Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті
Кафедра экономика және менеджмент
Группа: Менеджмент - 441
«КОМПАНИЯНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУЫН БАСҚАРУ»
Тексерген: Камали Қарлығаш
Орындаған: Ақтанбай Жанерке
2021 ж
Мазмұны
Кіріспе
І. Кәсіпорынды басқарудың теориялық негіздері
1. 1. Кәсіпорынды басқарудың мәні, мақсаттары мен міндеттері
1. 2. Кәсіпорын басқару объектісі ретінде
ІІ. Кәсіпорынды басқару функцияларын жоспарлау
2. 1. Жоспарлау, ұйымдастыру ынталандыру бақылау қызметі
2. 2. Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын талдау
ІІІ. Кәсіпорынның стратегиялық дамуы
3. 1. Кәсіпорынның стратегиялық дамуын басқару
3. 2. Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
І. Кәсіпорынды басқарудың теориялық негіздері
- Кәсіпорынды басқарудың мәні, мақсаттары мен міндеттері
Басқарудың жалпы заңдылықтары басқару механизмінің жұмысында, ақпаратты жинау, беру, ақпаратты өңдеу жүйесінде орын алады, бірақ басқарудың мәні әрқашан басқарылатын жүйенің өзімен, оның өзгеше заңдылықтарымен тығыз байланысқан.
Шын мәнінде, басқару - өте күрделі, кешенді жүйе. Басқару мақсаттарды, принциптерді басқару әдістері жүйесін құруды алға қояды. Құрылымдық тұрғыда ол басқару органдарын, басқару кадрлерін, басқару техникасын қамтиды. Іс барысында басқару әр түрлі кезеңнен өтеді. Олар: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау. Басқару органдары мен процестері әр түрлі деңгейде әр түрлі болады және әр түрлі әлеуметтік ұйымдарда бірдей емес. Басқаруда сан алуан саяси, экономикалық, ұйымдастыру-техникалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелерді ескеріп, үйлестіріп отыру қажет. Басқару процесінде ұйым қызметінің барлық тараптары мен аспектілері оған қатысушылармен біртұтас бірігеді, интеграцияланады. Барлық элементтердің біртұтас бірігуі процестерін зерттеу, басқаруды біртұтас, кешенді және нақты әлеуметтік құбылыс ретінде зерттеп-білу басқаруды зерттеу тақырыбы болып табылады.
Басқару теориясында логикалық әдіс қолданылып, логикалық заңдар тұжырымдалады. Экономикада басқару шешімдерін қабылдау логикасы айтарлықтай дәрежеде формализациялауға көнеді. Осыған орай басқару мәселелерін зерттеп-білуде экономикалық-математикалық әдістердің алатын орны ерекше.
Басқару күрделі субъектілік-объектілік ара қатынасты қамтиды. Басқару ісі басқару теориясының дамуы арқасында барған сайын ғылыми негізделіп келеді, алайда сонымен қатар ол шығармашылық, өнер саласы болып қала береді. Басқару жүйесінің тиімділігі басшылардың нақты жайттарда басқарудың ғылыми принциптерін жасампаз қолдану өнерін меңгере білуімен қамтамасыз етіледі.
Басқару - адамдардың кәсіптік қызметі. Басқару - бұл ұжымдағы адамдарға және жекелеген адамдарға, олардың бірлескен жұмыс процесінде мақсатты жүйелі ықпал ету.
Әрбір ұйымда көздеген мақсатқа жету үшін басқару қызметі бірінші кезектегі міндет болып табылады, ол барлық салаларда жүзеге асуры керек.
Ұйымда әртүрлі мақсат болуы мүмкін, мұның әсіресе әр түрлі типтегі ұймдарға қатысы бар. Басты мақсат, оның орындалуын қамтамасыз ететін бірнеше мақсатқа бөлінеді. Бұлар: өндірісті дамыту және тиімділігін арттыру, ресурсты үнемдеу, табысты көбейту, еңбек өнімділігін арттыру, оын жан-жақты интенсивтендіру, ғылыми техникалық прогресті көбейту, ұжымның әлеуметтік дамуы, жоғарғы еңбек өнімділігі үшін қолайлы мүмкіндіктер жасау, адамдарды, қоршаған ортаны қорғау және жақсату.
Ұйымның тиімділігін арттыру үшін мақсат айқын болуы тиіс. Ұйымдағы толып жатқан мақсаттар тиімді болуы үшін біріне бірі ықпал етуі-бір мақсатқа жетуге қажетті әрекет пен шешім, басқа мақсаттың жетістігіне бөгет жасамауы тиіс.
Ұйымның мақсатын орындау үшін сыртқы орта мен ішкі мүмкіндіктердің байланысы арқылы нақты міндеттерді жүзеге асыратын басқару ісінің ерекше түрі - менеджменттің функциялары деп аталады.
Іскер менеджер көздеген мақсатына жету үшін басқару функцияларын бұлжытпай орындауы тиіс.
