ПС Қоғамдық қозғалыстар, наразылық және адамдардың ойлауы: қазіргі күйі


ПС Қоғамдық қозғалыстар, наразылық және адамдардың ойлауы: қазіргі күйі
Өмір сүріп тұрған құрылысқа қатысы бойынша қоғамдық қозғалыстар революциялық, контрреволюциялық, реформистік, консервативтік, реакцияшыл болып бөлінеді. Ал әрекет тәсілдері мен әдістері бойынша - зорлықшыл және зорлықшыл емес қозғалыстар болып бөлінеді.
Қоғамдық қозғалыстар әр түрлі әлеуметтік негізде қалыптасуы мүмкін. Олардың кейбіреулері, мысалы, соғысқа қарсы, экологиялық, ұлт-азаттық қозғалыстар тап аралық (таптан тыс) сипатта болады. Екіншілері айқын көрінетін әлеуметтік-таптық сипатта ерекшеленіп, жұмысшы, шаруа, буржуазиялық қозғалыстар, сондай-ақ зиялы қауым, фермерлер, ұсақ меншік иелерінің қозғалыстары ретінде айқындалады. Қоғамдық қозғалыстар гендерлік ерекшелігі мен жас мөлшеріне қарай да: жастар, балалар, әйелдер қозғалыстары, зейнеткерлер қозғалысы және басқалары болып топтасады. Кәсіби белгілері бойынша ғалымдар, дәрігерлер, жазушылар және т. б. қозғалыстар құрылады. Қоғамдық қозғалыстар ядролық соғыс қаупін болдырмау, халықтардың экономикалық, мәдени және саяси қарым-қатынастарын дамыту, экологиялық апаттың алдын-алу, мәдени мұраны сақтау секілді әр түрлі әлеуметтік-саяси мақсаттарды көздейтінін айта кеткен жөн.
Нақты қоғамдық қозғалыстар ұлттық тарихтың мәні мен маңызын іздеп таба отырып, жекелеген мемлекеттер шеңберінде өрістей алады. Олар қайсыбір тарихи кезеңдегі ерекшеліктерін көрсетіп және мәселен, экологиялық қозғалыс сияқты кең халықаралық сипатқа ие болып, бір топ елдердің шеңберінде де тарала алады.
Ерікті бірлестіктерді қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстарға бөлу көбіне шартты сипатта болады және әрдайым оларды дәл ажырату оңайға түсе бермейді. Қоғамдық қозғалыстар ұйымдық принциптердің күшею шамасына қарай көбіне қоғамдық ұйымдар және де тіпті саяси партия құрудың негізіне айналады. Мәселен, экологиялық қозғалыстың дамуы әр тектес экологиялық одақтар мен ассоциациялардың құрылуына, кейін көптеген елдерде «жасылдар» партиясының құрылуына себепші болды. Жоғарыда көрсетілгендей, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар саяси билікті жеңіп алу мен іске асыруды өзінің мақсаты етіп қоймайды, оған ашық түрде бақылау жасауға ұмтылмайды. Олар үшін саяси процестерге ықпал етудің негізгі тәсілі билікке қысым көрсету болып табылады. Олар қоғамдық өмірдің басқа салаларындағы (экономикалық, әлеуметтік, мәдени) міндеттерді орындау үшін қажет болғандықтан ғана саяси қызметпен айналысады.
Бірақ, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар өздерінің алдына тікелей саяси мақсаттарды қоймаса да, олардың қызметі объективті түрде саяси сипатта болады. Азаматтардың бірлесуге деген конституциялық құқықтарының өзі оларды саяси әрекеттер шеңберіне қосады.
Әр түрлі қоғамдық құрылымдардың саяси қарым-қатынастарға ықпал ету деңгейі де әр түрлі. Олардың бірі - жұмысшы, кәсіподақ және ұлттық қозғалыстар және т. б. саяси жағдайға елеулі түрде ықпал етеді, екіншілері - саяси өмірге іс жүзінде қатыспайды.
Алайда, қазіргі кездегі қоғамның жалпыға бірдей саясаттандырылуы жағдайында қоғамдық бірлестіктердің ешқайсысы саяси процеске тікелей немесе жанама қатысудан толығымен шеттей алмайды. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың саяси рөлі мемлекеттік билік органдары мен әр түрлі деңгейдегі басқару органдарының саяси шешімдер қабылдау процесіне ықпал етуден, билік құрылымдарына азды-көпті болса да тұрақты қысым көрсетуден тұрады.
Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар өзінше мүдделі топтар мен қысым- топтары ретінде алға шығады. Мүдде топтары немесе мүдделі топтардың тұжырымдамасын А. Бентли, Д. Трумэн жасады және оны басқалары батыстық саясаттануда мойындайды және берік ұстанады.
Топтардың бәсекелестігінде ұйымдасқан мүдделердің едәуір бөлігі азаматтық қоғам жолымен қанағаттанады. Бірақ бірқатар жағдайларда топ мүшелерінің ұжымдық қажеттіліктерін іске асыру биліктің шешімдерін талап етеді. Егер мүдделі топ жеке мүдделерін жария биліктің институттарына мақсатты түрде ықпал ету жолымен қанағаттандыруға қол жеткізетін болса, онда ол қысым тобы ретінде сипатталады.
«Қысым тобы» деген ұғым азаматтық қоғамда туындайтын әлеуметтік- топтық мүдделердің саяси факторға айналу қарқынын ашып көрсетеді. Қысым топтарының қызметінің тиімділігі көбіне олар тартатын ресурстарға (меншік, ақпарат, мамандық және тәжірибе, мәдени ықпал, этникалық және діни байланыстар және т. б. ) қатысты болады. Кәсіптік одақтар, кәсіпкерлер ассоциациялары, кооператорлар, тұтынушылар одақтары, ерікті қоғамдар және басқа да қоғамдық бірлестіктер (саяси партиялардан басқа) мүдделі топтың түрлері болып саналады.
Көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да ең бұқаралық қоғамдық ұйым кәсіподақтар болып табылады. Олар өндірістегі, сондай-ақ өндірістік емес салалардағы қызметінің түрі бойынша ортақ мүдделерімен байланысқан еңбекшілерді ерікті негізде біріктіреді. Олардың басты қызметі өзінің мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады.
Нарықтық экономикалық қатынастарға өту, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру жағдайында еңбекшілердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауда кәсіподақтардың маңызы шұғыл артты.
Қазіргі Қазақстан жағдайында жағдай шұғыл өзгерді. Кәсіподақтар тек әлеуметтік
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz