұйымдастырылған оқу қызметі және оларға қойылатын әдістемелік талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 3-7 жас аралығындағы балаларға ойын арқылы қарапайым математиканы қалыптастыру әдістемесі
2.1. 3 пен 7 жас аралығындағы балаларға ойын арқылы қарапайым математиканы қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі таңда мемлекет ішінде оқу-білім беру жүйесінде болып жатқан ауысымдар мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесіне өзгеше мән беруді талап ретінде қарастырып отыр. Болашақ тәрбиешіге және маманға мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың теориялық негіздері мен әдістемесін оқыту,меңгерту және үйретуде айтылған ұйымдастырылған сабақтың алатын орны зор. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәні мамандыққа қатысты негізгі пәндердің бірі болып табылады. XXI ғасыр талаптарына сай түрлі жас аралығындағы топтарында оқытудың мазмұны мен формалары, балалардың математикалық даму үрдісін көрсету, осыған орай өз жұмысын жоспарлай білу, болашақ тәрбиеші үшін ең маңызды мәселенің бірі болып табылады. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінде мектеп жасына дейінгі балаларды мектептегі іргелі пәндердің бірі- математиканы түсінуіне, ұғынуына, тұлғаның жан-жақты дамуына әсер етеді. Мектепке дейінгі педагогикадан бөлініп, элементар математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі өз бетінше ғылыми оқыту саласы болып табылады. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдісетемесі баланың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру процесінің негізгі заңдылықтарын зерттейді, сонымен қатар, әдістеменің алға қойған мақсат-міндеттері айқын.Математика қазіргі кезде ғылымда, техникада, бейнелеу өнері, музыка мен экономикада және т.б. адам қызметінің барлық салаларында да жан - жақты қолдау тапқан. Математика өзінің даму тарихын ықылым заманнан бастап, өркениеттің табыстарын паш етіп қана қоймай, оның өркендеуіне де мол үлес қосып келе жатқан ғылым. Біздің болашағымыз өсіп келе жатқан жас жеткіншектер екенін білеміз. Республикамыздың Білім туралы заңында білім беру жүйесінің міндеті - ұлттық және жалпы ұлттық азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға, білімін бекітуге бағытталған. Сонымен қатар, жеке адамды қалыптастыруға қажетті жағдайлар жасау керек екендігі жайлы айтылған. Балалардың математикалық білімін қалыптастыру - балаларда сатылап жүретін күрделі процесс. Яғни, бұл тақырыпта мектеп алды даярлық тобындағы балаларға арифметикалық есептерді құрастыра білуі. Мен бұл тақырыпты таңдаған себебім балаларға қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру әдістемесін толық түрде зерттеп, зерделкей келе сол зерттелегн біліммім мен біліктілігімді іс жүзінде жүзеге асыра отырып, балалардың математикаға деген қызығушылықтарын ояту. Сонымен қатар, балалардың математика жөнінде білімін кеңейте отырып, оларды математика саласында біраз хабардар ету. Және де қарапайым математикалық түсініктерінің жоғары дәрежеде қалыптастыра білуін басшылыққа алдым. Біздің болашағымыз өсіп келе жатқан жас жеткіншектер екенін білеміз. Математиканы балаларға үйретпестен бұрын оларға математикалық маңыздылықты түсіндіруіміз қажет. Және математика тарихын білуіміз қажет. Сол себепті математиканы зерттеген адамдардан бастау алған жөн. Сандар мен санау жүйесін ерте бастан - ақ зерттеген болатын. Соларды айтатын болсам; Аристотель, Магницкий, Грубе, Евтушевский, Тихеева т.б. ғалымдардың қосқан үлестері зор. Дәл осындай зерттеулерге байланысты математика ғылымдарын толығымен қарастыра отырып, зерттеу жұмысымның барысында осы жайттарды толығымен қарастырамын.
Зерттеудің мақсаты: Бұл қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер атты тақырып бойынша балаларға қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда қолданылатын әдіс - тәсілдер жүйесін анықтау және айқындай отырып, математикаға деген қызығушылығын қалыптастыру. Мектепке дейінгі балаларға әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда әр түрлі әдістерді пайдалану оларды ұйымдастыру түрлері осы жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.

Зерттеу пәні: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Зерттеу объектісі: Балабақшадағы мектепке дейінгі жас аралығындағы балалар 3-7 жас
Зерттеу кезеңдері: 2 кезеңнен тұрады

1 3-7 жас аралығындағы балаларға математикалық түсініктерді қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда қолданылатын әдістерге шолу жасау
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі өз дамуына ұзақ шыңдалу жолынан өтті деп айтуға болады. Оның қайнар көзі халық ауыз әдебиеті болып табылады. Көптеген сан алуан санамақ, жаңылтпаш, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер балалардың санау дағдысына, есептеу әрекетіне деген қызығушылықтарын оятты, балада сан туралы алғашқы ұғымдар қалыптаса бастады. Жаттығулар арқылы баланы санауға үйрету туралы алғашқы ой-пікірді тұңғыш баспагер Иван Федоров айтқан еді. Ол өзінің Ресейдің алғашқы баспадан шыққан оқулығы Әліппеде (1574) айтты.
XVII - XIX ғасырларда балаларды арифметикаға үйрету әдістемесінің мазмұны мен барысы туралы мәселелер Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, т.б. ой-пікірлерінде айтыла бастады.
Ол дәуір педагогтары балалардың қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру тек жүйелі оқыту әрекетінде ғана жүзеге асырылады деп ой-пікірлерін ортаға салды. Отбасы жағдайында да алғашқы математикалық ұғымдарын қалыптастыру мәселелері қолға алына бастады.
Ол дәуір педагогтары тек жүйелі оқыту негізінде ғана математикалық ұғымдарды меңгерту мүмкіндіктері туралы баса айтты. Чех педагогы Я. А. Коменский (1952 - 1670) Аналар мектебі (1632) ұйымдастыру барысында арифметика бағдарламасына және геометрия негіздеріне алғашқы екі ондық көлемінде сандарды меңгерту (4-6 жастағылар) үшін сандарды ажырату, заттардың әркелкі жиындарын салыстыру, геометриялық фигураларды салыстыру, аз және көп ұғымдарын табу, өлшеудің жалпыға ортақ өлшемдерін оқып үйренуді (адым, пұт, фент) ендірді.
И. Г. Песталоцци (1746 - 1827) - ұлы швейцар педагог-демократ және бастауыш мектепте оқытудың негізін салушы, ол өз заманындағы оқыту мазмұны туралы олардың мазмұндарының өте шағын көлемде жеткіліксіз дәрежеде екендігін баса атап көрсетті. Ол ұсынған қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі жеңілден ауырға, қарапайымнан күрделіге қарай ауысу мәселелерін қарастырды. И. Г. Песталоццидің идеялары кейін орта мектептерде математиканы оқытудың негізгі формаларына бастау болды.
Орыстың ұлы педагог-демократы, Ресейдегі ғылыми педагогиканың негізін салушы К. Д. Ушинский де (1824 - 1871) мектепке дейінгі арифметиканы үйрету мәселелері туралы нақты ұсыныстар айтты. Ол балаларға нақты заттар мен жиындарды санату, азайту, қосу амалдарын, он санының бірліктер құрамын түсіндіру туралы айтты.
Орыс халқының ұлы ойшылы Л. Н. Толстой 1872 ж. Әліппе атты оқулық жазып, оның бір бөлімін сан және есептер деп атады. Қолданыстағы оқыту әдістерін сынға ала отырып, Л. Н: Толстой балаларға ондық қатарын тура және кері санату, кейін 100 көлемінде санату, балалардың іс-тәжірибесін қолдану, ойын барасында санату туралы айтты.
Балаларда сан, форма туралы ұғымдарын қалыптастыру туралы неміс педагогы Ф. Фребель өзінің сенсорлық тәрбие жүйесі туралы бөлімдерінде (1781 - 1852) және италья педагогы М. Монтессори (1870 - 1952) өз ой-пікірлерінде баяндады.
Сенсорлық тәрбиенің қалыптасқан жүйесінде арнаулы түрде балаларды геометриялық пішіндермен, көлем, санаумен таныстыру мәселелері қарастырылған.
Ф. Фребель Дары деп аталатын сан, форма, көлем, кеңістік қатынастарды біріктіре отырып, жүзеге асыруға болатын көрнекілік ойлап тапты. М. Монтессори өзіндік тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу идеяларын басшылыққа ала отырып сан, пішін, көлем ұғымдарын талдау, сонымен қатар жазбаша және ауызша нөмірлеуге үйрету қажет деп санады. Ол үшін түрлі моншақ тізбесін, теңгелерді т.б. қолданды.
Алдыңғы қатарлы өткен дәуірдегі орыс және шетел педагогтары мектепке дейінгі балаларды даярлаудағы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың маңызын айтты. Ол уақытта математиканы үйретудің бірізді әдістемесі әлі болған жоқ. Басты екі бағыт - яғни - санды үйрету әдістемесі монографиялық, әрекетті үйрету әдістемесі, санау арасында қызу тартыс болып жатты.
Неміс әдіскері А. В. Грубенің ұсынысы бойынша сандарды зерттеу әдісі бір саннан екінші санға ретпен көшуге негізделді. Осы кезде ғана бала әрбір келесі санның алдыңғы саннан айырмашылығын тауып, есінде ұстайды деп санады.
Әрбір санды үйрету процесінде саусақ, тақта не дәптердегі сызықтар, санама таяқшалары қолданылды. Мысалы, 6 санын үйретуде таяқщалар біртіндеп қойылады және Біздің санымыз неше таяқшадан тұрады? т.б. сауалдар берілді. ХІХ ғасырдың 90 - жылдары неміс психологы және дидакты В. А. Лай монографиялық еңбек жазып, ол өзіне дейінгі зерттеулерге жаңалық енгізді Лай таяқша емес, ең алдымен сандық таңбаны үйрету қажет деген ұсыныс енгізді.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің ХІХ - ХХ ғ.ғ. басында пайда болуы арифметиканы оқытудың мектептік әдістерінің негізгі идеяларының тікелей ықпал етуінен өтті. Ол кезде арифметиканы оқытудың бірыңғай әдістемесі болған жоқ. Екі бағыт арасында ұзақ күрес жүрді. Оның бір жағы сандарды үйрету немесе монографиялық деп аталатын әдіс, екіншісі - есептеп шығару деп аталатын әрекеттерді үйретну әдісі. Екіншісі сандарды уақытына қарай, яғни сандардың табиғи қатарын қабылдауы туа біткен қасиет деп санады. Соның нәтижесінде бала санай отырып, сандарды реті бойынша атап айта біледі, ал олардың жалпы санын (барлығы қанша) айқындай алмайды. Көріп отырғанымыздай, екі психологиялық теорияның өкілдері идеалистік бағытта болды және тек бастапқы мағлұмат сан немесе сандардың жүйелілігі болып табылатыны үшін ғана таласқа түсті.
Алайда екі әдіс те осы заманғы әдістемені одан әрі дамытуда дұрыс рөл атқарды. Өйткені ол өзіне жекелеген оң сәттерді, тәсілдерді, жаттығуларды, барлық математикалық ұғымдардың бәрі материалистік түсінікке негізделген бірінші және екінші әдістің дидактикалық құралдарын (сандық пішіндер) таңдап алды. Ұғымдар (сан, есеп, геометриялық пішін, өлшем, т.б.) адамның материалдық дүниені зерттеу жөніндегі алуан түрлі қызметінің үрдісінде пайда болды және дамып отырды.Балалардың математикалық ұғымдарды ишеруі мен ұғынуы оның сезімі тәжірибесінің дамуына орай ол тәжирибелерді игеру үрдісіне ұласты. Заттардың көпшілігі мен әрекеттер жасағанда бір затты басқалармен салыстыру кезінде олардың сандары мен өлшемдеріне сандық,кеңістік және уақыт туралы қатынастарды таныту керектігі айқындалды.
Сандарды үйрену әдісіне орай неміс әдіскері А.В.Грубе жасаған зерттеу жұмысы бойынша арифметиканы оқыту саннан санға қарай (100 көлемінде) жүріп отыруы керек деген тұжырым жасалды.Анаграфиялық әдіс сандарды түсіндіру жолдарын ұсынды.Әр сан үйрену үрдісінде есептеудің материалы қолдың саусақтары,тақтаға немесе дәптерге салынған сызықшалар , таяқшалар болды.Мысалы, 6 санын үйрену кезінде таяқшаларды бір-бірден жайып қою ұсынылды.Содан соң сұрақтар қойылды: біздің санымыз неше таяқшадан құрастырылды? Алты санын болуы үшін бір таяқшадан санап шығыңдар.Алты бірден неше рет көп?Бір таяқша алты санының қай бөлігін құрайды.Алты санында бір таяқша неше рет бар? т.б. Содан соң үйретіліп отырған сан дәл сондай 2 санымен салыстырылды, алты таяқшаны екі-екіден жайып салу және сұрақтарға жауап беру ұсынылды: Алтының ішінде неше екілік бар?Алтының ішінде неше рет болады? Сөйтіп бұл сан өзінен бұрыңғы сандардың бәрімен салыстырылды.Мұндай жаттығулардың әр тобынан кейін амалдар одан әрі есептеп шығаруға тырыспай арифметикалық амалдардың бәрі еске түсіруі үшін жаттатылып отырылды.
Арифметиканы үйретудің монографиялық әдісі неміс дидактысы және психологы В.А.Лай зерттеуі негізінде біршама түрін өзгертті. В.А.Лайдың Дидактикалық тәжірибелерге негізделген арифметикаға алғаш үйретуге басшылық деп аталатын кітабы орыс тіліне аударылды.
В.А.Лай заттар неғұрлым айқын, жарқын байқалса, сандық түсініктер де соғұрлым айқын, жарқын және нәрлі болып келеді, түсініктен соң берілген сандық пішіннің суреті және оны есептеуіш шотта құрастырған жөн деп санады.
Лайдың зерттеуі бойынша математикадағы үйрету қалай жүргізілуі тиіс болды? Балаларға алдымен сандық пішін-дөңгелектер көрсетіледі. Олар оны анықтап қарап алады. Содан соң көздерін жұмып, дөңгелектердің орналасуын айтып береді. Мәселен, 4 санын көрсететін пішін: бір дөңгелек-сол жақ жоғары бұрышта, бір дөңгелек-сол жақ төменгі бұрышта, бір дөңгелек- оң жақ жоғары бұрышта, бір дөңгелек-сол жақ төменгі бұрышта.
Заттың бейнесін білу жөніндегі жұмыстан соң, балалар оның құрамын білуге көшеді. Педагог төрт дөңгелектің үшеуінің бетін жауып қояды. Балалар бір ғана сол жақ жоғарыдағы дөңгелекті есіне ұстап қалды, содан соң педагог бұл дөңгелектің де бетін жауып қояды, ал алғашқы үшеуін ашып қояды немесе екі дөңгелекті жайып қояды. Әр амалдың нәтижесі жазылып және түсіндіріліп отырылады. Бірге үшті қосса, төрт болады; үшке бірді қосса, төрт болады; екі және екі төрт болады. Бұдан кейін үйренген сан құрамына есептер шығарылады. Жауап сандар құрамын есте сақтау бойынша есептеп шығарусыз беріледі. Бұл әдіс бойынша балалар төртбұрышты сандық пішіндер түрінде ұсынылған сандарды да қабылдады және есіне сақтады. Монографиялық әдіс бойынша оқытудың жүйелілігі төмендегіші құрылды:
а) түсіндіру, бақылау және кейбір сандық пішінді құрастыру;
ә) санның құрамын үйрену және санды есте сақтау;
б) арифметикалық амалдар бойынша жаттығу.
Алайда ХІХ ғасырдың 70-жылдарында-ақ монографиялық әдістің қарсыластары көріне бастады. Бұл әдіске деген наразылық барған сайын үдей түсті. 80 - 90 жылдарда орыс математиктерінің бүтін сандағы оған амалдарды оқып үйрену әдісін немесе басқаша айтқанда, есептеп шығару әдісін қарсы қою арқылы қатты сынға алды.
Орыс математиктері монографиялық әдістің қандай кемшіліктерін көре білді? Біріншіден, 100 көлемдегі санды бірліктің трбы ретінде көрнекілік пен көзге елестетуге болатын секілді деген әдістің бастапқы ережесі сыналды. Сыншылар мұндай қабілеттің жоқ екенін айтты. Біз топты екі- төрт заттан ғана көрнекілікпен көзге елестете аламыз. Ал сан болғанда әрқашан есептеп шығаруға ұмтыламыз. Сондықтан сандарды және олардың құрамдарын сандарды жайып қою жолымен үйрену ақылға қонбайды. 100 көлеміндегі мұндай жайып салулар 5000 - нан асады. Оларды есте сақтау мүмкін емес.Екіншіден, монографиялық әдісті ауырлығы үшін сыналды. Өйткені мұндай жағдайда балалар әрбір арифметикалық амалдың мәнін жете түсінбейді, оларды дараламайды; үйрету есті және белгілі дағдыларды ойланбай жаттаттыруға апарады. Мұндай арифметиканың бастапқы мәнін түсінбей жаттап алу оқушылардың одан әрі оқуға деген ынтаны жояды делінді.
Монографиялық әдістің сыналғанына, оны орыс мектептерінің қабылдамауына қарамастан, осы әдіске табынушы Д.Л.Волковский Сандардағы балалар әлемі (1912) деген кітап басып шығарды. Кітапқа В.А.Лайдың сандық пішіндері, кеспе қағаздар (кеспе қағаздар) және сызбалар енгізілді. Кітап тек бастауыш мектепке ғана емес, сонымен қатар әйелдер гимназияларының, балабақшалардың және үйде оқытудың даярлық сыныптарына арналды.Сөйтіп, монографиялық әдіс салытырмалы әдіс ретінде үйретудің ұзақ уақыт бойына балалрды санауға үйретуі пайдаланылып келді.Басқа амал-тәсілдер-балаларды есеп амалдарының мәнін, он көлемінде есептің негізін түсінуді ұсынды. Сонымен бірге математикалық ұғымда ондық шоғырландыру бойынша сан құрылды. Әрбір шоғырландыру көлемінде тек жекелеген сандар емес, есептер мен амалдар үйретілді. Екі әдістемелік ағымды негіздеу үшін екі психологиялық теория-заттар тобын қабылдау теориясы және есептеу теориясы ұсынылды. Бұл теориялардың әрқайсысы сан немесе есептің қайсысы бастапқы деген мәселені шешуге тырысты.Қабылдау теориясын жақтаушылар балаларға көп нәрсені қамти білу қабілеті тән деп тұжырымдады сондықтан олар оқытудың монографиялық әдісін қолдады.Қазан төңкерісіне дейін Ресейде жарық көрген әдістемелік құралдардың барлығы дерлік балабақша мен үй жағдайында, отбасында бірдей қолдану үшін жасалды, бұл оқу құралдарының негізгі мақсаты ата-аналар мен тәрбиешілерді балаларға математикалық ұғымдарды үйретудің басты ерекшеліктері мен таныстыру болатын.Әсіресе, В.А.Кемництің 1912 жылы жарық көрген Балабақшадағы математика атты әдістемелік құралы ерекше маңызды болды,онда мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балаларды математикаға үйретудің басты мазмұны мен әдістері қарастырылды. Әдістемелік құралда балалармен әңгімелер, практикалық жұмыстар, ойындар, жаттығулар 7-8 жастағы балалардың математикалық ұғымдарын дамытуға бағытталған оқу жұмыстары енгізілді. Әдістемелік құрал біртіндеп күрделендіру, өткен білімдерін мұқият пысықтау негізінде жүргізілді. Сабақ барысында және әңгімелесу кезінде балаларға геометриялық, кеңістік және уақыт ұғымдарын меңгерту олардың бүтін және бөлшек, көлем, өлшеу туралы ұғымдарын қалыптастыру көзделді.

1.2. 3 пен 7 жас аралығындағы балаларға берілетін сабаққа қойылатын әдістемелік талаптар
Eлбacымыз Жoлдaуындa ХХI ғacыpдың тaбaлдыpығы aлдындa бiлiм бepу кaпитaлғa aйнaлудa. Eлдiң дaму дeңгeйi бiлiмi apқылы бaғaлaнaтын бoлaды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Кіші топтағы балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыру
Ересектер тобындағы балаларға арифметикалық, есептеу туралы түсінік беру
Мектеп жасына дейінгі балаларды қарапайым математикамен таныстыру
Балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің тарихы
Мектеп жасына дейінгі баланың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің теориялық негізі
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігі
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары
Кішкене балаларға математика ілімінің элементтерін оқыту ерекшелігі
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі балаларға үйретілетін арифметикалық амалдардың ерекшеліктері
Пәндер