Басқару процесі жүзеге асу үшін мынандай негізгі функциялар орындалуы қажет:
- Жоспарлау
- Ұйымдастыру
- Мотивация
- БақылауКәсіпорын басқару объектісі ретінде
Кәсіпорын - қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауландырылған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен өнім өндіру, жұмысты орындау, қызметтерді көрсету үшін құрылады және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға құқықтарына ие болады, шаруашылық есеп принципінде әрекет етеді және өзінің құрлымында басқа заңды тұлға болмайды.
Кәсіпорында блікті мамандар, кадрлар ресурстарды үнемді пайдалану және өнімділігі жоғары техника мен технологияларды пайлану мәселелері шешіледі.
Кәсіпорын сұранысқа қажетті өнім өндіру, жұмыс орындау, қызмет түрлерін көрсету үшін материалдық және ақпараттық ресурстарды пайдаланатын жан-жақты шаруашылық субъект.
Әрбір кәсіпорынның пайда табуда өзіндік масаты болады:
- Өз өнімдері үшін нарықтың көп үлесін жаулап алу;
- Жоғары сапалы өнім өндіру;
- Технология бойынша нарықта жетекші орынға ие болу;
- Қолда бар шикізат, еңбек және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану;
- Жұмыс бастылықты барынша жоғары деңгейге жеткізу.
Міндеттері:
- Қандай тауар немесе тауарлар номенклатурасын өндіру және сату керек;
- Бұл тауар тауарлармен қандай нарықтарға шығу керек және нарықта өз позицияларын қалай нығайту керек;
- Өндірістің қолайлы технологиясын қалай таңдау керек;
- Қандай материал алу және оларды қалай қолдану;
- Қолда бар қаржы ресурстарын, қалай бөлуге болады;
- Өндірілтін өнім, оның сапасы, өндіріс тиімділігінің техникалық сипаттамалары бойынша кәсәпорын қандай көрсеткіштерге жету керек.
ІІ. Кәсіпорынды басқару функцияларын жоспарлау
2. 1. Жоспарлау, ұйымдастыру ынталандыру бақылау қызметі
Американдық ғалымдар өз жұмыстарында жоспарлауды басқарудың басты функциясы деп белгілейді. Олардың түсіндіруіне қарағанда, жоспарлау жүйесі келесі сұрақтарға жауап беруге тиіс: не нәрсе жасау керек, қашан, кім және қалай жасау қажет, жоспарды белгілеген уақытта орындау үшін қандай ресурстар қажет. Басқару процесі жоспарлау, жоспар бойынша қызметтерді ұйымдастыру және оның нәтижелерін бақылау болып табылады. Жоғарыда аталған этаптар неғұрлым жақсы жүргізіліп және тығыз байланыста болса, соғұрлым басқару нәтижелі болады. Жоспарлау басқарушыға белгілі-бір уақыт кезеңінде болашақ қызметтердің сипатын, қалпын және реттілігін анықтауға мүмкіндік беретін құрал болып табылады.
Жалпы сипаиттама бойынша жоспарлауға енетіндер: сыртқы қоршаған ортаның даму перспективаларын айқындау, мақсаттар мен болашақ стратегияларды қалыптастыру, бірінші қатардағы міндеттерді белгілеп және оны орындауға қажетті іс-әрекеттер бағытын анықтау. Жоспарлау өнімдері жоспарлар жүйесі болып табылады: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және оперативті. Жоспарлау процесі басқарудың барлық деңгейлерін қамтиды және ортақ мақсаттарына сай келетін қызметтердің орындалуына қажетті алғышарттарды қамтамасыз етуі керек.
Кәсіпорын қызметтерін жоспарлау жұмысына, ең алдымен жоғарғы басшылар қатысады, олар ресурстарды оптималды үлестіру үшін бастапқы жағдайды қалыптастырып, өкілеттерді қызметкер арасында дұрыс бөледі. Белгілі өкілеттерге ие болған адамдар ресурстарды бөлерде творчествалық көзқарас білдірту керек. Басқарушылардың табысқа жетуі көп жағдайда оның ең соңғы теория жаңалықтарын, болашақ пен бүгіннің арасындағы байланысты тауып, әртүрлі аналитикалық құрал-әдістерін қолдану қабілеттігіне байланысты. Жоспарлауды негіздеу дәрежесін көтеру ұйым дамуының қосымша бір қайнар көзі болып табылады.
Жоспарлау мәні - кәсіпорынның болашақта өсуін, қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін бүгінгі күнде қажет болатын шешімдерді анықтауда.
Жоспарлаудың негізгі мақсаты - болашақ мүмкіндіктерді тауып оларды пайдалану бойынша іс-әрекеттерді ұйымдастыру. Жоспарлау процесінде келесі шешімдер қабылданады:
- Ұйымның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді стратегияларын таңдау;
- Қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға көмектесетін немесе қатерлі жағдайларды жеңіп шығатын ұйғарымды бағыт пен іс-қимылдарын тудыру;
- Бақылау жүргізу үшін оперативті қызметтердің стандарттарын қалыптастыру;
- Өзгеріп жатқан жағдайда ертерек белгіленген жоспарларды қайта қарау.
2. 2. Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын талдау
Кәсіпорынның қаржы стратегиясы дегеніміз - бұл кәсіпорынды қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету шараларының бас жоспары болып табылады. Ол қаржы ресурстарының қалыптасуының, оларды жоспарлаудың және қамтамасыз етудің теориялық негіздері мен тәжірибелік әдістерін қамтиды, шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Қаржы стратегиясының теориясы шаруашылық жүргізудің нарықтық объективті заңдылықтарын зерттейді, бәсекелестік жағдайларда өміршеңдікті қамтамасыз етудің әдістері мен нысандарын жасайды. Қаржы стратегиясы келесілерді қамтиды:
- кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
- негізгі құралдар мен айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымын оңтайландыру;
- табысты үлестіру;
- салық және баға саясаты;
- құнды қағаздар жөніндегі саясат.
Қаржы стратегиясы кәсіпорынның қаржылық жағдайын, ішкі және сыртқы факторлардың объективті сипаттарын жан-жақты ескереді. Егер қаржы саястаты кәсіпорынның қаржылық-экономикалық мүмкіндіктеріне және оның өнімінің нарығында қалыптасқан жағдайларына сәйкес келмесе, кәсіпорын банкротқа ұшырауы мүмкін.
Қаржы менеджментінің басты мақсаты - кәсіпорынды қажетті және жеткілікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес нарық талаптарына сай және кәсіпорынның мүмкіндіктеріне сай қаржы саясаты қалыптасады. Мұнда жауапкершілік орталықтарына және жұмыс бағыттарына қарай қаржы ресурстарын қалыптастыру міндеттері анықталады және бөлінеді.
Кез-келген кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесіндегі маңызды салалардың бірі инвестициялық қызмет болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары ағымды шығындарды қаржыландыруға және инвестицияларға жұмсалады. Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты, түптеп келгенде, кәсіпкерлік табысқа немесе капитал өсіміне қол жеткізу болып табылады.
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты капитал салымдарының тиімді объектілерге салынуын, олардың өндіріс барысын сенімді ақша ағындарымен қамтамасыз етуге, нәтижесінде кәсіпорынның жалпы экономикалық қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге арналған.
Кәсіпорынның инвестицияланған қаражаттары баланстың актив бөлігінің көрсеткіштерімен сипатталады. Мұнда кәсіпорынның негізгі құралдарға, ұзақ мерзімді инвестицияларға, ағымды активтерге және басқа да объектілерге салынған қаражаттары көрініс табады.
ІІІ. Кәсіпорынның стратегиялық дамуы
3. 1. Кәсіпорынның стратегиялық басқарудың басты мақсаты - оған жоғары рентебельділікті қамтамасыз ететін бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізу.
Кәсіпорынды басқару стратегиясы нарықта мүмкін болатын өзгерістерді есепке ала отырып, оның дамуының ұзақ мерзімді мақсаттары мен табыстылықтың өсу факторларын анықтауды білдіреді. Басқару стратегиясында кәсіпорын дамуының ұзақ мерзімді міндеттері, сондай-ақ оны жүзеге асыруға қажетті қаражаттар мен ресурстар көрініс табады. Сондай-ақ, кәсіпорынның сыртқы жағдайлары мен потенциалды мүмкіндіктерін табу, оны жүзеге асырудың жағдайларын, жаңа өнімге, технологияға өту, басқару жүйесін, шаруашылық саясатын жүргізу шараларын ойластыру қажет. Стратегиялық басқарудың міндеті корпорацияны нарықтық жағдайлардың мүмкін болатын өзгерістеріне дайындау, кездейсоқ факторлардың қолайсыз әсерінен қорғау. Ол мүмкін болатын өзгерістерге икемді құрал болуы қажет.
Басқару стратегиясын жасау және оны жүзеге асыру келесі реттерден тұрады:
- Сыртқы орта дамуының перспективті бағыттарын бағалау;
- Сыртқы ортаның дамуында олардың қолайлы және теріс бағыттарын табу;
- Кәсіпорынның потенциалды мүмкіндіктерін және оның дамуының перспективті бағыттарын анықтау;
- Кәсіпорын дамуының ұзақ мерзімді міндеттерін жасау;
- Іс-әрекеттер бағдарламасы мен оны жүргізу қаражаттарын анықтау.
3. 2. Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау
Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең қиын мәселе. Шешім қабылдау басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. Басшының кез келген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады.
Кәсіпорынның және ондағы бөлімшелер қызметінің нәтижесі басшының дер кезінде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, әрі оны жүзеге асыра білуіне, ал оның жеделдігі мен дұрыстығы басшының тәжірибесі мен біліміне байланысты. Егер ол өндірісті, технологияны және адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиынға түспейді.
Қабылданған шешім бүкіл ұжымның экономикалық және әлеуметтік нәтижелеріне, әрбір жұмыскерге қолайлы немесе қолайсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтанда шешім қабылдаған адам өзіне үлкен жауапкершілік жүктейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz